Баға құрылымы

Главная » Рефераттар » Баға құрылымы

Баға құрылымы

Экономикалық  теория  классикалық  мектебінің  негізін  қалаушы  Адам  Смит   пен  Рикардоның ойынша,  тауар  құны  оған   жұмсалатын еңбектің  мөлшерімен  анықталады  деп  есептеген.  Адам  еңбегі  тауар  құнының  субстанциясы,  қайнар  көзі.  Сондықтан  да  классикалық  мектептің  өкілдері  еңбектің  құн  теориясының  негізін  қалады.  Оны  кейіннен К.Маркс  дамыта  түсті. Егер  К.Маркс  өзінің  барлық  зерттеуін  тауардың  еңбек  құнын талдауға  арналса, Батыс  елдердегі  экономикалық  ойдың  өкілдері:  мейлі либерализм,  неолиберализм, кейнстік, неокейнстік,  радикализм – барлығы  дерлік  бағаның  шығуын  зерттеді. ХІХ ғасырдың  аяғы  мен ХХ  ғасырдың  басында  Батыс  пен  Ресей   экономикалық  теория  өкілдері  ағылшын  эеономисі  Альфред Маршалл  және  ресей  ғалымы  М.И.Туган-Барановский  құндық  теорияны  шекті  пайдалылық  теориясымен қосты. Осыдан,  құн  мен  баға – ұқсас  ұғымдар,  алайда  біркелкі,  пара пар  деп  түсінуге  болмайды. Құн  тауар  өндірісінің  шығындарын  көрсетеді, ал  жекелеген   тауардың  бағасы  нарықта  байқалады  және  ол  құннан  ауытқуы  мүмкін. Себебі  оған   сұраным  мен  ұсыным,  пайдалылық, сиректік,  сән,  инфлияция  және  т.б.   факторлар  ықпал  жасайды.   Баға – тауар  құнының  ақшалай  өлшемінің  модификациясы. Ақша-несие саясаты    мемлекетті   реттеу    саясатының   бір    бағыты    болып    табылады.    Соның    ішінде   төлем   балансын    іске    асырудағы маңыздылығын    баса   айтып    өткен   жөн.   Ақша – несие     саясаты    —    нарықтық     экономиканың    тірегі    ретінде    экономикалық    дамудың ажырамас     элементін     білдіреді. Ақша – несие   саясаты   Қазақстан   Республикасында    ҚР  Ұлттық    Банкімен    елдің     банктік    пайыздың ставкаларын,    валюта    курсын,    төлем    қабілеттілігін    анықтау    жолымен    іске    асады.   Сонымен    қатар    ақша    массасы   көлемінің кеңеюіне    немесе    оның    қысқаруына    бағытталуы    мүмкін. Ақша-несие    саясаты    бүгінгі    таңда    несиелеуге    болатын   экономика секторын дұрыс    таңдай   білуге,    сондай-ақ    несие    беру    мүмкіндігі    туралы,   төлем   балансы   сұрақтарын    шешуде    банк    үшін   бірінші    реттік маңызы   бар    басқа   факторлар   мен    қарыз    алушының    несиелік    қабілетіне    қарап   өз   клиентін   таңдаудағы   біліктілігіне негізделеді. Нарықтық   экономикада  баға  негізінен  бес  қызмет  атқарады.

  1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім  өндіргенде  қоғамдық  қажетті еңбек шығыны процесінің  өзгеруінде  байқалады және әр түрлі өнімді өндіру  қалай  немен  жүзеге  асқанын  көрсетеді.
  2. Ынталандыру қызметі. Бұл  кезде  баға  өндіріс  тиімділігіне  әсер  етіп, өнім ассортиментін  жаңғыртуға,  өнім  сапасын  арттыруға  күш  салады. Бағаның  осы  қызметі   біріншісімен  етене  байланысты.
  3. Бөлуші реттеуші  қызмет.  Нарық  жағдайында  бағаның   бөлуші қызметі  сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі  кезінде байқалады.
  4. Бағаның бұл қызметі нарықтың,  тепе-теңдік  сақтағанда, тұтыным  мен өндірісті  теңгергенде  байқалады.
  5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға  сатушылар  тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін  баяндайды. Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе өндіріс ресурстарының қорын байқайды.

Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов  пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық  төлемдер және т.б. келесі күнге есеп  айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті   қоса   алғанда)   әрекет етеді. Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы  бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция  халықаралық құқық     аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады: 1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың)2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар   — тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы; 3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері; 4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге  бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың  уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді.

Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан  аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған  өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.