Бөлімшенің педагогикалық ұжымын басқару стилі

Главная » Рефераттар » Бөлімшенің педагогикалық ұжымын басқару стилі

Бөлімшенің (бөлім) педагогикалық ұжымын басқару стилі — типтік педагогикалық міндеттерді шешудің ең ерекше әрі тұрақты әдістерінің бірігуі, педагогикалық ұжым жетекшісі — офицердің басшылық шешімдер шығарып, іске асыруы.
Бұл өз тегінде офицердің қоластындағы қызметшілерге психологиялық-педагогикалық тұрғыда ықпал жасау жүйесі, олардың ара-қатынасы,шарттыерекшеліктерменжауынгерлік,қызметтік,оқыту, тәрбиелік және басқа да міндеттерді ұжыммен шешетін басшының қызметшімен өзара қарым-қатынасы, олардың лауазымдық өкілетті көлемімең ұжымның барлық мүшелерінің жекелеген ерекшеліктерімең өз уақытында және мақсатқа лайықты сол немесе басқа да басқару құралдарын қолдануы.
Алғашқы және белгілі басқару стилінің топтамасын американдық әлеуметтік психолог К.Левин ұсынды. Ол басқару стилін авторитарлық, демократиялық және енжарлық деп бөліп қарастырады. Соңғы жылдары басқару қызметінің теориясы мен тәжірибесінде басқару әдістері мен стильдер типологиясына әртүрлі көзқарастар қалып-тасты. Оларды төмендегідей негіздер бойынша топтауға болады:
Табиәатына, ішкі мазмунына қарай топқа (ужымәа) немесе жеке факторларәа әсер ету: экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық әдістер, соған сәйкес басқарудың прагматикалық, әкімшілік және адамгершілікке үйрету стильдері;
Мақсатты белгілеріне қарай (басқару қызметі мақсатының сипатына қарай) басқарудың іскерлік және бюрократтық стилі;
Байланыс жасау сипатына қарай, ужымәа немесе адамдареа әсер етудің формалды және формалды емес тәсілдерін қолдану деңгейіне қарай: басқарудың директивті (формалды), алқалы («жолдастық») және бетімен жіберушілік («өздігінше») стильдері;
өндірістік немесе тәрбиелеу үрдісінө жекеше және топтық тәсілдермен өсер етудің басымдылыәына қарай, жеке бастық және алқалы керіну деңгейіне қарай басқарудың автократты және демократиялық стильдері.
Барлық көрсетілген басқару стилдері педагогикалық ұжымның офицер-басшыларының қызметінде белгілі бір мөлшерде көрініс табуы мүмкін.
Педагогикалық талдау әртүрлі басқару стильдерін сипаттауға мүмкіндік береді. Алдымен бірінші топты қарастырайық. Прагматикалық стиль басшының қойылған міндеттерді шешу-ге ынталандыру тәсілдерін қолдану арқылы жететіндігін болжам-дайды. Бұл әдістер белгіленген мақсатқа жету мүддесінде орындау-шылар ынталандырудың материалдық және рухани, оң және теріс тәсілдері мен қабылдауларын біріктіруді ұсынады.
Әкімшілік стиль басшылардың өзінің құқықтық, қызметтік өкілеттігін алға тартып, командир, ұйымдастырушы, билік субъектісі ретінде ықпал ету әдістерімен сипатталады. Бұл билікпен әсер етудің жалпылай белгіленген нормативтері мен құқықтарына негізделген ұйымдық-өкімдік тәсілдер.
Басқарудың адамгөршілікке үйрөту стилі жеке адамға немесе топқа психологиялық-педагогикалық әдістерді қолданумен қамтама-сыз етіледі, ұжым мүшелерінен әртүрлі әлеуметтік-психологиялық жағдайларды (белгілі бір микроклимат, қажетті бағыт-бағдар, топтық бағалау мен ой-пікір) туғызуға қабілетті, ол арқылы тәрбиелік, оқыту, қызметтік және басқа да мақсаттарға жетеді.
Екінші топ — мақсат белгілөріне қарай басқару әдістері мен стильдөрі.
Қандай да бір мақсатқа жету үшін басшының көрсеткен бағдарына байланысты іскерлік және бюрократтық стильдер қалыптасады. Іскерлік стильде бәрінен де маңыздысы негізгі істің, ақырғы мақсаттың мүдделері. Бюрократтықта басшы ұжымның бар күшін екінші, аралық мақсаттарға жету үшін, көмекші міндеттерді шешу үшін жұмсайды, яғни ұжымның тәртібін соған бағыттайды.
Педагогикалық ұжымды басқарушы офицердің іскерлік стилінің негізгі психологиялық-педагогикалық ерекшеліктер қатарын бөлуге болады:
қызметтің басты мақсатын бағдарлау — әскери-педагогикалық үрдістің нәтижелілігі, принцип бойынша оның жетістігі барлық кезеңдер есебімен істің мүддесі бәрінен де жоғары;
мақсатқа жетудің тиімді жолын таңдауға ұмтылу, педа-гогикалық тәжірибені істей алушылық;
ойлау еркіндігі, іске ынталылық әрі жаңашыл тұрғыда келу; басшы қызметтік және педагогикалық мәселелерді шешуде өзіне батыл түрде жауапкершілік алады;
тәжірибелік пікірді сынау тәжірибелік қызметте жоғарғы және төменгі басшылардың сәтсіз бұйрықтарымен және нұсқауларымен қақтығысуында көрініс табады;
шешімдер мен әрекеттердің оралымдылығы: іскер басшы кешіктіруге шыдамайды, нұсқау мақсатқа тез жету үшін көмектесетіндіктен, қалыптасқан жағдайға түсінікпен қарайды; бұрын қабылданған шешімдөрді болдырмауға дейін шыңдап, икемді басқару қызметін істей алуы. Бұл басқарудың іскерлік стилінің маңызды белгілерінің бірі. Шешімнің негізділігі мен дәлелділігін ұзақ тексеру үшін көп уақыт талап етілмейді: нақты қызмет, әскери-педагогикалық үрдістің қозғалысы әрдайым түзетулер енгізіп отырады. Мұндай жағдайда басшы екеуінің біреуін таңдаудың алдында тұрады: не қателікті мойындайды (өзін немесе басқа біреуді кінәлі деп табады), не қасарысып өз бағытымен жүргізуді жалғастырады. Қаншалықты қателік тез арада талданып, мойындалса, соншалықты тез арада жаңа шешімдер іздестіріліп, оның жүзеге асу табысы қамтамасыз етіледі;
өзінің орынбасарына деген сенімін білдіретін қоластындағы қызметшілердің біліктілігін бағыттау, ұсақ қамқорлықтардың болмауы, кейбір өкілеттіктерді табыстау.
Іскерлікке тікелей қарама-қайшы — бюрократтық стиль. Мұндай жағдайда басқарудың мәні мен формасы белгілі бір шеңберде жүзеге асады, бір-бірімен қатынасы болмайды. Форма нақты қадағаланып отырады, алайда жаңарып отырған шындықтың ерекшеліктерін есепке алмағандықтаң ол абстрактылы, жағдайға сәйкес келмейді. Мұндай басшының әрекеті тәртіпке негізделген, нормативтік құжаттардың талаптарына жауап береді, бірақ бұл тәртіп шынайы өмірдегі емес, нұсқаулық, қалыпты жағдай шегінен шықпайды.
Үшінші топ- қызметшілердің тұлғасына ықпал ететін формалды және формалды емес тәсілдерді қолдану, байланыстың сипатына қарай стильдер. Олар екі топқа бөлінеді:
1. Басшы көбіне-көп тәртіп пен бақылауды ұйымдастыруға бағыт алады; ол бірінші кезекте әкімшілік қызметтердің орында-луын қадағалайды. Мұндай басшының ойы бойынша адамды жұ-мысқа мәжбүрлеу керек. Әкімшілік басқарудың тәртіптік тәжірибе-сін формалды қарым-қатынасқа бағыттайды;
2. Басшы бірінші кезекте жақсы қарым-қатынасты реттеуге ұмтылады, қоластындағыларға түсіністікпен қарайды, олардың жекелеген ерекшеліктерін есепке алады. Бұл әлеуметтік-психологиялық стиль, әкімшілік және тәрбиелік қызметтерді табысты біріктіре алатын басшыларға тән.
Бұл градацияның негізінде дәстүрлі түрде басқарудың үш сти-лін — директивті, алқалы және формалды деп бөліп қарастыруға болады.
Директивті стиль — бұйрық, жарлық және нұсқау түрінде қойылатын қатаң әрі бір жақты талаптарға негізделеді. Ол басшының шешімді бір өзі қабылдауынан, жалғыз өзі билеуге деген талпынысынан көрінеді. Мұндағы абырой барлық ұжым мүшелерінен еш жеңілдіксіз қоластындағы қызметшілердің өзіндік қасиетіне негізделеді, қатаң тәртіп пен орындаушылық талап етіледі. Алайда белгілі бір жағдайда директивті стиль қатыгез, мейірімсіз, көп жағдайда әділетсіз, авторитарлық басшының типін қайталайды. Педагогикалық ұжымда мұндай адам өзім басшы принципі бойынша билікті өз қолында ұстауға тырысады. Әдетте осы тәрізді стильді ұстанған басшы ұжым қызметінің көп саласында өзін бәрінен артық білікті құзіретті санайды.
Бірақ, «авторитарлықты» басшының жеке мінез-құлқының белгісі ретінде, ал «директивтікті» ұжымға ықпал жасау тәсілі және оны басқару ретінде шатастыруға болмайды. Басқарудың директивті стилі бәрінен де ұтымды: мәселең жаңа ұжымда нәтижеге тез арада қол жеткізу қажет болғанда, сол немесе басқа жұмыстардың орындалуына жан-жақты жеке өзі бақылағанда, дисциплинарлық тәртіп орнатуда, жүктемелерді анықтап, құжаттарды дайындауда және т.б. Директивті стильді басшының орынбасары жұмсақ әрі талап қоймайтын адам болған жағдайда жақсы деп табуға болады. Сонда ғана өзара біркелкі басқару тобы: «қатал» бастық- «жұмсақ» орынбасар, мұндай топтың қызметі көп жағдайда нәтижелі болып бағаланады.
Олай болса, бір мезгілде басшыға директивті әдіс қолдану пайдалы әрі қажетті. Бұл стильді қолдана отырып, жарлықтары орнықты әрі біркелкі болса, бұл ұжым мүшелерімен қайшы қатынастар туғызбайды, тәртіптік талаптардың объективті әділ болуының сақталуы маңызды.
Алқалы стильде басшы әскери-педагогикалық процестерді ұжымдастыру жөніндегі өз өкілеттігінің бөлігін орынбасарына бе-реді, оның жүзеге асуы үшін педагогикалық ұжымның барлық мүшелері мен бөлімше белсенділерін (бөлім) тартады. Қызметтік ара-қатынастар мен жекелеген бастамашылықтың дамуына күшті психологиялық-педагогикалық ықпал жасайтын алқалы басқару туындайды. Билікті не басшының қолына шоғырландыруына, не басқа лауазымды тұлғалардың арасында бөліп беруіне нақты жағдайға байланысты мүмкіндік береді.
Басқарудың мұндай стилі оның әсер ету мүмкіндіктерін ұлғайта отырып, шешім қабылдауда барлық ұжым мүшелерінің белсенді қатысуын болжамдайды. Бірақ, алқалы стильде басшы әрқашан соңғы сөзді өзіне қалдыруы тиіс.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.