Бұршақ тұқымдастар

Главная » Рефераттар » Бұршақ тұқымдастар

Бұршақ тұқымдастар – қосжарнақтылар класына жататын, сырт пішініне қарай ағаш, бұта лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Бұл тұқымдастардың шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде ең ірі тұқымдастардың бірінен саналады. Жер шарына кең таралған 500 туысы, 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда бұршақ тұқымдастардың 42 туысқа жататын 650-ге жуық түрі бар Қазақстанда, егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбасбұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған, және жұпар бұршақтарды атауға болады. Бұршақ тұқымдастардың кейбір іріктемелерінен, мысалы соядан, жер жаңғағынан май алынады. Ал кейбір тұқымдастарынан: қызғылт, қызыл және қара ағаштан қымбат үй жиһаздары жасалады. Сондай-ақ мия тамыр, түйежоңышқа, қоянсүйек сияқтылардан әр қилы дәрі-дәрмектер мен бояулар, илік заттар алынады. Бұл тұқымдастардың бірсыпыра түрлері шалғындықта, тоғай арасында бұта түрінде жабайы да өседі. Бұлар – жоңышқа, түйежоңышқа, егістік беде, т.б. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақшалардан құралатын, қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ болып келеді. Жапырақтарының пішінін көктеп шығу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлуге болады:

  1. қауырсын тәрізді, жапырақты және тұқым жарнақтары топырақ астында қалып қоятын өсімдіктер – бұршақ, ноқат, жасымық, сиыр жоңышқа және арахис;
  2. үшқұлақты жапырақты және тұқым жарнағы жер бетіне көгеріп шығатын өсімдіктер – сүмбілбұршақ соя;
  3. саусақ салалы жапырақты және тұқым жарнағы сыртқа шығып тұратын өсімдіктер – бөрібұршақ.

Бұршақ өсімдіктерінің гүлі дұрыс құралмаған, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан – тостағанша, бес күлтежапырақшадан – күлте түзіледі, олардың екеуі біріккен. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша – желкен, бүйірдегісі – ескек, төменгі біріккен екі жапырақша – қайықша деп аталады. Қайықша гүлінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана бір ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Күлтенің түрі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдастардың гүлдері шашақ не шоғырмақ түрлі болады. Жемісі – бұршаққап. Бұршақтың жемісі екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Тұқымдарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тұқымының негізгі ерекшелігі – оларда ақуыздың көп болуында. Бұршақ өсімдіктерінің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см. тереңдікте жатықан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды. Түйнек бактерияларымен бұлар симбиоздық тіршілік етеді. Ал түйнек бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. Өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды. Белгілі ғалымдар Д. Н. Прянишников, И. В. Якушин тағы басқларының деректеріне қарағанда өсімдіктердің түріне қарай өніп – өсу кезеңінде түйнек бактериялары 1 га жерде 60-300 килограммға дейін азот жинайды. Міне, сондықтан да бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауыспалы егіс жүйесінде аса бағалы дақыл болып саналады. Бұршақты өсімдіктердің пайдасы тек бос атмосфералық азотты қоспа азотқа айналдырып, басқа өсімдіктер сіңіре алатын түрге ауыстыруымен ғана бітпейді. Бұршақты өсімдіктер топыраққа терең кететін, білеу тамырлары болғандықтан, топырақтың терең қабаттарынан өсімдікке керекті кальций тұздарын алып шығады. Өсімдіктер қурағаннан кейін топырақтың үстіңгі қабаты кальций тұзына байып, оны шірінділер өзіне жұтып алады. Кальций тұзы шіріндіге төзімді, яғни суда еріп кетпеуінен сақтайды.

Асбұршақ – басқаларынан гөрі көп тараған дақыл. Биіктігі 50-200 см. дейін жететін бір жылдық, шөптесін өсімдік. Сабағы нәзік, көп қырлы жатып қалады. Жапырағы қауырсын тәрізді күрделі, бір жапырағында үш жұпқа дейін ақшыл – жасыл түсті жапырақшалар болады, жапырақ ұшы мұртшамен бітеді. Гүлдері ірі болады. Гүлінің құрылысы жоғарыда айтылды. Жемісі – бұршаққап. Бұл дақыл Қазақстанның Алматы, Жамбыл, тағы басқа облыстарында мал азығы ретінде де себіледі. Бұршақтың тұқымында 26-27 пайыз ақуыз, 48 пайыз крахмал, 0,6-1,5 пайыз май болады. Ақуызда тирозин, цистин, лизин, амин қашқылдары бар. Піспеген тұқымы А, В, В2РР, С дәрумендеріне бай. Асбұршақтың шаруашыллықа тиімді көптеген жақсы қасиеттері бар. Ол суыққа төзімді, тез жетіліп, ерте піседі. Асбұршақтың тұқымы 1-2 градус жылулықта өне бастайды. Бұл кезде оған ылғал көп керек. Шамамен, асбұршақ тұқымы ылғалды өз салмағынан екі еседен артық керек етеді. Асбұршақтың көгі де суыққа төзімді келеді. Қазақстанда Амур-42, Хабаров 4, Виктория штрубе іріктемелері аудандастырылған.

 

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.