Бұлшық ет

Главная » Рефераттар » Бұлшық ет

Бұлшық ет (musculus— тышқанша, бұлтық) — тірек-кимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Жануарлар ағзасының өсімдіктер әлемінен бір айырмашылығы — қимыл қызметін атқаратын бұлшық еттердің болуы. Бір орыннан екінші орынға ауысу, қауіп-қатерден кұтылу, сонымен бірге денедегі барлык мүшелердің жұмыс істеуі, адамдардың бір-бірімен тілдесуі бұлшық еттердің жәрдемімен атқарылады.

Бұлшық еттің қызметі оның жиырылғыштық, созылғыштық қасиетіне және оның құрысу, сіресу, тірлік қасиеттеріне негізделген. Бұлшық ет жиырылған кезде жылу бөлініп, қанның құрамы өзгереді, соның өсерінен денеде күрделі тірлік әрекеттері жүзеге асады. Дененің құрысып, сіресуі арқылы денені белгілі бір күйде ұстап тұруға немесе кез келген қалыпты жағдайда сақтап қалуға мүмкіндік туады. Мұны бұлшық еттердің жиырылуы дейді. Ал бұлшық еттің жиырылуы қозуға байланысты, бірақ жиырылу сәті тітіркену сәтіне сай келмейді. Бұл екі аралыкта жасырын сөтте уақыт өтеді. Бұл жүйке арқылы тітіркенушілік пен қозудың жүру уақытына байланысты.

Ересек адамдардың қаңқасындағы бұлшық еттердің орта есеппен алған мәлшері жалпы дене салмағының 40%-іне тура келеді. Бұл мөлшер нәрестеде —  20-22%, ал кәрі кісілерде 25-30% шамасында болады. Бұлшық еттің негізгі қызметінің бірі — тетіктік (механикалық) жұмыс. Егер бұлшық ет жиырылған кезде дене бір орыннан екінші орынға ауысатын болса, онда қозғалыс немесе динамикалық, ал бұлшық ет жиырылған кезде дене қимылсыз қалса, онда қозғалтпайтын немесе статикалық жұмыс деп  аталады. Денедегі әр түрлі бұлшық еттер әрқилы жұмыс істеуге бейімделген. Бұлшық еттің күші оны құрайтын талшықтардың санына, яғни оның көлденең қимасының ауданына пропорционал.

.

Бұлшық еттердің эволюциялық шығу тегіне қарағанда бірыңғай салалы бұлшық еттің өте ертеден пайда болғаны байқалады. Өйткені оны омыртқасыз жәндіктерден жиі көреміз. Кейін қимылдың күрделіленуіне байланысты келденең жолақты бұлшық еттердің омыртқалы жануарларда жиірек кездесетіні ғылыми дәлелденді.

Адамдарда бірыңғай салалы бұлшық еттерді ішкі мүшелердің тамырлар мен терілердің құрамынан ғана кездестіруге болады. Көлденең салалы бұлшық еттер — дененің күшті және тез кимылдайтын бұлшық еттері. Адам көлденең жолақты бұлшық еттердің әсерімен денені икемдеп жүре алады, көлденең жолақты бұлшық еттер теңдікті сақтауға қатынасады Жалғыз тақтайлы көпірден өте алуымыз т. б. Бұлшық еттер өрекетінен адам қол-аяғын өз еркімен козғай алады, тыныс алады, күшеніп кұрсақты қатайтады, олар сөйлеуге; ымдауға, шайнауға, зәр шығаруға да қатысады. Ал бірыңғай салалы және жүректің бұлшық еттері адамның еркінсіз кызмет атқарады. Сондықтан бұларды еріксіз өрекет жасайтын бұлшық еттер деп атайды. Бұларға жүректегі, ішек-қарындағы, қуықтағы және т. б. бұлшық еттерді мысал етуге болады.

bulshiket-piwiniБұлшық еттердің құрылысы. Адамның денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олардың көпшілігі жеке-жеке сүйектерге жабысып тұрады. Мұндай бұлшық еттер цаңца булшыцеттері деп аталады. Әр бұлшық еттердің негізгі денесі катарласа орналасқан талшықтардан түзіледі де екі ұшы тарамыс сіңірмен (іепйо) аяқталады. Бұлшық ет құрамыңда 75% су және 25% тығыз заттар (ақуыз, май, көмірсу, тұздар) болады. Адамның денесіндегі көлденең жолақты жөне бірыңғай салалы бұлшық еттер бірдей жұмыс атқарса да олардың құрылысы мен дамуында өзіндік айырмашылықтар бар. Бірыңғай салалы бұлшық еттің ұлпасы мезенхимадан пайда болады. Ұлпада ұзындығы 0,1-0,5 мм ұршық тәрізді жасушалар өзара қабықша-лары арқылы жапырақтанып немесе қабатталып, кейде тіпті топтасып бірігеді. Шаштың түбіндегі бұлшық ет осыған мысал болады.

Көлденең жолақты бұлшық еттер ұсақ талшықтардан (фибрилдерден) түзіледі. Фибрилдер цитоплазмадан және цитоплазманың шетіне қарай шашыранды түрде кездесетін ядро жөне сарколемма деп аталатын қабықшалардан түзіледі. Бұлшық еттердің сыртын жұқа дәнекер ұлпан шандыр қабықшалар қаптайды. Ол жұқа да, қалың да болып кездеседі. Шандыр қабықшамен капталған бұлшық еттердің әркайсысы жеке-жеке жиырылады. Атқаратын қызметіне қарай бұлшық еттер, қызыл немесе боз (қызғылт) түсті болуы мүмкін. Егер бұлшық еттер кеп кызмет атқарса, онда кан тамырлары қанмен мол жабдықтайды да оның түсі қызыл болады, жас ескен сайын оның түсі өзгере береді. Жас баланың, өсіресе жаңа туған нәрестенің бұлшық етінің түсі солғын тартады. Ересек адамға айналған сайын қимылы мен жұмысы артуына байланысты жөне өрекетінің күрделенуіне.байланысты бұлшық ет-терді қан мол жабдықтап, қыл күрең түске айналады.

Бұлшық еттердің екі ұшы сүйекке тарамыс сіңір арқылы бекиді. Бұдан бұлтттықеттер тек сүйекке ғана бекінеді деген ұғым тумаса керек. Бұлшық еттердің кейбіреуі екінші ұшымен теріге де, сіңірге де, екінші бұлшық етке де, шеміршекке де беки береді. Ымдау бұлшық еттері бұған толық мысал бола алады. Осыған орай қай бұлшық ет болса да жиырылған кезде бір ұшы тұрақтылық    сақтайды, бұлшық еттің бұл ұшы бұлшық еттің басы деп аталады. Бұлшық еттің екінші ұшы қозғалмалы болып бекиді де бұлшық ет жиырылған кезде тұрақты жағына қарай қозғалмалы жағы жақындайды. Сондықтан бұлшық еттің кеп қимылдайтын ұшы оның құйрығы деп аталады. Ал бұлшық еттің жиырылып-созылатын ортаңғы белігін қарны деп атайды. Бұлшық еттер кебінесе түзу керіліп жатса да кейде күмбезденуі де мүмкін. Бұған кекеттің (диафрағма) бұлшыкетін мысал етуге болады.

Бұлшық еттердің пішіндері. Бұлшық еттердің пішіні мен келемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты олардың атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Осыған орай бұлшық еттер жай, күрделі жөне кауырсынды бұлшық ет деп үш топқа белінеді. Ұзын, қысқа, жалпақ, сақина төрізді жөне шеңберлі бұлшық еттер жай бұлшық еттерге жатады. Ұзын бұлшық еттер күшті қозғалады, олардың пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың ортаңғы белігі жуандап — қарынға, ал екі ұштары жіңішкеріп, тарамысқа немесе сіңірге айналады. Кейде бұлшық еттердің қызметіне карай денеден алыс (дистальды) ұшы — басы, ал денеге жақын (проксимальды) ұшы деп аталады. Мұндай бұлшық еттерді қол-аяқ мүшелерінен кептеп кездестіруге болады. Қысқа бұлшық еттер тереңде орналасады. Оларды омыртқа жотасының бойынан, омьфтқалар мен қабыртқалар аралығынан кездестіре аламыз. Тұлға бұлшық еттері кеп жағдайда жалпақ бұлшық еттерге жатады. Бұған құрсақ бұлшық еттерін, арқа және кекірек бұлшық еттерін мысал етуге болады. Жалпақ бұлшық еттер әр түрлі қозғалыстармен ғана шектеліп қалмай, дене қуысының қабырғаларын түзуге қатысады. Бұлардың сіңірлері жалпақ болып бірігеді. Олар сіңірлі шандыр деп аталады.

Сақина тәрізді немесе шеңберлі бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасады. Мысалы, ауыз, кез, құлак, тік ішектің сырткы тесігі (көтен) шеңберлі бұлшық еттердің жиырылуына тарылады. Сондықтан оларды қыспа бұлшық еттер деп те атайды.

Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, торт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары тармақтанып сүйектерге бекінетін бұлшық еттер жатады. Бұлардың ішінде көп басты бұлшық еттерінің басталуы бір сүйектің немесе екі сүйектің екі, үш-төрт жерінен басталып (жалпы бір қарынға бірігіп), бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді.

.

Кейде бұлшық еттің қарны тарамыс сіңір арқылы көлденең екіге бөлінуі мүмкін, оларды екі қарынды бұлшық еттер деп атайды. Кейде бұлшық ет қарны бірнеше келденең тарамыспен бөлінеді. Бұган құрсақ-тың тік бұлшық еттерін мысал етуге болады.

Бұлшық еттерде талшықтар бір-біріне қабат орналасатыны жоғарыда сөз болды. Кейде ұзын бұлшық еттің қысқа талшықтары қигаш орналасуы да мүмкін. Мұндай бұлшық еттер аз жиырылады, бірақ күшті болады. Егер бұлшық ет талшықтары сіңірлі жиегіне қиғаш бір қапталдай орналасса, оны бір қауырсынды бұлшық ет, ал талшықтар сіңіріөзекке екі жағына бірдей қиғашталып немесе көп қиғашталып орналасса, оны екінемесе көп қауырсынды бұлшық ет деп атайды. Мұндай бұлшық ет иықтағы дельта тәрізді бұлшық етте кездеседі. Бұлшық еттердің қосымша мүшелері. Бұлшық еттердің негізгі бөліктері ғана емес, олардың жұмысына жәрдем беретін қосымша мүшелері де болады. Олар мыналар: шандыр қабық, шырышты қалталар, сіңір қынаптары, тиек сүйектер жөне тиекті шығыршықтар (блоктар) және т. б.

.

Шандыр қабық немесе фасциялар беткі немесе тері асты және меншікті немесе тереңдегі болып екіге бөлінеді. Олар тығыз талшықты қынап немесе дәнекер ұлпаларынан құралған қабықтардан түзіледі. Шандыр кабық жеке бұлшық етті немесе жазып-бүгетін бұлшық еттер тобын жөне дене беліктерін (иық, білек, сан, балтыр, арқа, құрсак бұлшық еттерін) тұтастай қаптап жатады. Бұл қабықтар бұлшық еттердің ерқайсысын жеке орап алып, сүйекке жалғасады. Шандыр қабығы терінің астынан жұмсақ кеуек түзіп, теріні оның астындағы ұлпалардан бөліп тұрады. Кейбір шандыр қабықтар бұлшық ет аралықтарымен тереңге еніп, сүйек қабығына бірігіп, бұлшық ет аралық перделер түзеді. Сол сияқты шандыр қабық бұлшық еттердің аралықтарында тақтайша түзіп, олардың жұмыс кезінде ығысып кетпеуіне кемектеседі. Кейбір бұлшық еттердің сүйекке бекуіне жағдай аз жерлерде (балтыр, білек) бұлшық еттер қалың шандыр қабыққа жалғасады. Мұндай шандыр қабықтар тарамдар мен сүйекті жарғақтардан түзіледі. Сөйтіп шандыр қабықтар бұлшық етке тірек, сондай-ақ қорғаныш қасиет береді.

Шырышты қалталар. Бұлшық еттердің сіңірлерінің бойында, буын жанында сары суы бар шырышты қалталар болады. Бұл қалтадағы сұйықтық бұлшық ет пен сүйектің немесе сіңірлердің бірі мен бірінің үйкелісін жеңілдетіп, майлап тұрады. Шырышты қалталар туғаннан кейін пайда болып, есейген сайын қалтаның қуысы үлкейе береді.

Сіңір қынабы негізінде сіңірлі немесе сүйекті-сіңірлі түтіктердің ішінде дамиды, бірнеше сіңірлерді олар қаптап тұрады. Сары сулы қынаптар ішінде сұйықтықтар болғандықтан, сіңірлерді майлайды. Сөйтіп, шырышты қалта мен сіңір қынабы сүйектер мен сіңірдің сүйекпен үйкелісін жеңілдетеді. Мұндай қынаптар қол және аяқ басындағы сіңірлерде көп кездеседі.