Бәйімбет батыр ұрпақтары

Главная » Рефераттар » Бәйімбет батыр ұрпақтары

Абылайхан, Әбілхайыр хан, Бәйімбет, Асан-Үсен, Өтебай батырлар дейміз, бәрі дұрыс. Болашақ ұрпақ оларды да білуі тиіс. Бірақ-та, кейінгі ұрпақтар өзін ашаршылықтан аман алып қалған, тәрбиелеген жігіт ағаларын, ауыл ақсақалдарын, азаматтарын білулері керек. Өрттей қаулаған қызыл империяның қүрыгынан күтылуцы ойлап, қанатымен су сепкен қарлығаштай болған Бәйімбет елінің аузы дуалы, елге түтқа, ақыл-ойға нұсқа, сөйлесе жүртқа көсем болған абыз аталар кімдер екен? Бәрін білмесек те, «естіген құлақта жазық жоқ» — дегендей және кейінгі ұрпақтардың құлағына алтын сырға болсын деп, екі ауыл Бэйімбеттің бетке үстар ақсақалдарын атап өтейік.
Бақ дарып, қыдыр қонған осынау елдің аталарын еске алғанда көңіл көтеріліп, мақтаныш сезімі шарықтайды. Әрине бұл тізім толық деп айта алмаймыз. Себебі 40 жыл ауылдан жырақта жұргендіктен кешірім сұрап, басқалар толықтырар деген сенімдеміз.
Олар: Әльжапар, Жапар, Қыдырма, Кенжетай қажылар, Әутэліп, Әбен, Темірғали, Қүсайын, Сатыбалды, Әбілмэжін, Дүйсенбай, Хаби моллалар, Мәкей, Мұқыш, Мұқан, Аушақым, Кенжегали, бай Дүйсенбай, Әмре, Шәрім, Ахметов Сэрсембай, Мезгілбайүлы Сэрсембай, оның балалары Қанапия, Жэнэпия; Хасен :рдары — Қанапия, Хамзе, Жэнэпия; Әленкеуцен _ Нүрке, Қали Боқышұлдары, Тәшет, Қожаман, Қажакбар, Теміртас, Кенжебай, Мұстақым, Ильяш; Насқақ, Ғаббас — Мамиевтер. Соғыстан кейін ел ағасы болган Жүсіпов Кэрім, Мүқатай, Қапкен, Асқап, Қайыржан, Бнлял, Ахметжан, Абақа, Қабыш, Қошан, Шамшиден, Бақытжан, Нығмет — Әшеұлдары, Мұқаметжан, Исқақ, Жүсіп, Үсейін, Қалымтай, Қабдолла, Мүталлап жэне т.б.
Күнде жиылып Күран оқышсақ та, тірі жүрген үрпақтары ишарат білдіріп, бет сипап отырса, аталарымыздың аруағы бір аунап түсер еді. Себебі олар уақыт озган сайын көзден кетсе де көңілден кетпей Бәйімбет елінің есінде қалған аталы аруаққа айналғаны даусыз.
Алла: «Мені сүйсең — ең алдымен менің пенделерімді сүй!» — деген ғой. Дінді, дүниетанымды, адамгершілік қағидаларды тұтас бірлікте қарау — сопылар ілімінің түпқагазы іспетті? Бұл жөнінде бүкіл түркі тектес мұсылмандарга үлгі-өнеге болған Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегінде толық айтылган. Демек, біздің айтайын дегеніміз — Омбы облысына көшіп келген соң еліміз Бәйімбетгің іргесін қалап, орыс арасында отырган елдің діни көзқарасын қалыптастырган аталарымызды еске салып, сол дәстүрден ажырамаса екен деген тілек қана. Бэйімбет батырдың ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген, ұрпагымызды тәрбиелеуге өз үлестфін қосқан молда-қажылар, ел басқарған азаматтар, мүгалімдертлралы мәлімет алдыңыздар. Басқадабелгілі ел ақсақалдары, азаматтары турапы осы бөлімде баяндалады. Бәйімбет бабамыздың жеті балаларының үлкен екеуі Қарақожа мен Биқожа батыр болған және ұрпақтары көп болган. Төртінші баласы Қожагүлдің ұрпақтары аз. Қожагүлден Малтабар, одан Сейтен, одан Қаби мен Қайыр тарайды, олардан ұрпақтар бар.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.