Балалар ұжымы туралы түсінік

Home » Рефераттар » Балалар ұжымы туралы түсінік
Рефераттар Комментариев нет

Мектептегі балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дүрыс па? Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол — отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет қүрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала — ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды қүралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар. «Ұжым — ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нөтижесінде асады» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1974. — 5 т. 490 б.). Бүл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.

Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар -А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.
Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», -десе, Н.К.Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі ңоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бүл ой бүгінгі күні де өз қүндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық үйымдарға көп мән берген.

Бүгін ол заманның қоғамдық үйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар — «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан». Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ. А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы» (1937 ж.), «Мүнараның басындағы ту» (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.
Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі. А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. Әрине бүл қағида бүгін ескіргендей болып көрінеді. Қазіргі талап «алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос», дейміз. Бір жағынан бүл да дүрыс шығар. Біраң, «Адамның күні адаммен», деген қағиданы есте үстағанымыз жөн. Ерте ме, кеш пе өйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А.С.Макаренконың айтқан қағидаларының дүрыстығына қайта соғармыз. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті: а) Ұжым тәрбиенің маңсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

б) Ұжым адамдарды жалпы маңсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
в) Ұжым барлың үжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.
г) Ұжымның өзін-өзі басңару орындары, өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. В. А.Сухомлинский де балалар үжымын дамыту теориясына айтарлыңтай үлес ңосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның қүдіретті күші»(1965 ж.), «Павлыш орта мектебі» (1969 ж.), т.б. баяндалды. В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас -ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы ойлары жаңашыл ұстаздардың ойларымен үштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынастың нөтижесінен туады. С.Т.Шацкий де оқушыларды қоғамға қажетті еңбекке жұмылдыру арқылы тәрбие берудің әдістемесін жасаған. Мұнда ортаның балаға өсері ескерілген. Ол баланың өз төжірибесін өзіне жүмсауды қолдаган. С.Т.Шацкий алғаш рет Ресейде балалардың мектептен тыс оқу-тәрбие орындарын ашқызып, болашақ жастарды осы оқу-тәрбие орындары арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеген.

Л.И. Новикова балалар ұжымын тәрбие құралы деп есептейді. Мектептегі балалар ұжымының құрамы бірнеше бастауыш ұжымдардан тұрады. Олар: мектептегі сыныптар, ұзартылған күн, клубтар, секциялар, үйірмелер, еңбек бірлестіктері, «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан», т.б. Бұл ұжымдар бір-бірімен тығыз байланыста. Жалпы мектеп үлкен ұжымнан тұрады: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар ұжымы. Бұлар да бір-бірімен тығыз қатынаста болып келеді. Қазіргі кезде ұжымды, әсіресе үлкен ұжымды жоққа шығарын жүрміз. Колхоз, совхоз, өндіріс ұжымдары, партия, комсомол, пионер ұжымдары бүгінде жоқ. Сон-дықтан үлкен үжымның тәрбиеде бүрышыдай ыңпалы жоқ болып көрінеді. Бірақ жеке адам ұжымсыз өмір сүре алмайды. Мысалы, Робинзон Крузо, Мауглиді, т.б. алып қараңыз. Керек болса жан-жануар да өз тобын іздейді. Сондықтан ұжым керек, оның тәрбиеге ыңпалы бар. Қо-ғам да үлкен ұжым. Ал қоғамның тәрбиеге ықпалы жоқ деп кім айта алады? Ұжымда жеке адам рухани байлық, дамуға қажетті ыңпал алады, кемшіліктер ұжымда түзетіледі.

Ұжымның төрбие ңүралы ретіндегі маңыздылығы әр түрлі аспектіге байланысты:
а) Экономикалың аспект (еңбек, экономикалың тәрбие).
б) Саяси аспект (мектептегі саяси-әлеуметтік істерге араласу, мектеп үжымының өзін-өзі басқаруы).
в) Әлеуметтік аспект (баланың үй жағдайына қарасуы).
г) Адамгершілік аспект (өсиет арқылы тәрбие).
д) Қоғамдың-қүнды аспект (рухани татулық).
е) Қүңыңтың аспект (заңды бұзбау, бағыну).
ж) Психологиялық аспект (психологиялық сиысу).
з) Үйымдастырушылық аспект (ұйым тәрбие құралы).
и) Жеке басына байланысты аспект (кейде бала жеке қалып ойға кетеді. Бұл ұжымнан кеткендік емес).
к) Педагогикалың аспект (тәрбиелік ықпал, тәрбиелік
қарым-қатынас, баланың жеке басының, жас ерекшеліктерін ескеру, балалардың өзара қарым-қатынасы). Сонымен бірінші сұрақ бойынша қорытынды: Ұжым — тәрбиеге ықпал етуші құрал. Ол бұрынғыдай
тәрбие барысында жазалаушы құрал емес, қайталап айтайық, ықпал етуші құрал.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.