Баспасөз беттеріндегі қысқарған сөздердің қолданыс ерекшелігі

Главная » Рефераттар » Баспасөз беттеріндегі қысқарған сөздердің қолданыс ерекшелігі

Қазіргі кезеңде коғам өмірінің қай саласын алсақ та, қысқарған сөздер молынан кездеседі. Олардың өзге тілдерден қалай қабылданып, өз тілімізде қалай жасалып, қолданыс тауып жатқандығын анықтап, бұл бағыттағы жақсы үрдістерді үлгі ретінде ұсынып, кемшіліктерді түзету жолдарын көрсету тіл мамандарының міндеті. Осы тұрғыдан қарағанда кейінгі жылдары тілшілер қауымының қысқарған сөздер мəселесіне көп көңіл бөлмегені байқалады. Соның салдары да анық аңғарылып отыр. Баспасөз беттерінде, ғылыми, танымдық, оқулық əдебиеттер мен салалық сөздіктерде кездесетін қысқарған атаулардың жасалуында, қолданысында көптеген кемшіліктер орын алып жүр. Ондай олқылықтарды уақытында анықтап, түзетіп, қысқарған атаулардың қолданысын қадағалап отырмаса, ретсіздіктің белең алары белгілі. Сөз қысқарту тəсілі — қазақ əдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан бері қарай, яғни соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік таныта бастаған сөзжасам əдістерінің бірі. Сөз кысқартудың əріптік, буындық, аралас қысқарту жəне контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты қысқарту сияқты түрлері бар [1,9 б.]. Қысқарған сөздердің жасалуына тілден тыс жəне ішкі тілдік факторлар əсер етеді. Олар: а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, əлеуметтік көзқарастың түбегейлі өзгеруі, қоғам жəне ғылыми-техникалық революция жаңалықтары, ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар; ə) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары, сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады. Қысқарымдардың жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар [1, 10б.]. А. Ысқақов «күрделі атау» сөздердің бір алуандарының əрі қысқартылып, əрі біріктіліп жұмсалу жолы орыс тілінің əсерінен туғандығын, қысқарған сөздер əдеби тілдің жазбаша нысанында күрделі сөздің белгілі бір түрі болып қалыптасқандығын баяндап, осы термин ұғымына тек қана орыс тіліндегі үлгі бойынша жасалған төрт түрлі жолмен аббревиатураларды жатқызады [2, 124б.]. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарымдар (қысқарған күрделі зат есімдер) өмірмен өзектес дамып келеді. Олар — қоғамдық-саяси ұйымдардың қысқартылған аталымдары, мемлекеттердің, мекемелердің т.б. қысқартылған атаулары жиі ұшырайды. Əсіресе соңғы жылдарда жарнамалық қызметте, баспасөз беттерінде кең қолданыс тапқан. Қысқарымдардың негізгі ерекшелігі — тілдік ықшамдау, үнемдеу зандылықтарына сəйкес туындаған жасалымдар, жаңа мəтіндегі сөздер жəне тиімді əдіс, икемді тұлғалар.

.

Тілімізде бар күрделі атауларды қысқартуда белгілі бір үлгіні сақтаудың маңызы зор. Өз тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып та қысқарған сөздер қорын жүйелі қалыпқа келтіруге болатындығын ғылыми негізге алудың қажеттілігі өз құнын жойған жоқ. Əсіресе күрделі атауларды бас əріптерімен қысқарту жолы кеңінен тараған. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ТМД (Тəуелсіз Мемлекеттер Достығы), ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ХДП (Халықтық-демократиялық партия), АҚ (акционерлік қоғам), ААҚ (ашық акционерлік қоғам), ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ОҚО (Оңтүстік Қазақстан облысы), СҚО (Солтүстік Қазақстан облысы), ҚР (Қазақстан Республикасы), АҚШ (Америка құрама штаттары) т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар жалпыхалыққа түсінікті болып келеді. Бірақ баспасөз беттерінде жұртшылықтың көз-құлағы үйреніп, жиі қолданылатындай дəрежеге жете қоймаған атаулар да кездеседі. Мұндайда газет-журналды бос уақыты болғанда ғана оқитындар емес, оны үзбей қадағалап отыратын оқырманның өзі қысқарған сөздің толық нұсқасының қалай болатынын тауып, оның мағынасын түсіну біршама қиынға соғады. Мысалы:

А-20 – «Азия жиырмалығы». Елбасымыз «А-20» деген атпен «Азия жиырмалығын» құруды ұсынды. «Егемен Қазақстан», 21 сəуір 2009 жыл. ƏКК (СПК) — əлуметтік-кəсіпкерлік корпорация. Маңғыстау облысы əкімінің бұрынғы орынбасары, «Каспий» ƏКК ҰК» АҚ басқармасының экс-төрағасы Асқар Нұрғалиев мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. «Егемен Қазақстан», 12 қазан, 2014 жыл. АХАЖ (ЗАГС) — Азаматтардыi хал актілерін жазу. АХАЖ саласы бойынша «Жеке тұлға» бағдарламасы аудандарда іске асып жатыр. «Егемен Қазақстан», 5 тамыз 2008 жыл. №237. Осы орайда АХАЖ органдары ата-ананың құқығын шектеп, балаға қандай ат қою керектігін айтуға құқықтары жоқ. «Солтүстік Қазақстан», 17 шілде 2009 жыл. ШОБ (МСБ) — шағын жəне орта бизнес. Осы пайыздық көрсеткіштерден өндіріс салаларындағы ШОБ-тардың үлес салмағын да байқауға болады. «ЕгеменҚазақстан», 25 шілде 2008 жыл. Біздің өңірімізде “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 120 жоба мақұлданса, ШОБ субъектілерінің лизингтік мəмілелерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша 650 жоба қолданды. «Солтүстік Қазақстан», 28 желтоқсан 2012 жыл. ҚЕБА – UазаXстандағы Еуропа Бизнес-ассоциациясы. Оның үйіне тінту жүргізу кезінде алынған флэш-картадағы «В.Козловтың қосымша куəгерлік мəлімдемесі» атты анықталған электронды құжатында Əбілəзов 2002 жылдан ДВК (ҚДТ) деп құрылған. «Егемен Қазақстан», 13 желтоқсан 2012 жыл. Тілімізде күрделі атауларды қысқартудың екінші түрі ретінде бірінші сөздің бірінші буыны жəне келесі сөздердің бас əріптері арқылы, алғашқы сөздің бастапқы буыны мен соңғы сөздің толығымен жазылуы арқылы, əрбір сөздің басқы буындарының қысқаруын жатқызамыз. Мысалы: АтМӨЗ (АНПЗ) — Атырау мjнай hiдеу зауыты. Ал жергілікті экологтар АтМӨЗ— дің санитарлық аумақ шекарасын анықтауды, сонымен бірге, қоршаған ортаның тазалығына ұдайы мониторинг жасайтын кұрылғы орнатуды кешіктірмеу қажеттігін атап көрсетті. «Егемен Қазақстан», 15 шілде 2008 жыл. ЕурАзЭҚ (ЕврАзЭС) — Еуразия экономикалыX Xоғамдастығы. Үш мемлекеттің көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін марапатталды. «Солтүстік Қазақстан», 16 желтоқсан 2012 жыл. ҚАЗБАТ (КАЗБАТ) — UазаX батальоны. Сол күші басым жаумен қиян-кескі ұрыста Қазбаттың 17 жауынгері қаза тапты. «Егемен Қазақстан», 9 сəуір 2013 жыл. ҚазБСҚА (КазГАСА) — UазаX Бас сəулет-Xjрылыс академиясы. Бүгінгі күні ҚазБСҚА студенттерінде толық компьютерлік техникамен жабдықталған екі тəжірибелік аудитория бар. «Егемен Қазақстан», 11 мамыр 2014 жыл. ҚазБШҒЗИ (КазНИИРХ) — UазаX БалыX шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен зертханалары, «Қазагроиновацияның» ҚазБШҒЗИ ЖШС ғалымдар түзген зерттеулер мен болжамдар негізінде уақыт оздырмай нақты тұжырымдар жасап, жергілікті кəсіпкерлер, жеке қожалықтар бірлесе атқаратын бағдарлама жасауға, соны заң тұрғысынан бекітуге ықпал етуі керек. «Егемен Қазақстан», 25 ақпан 2009 жыл.

.

ҚазГЗУ (КазГЮУ) — UазаX ГуманитарлыX Заi университеті. ҚазГЗУ түлеп, түрленіп, оның ғимаратының өзі Астананың көркіне көрік қосып, жасанып шыға келді. «Егемен Қазақстан», 27 наурыз 2010 жыл. «ҚазМұнайТеңіз» АҚ — «UазаX мjнай-теiіз» акционерлік Xоғамы. Баржаның операторы «Қазмұнайтеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ-тың еншілес. «Егемен Қазақстан», 7 қазан 2011 жыл. ҚазТАГ (КазТАГ) — UазаX телеграф агенттігі. Оның сайраған сөздері Мəскеуден ТАСС арқылы тарап, ҚазТАГ-тың қоржынынан өтіп, күнделікті газеттердің бетіне түскенше сан мəрте түзетілетінді шығарды. «Егемен Қазақстан», 15 қазан 2012 жыл. 26 қарашада ҚазТАГ республикалық қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сайлаушылардың көңіл күйін социологиялық зерттеудің нəтижелерін жариялады. «Солтүстік Қазақстан», 30 қазан 2012 жыл. Күрделі атауларды қысқартудың үшінші түрі — техника түрлерінің (ұшақ, трактор, автокөлік т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер. Бұндай қысқарған сөздер бас əріппен жазылады. Мысалы: ЯК-40. 1992 жылдың 17 шілдесі күні жолға шығып Баян-Өлкеден Өскеменге, одан Петропавл қаласына “АН-22”, “ЯК-40” ұшақтары арқылы жеттік. «Солтүстік Қазақстан», 8 ақпан 2013 жыл. Кешеннің бас кіреберісінде кеңестік көп мақсатты МИ-4 тікұшағы, АН-2, ЯК-40 ұшақтары тұр. «Егемен Қазақстан», 23 тамыз 2012 жыл. ИЛ-18. Өзі айтқандай дарылдаған төрт моторлы «ИЛ-18» ұшағымен бақандай төрт сағат ұшып, Қарағандының ескі əуежайына қонады ғой. «Егемен Қазақстан», 2 қазан 2013 жыл. ГАЗ-53. Əкімжан Ғайбуллаев, тұрғын: – Менің «ГАЗ-53» маркалы көлігім бар. «Егемен Қазақстан», 5 маусым 2013 жыл. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласының Котов көшесінде “ГАЗ-53” автокөлігі жанып, жүргізушінің кабинасы мен мотор бөлігі жойылды. «Солтүстік Қазақстан», 7 қараша 2013 жыл. АН-2. Төрт адам тірі қалды Ресейдің тергеу комитеті Камчаткада апатқа ұшыраған АН-28 ұшағына қатысты үш жағдайды атады. «Егемен Қазақстан», 13 қыркүйек 2012 жыл. Сонымен ақын ағамыз 1964 жылдың 9 мамырында ауданнан облысқа “АН-2” ұшағымен баратын. «Солтүстік Қазақстан», 29 мамыр 2013 жыл. ЗИЛ-130. «МТЗ-80» 25 «ПМ-130» техникасы, «ЗИЛ-130» базасындағы 9 құмшашқыш, 2 қар жинағыш, 2 «К-701», «Урал» базасындағы роторлы техникалар мен тіркемелерді қосқанда барлығы 160 арнайы техника. «Егемен Қазақстан», 18 қазан 2011 жыл. Нақтырақ айтқанда, отын тиеп, орманнан келе жатқан “ЗИЛ-130″ жүк көлігі Қызылжар ауданының Николаевка ауылының маңында жаңбырдан кейін саз болған жолда батып қалған. «Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл. ТУ-154. Осыдан екі жыл бұрын Смоленск əуежайына қонар кезде Польша президенті Лех Качиньский мінген ТУ-154 ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. «Егемен Қазақстан», 11 сəуір 2011 жыл. Сол айтқаны рас екен, əлгі 18 тонна жүкті тау-тасты асып түсе алатын машинаға да, пойызға да, тіпті мұхиттарды жүзіп өтетін кемелерге де тиемей, құласаң нардан құла дегендей, ТУ-154 ұшағына сылқита салады. «Солтүстік Қазақстан», 7 желтоқсан 2012 жыл. ВАЗ-2107. Ал Есіл ауданының Бұлақ ауылында сарай мен гаражды өрт шарпып, ақыр соңында ағаш құрылымдарымен бірге “ВАЗ-2106” автокөлігі толықтай жанып кетті. «Солтүстік Қазақстан», 31 шілде 2013 жыл. БТР-80. Оның ішінде “БТР-80”, əскери “КАМАЗ” жəне “УАЗ” көліктері балғындардың ерекше ықыласын туғызса, атыс қаруының түрлері де көрмеде алдыңғы орында болды. «Солтүстік Қазақстан», 5 қазан 2012 жыл. Күрделі сөздерді қысқарту кезінде тілдегі дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі, олардың тарихи қалыптасқан орны болады. Көп жағдайда, əсіресе, əріптік қысқарту барысында қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі сақталмайды. Дыбыстар үндестігі бұзылғандықтан айтуға келмейтін, құлаққа жағымсыз естілетін, айтуға қолайсыз атауларды да кездестіріп жатамыз. Мысалы: ОАӨАҮО (ОрталыX Азиядағы hiірлік аXпараттыi cйлестіру орталығы), ПҮАЖ (Президент пен ­кіметтіi актілер жинағы), ӨСЕҚ (ртке Xарсы еріктілер Xоғамы), БӨҚжА (баXылау-hлшеу Xjралдары жəне автоматика), ҚҚХҚИ (UазаX XjXыXтану жəне халыXаралыX Xатынастар институты), ӨОАƏ (hлшемдердіi орын алмастыру əдісі), АОМКДИ (Алматы облыстыX мамандар кəсібін дамыту институты), АӨСШК АЛТК (Азиядағы hзара ыXпалдастыX жəне сенім шаралары жhніндегі Аға лауазымды тjлғалар комитеті), АӨІСШК (Азиядағы hзара іс-Xимыл жəне сенім шаралары кеiесі), ҚИК АҚ («UазаXстан ипотекалыX компаниясы» Акционерлік Xоғамы) т.б.

.

Əр түрлі мағына беретін күрделі атауларды бір ғана қысқарған сөзбен беру – қазіргі кезде тілімізде орын алып отырған кемшіліктердің бірі. Мысалы, Халықаралық кəсіпкерлер ұйымын да, Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымды да ХКҰ деп бір-ақ қысқарған сөзбен беріп жүрміз. Осы сияқты Еуропалық Кеңес те, Еуропалық комиссия да ЕК түрінде, стандарттық үлгі де, сауда үйі де СҮ түрінде, сəйкес келу сертификатын да, стандарт санатын да СС үлгісінде, көп ұлтты компания да, көп ұлттық корпорациялар да КҰК түрінде, коммерциялық банк та, конструкторлық бюро да КБ түрінде, Еуропа көлік конференциясы да, Еуропа кəсіподақтар конференциясы да ЕКК түрінде, Азия даму банкі мен Африка даму банкі АДБ түрінде, қалалардың халықарарлық ассамблеясы да, Қазақстан халқы ассамблеясы да ҚХА түрінде, су электр стансасы мен санитарлық эпидемиологиялық станса да СЭС түрінде қолданылып келеді. Осындай сөз қысқартуларды жиі ұшыратуға болады. Бұл нұсқалар бір қысқарған сөздің тілде орнығуына екіншісі кедергі келтіреді. Мəселен, Еуропалық Кеңесті — қазіргі қалпында ЕК деп əріптік қысқарту үлгісімен, ал Еуропалық комиссияны — ЕуКом түрінде буындық қысқарту жолымен, сол сияқты Африка даму банкін АДБ түрінде, ал Азия даму банкін АзДБ, коммерциялық банкін КомБанк түрінде, конструкторлық бюроны сол қалпында КБ түрінде, қалалар халық ассамблеясын ҚХА түрінде, ал Қазақстан халқы ассамблеясын ҚазХА түрінде де алуға болар еді. Негізінен əр түрлі атаулардың бір нұсқа түрінде қолданылуының өзі қысқарған сөздерді жинақтап, сұрыптап, ретке келтіру жұмыстары тиісті дəрежеде қолға алынбай жүргендігінің айғағы.

Қысқарған атаулардың қолданысындағы кемшіліктің бірі — олардың түрліше қысқартылып алынып, бірнеше нұсқада жарыса жұмсалуы. Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесі атауының қысқарған нұсқасы орыс тілінде СВМДА түрінде бір ғана нұсқада қолданылып жүрсе, бізде бұл қысқарым — АӨСШК, АӨЬІСШ, АӨСІШК болып үш түрлі нұсқада жарысып жұмсалып жүр. Осы қатарға ТКШ// ТҮКШ (тjрғын-cй коммуналдыX шаруашылығы), Қаз АТУ// ҚАТУ (UазаX агротехникалыX университеті), ЕҚЫҰ // ЕҚЫК (Еуропадағы Xауіпсіздік пен ынтымаX келісімі), БСҰ//ДСҰ (Бcкілəлемдік сауда jйымы, Дcниежcзілік сауда jйымы), ЭСК// ЭСЖК (ЭкономикалыX саясат жhніндегі кеiес), БДҰ//ДДҰ (Бcкіл дcниежcзілік денсаулыX саXтау jйымы, Дcниежcзілік денсаулыX саXтау jйымы), ІЖӨ//ЖІӨ (ішкі жалпы hнім, жалпы ішкі hнім) сияқты жарыса қолданылып жүрген атауларды да қосуға болады. Сондай-ақ бірде қазақша, бірде орысша, кейде ағылшынша қысқартылуы бойынша қолданылып жүрген атаулар да едəуір. Мысалы, СЭС//ГЭС (су электр стансасы, гидроэлектростанция), ҒІҒА//ФИФА, АҚТҚ //ВИЧ, ОББ //ЦРУ, ЖҚТБ//СПИД, ЖЭО//ТЭЦ жəне т.б [4,127б.].

Тілімізде қысқарған сөздерге қосымша жалғау тəртібі бірізді сақталып жүрген жоқ. Тілші ғалым Шерубай Құрманбайұлы «Əріптерден қысқарған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары соңғы əріптің немесе соңғы цифрдың айтылу əуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол дыбыстың айтылу əуеніне қарай жуан не жіңішке жалғанады да, дефис арқылы жазылады» деген ереженің ескеріле бермейтінін атап өтеді. Мысалы, АҚШ (айтылуы: а-қы-шы), ТМД (айтылуы: ты-мы-ды), БҰҰ (айтылуы: бы-ұ-ұ) деген қысқарған сөздерге қосымша орфоэпиялық нормаға сəйкес АҚШ-тың, ТМД-ға, БҰҰ-ға деген ретпен жалғанады. Қорытындылай келе, жоғарыда аталып өтілген жарыспа нұсқалардың бірі жиі, екіншілері сирек қолданылуы, түрлі атаулардың бір ғана нұсқасының болуы, тілімізде қысқарған сөздердің орыс тілі нұсқасының қолданылуы, сөз қысқартудың дыбыстық үйлесімділігінің сақталмауы – тіл білімінде əлі бір ізге түспей, жинақталмаған, жүйеленбеген, шешімі табылмаған мəселелердің бірі. Қазіргі мерзімді басылым беттерінде кездесетін осындай деректер күрделі сөздерді қысқарту немесе орыс тілінен енген қысқарған сөздерді аударудың əркімнің қалауынша жүзеге асып, бұл істің жүйелі түрде жүргізілмей, тиісті дəрежеде үйлестірілмей отырғандығын аңғартады. Сондықтанда қазақ тіл білімі саласындағы қысқарған сөздердің аясын тереңірек зерттеп, кездесетін кемшіліктердің дұрыс шешімін табу – бүгінгі күні зерттеуді қажет етіп отырған өзекті мəселелердің бірі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.