Батырлар жыры туралы

Главная » Рефераттар » Батырлар жыры туралы

Қазақ халқының эпосында батырлар жыры — ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан көшірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері — Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты. Ондай оқиғалар — XVI ғасырда Қазан хандығының ыдырауы («Қобыланды» жыры), XV—XVI ғасырларда Қырым хандығында рулық соғыстар («Ер Тарғын» жыры), қазақтар мен ноғайлының XVI ғасырда бірлесіп жасаған жорықтары («Ер Сайын», «Алпамыс» жырлары), қазақтар мен өзбектердің жорығы («Қамбар» жыры). Батырлар жырының қаһармандары қазақ деп аталмайды. Ноғайлы нәсілінен делінеді. Өйткені, негізінде бұл жырлар қазақтың дербес саяси одағы құрылмаған кездегі дәуірді сипаттайды. Кейінірек қазақ халқының эпикалық негізін құраған рулар ол кезде Алтын Орда, Қырым, Қазан хандықтарының және Орта Азия хандықтары саяси одақтарының қарауында болатын. Солардық бәрінің жалпы аты «Ноғайлы» болып келетін.
Бұл жырлардың желісін о баста кім шығарғанын табу мүлде мүмкін емес. Барлық жырда да оны шығарған жыршының аты аталмайды. Тіпті орыс эпосындағыдай «Әулие баян» деген тәрізді атау да жок. Беймағлұм жыршының атынан баяндалатын эпикалық жырдың стилі ғасырлар бойына өзгермеген. Өткен ғасырда өмір-сүрген, «Кобыланды», «Тарғынның» үздік көркем варианттарын айтып жаздырған атақты жыршы Марабай да осы дәстүрді бұзбаған. Сол варианттарды өңдеуге, сұрыптауға Марабайдың қатысы болғанын оны тыңдаған замандастары ғана айтқан. Ол Марабай дастанның ешбір жерінде өз есімін атамайды. Сол сияқты, баска жырлардың кейінгі айтушыларының да есімі беймағлұм. Сөйтсе де, талай буын жыршылар айтып таратса да, осы жырлардың стиль тұтастығы бұзылмаған. Ол жырлардың барлық нұскасы да асқақ, көтеріңкі күйге толы, образдық құрылысы өзгеше әсем. Бірақ негізгі сюжеттік желігін ежелгі қалпында сақтағанымен, сол жырларға әр дәуірдің, әр алуан әлеуметтік топтарының әсер етпеуі де мүмкін емес еді. Жырдың алғашқы кездегі халықтық негізіне кереғар, кейін косылған жамаулар — рулык, ақсүйектік идеологиясы тайған белгі-бедерлерде ұшырасатыны да осыдан. Көп жырларда дін иелерінің жүретіні — бұған дәлел. Бұл — кейінгі кездің коспасы. Өйткені ол жырлар қазақ ислам дінін кабылдамай тұрған кезде шығарылған. Аға батырлар жайындағы жырларда жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік сарын басым. Мұнда рулық ұжымның куат-күші батырдың бірегей тұтас образы арқылы бейнеленеді, ол өзінің кайрат-жігерін сыртқы жауларға карсы соғыста көрсетеді. Ол бірде ел шетіне келген жауға карсы шықса, енді бірде еш руға карсы кек алуға өзі аттанады. Барлық жағдайда да батыр — өз руын бастап шығушы әрі соның қайтпас кажырының көрінісі. Олар жорыкқа жеке бастың намысын іздеп шықпайды. Ал Сайын, Алпамыс сияқты іні батырлар өздері үшін жорыққа аттанады, не кегін қуады, не қалыңдық үшін аттанады. Олардың туған ауылына жорық жасаған немесе қалыңдыққа таласқан бақастары да — солардың өздері сияқты іні батырлар. Казақтың батырлар жыры соққы кезде, яғни өткен ғасырлық аяғынан бері жазылып алына бастады. Бұл жұмыс казір де жүргізілуде, жаңа жырлар да табылуда. Эпостык дастандардың шығу тегі сөз болғанда олар тұрмыс-салт жырларының негізінде туды деп айтуға кәміл болады. Батыр жорыққа аттанғанда айтылатын «Қоштасу» жыры, ол қалыңдық әкелгенде айтылатын үйлену — салт жыры, ол өлгенде жанкүйерлері жылап-сықтап айтатын «жоқтау» жыры сол батыр жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес. Мәселен, бір кезде болған Сайын деген батырдың жайына байланысты туған «коштасу» жыры, ол өлгенде туған «естірту» жыры, әйелінің «жоқтау» жыры кейін бір ақынның өзекті желіге түсіруі — арқасында, кейін дастанның тұңғыш нұсқасын жасауы ықтимал. Басқа акындар оған тағы да қоса түскен. «Ер Сайын» жырында Сайынның өлер алдында қырық жігітпен бақылдасқан «коштасуы» да, қырық жігіттің Аюбикешке келіп айтқан «естіртуі» де, Аюбикештің «жоқтауы» да бар. Эпостық дастан осылай тумақ керек деген жорамал — басқа батырлық жырларда да тұрмыс-салт жырлары бар болуына байланысты айқындала түседі. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының жауға аттанар алдындағы үй-ішімен қоштасуы. Алшағыр шауып әкеткеннен кейін бұғауға түскен ата-анасының батырды жоқтауы, «Ер Тарғын» жырындағы Тарғынның елі-жұртымен қоштасуы осындай. Ал «Қыз Жібек» дастанында «коштасу» да, «жоқтау» да, «естірту» де бар. «Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» дастанын алсақ, онда тек «жоқтау», «қоштасу», «естірту», «көңіл айту», «жар-жар», «сыңсу», ғана емес, эпоста аса сирек ұшырасатын «сүйінші» жыры да, яғни тұрмыс-салт жырларының түр-түрінің бәрі бар. Халық шығармашылығының кіші формаларының ірі формаға ауысуын, ұлан-ғайыр эпос қалай туатындығын қазақтың ең көне, ең ескі осы дастанынан анық көреміз. Тұрмыс-салт жырлары болашақ эпостық дастанның — алғашқы өзегін қалай құрайтындығын байқау қиын емес. Сөйтіп, бір жағынан, ақындар ұрпақтан-ұрпаққа . айтып, таратып келе жатқан, бірақ дербес дастанға айналып дамымаған кәдімгі талай-талай «жоқтау» барын, екіншіден, тарихта аты мәлім ақындар шығарған әрі о бастағы тексі сақталған тарихи дастандардың әр алуан нұсқалары арқылы сол шағын формалы «жоқтау» дастанға қалай айналатындығын аңдап сеземіз. Батырлық жыр мен эпостық дастанның туып, қалыптасуы жайындағы бұл ойды баска халықтардың әдебиетіндегі мысалдар да анықтай түседі. Мәселен, «Одиссеяда» Демодоктың Алкин — ой сарайында Одисейдің ғайып болғанын, кайғылы халін баян ететін жыры эпопеясының өзегін құраған. «Шахнамада» әкесінің Рүстемді жоқтауы, «Игор полкы туралы жырдағы» Ярославнаның дастандағы оқиғаны кысқа түрде баяндайтын жоктауы да осындай.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.