Басқару процесін басқару командалары

Главная » Рефераттар » Басқару процесін басқару командалары

Ақпаратты оқу және жазу операцияларға қосымша процессор әрқашан оны өңдеу операцияларды атқарады. Әртүрлі ақпарат көздерінен түскен сандармен процессор сандармен орындалатын кезкелген операцияларды орындай алады. Ол сандарды қосады, алады, салыстырады, разрядтар бойынша жылжытады.

Кез келген процессор логикалық көбейту («ЖӘНЕ»), логикалық қосу («НЕМЕСЕ»), инверсия («ЕМЕС») логикалық операцияларды орындай алады. Кейбір процессорлар сандарды көбейтеді және бөледі. Операциялардың базалық жинағы қарапайым және сегіз немесе он алты разрядтық екілік сандармен атқарылады. Яғни ақпараттың бір немесе екі байтымен.

Процессор орындайтын әр операция белгілі бір санмен кодталады. Бұл сан операция коды деп аталады. Операциялар кодтары тізбектей бірінен соң бірі микропроцессорлық жүйенің жадын жазылады (жедел жадына немесе тұрақты жадына). Про­цессор тізбектей бір байттан соң келесі байтты  операциялар кодын оқиды да оларды орындайды. Осы тәсілмен бағдарлама бойынша жұмыс орындалады.

.

Қарапайым процессорларда операциялар кодтары бір байттан тұрады. Бірақ кейбір операциялар қосымша параметрлерді талап етеді. Мысалы, берілген операция орындалатын  жады ұяшықтың адресі, кез келген   тұрақты шама немесе орнын ауыстыру адресі. Параметрлерді жазу үшін қосымша байттар қолданылады. Нәтижесінде бір команда жадында бірден үшке дейін ұяшықта орналасады. Қазіргі қуатты процессорларда бұл цифра бұданда үлкен.

Бағдарламаны жазуға арналған жадының аймағы бағдарламалық жады деп аталады. Кейбір процессорларда бөлек бағдарламалар жады және мәліметтер жады бар. Басқалар бағдарламалар мен мәліметтерді бір жадында сақтайды.  жол қозғалысын басқару құрылғының позиционері сияқты қарапайым микропроцессорлық құрылғыларда бағдарламаларды сақтау үшін әдетте ПЗУ қолданылады.

Бағдарламаны орындау үрдісін іске асыру үшін кез келген процессорда ағымдағы орындалатын команда адресінің енгізілген регистрі бар. Микропроцессорлық құрылғының жұмысы бастапқы тастаудан басталады. Қоректенуді қосудан соң арнайы түйін процессордың RESET кіруіне сброс имапульсі береді. Бұл сигнал бойынша процессордың барлық ішкі жүйелері алғашқы күйіне орнатылады. Адрес регистріне бағдарламалық жады басының адресі жазылады. Сброс импульсінің аяқталуынан соң бағдарламаны орындау енгізілген алгоритмі іске қосылады. Бұл алгоритмге бағынып процессор бағдарламалық жадының бірінші ұяшығынан бастап жадыны бағдарламалық бөлімінде орналасқан кодтарды тізбекетей оқи бастайды.

Кезекті команда түскеннен соң процессор командалар санауышының мәнін бірге үлкейтеді да келесі команданы орындауға көшеді. Егер келесі команда бір емес бірнеше командалардан тұрса опреацияның кодын оқығаннан соң процессор командалар санауышының мәнін үлкейтіп келесі қосымша байттарды оқуға көшеді. Қанша байтты оқу және қандай команданы орындау туралы ақпарат процессордың ішінде микрокомандалар түрінде жазылған. Процессорға қоректену кернеу берілгенше бағдарламаны орындау режимы жалғасады. Процессор бағдарламаны орындауды жаңа сброс импульсі түскеннен соң немесе арнайы тоқтату команданы орындау кезінде аяқтайды.

Кез келген процессордың бүкіл командалар жиынтығын үш үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші топ — мәліметтерді көштіру командалар. Бұл командаларға бағынып процессор жады ұяшығының мәнін ішкі регистрлердің біріне көшіреді немесе керісінше регистрдің мәнін жадының бір ұяшығына көшіреді. Сонымен қатар мәліметтер бір ішкі регистрден басқа регистрге көшірілу мүмкін. Осы көштірулер нәтижесінде ақпарат көзінің мәні өзегермейді. Жадының кез келген ұяшығының ерекшілігі оған жазылған санды өшіру мүмкін еместігінде. Оған тек жаңа санды жазуға болады.

Екінші топқа мәліметтерді түрлендіру командалар жатады. Оның ішінде қосу, алу, логикалық түрлендіру, разрядтарды жылжыту ж.т.б. командалар.

Үшінші топқа басқаруды беру командалар жатады. Бірінен соң бірі ораналасқан тізбектелген командалар жиынтығынан тұратын  бағдарламаны елестету қиын. Алгоритмдердің көбісі бағдарламалардың тармақтауын талап етеді. Сөйтіп бағдарлама берілген шарт орындалуына немесе орындалмауына байланысты әртүрлі әрекеттер тізбектерін орындау керек.

Бағдарлама жұмыс істеу алгоритмін белгілі бір шартқа байланысты өзгертуге мүмкіндік болу үшін кез келген процессордың командалар жүйесінде міндетті түрде басқаруды беру командалар болу керек. Басқаруды беру командаларға келесі командалар жатады:

  • шартты көшу командалар;
  • шартсыз көшу командалар;
  • подпрограммға көшу комндалар;
  • циклді ұйымдастыру командалар.

Шартты және шартсыз көшу командалар бағдарлама командалардың орындау ретін үзуге жіне көшуді шақыруға арналған. Мұнда шартты көшу белгілі бір шартты орындау кезінде атқарылады. Шартсыз көшу әрқашан бағдарлама сәйкес келетін команданы кездескенде орындалады. Көшу шарты болып келесі логикалық өрнектердің бірі табылады:

А шамасы В шамасына тең.

А шамасы В шамасына тең емес.

А шамасы В шамасынан кем.

А шамасы В шамасынан үлкен.

.

А шамасы В шамасынан кем немесе тең.

А шамасы В шамасынан үлкен немесе тең.

Салыстыру шамалар ретінде процессордың кез келген ішкі регистрдің мақмұны, жадының кез келген ұяшығының мәні немесе құры константа. Циклды ұйымдастыру командалар командалар тобын циклдық орындауды іске асыратын бағдарламалық кодыт қысқарту үшін өте тиімді аспап. Егер командалардың бір тобын бірнеше рет орындау қажет болса циклды ұйымдастыру командаларды қолдануға болады. Циклды ұйымдастыру командалар арқылы салдырды жою қарапайым қарапайым бағдарламаны құруға болады. Порттан құу және алынған нәтижелерді қосу операцияларын цикл түрінде безендіруге болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.