Бөкей хандығы

Главная » Рефераттар » Бөкей хандығы

Шаруашылықтың құлдырауы, жер дағдарысының тереңдеуі 1801 ж. Бөкей хандығын құруға әкеп жеткізді. 1797 ж. қиян-кескі күрестен кейін Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарды қазақтар өзіне қаратты. Қазақ ауылдары көптеп Жайықтың арғы бетіне көше бастайды. Бұл процесті Россияға реттеу қиынға түсті. Үкімет осы жағдайда қазақтар талаптарын орындады. 1771 ж. қалмақтардың Жоңғарияға жаппай қашуына байланысты, бос қалған жерді қазақтарға беру арқылы Кіші жүздегі әлеуметтік күрестегі шиеленісті бесеңдетуге тырысты. ¤йткені бұл күрес отаршылдыққа қарсы сыйпат алған еді.

Қазақтың бір тобының жаңа қоңысқа көшуі патша үкіметінің саясатына дәл келеді, Кіші жүз күштерін бөлшектеді, қазақтың біраз бөлігін империяның тұрғындарына айналдырды. Көшіп-қонушыларды Бөкей сұлтан  басқарды, ол кезде хан кеңесінің төрағасы болатын. Патша әкімшілігінің шешіміне қарай Еділ мен Жайық арасындағы жерде жаңа қуыршақ мемлекет пайда болды, оның басында Бөкей сұлтан, 1812 ж. бастап хан титулын алған. 1824 ж. оның баласы Жәңгір хан болады. Ол орысша білім алған және император тағына берілгендік рухында тәрбиеленген. Оның өткізген реформасының нәтижесінде Бөкей хандығы нағыз монархияға айналды.

Басқару жүйесі. Бөкей хандығын басқару үш инстанцияда (сатыда) өткізілді: жалпы бақылау, жуықтағы бақылау, басты басқару. Жалпы надзорды сыртқы істер Министрлігі арқылы империя іске асыратын (1838 ж. бастап Мемлекеттік меншік билігі арқылы), жуықтағы надзор – Орынбор әскери губернаторы арқылы және Орынбор шекара комиссиясы арқылы өтетін, Басты басқару – ханға және оның аппаратына тапсырылды.

.

Хан өзінің билігін өсиет арқылы басқаға беретін, ол өсиетті орыс патшасы бекітетін. ХІХ ғ. 30-жылдарында оның билігінің шеңбері көбейді, қазақ хандарының традициялы билігінен анағұрлым өзгеше болды. Ол хандықтағы әкімшілік, сот және заң шығарушылық билікті өз қолында ұстады.

Хан жанында ресми емес өкімет органы болды, ол ханның туысқандары – сұлтандардан тұратын. Советті аға сұлтан басқаратын және кеңесші дауыспен пайдаланатын. Сонымен қоса хан жанында билер советі болды, оған ірі қауымдардан 12 би кірген. Билер құқық нормаларын дайындауға правосы болған және ханның кеңесшілері саналатын.

.

Ханда канцелярия (кеңсе) жұмыс атқарды, ол екіге бөлінді: негізгі (орыстар) және татарлық бөлімдер. Негізгі канцелярияның басқарушысы болды; орынбасары көмекшісі, тергеушісі, іс жүргізушісі, аудармашы және хатшысы болған. Татар канцеля­риясінің де басқарушысы болды, оның құрамына көмекші мен хатшы енген.

Хандықта жаңа қызмет – ахун, яғни негізгі діни басшы және сот тағайындалды. Ахунның жанында ханның рухани советник­тері болған және ірі қауымдарға жіберілетін моллалары болған.

Товар-ақша қатынастарының дамуы базар сұлтандары институтының пайда болуына себепкер болды. Хан оларды жәрмен­келерге және басқа сауда пункттеріне командировкаға жіберетін. Олардың басты міндеті хандық ішіндегі және одан тыс жерлерде мал сататын қазақтардан пошлина жинау.

Ханның ерекше тапсырмаларын есаулдар орындайтын, олар ірі бірлестіктер старшиндарынан тағайындалатын. Хандықтың бөлімдерімен тұрақты байланысты шабармандар қамтамасыз ететін. Сонымен қоса, хан ставкасында әскери команда болды, оның құрамында штаб-офицер және екі обер-офицер басқаратын жүздеген астрахандық қазақтар, обер-офицер басқаратын 25 орал қазақтары және 50 астрахандық қалмақтар болған.

Жергілікті билікті хан тағайындайтын сұлтан-басқарушы­лар іске асыратын. Олар ханның финансы және жер саясатын жүр­гізетін, салық жинайтын, ханның және оның әкімшілігінің, патша үкіметінің жарлықтарының орындалуын қамтамасыз ететін. Қауымдастық бөлімдеріне хан старшиндер тағайындай­тын, оларды указды-старшиндер деп атаған.

Хандықтың шекаралық учаскелеріне депутуттар тағайын­да­латын, олардың міндеттері: қазақтардың шекараны өзбетімен өтуін болдырмау, орыс шекара өкіметі өткізетін тергеулерге қатысу, өз учаскелеріндегі іздеу, орыс чиновниктеріне еріп жүру және хан тапсырмасы бойынша сотқа түскен істерді қарау.

Территориялық әкімшілік бөлу. Бөкей ордасы Россияның меншігі болып есептелетін, алайда шекаралық өкімет орданың ішкі істеріне қол сұқпайтын. ХІХ ғ. 30-жылдарында 12 бірлестік болды, олар ескі «рулық» атын сақтап қалған.

Әр бірлестік бөлімшелерден (старшинства деп аталған) тұрды. 40-жылдары олардың жалпы саны – 200-жетті. Олардан басқа 10 шекаралық учаске болған.

Салық жүйесі. Бөкей ордасының хандары өзінің билігі нығайған сайын салық жүйесін реформалап, жаңа салықтарды енгізіп, бұрынғыларды жаңартып отырды. Салықтар төлемін жинауды және олардың таралуына көп назар аударылған.

Салықтың негізгі түрі зекет деп аталды, яғни бұл малдың 1/40 бөлігіне тең. Оның раскладкасы:

  1. 5 бас түйеден – 1 қой, 20 түйеден – 4 қой, 25 түйеден – 1 екі жастағы түйе, т.б.;
  2. 30 бас ірі қарадан – жарты жылға толған танша;
  3. 40 бас қоймен ешкіден – 1 қой, 121 бастан – 2 қой т.б. Жылқыға зекет ақшалай берілетін – оның құнының 40-тан бір бөлігі, бір жылқыға 30 рубль.

Салықтың натуралды түрі – соғым. Мұны төлеу үшін соғым учаскелері құрылатын: 15 шаруашылық бірігіп бес жасқа толған бір сиыр немесе бір бие, немесе ақшалай 40 рубль берілетін. Жыл сайын хан малына деп әр шаруашылық бір тең шөп беретін – шөмеле сияқты. Вестовойлар үшін әр бірлестіктен 128 рубльден жиналатын. Бұдан басқа ханның жүріп – тұру жолына салық жиналатын. Хан казнасы жәрменкелер мен сауда пункттерінен алынатын пошлинамен толығатын. Сот пошлинасы арыздың 10 % тең болған.

Құқық жүйесі. Бөкей хандығында Құқық жүйесі Россияның әсерімен анағұрлым өзгерді. Өкіметке бағынбау, шетелге қашу, кісі өлтіру, жалған ақша дайндау, қазыналық және қоғамдық мүлікті ұрлау, өрт қою, күш қолдану, тонау, барымта және 30 рубль күміс көлемінде екі рет ұрлық жасау сияқты қылмысты істер оралдың әскери сотында және Орынбор шекара комиссиясында Россия заңдары бойынша қаралатын болды.

.

Басқа қылмысты істерді хан соты қарайтын. Хан сотынан басқа жергілікті соттар (мүшелері сұлтандар мен билер) болды, оларды хан бекітетін. Хан және жергілікті соттар әдеттегі құқық негізінде және шариғатқа сүйеніп үкім шығаратын.

1845 ж. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін хандықты басқару үшін Қамқорлық совет құрылды, оны ханның туысқан­дарының бірі басқарған, ал одан кейін – уақытша совет құрылып, оны орыс чиновнигі басқарды Ішкі (Бөкей) Ордасын. Жалпы алғанда Бөкей Ордасы (хандығы) қуыршақ мемле­кеттік құрылым болды, онда қазақ қоғамын жалпы империялық жүйеге қосудың әр түрлі әдістері сынақтан өтті. Қазақстан тарихында бірінші болып мұнда жерге жекке меншік пайда болды, қауым мүшелерін белгілі бір жер иелену­шіге бекіту ойластырылады.

Қысқасы, патша үкіметі Солтүстік және  Батыс Қазақстанда традицияға енген саяси және құқықтық институттарды қиратуға, Қазақстанды отарға айналдыру саясатын жүргізді. Шекаралық аудандарда патша өкіметі саяси құрылымынды біршама өзгеріне де алды. Бірақ қазақ жерін XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында толық бағындыру әліде болмап еді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.