Бас миының системалық қызметі

Главная » Рефераттар » Бас миының системалық қызметі

Үлкен жарты шар ми қызметінің қыртысына сыртқы және ішкі ортаның тоқтаусыз өзгеруінен тұрақты түрде нерв системалық импульстар келіп түсіп отырады. Осы нерв импульстарының біреуі ғана сол сәттегі рефлекторлық реакцияны іске асыруға тікелей қатысы болуы мүмкін. Бас ми қыртысы қызметінде көптеген оң және теріс шартты байланыстар жасақталып, организмге берілген тітіркендіргіштерге синтез және анализ жүреді. Олай болса тітіркендіргіштер синтез және анализ процесінің жүргізілуі үлкен жарты шар ми қыртысының ең басты қызметі. Бас ми қыртысы нерв орталықтарында организмнің әрбір органдар рецепторына берілетін тітіркендіргіштердің әсерінен көптеген қозу аймақтары пайда болып, қозу импульстарының жинақталып, біріктіріліп. Топтастырылады осы процесс синтез деп аталады. Синтез процесі кезінде бас ми қыртысы нейрондарының арасында өзара байланыстардың қалыптасуы жүреді. Бас ми қыртысының синтездік қызметінің қалыптасуы кез-келген шартты рефлекстің іске асуына керекті нервтік байланыс жасақталуының негізі болып есептеледі. Бәс миының синтездік қызметінен кейін лтіркендіргіштерге анализ процесі жүреді яғни бас миында пайда болған қозу аймағьзндағы қозу импульстары бір-бірінен ажыратылып, бөлінуі дәлірек айтсақ әрбір органдардың рецепторларынан келген нерв импульстары сол тиісті органдар қызметіне қарай жеке өз алдына бөліп шығарылады. Осы процесс анализ деп аталады. Үлкен жарты шар ми қыртысында комплексгі түрде берілетін тітіркендіргішке жоғарғы дәрежелі күрделі анализ және синтез жүреді. Комплексті тітіркедіргіштің берілу реттілігіне, ырғағына күшіне тембріне анализдік және синтездік талдау жүріп отырады. Күрделі комплексті тітіркендіргіштерге бас миының анализдік және синтездік қызметін зерттеу үшін А.Г.Иванова-Смоленский деген оқымысты итке белгілі бір реттілікпен берілетін төрт А+Б+В+Г түрлі музыканың дыбысына шарттьі рефлекс жасактаған. Содан кейін Иванова-Смоленский музыкалық дыбыстың берілу реттілігін өзгертіп, яғни берілетін музыкалық дыбыстардың орнын ауыстырады (А+В+Б+Г) сол уақьпта бұрынғы дұрыс ретгілікпен берілген музыкалық дыбысқа жасақталған рефлекс бұзыла бастаған, себебі иттің бас миында музыкалық тітіркендіргішке, оның берілу реттілігіне, тембріне сәйкес анализ синтездік қызмет қалыптасқан яғни итте музыкалық дыбыстарының орнын ауысқандығына анализ және синтез жүреді. Осылайша АТ.Иваново-Смоленский бес ай бойы зерттеу жүргізіп А+Б+В+Г төрт түрлі музыкалық дыбысты бір-бірінен ажырату арқылы шартты рефлексті жасақтай алмаған. Динамикалың стереотип. Сыртқы қоршаған дүние организмге бірнеше көптеген бірінің сыртынан бірі қайталанып отыратын тітіркендіргіштер жүйесі ретінде әсер етеді, Осындай тітіркендіргіштердің әсерінен үлкен жарты шар ми қыртысында белгілі бір рефлекспен бірімен алмасып отыратын қозу мен тежелудің аймағы жасақталады. Бір сөзбен айтқанда ми қыртысы комплексті стереотипті тітіркендіргіштерге ұшырап отырады. И.П.Павлов осындай үлкен жарты шар ми қыртысының стереотивтік қызметін динамикалық стреотип деп атаған. Динамикалық стереотип бас ми қыртысының систематикалық қызметін қалыптастырады. Сгереотивтің жасақталуы үлкен жарты шар ми қыртысының өте күрделі талдағыштық қызметі. Бұл нерв жүйесінің ең ауыр және күрделі қыэметі, Сонымен бірге жасақталған стереотивті берік ұстап тұру ми қыртысына қиынға соқпайды. Әруақытта да берік және тұрақты қалыптасқан динамикалық стереотиптің жойылуы жасақталуынан да қиын жүреді. Динамикалық стереотиптің негізінде организмде шартты рефлекторлы реакциялар түрінде әдет пен дағды қалыптасады. Олай болса динамикалық стереотип шартты рефлекстің -негізі яғни шартты реакциялар қалыптасу үшін ең әуелі динамикалық стереотип жасақталуы керек. Кез-келген жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы үлкен жарты шар ми қыртысының стереотипті қызметінің заңдылығына негізделген. Адам өмірінде жасақталуы мен жойылуының мүлдем қиын жүретін үлкен жарты шар ми қыртысының стереотивті қызметін түсіндіретін мысалдар баршылық. Мысалы: Адам бірден конькиді жақсы тебу жағдайына келе алмайды, Ол үшін адам күнбе-күн системалы түрде коньки тебумен айналысу керек. Осы уақытта бірнеше рет қайталап жүйелі түрде коньки тебудің нәтижесінде үлкен жарты шар ми қыртысында қозу мен тежелудің аймағы пайда болады яғни динамикалық стереотип жасақтала бастайды, бірақ ол бірден жасақталып қалыптаспайды, біртіндеп тітіркендіргіш (коньки) бірнеше рет қайталап жүйелі түрде әсер еткенде ғана іске асады. Сондықтан да адам бірден жақсы конькиші бола алмайды. Себебі қозғалу реакциясын басқарып реттеп отыратын бас миында стереотивті процесс әлі қалыптасқан жоқ. Осы процесс берік, толық жасақталып қалыптасқаннан кейін адам жақсы конькиші болып шығады. Адам көп жыл бойы коньки тебумен айналыспаса да, 20-30 жылдан кейін де конькиді теуіп жүре береді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.