Бұлшық ет жиырылуының түрлері

Главная » Рефераттар » Бұлшық ет жиырылуының түрлері

Қалыпты жағдайда бұлшық ет жұлынның вентральдық мүйізінде немесе ми жүйкелері ядросында орналасқан қозғағыш нейрондардан келген импульстердің әсерімен қозады. Жүйке талшықтары тармақталу дәрежесіне қарай не көп, не аз ет талшықтарымен түйіседі. Мотонейрон, оның ұзын өсіндісі (аксон) және осы аксонмен түйісетін ет талшықтарының тобы әрекет бірлестігі немесе нейромоторлық бірлестік деп аталады. Бұлшық ет неғүрлым кушті маманданса, соғұрлым нейромоторлық бірлестікке енетін ет талшықтарының саны аз болады. Кіші әрекет бірлестігінің құрамына бар болғаны 3 — 5 ет талшығы енсе (мысалы, көз алмасы-еттері), үлкен эрекет бірлестігі құрамында (тұлға мен аяқ еттері) бірнеше мың талшық болады. Әрекет бірлестігі тек оның құрамына енетін ет талшықтарының санымен ғана емес, нейрондар мөлшерімен де ерекшеленеді. Үлкен әрекет бірлестігі құрамына жуан аксонды ірі нейрон кіреді. Нейромоторлық бірлестік біртұтас жүйе ретінде қызмет атқарады, ет талшықтары мотонейрондардан келген импульстер әсерімен іске қосылады.

Жиырылу жылдамдығына қарай ет талшықтары шапшаң және баяу әрекетті болып бөлінеді. Шапшаң әрекетті немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық тор жақсы Дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Олардың түсі ақ, талшықтары ірі және ұзынырақ құрамында миоглобин аз, гликоген көп болады. Мұндай талшықтар қан тамырларымен нашар жабдықталады, жиырылған соң шапшаң босаңсиды және оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді. Баяу әрекетті, немесе тонустық талшықтардың түсі қызыл, диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі жоғары, құрамында миоглобин көп, гликоген аз. Шапшаң әрекетті еттер белгілі мерзім ішінде АТ.Ф-ті көп шығындайды жэне тонустық жиырылу кезінде қуатты аз үнемдейді. Осыған байланысты статикалық жұмыс атқарғанда (мысалы, дененің кеңістіктегі жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу эрекетті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл үшін баяу әрекетті ақ талшықтарды пайдаланады. Алғашқы жағдайда бүл-шық ет қажетті қуатпен тотығу процесінің жоғарылауы жэне липидтер алмасуының күшеюі арқылы қамтамасыз етіледі. Ал, шапшаң, бірақ қарқынды қимыл эрекет кезінде аэробты гликоге-нолиз барысында босаған қуат пайдаланылады.

.

Бұлшық ет жиырылуының: изотониялық, изометриялық жэне ауксотониялық деген үш түрі болады. Изотониялъщ (грек тілінде isos — бірдей, тең, tonos — ширығу, деген мағына береді) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады. Тэжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.
Изометриялық жиырылу (грек тілінде isos — бірдей, mews — өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.
Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді. Денеде бүлшық еттің екі үшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе кереғар еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, эрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады эрі қысқарады.

.

Бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуын ауксотониялъщ жиырылу деп атайды. Қимыл эрекет үстінде еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда, не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді. Бұлшық еттің жиырылу ырғағы тітіркендіргіш күшіне және тітіркендіру жиілігіне байланысты. Мысалы, жиілігі 6-8 Гц-тен аспайтын тікелей (еттің өзін) немесе жанама (жүйкені) тітіркендіруге баяу әрекетті талшықтардан құралған бүлшық ет дара жиырылумен жауап береді. Өйткені тітіркендіру аралығында босанып шыққан кальций иондары қайтадан саркоплазмалық торға еніп үлгереді. Мұндай дара жиырылулар тітіркендірген соң бірден басталмай, жасырын (латенттік) кезең деп аталатын біршама уақыттан кейін бастал ады. Бақаның балтыр етінде бұл мерзім 0,01 с. Осыдан кейін еттің 0,04 с созылатын жиырылу сатысы және 0,05 с созылатын босаңсу сатысы байқалады. Демек, дара жиырылуды бейнелейтін қисық сызықта үш кезең: жасырын, жиырылу және босаңсу кезендері бейнеленеді. Босаңсудан кейін қисық сызықта майда толқындар байқалады. Бұл ет талшықтарының оралымдығына байланысты құбылыс.

Бұлшық етті күші, әсер мерзімі және жиілігі тұрақты тітіркендіргішпен бірнеше рет тітіркендірсе, «баспалдақ феномені» байқалады, алғашқы бірнеше тітіркендіруге бүлшық ет жиырылу амплитудасын өсіре жауап береді. Бұл құбылыс тропонин белогымен қосылысатын кальций иондарының концентрациясының өсуіне байланысты. Жеке тітіркендіруге оқшауланған шапшаң әрекетті талшықтар «барынша немесе ешнәрсе жоқ» заңдылығына сәйкес жауап береді. Мұндай жағдайда тітіркендіргіштің тек бастапқы күші ғана таралатын әрекет потенциалын тудырып, кальций иондарының толық босануын, миофибриллалардың барынша жиырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ денеден оқшауланбаған бұлшық етті электр тогымен тітіркендіргенде, оның жиырылу күші тітіркендіру күшіне байланысты өзгереді: тітіркендіргіш күші осы ет құрамына енетін барлық талшықтар үшін табалдырықты деңгейге жеткенге дейін ет талшықтарының жиырылу амплитудасы өсе береді. Бұл құбылыс ет құрамында жуандығы мен қозғыштығы эртүрлі талшықтардың болуына байланысты. Бұлшық етке арасы өте жиі (100 мс шамасында) екі тітір-кендіргіш тіркес әсер етсе, ет талшықтары толық босаңсып үлгермейді де, алғашқы жиырылуға келесі жиырылу үстемелене жалғасып, қабаттасып кетеді. Оған кальцийлік сораптың саркоплазмалық тордан шыққан кальций иондарын тітіркену арасында кері қайтарып үлгермеуі себеп болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.