Байырғы түркі қоғамынын әскери соғыс ой-санасы

Home » Рефераттар » Байырғы түркі қоғамынын әскери соғыс ой-санасы
Рефераттар Комментариев нет

Жасақты әскер, соғыс өнері, қорғаныс ісі — байырғы түркі қоғамынын ішкі-сыртқы саясатында басты орында тұратын міндеттерінің бірі екені даусыз. Өзін өзі корғай алмайтын елдің болашағы бұлыңғыр болып келеді. Қарулы күштер алып империяға да, жаңа шаңырақ көтерген жас мемлекетке де кажет. Өз әскерін ұстай алмаған ел басқанын әскерін асырайды екен. Бұл қағидаларды байырғы түркі коғамы капысыз ұққан. Өйткені байырғы түркі мемлекетінің дүниеге келуі, территориялық тұрғыдан ұлғаюы, табғаштармен күресте азаттыкқа жетуі алыс-жақын көршілеріне өзін мойындатуы — бәрі қарулы күштер арқасында жеңіспен аяқталған кақтығыстар, соғыстар нәтижесінде жүзеге асқан еді. Түптеп келгенде, елдің экономикалық әлеуетін нығайту, халықтың санын ұлғайту аш халықты тоқ қылу, жалаңаш халықты киіндіру сол бір дәуірлерде үнемі демесек те, жиі-жиі бұрқ ете қалатын соғыс аркылы да мүмкін болып жататын. VIII ғасырдан жеткен Тоныкөк ескерткішінде жазылғандай «сары алтын, ақ күміс, қыз-кырқын, бағалы қымбат мүліктердің есепсіз келіп» жатуы әскербасылардың, батырлардың жауынгерлердің беделін, тіпті соғыстың мәртебесі мен маңызын қастерлеуге жетеледі. Байырғы түркілер адамзат өркениетіне аз олжа салған жоқ. Солардың ішінде бірі де болса, бірегейі — әскери тактика, стратегия және соғыс өнері жайлы калдырған мұрасы. Орхон-Енисей жазба деректерін оқи отырып, арғы бабаларымыз стратегиялық шабуыл мен қорғаныс, әскерді материалдық-техникалық, азық-түліктік жабдықтау, дұшпанды тутқиылдан басу, қоршап алу, кашқан жауды қуа жүріп талқандау, әскери барлауды ұйымдастыру, майдан мен тылдың бірлігін камтамасыз ету, әскери мамандарды даярлау, тәрбиелеу, тиімді пайдалану тәрізді күрделі мәселелерде уақыт үдесінен шыға алғанын байқаймыз. Байырғы түркі қоғамының ұғымы бойынша, мемлекеттің куаты бірінші кезекте қағанның тәңірлік жаратылысымен, даналығымен, екіншіден, ел ішіндегі татулық және бірлікпен, үшіншіден, байырғы түркі қоғамындағы әлеуметтік кұрылымның ірі бөлігін кұраған қарулы күштердің мүмкіншілігімен анықталады. Байырғы түркі әскерлері темірдей тәртіпке бағынды. Бұйрықты орындаудап бас тартқан немесе орындай алмаған жауапты адамдар қатаң жазаға тартылып отырған. Мәселен, кырғыздарды кенеттен басу үшін тау асып бармақ болған Тоныкөк әскері адасып, көп қиыншьшық көреді. Ал сол қателікке ұрындырғаны үшін жол керсетуші адам өлім жазасына кесіледі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін зерделей отырып, түркі коғамындағы Қарулы күштер тек сыртқы саясат міндетін шешу үшін пайдаланылғанын ұғамыз. 19 жыл шад болған, 19 жыл қаған тағында отырған Білге 30-дан астам рет қол бастап жорықка шыкканда алыс-жақын мемлекеттерді бағындыруды ғана мақсат тұтқан екен. Байырғы түркілер қандай соғысқа болмасын, жаулап ал. Отан қорғау. азаттық  үшін мұқият дайындалған. Қауіп қандай болса — катер содан дегендей, өздеріне қырғи-қабақ мемлекеттердің ішкі коғамдық-саяси өмірін жіті кадағалап отырғаны өз алдына, сол елдерге тыңшы жіберіп, жасырын ақпараттар жинауды, дипломатиялық карым-катынастардың мүмкіндігін пайдалануды дәстүрге айнапдырды. Бугінгі және болашактағы карсылас елдің карулы күштерінің санына, әскер басшыларының кабілет- қарымына, кімдермен одақтасуда ұмтылатынына зор мән берген екен. Әліптің артын бағып отыра бермей, соғысты дұшпанның территориясында жүргізуге ұмтылғанын да байкау киын емес. Тоныкөк ескерткішіндегі мәліметтерге зер салсақ, байырғы түркілер өздеріне қарсы айлақ құру жолына түскен оғыздарды, кытайларды басын біріктірместен, жеке-жеке талқандағанын көреміз. Осынау тарихи фактілерден іргелі екі теориялық-методологиялық тұжырым түйіс болады. Біріншісі -байырғы түркі қоғамының әскери-соғыс ілімінде дұшпанға привентативті соққы беру теориясы мен практикасы тәп-тәуір катынасқаны. Екіншісі — ел экономикасының сол заман үшін ұзак саналатын соғысты жүргізуге кажетті шығындарды көтере алатындығы. Әйтпесе Елтеріс қаған 47 рет жорыққа аттанып, 20 соғыс ашар ма еді? Күлтегін барлығы 25 рет жорык жасап 13 рет соғысар ма еді?. Бұл арада мына мәселені де естен шығармауымыз керек: бірде бір мемлекет тек соғыспен гана өзінің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, саяси, рухани т.с.с. негіздерін нығайта алмайды. Соғыс — ең акырғы амал. Орхон-Енисей ескерткіштерінде соғыс тақырыбы басымдық алып жатканын «байырғы түркілер қоғамы соғысқа сүйеніп қана құп көрген екен, жер бетінде сакталып қалган екен» деген ой тұрмауға тиіс. Экономикасы кемел мемлекет қана уақыт талабына сай әскер жасақтай алады әрі ұзак немесе қауырп соғыстар барысында жинақтаған тәжірибелерін жүйелі ілімге айналдырады. Қазақы ұғыммен айтсақ экономикасы әлжуаз елдің соғыска үйір болуы біреулердің қолы көтере алмайтын шоқпарды беліне байламақ болған әурешілігін елестетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.