Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық дамуы

Главная » Рефераттар » Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала — бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсініспеушілік пайда болады. Бастауыш мектеп жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш мектеп жасындағы бала бүрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу — ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта ңүруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:

Біріншіден, мектеп өміріне кірігу. Екіншіден, мектеп, сынып үжымдары арңылы қаты-настарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау. Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дүрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының үжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс. Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар. 1. Бірінші қиындық. Баланың уақтысында үйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабаңта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бүлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдың тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібіне көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді.

2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашңы мүғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіресе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін үстаз — бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мүғалім ұрысқақ, зөлім, тажал болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн. Сонымен бастауыш сынып мүғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мүғалім тек жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғалімнен қорықпауы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі -ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мүғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мүғалім. Мұғалімнің ақ дегені аң, қара дегені қара. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұнда да балалар үжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік кайшылықтарды мүғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дүрыс тәрбие бере алмаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балаларды жастайынан жаман жолға итермелейміз.

Бірінші кемшілік — адами қүндылыңтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық түрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген. Екінші кемшілік — аңыл-ойдың педагогикалың тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оңуға деген жалқаулық, оңығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды. Үшінші кемшілік — адами-әсемдік, сүлулың дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сүлулыңты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды. Төртінші кемшілік — медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының, аңыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалың, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін. Бесінші кемшілік — баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоң болуы. Мүндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жаңсы азамат шыңпайды. Осы бес кемшілікті жою — жасөспірімдерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады.

3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бүрынғы балалың дөрежесінен айырылып, жауапты адамдар ңатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға үшырауы мүмкін. Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға баңылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының бәрі балаға үнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады. Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Көп нөрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды. Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді. Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп түрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға аңша талап етеді.

4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсырмасын орындауда қиналуы. Зерттеуші-ғалым педагогтардың айтуынша бастауыш мектеп оқушыларын үй жүмысын орындауда бірнеше топқа, кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мүндай оқушылар тобын романтиктер дейміз. Олардың оңуға деген қызығушылығы бар. Өздерін ересектер санатында үстайды. Бірақ уақыт өткен сайын сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығады, қызығушылығы басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау міндет екенін ғана біліп, үй жүмысын орындау тек салтқа айналады. Екінші топ оңуды, үй жүмысын орындауды салт деп білу. Осылайша балалардың сабаңқа деген ынтасына қарай, оларды үш топңа бөлуге болады. Бірінші — ынтамен оқитындар. Екінші — жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін деген оймен оңу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін. Үшінші — сабақтан үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.
Осы үш топтың өрңайсысымен өзіндік жүмыс жүргізу -бастауыш сынып үстаздары мен ата-аналардың міндеті. Бірінші топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыны көтермелеп, ал үшінші топтағыны бірде міндеттеп, бірде мақтап, барлық жағдайда ңолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту керектігін үстаздар мен ата-аналардың естеріне саламыз. Бастауыш сыныптың өзінде балаға үнайтын, ұнамайтын, жақсы көретін, жақсы көрмейтін пәндері бар. Осы орайда айтарымыз мектеп баласына барлық пәндер бірдей ұнай бермейді. Қандай бір үздік оқушы болмасын, оның өте жаңсы көретін пөні немесе пәндері болады. Соны өрі қарай дамытңан жөн. Оқуда зорлық болмау керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болуы керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.