Байғали Досымжанов өмірбаяны

Home » Рефераттар » Байғали Досымжанов өмірбаяны
Рефераттар Комментариев нет

Қазақ сахнасында айшықты із тастаған талантты әншілер өте көп. Солардың бірегейі құлаққа өте жағымды лирикалық тенор дауыстың иегері, қазақ және әлемдік опера репертуарынан көптеген партияларды орындаған классик әншіміз, іргесі қаланған Ұлттық опера өнерінің әрі қарай дамуына елеулі үлес қосқан, КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Байғали Досымжанов. Ол 1921 жылы Семей облысында дүниеге келген, Бая науылда орта және балалар музыка мектебін бітіреді.
Ұлттық кәсіби театр мен музыка мәдениетінің негізі қаланып жатқан 30 шы жылдардың алғашқы жартысында көптеген өнер үжымдары мен оқу орындары ашылды. Бүл оқу орындары қазақ жастарының ішінен шыққан талантты ұл қыздарды өнерге баулы ған нағыз өнерпаздар дайындайтын шеберханаға айналды. Республикадағы сондай көне оқу орындарының бірі Алматы музы калық драма техникумына (қазіргі П.И.Чайковский атындағы му зыкалық колледжі) 1935 жылы жас жігіт Байғали оқуға түсті. Техникумда ол алғашында Василий Михайлович Нарбудтан, кейін атақты әнші ҚКСР нің халық артисі және сол кездегі қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет теа трының белді әншісі Евгений Васильевич Иванов сияқты ұстаз дардан дәріс алды. Өнерге күштар жанның әншіліктің қыр сырын игеруге деген, алған білімін молайып тез арада үлкен сахнадан көрінуге деген құлшынысы өзі секілді өнер мүхитына жүзген талантты жастардың алдыңғы сапынан көрсетті. Болашағынан үлкен үміт күттіретін талантты әнші ретінде мамандар аузына іліге бастады.
1939 жылы Қазақстанның өнер істері жөніндегі комитеттің ұйғарымымен Б.Досымжанов және бір топ қазақ жастары Мәскеу қаласының П.И.Чайковский атындағы консерваториясы жанында ашылған үлттық опера студиясына оқуға жіберіледі. Бұл студияда Б.Досымжановты атақты кеңес әншілерінің бірінен саналатын Павел Герасимович Лисицианның класында түсіп ән орындаушылық өнердің қыр — сырына қанықты. Сахнаның жұмбақ әлеміне жете леп әкеліп енгізген, қиындығы мол вокалдық өнерді классикалық жоғары деңгейде меңгерген ұстазы жайлы Бәкең ерекше жылы лебізбен еске алатын. Сол кездері жас әншіде араға жылдар салып опера сахнасында ұстазымен бірге бір сахнада, бір операда өнер көрсету бақытына ие боламын ау деген ой болмаған да болар. 1960 жылы гастролдік сапармен Алматыға келгенде П.Лисициан «Евгений Онегин» операсынан Онегиннің, «Травиата» операсы нан Жермонның партиясын айтса, жиырма жыл бүрынғы шәкірті Б.Досымжанов осы опералардан Ленский мен Альфредтің партия ларын орындап, кеңестік опера сахнасының мақтанышы, майтал ман әнші П.Лисицианның сахналық партнері болды.
Мәскеу консерваториясындағы оқуын толық аяқтауға Ұлы Отан соғысы кедергі болды. Жас әнші елмен бірге жауды жеңуге бар күш жігерін жүмсап, кейін Әскери ансамбльдің жеке әншісі болып 40 шы жылдың аяғына дейін қызмет етеді. Орындаушылық шеберлігі артып дауысы бекіп әнші өзінің театр сахнасындағы жолына дауысы толық қалыптасқан әнші ретінде келіп қосылды.
Б.Досымжанов 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдардың арасында опера театрының әншісі болып репертуардағы классикалық опералардан басты партияларды орындайды. Бүл әлемдік және орыс композиторларының шығармаларынан партиялар әншіден өте жоғары орындаушылық шеберлікті талап етер еді. Ол орындаған Н.А.Римский Корсаковтың «Қар қызыңдағы» Берендейдің, «Май түніндегі»   Левконың, П.И.Чайковскийдің Евгений Онегинінде»  Ленскийдің, М.И.Глинканың «Руслан мен Людмиласында» Боянның, Ш.Гуноның «Фаустында»   Фаусттың, «Ромео   Джу льеттасында»   Ромеоның, А.П.Бородиннің «Князь Игорінде»  Владимир Игореевичтің, Дж.Вердидің «Риголеттосында»   Герцогтың, «Травиатсында»   Альфредтің, С.В.Рахманиновтың «Але косында»   Жас сығанның т.б. партиялары оның шығармашылық өмірінде ерекше орын алған және шынайы сахналық шешімін тауып, әнші артисті орындаушылық өнердің кезеңді биігіне жеткіз ген опералық образдар. Қазақ опера сахнасының мақтанышына айналған Б.Досымжановтың бұл аталған опера партияларындағы орындаушылық шеберлігі бар қырынан көрініп көрермендердің ыстық ықласына бөленді.
Ол кезде халық өзінің ерекше талантымен танылған үлттық орындаушыларына аттары аңызға айналган атақты әртістерге теңеп «қазақтың Шаляпині», «қазақтың Улановасы» деген атақтар беріліп жатушы еді. Б.Досымжановты сол кеңестік дәуірдің аты аңызға айналған, өзі де өте сыйлап өнеріне тәнті болған тамаша опера әншісі Сергей Яковлевич Лемешевке теңеліп «қазақтың Лемешеві» атанды. Сахнадағы әншілік ғұмырының аяғына дейін әншінің өз тыңдармандары қалыптасып, театр сахнасындағы орындалар партиясы мен концерттік бағдарламасына іздеп жүріп баратын өз көрерменін қалыптастырған бірегей әншілердің бірі не айналды. Бүл әнші бойындағы басты ерекшелігі лирикалық опера кейіпкеріне таптырмастай келісті сырт келбеті мен қүлаққа жағымды естілер, жүрекке аса жылылық берер дауыс бояуының жүмсақтығы бар болатын. Сонымен бірге қажет кезінде кең диапазон мен күшті қажет етер драмалық тенорға тән орындаушылық мүмкіндігі әншіні қазақ театрының алдыңғы қатардағы әншілер қатарына шығарды.
Б.Досымжановтың қазақ ұлттық опера репертуарынан орын даған партиялары да өзіндік орындаушылық ерекшеліктерімен қайталанбас реңкке ие болған ұмытылмас образдар болып көрер мен есінде қалды. Ол орындаған Мүқан Төлебаевтың «Біржан  Сара» операсынан Біржанның, А.Жүбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Айдардың партиялары қайталанбас ішкі жан дүние сімен, сезімталдығымен, әншінің асқақ та нәзік дауысымен астасып тыңдарман жүрегін жаулады.
Б.Досымжанов 1951 жылы Дүниежүзілік Жастар мен студенттердің Берлин қаласында өткен фестиваліне қатысып, әншілер арасында лауреат атанды.
Қазақ ән орындаушылық мәдениеті мен халқымыздың ән мүрасын насихаттау ісінде Б.Досымжановтың концерттік репертуары ерекше орын алады. Әнші әртүрлі концерттік сахналарда, радио қорына жазып қалдырған шығармаларында халық әні мен халық композиторлар әндеріне ерекше мән берген. Москва консер ваториясында бірге білім алған Мүқан Төлебаев Б.Досымжановты қазақтың халық музыкасымен етене жақын танысуына зор ықпал жасады. Атышулы Біржанның, Ақан серінің, Абайдың өлмес туын дыларын сондай ақ, қазақ халықының «Жиырма бес», «Ғайни», «Ақбақай», «Наз қоңыр» сияқты т.б. ән маржандарының сүлулық сырына тыңдарманның қүлақ қүрышын қанықтырып, соған ынта ландырды. Б.Досымжанов орындаған «Бурылтай», «Сырымбет», «Дудар ай», «Үкілім ай», «Қызыл бидай», «Айнамкөз» т.б осы сияқты халық композиторларының әндерінің небір асыл үлгілерін өзіндік мәнерде, ерекше сазды үнімен орындаған өнерпаз. Ол ел арасындағы көп айтылатын, көп тараған әндердің өзіне басқаша қарап, ән мазмұнын, мелодиялық ерекшелігіне, көп ойланып, көп толғанып, өзінше, Досымжановшаорындады. Жүректіңнәзікқылын шертетін талантты, сыршыл, суреткер әнші Б.Досымжановтың өзіне ғана тән қоңыр жай үні, өз стилі бар лирик әнші ретінде тыңдарман жүрегінде жатталды.
Б.Досымжанов өзінің әншілік өнерінде Абай әндерінің музыкалық тіл ерекшеліктерін, оның жаңашылдығын үлы ақынның философиялық тебіренісін терең сезінген. Сондықтан да Б.До сымжановтың атқаруында Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы, «Қор болды жаным» әндері үн бояуын, сәтті шешімін тапты.
1960 жылдан бастап Б.Досымжанов режиссерлық жұмысқа араласты. Ең алғашқы тырнақалды спектаклін Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсын тәжірибелі режиссер, опера өнерінің қарт тарландарының бірі, Қазақ КСР ның халық артисі Қанабек Бай сейтовпен бірлесіп қойды. Ешкімнен ақыл кеңесін, қамқорлығын аямайтын Қанекең Б.Досымжановты режиссерлікке баулыды. Б.Досымжанов «Қамар сүлу» орперасынан соң Қанекеңмен бір лесіп «Қыз Жібек» операсын сахнаға қойды. Осы екі операдағы Байғалидің шығармашылық мүмкіндігін, режиссерлік талап тал пынысын байқап, соған риза болған Қанабек Байсейітов енді оған татар композиторы Назиб Жигановтың «Алтыншаш» операсын сахнаға қоюды сеніп тапсырды. Б.Досымжанов режиссер ретінде бүл сыннан да сүрінбей, абыройлы өтті.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.