Бақаның емдік қасиеттері жəне қолдану ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Бақаның емдік қасиеттері жəне қолдану ерекшеліктері

Бақаның терісінде ерекше зат табылған. Ол тередегі ашық жараның тез жазылуына сонымен қатар теріге енген бөгде заттардың, бактерияның, микробтардың жойылуына əсер еткен. Улы ағзаларда өздерінің уын шығаратын арнайы мүшелері болады. Мысалға, жыландарда ол – тісі. Бақаның уы өте күрделі қосылыс. Негізгі бақаның уы оның терісінде сұйық түрінде кездеседі жəне ағзаға бірден сіңімді түрде өтеді. Улы бездері физиологиялық активті заттардан молекулалардан, пептидтерден, аминдерден жəне биоактивтілігі жоғары заттардан тұрады. Құрамына биологиялық активті заттар кіреді: брадицин — қанайналымды жақсартады, церулин- бұлшықеттің жиырылу қызметіне қатысады, бомбезин — жəндіктердің дене температурасын түсіреді жəне бір қалыпқа келтіреді. Буфотин — жүйке жүйесіне əсер етеді. Удың əсер ету механизмі көптеген антибиотиктерге қарағанда 5 есе қүшті [4].

Бүгінде ғалымдар бақалардан əлі де əр түрлі компоненттерді табуда. Удың құрамын ашып оны зерттеген американдық химик жəне биохимик Б.Виткоп болды. Марта Лэтам өзінің Колумбияда өткен саяхатын еске ала отырып доктар Витковтың сөзімен байланыстырады. «Бақаның уынан жақсы дəрі-дəрмек алуымызға болады, оған еш кедергі жоқ. Тек соның еменің қасиетін аша білсек болғаны, біраз түрі жүректің жұмысының реттелуіне қолданылуда, бұлар өте қызықты қосылыстар жəне де ерекше назар аударып қарауды талап ететі деген». Уды зерттеудегі ең бірінші қиындық ол түрлерінің аздығында. 100 бақаның түрінен 275 мг шикі экстракты алып содан 1 мг таза уды бөліп алатын болған. Лэтам мыңға жуық кокой бақасынын түрін жинап алған бірақ Вашингтонға жеткенше біраз бақалардың түрлері өліп қалған. Ал денесіндегі улары бұзылып кеткен. Содан Витковпен Лэтам бірлесіп арнайы зертхана ашып сол жерде бақаларды қолдан өсіретін болған. Жəне тағы бір қиындық ол у тұрақсыз болды жəне оның құрамы тез бұзылып көп жағдайда жарамсыз болып қалды. Құрамынан ерекше төрт компонент бөлініп алынды: батрахотоксин, гомобатрахотоксин, псевдобатрахотоксин и батрахотоксин А. Соның ішіндегі ең тұрақтысы ол батрахотоксин А болды. Ол кристалды түрде физикалық əдістер бойынша алынып отырды. Бұл у стероидтық құрылымды құрады жəне эфир батрахотоксина А с 2,4 — диметилпиррол – З — карбондық қышқылдан тұрды. Прегнин стероидының туындысы болып табылады. Көптеген зертеулер бойынша бақаның уының құрамындағы жақсы зерттелгені ол адреналин-гормоны. Бақаның уының құрамында 5-7 % адреналиннен тұрады. Ол жануарлар мен адамдарда қан қысымының көтерілуіне жəне жүрек қағысының жиілуіне əкеп соқтырған. Бір мезгіл де бақаның уынан құрылысы бойынша адреналинге жақын қосылыстар табылды.

Оларды буфотенин (латын тілінен аударғанда – “буфо”- бақа). Буфотининдер алколоитарға жатады тіпті олар галлюцинацияны шақырады. Қалыптасқан құрылымы тіпті біздің ағзамызда-триптамин, серотонин кездеседі. Cонда да бақаның уының құрамындағы маңызды əсер етуші қосылыстар адреналин мен буфотенин емес, мүлдем басқа топтың қосындысы болып шықты. Ол да жүректің жұмысын реттеуге қатысатын — буфадиенолид, құрылысы жағынан жүректің гликозидіне ұқсас. Ол өсімдіктен бөлініп алынған жəне де жүрек ауруы мен күресу үшін қолданылады. Бақаның уының құрамындағы буфадиенолиды өсімдіктердің гликозидтері тек қана химиялық құрамы жағынан ғана емес, сонымен қатар улығымен де ерекшелінеді. Қазіргі таңда толығырақ зерттеулер бойынша удың құрамынан тағы да ерекше қосылыс бөлініп алынды ол — буфотоксин эфир стероида буфогенина дипептидтік субериларгиннен тұрады. Удың құрамында сонымен қоса фосфолипаза кіреді.

.

Негізі химиялық құрамы бойынша ол негізі екі компоненттен тұрады бірі аминдер екеншісі стероидтар. Бомбезин-келесі химиялық қосылыс. Ол опиоидтық пептид дерморфиндер, бақаның терісінен бөлініп алынған жəне өзінің активтілігімен ерекшелінеді. Буфотенин — бақаның уынан белсенді индолалар алынды — буфотенин жəне буфотенидин. Оны ең алғаш Г.А.Булбук 1975 жылы анықтады. Бұлардың құрамының күштілігі сонша кішкене мөлшерінің өзі жүйке жүйеінің ауруларына ұшыратады.Оның əсер ету механизмі галлюцинацияны тудыратын диэтиламида лизергиндік қышқылмен (ЛСД) бірдей. 1-2 мг буфотинді сау адамға еңгізгенде оларда бастың айналуы, жүректің айнуы байқалған. 8-9 мг мөлшерде қолданғанда адам есінен адасып, көз алдында тұрған затты ажырата алмайтындай жағдайға жеткен. Ал одан да көп мөлшерде қолдану адамды өлімге дейін жеткізген. Буфотенин көп мөлшерде Bufo alvaris деген удың құрамынан табылған. Сонымен қоса буфотенин оңтүстікамерикадағы ерекше өсімдіктің тұқымынан да табылған. Ол өсімдік — Mimosacee piptadenja [6]. Колумбиялық бақаның терісінен ерекше алколоид — гистрионикотоксин, табылған. Ол бұлшықеттердің жиырылуына əсер еткен. Келесі бір алколоид ол — гефиротоксин бірыңғай салалы бұлшық еттің жұмысын тежеген. Пумилиотоксин алколоиды — А, В жəне С кальции иондарының ағзаға өтуін жақсартады. Панамалық бақаның терісінен цетекитоксин сұйықтығы табылды ол артериалдың қан қысымының түсуіне көмектеседі. Бақаның аналығында удың мөлшері 16 мг құрайтыны анықталған. Ал аталығында 27 мг болады. Бақа өзінің уын 30 жыл өтсе де сақтай алатынын Талызин 1935 жылы анықтаған болатын. Эксперименттік тəжірибелер мынаны анықтады бақаның уының 1:1000000 г/мг бөлігі жүректің тоқтауына алып келеді. Захаров В.И. Анықтады, 1:4000 осындай мөлшері гельминттерді 30 минуттың ішінде өлтіре алады. Тағы бір тəжірибеде бақаның уының 1-2 мг мөлшерін сау адамға енгізгенде ол адамда жүрек айнып, қан қысымының жоғарылауы байқалған. Осы тəжірибені адамға бір сағаттың ішінде 3 рет 20 минут сайын қайталап істеген адам тіл қатпай қайтыс болып кеткен. Тропикалық улы бақаның терісінен сахароза алынған. Бірінше рет бұдан бұрын сахароза тек өсімдіктен табылса енді жануар ағзасынан, соның ішінде бірнеше бақаның терісінен тапқан. Герпетолог Валери Кларк Ирландиядағы Королевы университетінің доктор-профессоры жəне олардың ұжымы мадагаскардың улы бақасынан мантелла туысынан химиялық анализ жасау барысында тапты. Бақадағы тəтті ағзадан өздігінен пайда болған жоқ ол сыртқы ортадан пайда болған. Əрине бақалар кəмпитпен қоректенбейді ғой. Олардың асқазандарынан 600 түрлі ингредиенттер табылды. Жəндіктер сахарозаны өсімдіктерден алады, ал бақа сол жəндіктерді жеу арқылы өздеріне сахарозаны алады да сытқа терісі арқылы бөліп шығарады. Неге олай екені əлі белгісіз. 1962 жылы листолоз бақасынан уды таза күйінде ғалымдар бөліп алды. Ол өте күшті кардиоулылыққа ие . Ол экстрасистоланы, жүректің жұмысының ауырлауын шақырады. Листолоздың терісінде екі миллиграмдай удың мөлшері бар. Ол батрохотоксин деп аталады. Ол курардың уынан да өте күшті. Олардың улары терісіндегі сұйықтығында орналасады. Əрбір сұйықтықтарында 0,07 удың мөлшері кездеседі. Бөлек улы сұйықтықтар, денесінің жоғары жақтарында орналасады. Улары бақаларды жануарлар тістеген кезде рефлекторлық күйде сырқа шығарады. Ол сыртқа жағымсыз дəммен жəне де ащты дəммен ерекшеленеді. Бақаларда паротид деп аталатын кедергі бар, одан у бірнеше қашықтыққа жете алады, яғни бақалар өздерінің уын бірнеше қашықтыққа дейін шаша алады. Соның ішінде жасыл бақа өзінің уын бір метр қашықтыққа дейін шаша алады. Бақаның уымен уланған адамдарда тек əр түрлі белгілермен ерекшеленеді. Ал жануарларда ол түрлі əсер етеді [3].

Бақа уынан улану адамда тек қана көздің сілемейлі қабатының тітіркенуіне жəне коньюктивитке алып келеді. Ал жануарларда баскаша əсер етеді: кеміргіштермен қоянтұқымдастарда қанайналу жүйесінің жұмысын тежейді, тыныс алуы қиындайды. Жүрек жұмысы нашарлайды. Иттерде бақа уы жүрек қан тамырларының тарылуына, тахикардияны, аритмияны, өкпенің қабынуына алып келеді. Талмасы ұстап, тіпті өлімге алып келеді. Ал басқа бақаларда у артқы аяқтарының жұмысын тежейді. Жəне сал ауруына алып соқтырады. Бақаның уы зияны мен қоса уының аз мөлшері пайдалы да болып келеді. Тыныс алуды қалыпқа келтіреді, жəне жүрек жұмысынын жақсартады. Сəуле ауруына да пайдасы зор. Жануарлар ағзасындағы бактерияларды өлтіріп, олардың өмірін ұзартады. Осымен байланысты Жапония мен Үндістанда дəрілік құрылымдар дайындалуда. Кейбір Rana туысының өкілдері осы ауруға шипасы бар болып табылады. Бақаны Плинияда, Диогенада тағам ретінде де, диеталық күйде де қолданады. Олардың етін тағам ретінде де əсіресе қолын пайдаланады. Олардың құнарлығы тауық етінен кейін екінші орында болып табылған. Ол өте жеңіл əрі өте сіңімді тағам ретінде қолданады. Бұлардың мейрамханадағы бағасы сиыр еті мен балықтан 3-4 есе қымбат. Жəне сұранысқа өте күшті ие [4]. Жоғарыда біз бақаның уының құрамын айтып кеттік. Енді оның əсер ету механизміне тоқталсақ. Барлық зат улы да пайдалыда бола алады, тек мөлшер ғана одан дəрі де у да жасай алады. Сондықтан не нəрсе болмасын оның мөлшерін білуіміз керек. Уақыт өте келе енді бақаның уының пайдасын ғалымдар тексере бастады жəне оны медицинада ерекше түрде қолдана бастады. 1888 жылы Европада итальяндық ғалым С. Стдерини өзінің бір науқасқа көз ауруына қарсы ота жасау барысында, бақаның уын науқас адамды ұйықтату үшін жəне де көз айналасын жансыздандыру үшін қолданған. Əрине басында бұл тəжірибеге ешкімнің де сене қоймағаны рас. Бірақ отаның сəтті өтуінен кейін, бұл жағдай ерекше аталып өтті. Əсіресе орыс фармакологі Н.П. Кравкова ерекше қызығушылықпен зерттей бастады. Жануарларға жасаған тəжірибеден кейін ғалымдар бақаның уының шыныменде əсері бар екенін біліп, оны жан-жақты зерттей бастады. Бұл жолда тұңғыш орыс Нобел сыйлығының иегері академик И.П.Павловтың да алар орны ерекше. Əрине бақаның уы медицинаға бірден келе салған жоқ, ғалымдар алдымен оның химиялық құрамын зерттеді. Оның уы адреналин — гормоннан тұрды. Ол адам жəне жануарда қан қысымының көтерілуіне алып келді. 1904 жылы Н.П.Кравков жасыл жəне сұр бақаның уын итке қолданды сол кезде иттің жүрегі тез əрі қатты соға бастаған. Кейіннен 1967 жылы американдық кардиолог К.К.Чен бұл тəжірибені ары қарай жалғастырды. Ол бақалардың уын борсықты улы жылан шаққан кезде қолданған. Сонда борсық 2-3 сағатқа шейін белгісіз бір күйде жатқан. 2-3 сағаттан соң қайта уды қолданған кезде борсық жазылып кеткен.

Бақаның уын зерттеу кардиохирургияның жəне реанимотологияның белсенді дамуымен тығыз байланысты. Дəрігерлерге дер кезінде əсер ететін дəрілер қажет болды. Жапония, Англияның, АҚШ-тың біраз зерттеушілері бақаның уының құрамынан буфадиенолидті жеке бөліп алғысы келді. Себебі, бұл сұйықтықтың маңызы зор. Бұлардың жүрек гликозидтерінен еш айырмашылығы жоқ. Олар өте улы, сонымен қатар оларды алып қолдану өте қиын болатын. Осыған қарамастан Төменгі қалалық мемлекеттік жоғарғы оқу орнының “физиология жəне биохимия” кафедрасының оқытушылары бақаның уының құрамын зерттей бастады. Бұл жерде зоотоксиндер жақсы зерттеледі [1]. Яғни жануарлардың əр түрлі уларын зерттеумен айналысады. Зерттей келе олар удың құрамындағы заттарды бөлмей, керісінше толық химиялық құрамын, компоненттерін сақтап қолдануды ұсынады. Сол кезде олардың ағзаға əсер етеді дейді. Бақаның уы аз мөлшерде бақалардың ғана жүрегінің жұмысын жақсартпайды, сонымен қоса жылықанды жануарлардың да солардың ішінде мысық пен атжалманның да жүрек жұмысына да қатысады. Олардың тағамдарына уды қосқан кезде олардың жүрек соғысы 15-60 минуттың ішінде өте қатты соққан. Минутына 90 рет соққан. Яғни инонтропты əсерді көрсеткен. Ал уды аз мөлшерде қолданған кезде хронотропты əсерді яғни жүрек соғысының өте баяу соққанын байқаған. Минутына 50- 40 рет соққан. Сонда удың мөлшерін бақылап отырып жүректің ритмін сақтап отырған. Сонда у кардиостимулятор болып табылады.

Миокардтың жұмысының жылдамдығын арттырған систолалық əсерді, ал жұмысының баяулаған сəтте диастолалық əсерді көрсеткен. Ғалымдар жүректің инонтропты əсерін буфадиенолидтердің жүргізетіні дəлелденді. Бірақ бұлардың бəрі қалай əсер етеді: катехоламиндермен салыстырғанда ол жүректің мембраналық бета- адренорецепторына əсер етпейді. Қарама-қарсы əрекеті кардиомиоциттердің азаюына алып келеді. Мүмкін, буфадиенолидтер клеткадан АТФ энергиясына жұмсалатын натрийді Na-K-АТФ аза ферменттін жойып жібереді. Оны анықтау үшін бақаның терісін қолданған. Соның көмегімен буфадиенолидтер натрий иондарының активтілігін төмендеткен. Ал Na-K-АТФ азаның көмегімен жасушадағы кальциді сақтап қалған. Уды сұйықтықтың құрамына еңгізген кезде жүректің қағысы баяулаған. Ал басқа ағзаларға еш əсері тимеген. Сонда бақаның уының осылайша жүрекке əсер етуіне қарай оны жүректің активті дəрісіне – кардиотоникке жатқызуға болады. Na-K-АТФ аза ферменттінің активтілігінің жойылуы оның орнын Na-Ca басуы ішкі ағзалардағы кальциидің мөлшерінің артуына алып келді. Сонымен қоса миокадтың жұмысының жақсаруына əсер ететін ол адреналин мен буфотенин. Егерде иттің жүрегі коронарлық артерия жүректің əлсіздігі болса, онда оған гликозид коргликонның əсерінен гөрі бақаның уы тез əсер еткен. Бақаның уынан кейін 3-7 минут ішінде жүректің соғысы қалпына келген. Ал адреналинді қолданған кезде 10-15 минуттан кейін ғана қалпына келген. Ғалымдар осылайша бақа уының жүрекке əсерін зерттеп. Енді олар өздері буфотин деп аталатын жүректің жұмысын жақсарту үшін дəрі жасап шығарды. Ол дəрі Фармакологиялық комитеттің МЗ РФ рұқсатымен шығарылған. Бір аурухананың жедес жəрдемінде жүрек ауруымен ауырған 46 науқасқа буфотин қолданған. Сол кезде науқастардың жүрек соғысы қалыпқа келіп, қан қысымы төмендеген. Ал келесі бір жедел жəрдемдегі науқасқа көп мөлшерде катехоламин қолданған. Бірақ науқастан еш нəтиже шықпаған. Ольтер университетінің зерттеушілері тропикалық ормандарда тіршілік ететін бақалардың уынан гипертонияғағ тіпті ісік ауруына да қарсы жаңа дəрі ойлап шығарды. Профессор Крис Шав тропикалық бақалардың уынан пептид деп аталатын молекулалар табылған. Олар қанның ұюына əсері бар. Гиганттық мексикалық листолоз бақасының уының пептидінің 50 % ы қан қысымын төмендеткен. Кішкентай африкалық бақаның уы ДНҚ инженериясында қолдануда. Австарлиядағы жасыл бақаның уының құрамынан сырқы ортаның қауыпті жағдайларынан қорғану үшін яғни иммунитетті көтеру мақсатында ерекше сұйықтық алынды. Белфастың Королевтік университетінле ғалымдар бақаның терісінен ақуызды тапты ол инсультқа, диабетке, ісік ауруына пайдалы. Жəне трансплантация кезінде де қолданған. Профессор Chris Shaw Фармации мектебінде Бақадан екі ақуыздың түрін тапты одан 70 түрлі ауруды емдеуге болатынын айтты. Ол аурудан əлемде миллиард адам жапа шегіп келеді. Ақуыз тау бақасынан табылған. Ол ағзадағы өсіп келе жатқан ісікті қайтарады жəне қан қысымымен ауырған адамға пайдалы. Оны арнайы шөппен қосып, жыланның терісімен бақадан алынған ақуызды қабылдау арқылы 12 адамның ісігін 50 % ға қайтарған. Бұл препаратты жасау үшін АҚШ та формацевтерге жылына 4-5 доллардан бөлініп отырады. Осыған байланысты зерттеушілер 2011 жылдың 6-шы шілдесінде Лонданда ерекше алғыс хатқа ие болды. Француздық дəрігер Амбрауз Паре 1575 жылы уланған адамға ол бақаның еті мен Тулзуда өсетін шалфей өсімдігін қайнатып беретін болған [3].

Ал Аргентинада тіс ауруына бақаның терісін алып қоятын болған. Тіс лезде жазылып кеткен. Қытайда «Чан- Су» ал Жапонияда «Сен-Со» деп аталатын бақа уы тіс ауырғанда жəне ішек ауруларында қолданған. Ал Гуцульшинде адам қайғысыздық ауруына ұшырағанда оған жасыл кумка бақасынын тірідей суға салып ішкізген. Осыны үш күн үзбей жасаған. Бойковщинде бақамен аяқтарын сүртетін болған ешқашан ауырмасын деп. Вьетнамдағы шығыс медицинасында дистрофии кезінде балаларға бақаның етін таблетка күйінде беретін болған. Таблетканың аты “Com Cae” деп аталады. Бақаның етін қытайдың дəрігерлері астма кезінде пайдалануды ұсынады. Қытайда бақаның уынан жалалған дəрі «мапин» жапондық дəріханаларда 1951 жылы сатылымға рұқсат алған. Ол түрлі ауруларға ем ретінде Шығыс елдерінде көптеп қолданады. 1965 жылы жапондық ғалымдар водянканы емдеуге бақаның уын қолданған. Ол үшін бақаны қайнатып, сорпасын ішкізген. Ғалымдар бақаның уынан 100 жаңа антибиотиктарды тапты. Ұлыбритания жəне американдық ғалымдар бақаның аналығынан жаңа молекуланы тапты. Ол бастағы ісік ауруына пайдалы. Ол «Амфинейс» (amphinase) — солтүстік леопаттық бақадан бөлініп алынған жаңа молекула. Ол бастағы ісікті ішіне кіріп өлтіреді. Осындай молекулалар түрлі онкологиялық аурулардың алдын алуда. Əрине ол дефицит, себебі оны таза күйінде бөліп алу өте қиын. Батыс Америкадағы ерекше бақаның терісіндегі сұйықтық сусамыр ауруына шипа. Оның құрамынан инсулиннің тұрақтылығын сақтайтын зат табылған. Сонымен қатар парадокстік бақа да Батыс Америкада тіршілік етеді, ұзындығы 25 см. Британдық оқымыстылар олардың уының құрамынан псеудин-2 деп аталатын пептидті тапты. Ол жасы 40 тан асқан еркектерде болатын ауруға жəне сусамырдың алдын алуға көмектеседі дейді Яссер Абдель-Вахаб. Бык деп аталатын бақа үлкен бақалардың бірі болып табылады. Ұзындығы 26 см құрайды. Солтүстік Америкада бұлар лабороториялық жануарлар болып табылады. 1953 жылы оларды зерттеу барысында 1000 түрін өлтірген. Оларды əр түрлі жолмен ұстап жейтін болған.

Еттері Америкада бағасы жоқ делекатез. Əлі күнге дейін АҚШ та оларды дастарханға қойып, тағам ретінде пайдаланады. Бақаның уының құрамындағы активті қосылыстар:брадицин қан айналымды жақсартады, церулин бұлшықеттің жұмысын жақсартады, бомбезин температураны түсіреді жəне буфотенин жүйке жүйесіне əсер етеді [5]. Баспамен (ангина) кім ауырса оның қандай ауру екенін түсінеді. Егер ол асқынып кеткен жағдайда ревматизм, пневмония, жүрек жəне бүйрек ауруларына ұшыратады. Егерде ол хронический болса өте қауыпты. Халық медицинасында баспаны антибиотикке қарағанда табиғи жолмен емдеуді ұсынады. Соның бірі өзен бақасымен емдеу. Бұл біреуге күлкілі, біреуге біртүрлі көрінуі мүмкін. Бірақ өз кезеңінде осы жайлы профессор Виктор Востоков айтып кеткен. Тіпті бақаларды асқынып кеткен түрінде де қолданған [2].

.
.

Қолдану əдісі: Дəу өзен бақасын алып адамның аузына жақындатып қою қажет. Науқас бақаның терісіне қарап дем алып, дем шығарады. Бұны 15-20 минут үзбей қайталап жасау қажет. Осы кезде бақаның терісі біртіндеп солып ол дымқылданып, көзі ішіне қарай кіріп солып дел-дал болып қалады. Тіпті ем біткеннен кейін бақа өліп те қалады. Бір рет жасағаннан кейін ақ нəтижесі белгілі болады. Тамақтың ауырғаны қойып, сөйлеуі жеңілдейді. Ірің қайтады. Егер де осыны тағы да 3-4 мəрте жасаса адам баспа дегеннің не екенін де білмей өтетін болады. Ал астмамен ауырған науқас бақаны алып оның тынысымен бірге тыныстаса жəне осыны үзбей 10 күн жасаса жазылып кетеді.

Ауыр феохромоцитомамен ауырғаннан кейін жəне соған ота жасалғаннан соң ол кісінің қалқанша безінің көлемі ұлғайып кетеді. Тексеріліп болған соң мамыр айында саяжайға демалуға барады. Демалыстан соң қайта тексеруден өтсе жанағы кісіден ешқандай аурудың белгісін көрмейді. Міне осымен 6 жыл қалқанша безі бір қалыпта. Оның алдында бір газеттен мексикалық дəрігердің бақалардың емі жайлы мақаласын оқиды. Сомен бақаны алып оны бас жағын өз жағына қаратып 3 рет ингаляция секілді дем алады. Сосын бақаны аударып тағы да солай жасайды. Бұны бақа сізден өзі қашып кетпейінше немесе өлмейінше жасай бересіз. Осылайша 3-2 бақаның түрімен жасау арқылы сіз ауруыңыздан айығасыз. Ревматизмді қақталған бақа терісін маймен араластырып жағу арқылы емдеуге болады. Жəне бақаның уылдырығын кептіріп қойса ол да буын қақсағанда жақса өте күшті ем. Қақталған уылдырық 6 айға жарайды. Одан дəрі жасау жолы: Ол үшін бақаның 4 бөлігін алып 1 бөлігіне май құйып, бетін жауып 20 күн бойы сақтап қою керек. Денеге немесе аяққа жақса буындардың қақсауына ем. Жəне тағы бір түрі былай жасалады: бөтелкеге бақаны салып, оған спирт немесе арақты құйып екі апта бойы жылы жерде сақтау керек. Осымен дəрі дайын. Астматиктерге бақаның етін жеген дұрыс. Уылдырығы терідегі түрлі жараларға да ем. Ол үшін көктемде уылдырығын жинап алып, теріге жұқа қылып жаққан мазь секілді. Күніге жара жазылғанша жағатын болған [3]. Өртелген бақаның күлін қанды тоқтатуға пайдалануға болады. Сыздауық шыққанда бақаның терісін алып танып қойған сол кезле іріңді сорып алатын болған. Бақа уын сонымен қоса онкологияда қолданады. Асқазандағы рак кезінде 15 науқасқа бақаның уын қолданған. 40% толығымен жазылып кеткен. Туберкулезді емдеу үшін бақаны арнайы өлтіріп оның денесімен жыланның уын араластырып адамға ішкізеді.Тек біреуінде ғана 20% ісіктің көлемі қысқарған. Жапонияда «Мапин», деп аталатын ісікке қарсы дəрі бар. Оны Enomoto A., Rho M.C., Komiyama K., Hayashi M. (2004) — анықтады. Ол бақаның терісіндегі буфогениннің туындысы. Жəне бізде Тараздағы дəріханаларда буын ауруларына қолданатын дəрі бар. Жақпа майы аты «жаби камень» деп аталады.

Араб зерттеушілері құрбақаның терісінде аса қауіпті бактериялармен күресте таптырмайтын аса бағалы заттар бар екенін анықтады. Оның терісі бактерияға қарсы заттармен көмкерілген. Ғалымдар зерттеу барысында құрбақаның терісінен синтезделген құрам тапқан. Ол алтынтүсті стафилококк пен “Acintobacter baumanni” бактериясына қарсы қолданылады. Бақа терісінде болатын антибактериальды зат адам үшін улы. Бірақ ғалымдар олардың жағымсыз əсерлерін келтіретін модификациялау жолын тапты. Нəтижесінде зерттеушілер 100 жаңа антибиотик алды, олар клиникалық сынаққа əзір жаңа антибактериялды дəрі алдағы 5 жылда қолданысқа еңбек. Бақаның емдік қасиеті өте зор. Болашақта медицина саласына осы емдеу жолын қоссақ, еліміздегі түрлі қатерлі дерттерді емдеуге мүмкіндігіміз бар. Тек соған сене білуміз қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.