Бактериологиялық қарулар ошағы – Арал

Главная » Рефераттар » Бактериологиялық қарулар ошағы – Арал

Бүгінгі таңда жер шарымыздағы табиғи экологиялық апаттар саны еселеніп өсіп отыр. Сондай үлкен апаттың біріне ұшырап отырған — Арал теңізі. Қазіргі таңда Арал теңізінің апатты жағдайын түзету мақсатында экологиялық мәселе ретінде әлемдік қауымдастықта шараларды қарастырыуымыз қажет. Оның зиянды әсерін қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Сол себептен Германия, АҚШ, Жапония және басқалары Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімін берді.

1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан елінің Жоғарғы Кеңесі «Арал аймағы тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын түбегейлі жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы» жарлық шығарса, сол жылдың 11 сәуірінде Ресей Федерациясының президенті Б. Ельцин «Биологиялық қару жөніндегі халықаралық келісімді орындауды қамтамасыз ету туралы» № 390-жарлыққа қол қойды. Ажал аралына айналған Возрождение әскери сынақ нысаны осыдан кейін барып қана жабылған еді. Бірақ, әскери нысанды жапқанмен, басты қауіп әлі алда болатын: ол — аралдың мүлде қараусыз қалып, ондағы бактериялар мен вирустардың ауа арқылы жан-жаққа таралу қатерінің зор екендігі байқалатын. Өзбекстан жағы американдық мамандарды шақырып, 1995 жылы олар Возрождение аралына жасырын келіп, әлгі жерасты моласындағы антракс ұнтағын алып, соған тәжірибе жасаған. Сөйтсе, антракс споралары жер астында 10 жыл көміліп жатқанына қарамастан, өз күшін әлі жоймаған болып шығыпты. АҚШ бактериологтары сол өзбек жағының шақыруымен аралға тағы да екі рет (1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс спораларына американ вакциналары төтеп бере ала ма, жоқ па, соны тексеріп, тәжірибе оң нәтиже бергеннен кейін ғана барып кемелденсе керек».

Осындай ашық ауада жүргізілген сынақ кезінде жұқпалы бактериялардың полигон сыртына шығып кетпегеніне  қазір ешкім кепілдік бере алмайды. Сонымен бірге бұл полигонда тәжірибе жүргізілетін жан-жануарлар болған екен. Олардың ішінде тышқан, қоян, қой, жылқы, тіпті маймылдар да болған және бұлардың барлығы да сынақ кезінде азаптан өлтірілген көрінеді.

Жануарларды қойып, бұл жерде адамға да сынақ жасалған деген қауесеттер аз емес. Балық аулауға теңізге шыққан балықшыларды ұстап алып, қайығын теңізге батырып жіберіп, өздерін сынақ жасайтын жерге әкеліп, ешкімге көрсетпей сынақ жасаған деседі. Соңғы демі бітер кезде, оны басқа жаққа апарып, терең шұңқыр қазып, өлі денені өртеп жіберіп отырған. Бірлі жарым өртенген адамның бас сүйектері табылып отыр. «Возрождение» аралында биологиялық қарулардың қалдықтары да темір табытқа салынып жерленген көрінеді. Қазір ол темір табыттары жер астында 1,5-2 метр тереңдікте жатыр. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл жер әледегі ең бір қауіпті орын болып саналады. «Возрождение» сынақ аралы, аралдың Өзбекстанға қарайтын жағы Мойнақ қаласына өте жақын. Бүгінгі күні бұл арал қараусыз жатыр. Бұл өңірде соңғы жылдары оба, т.б. да бұрын сирек тараған транслеасивтік ауру түрлерінің табиғи ошағы жанданғанын көрсететін нақты факті аз емес. Өзбекстан Аралдың тиісті жағынабақылау орнатқан. Ал Қазақстан жағы қалай болса солай, ашық күйінде жатыр.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.