Бауыр трансплантациясы

Главная » Рефераттар » Бауыр трансплантациясы

Бауыр трансплантациясы туралы алғашкы тәжірибелік зерттеулер гетеротопиялық көшіріп кондырумен байланысты. Хирург С. Welch (АҚШ) 1965 ж. алғаш рет бауырдың гетеротопиялық көшіріп қондыруын жасаған. Артериалдық, қан айналысы қалпына келтіріліп, ал порталдық, жүйенің айналысы жүйелік веноздык қан арқылы атқарылған. Мүше бір апта қызмет атқарып, одан кейін оның атрофиясы дамиды да, жұдырықтай қатты тінге айналады. Бұл жағдай донор мен реципиент бауырының арасындағы бәсекелестік феноменін тудырады. Сондықтан трансплантологияны одан әрі дамыту үшін, бұл жұмыс жалғастырылу үстінде. Ортотопиялық трансплантацияны клиникада Starzl авторларымен бірге (1963) және Ғ. Моог (1963) Денверде және Бостонда жасаған. 1963 жылы 6 көшіріп қондыру операциясы жасалынған, бірақ олардың бірде-біреуі табысты болмаған. Донор бауырының ишемиялык зақымдалуына байланысты, оның қызметінің толық тоқтауы, өлім жағдайының себебі болған. 1963 жыл бір жағынан трансплантациядағы жаңа дәуір болып есептелінсе, екінші жағынан бауырдың ортотопиялық трансплантациясының қиындыктарын ашып көрсетті. Бұл киындықтарды әрі қарай тереңдетіліп жүргізілетін тәжірибелік зерттеулерсіз шешу мүмкін емес. Олар тек хирургиялық аспектілер емес, сонымен қатар физиологиялық, патофизиологиялық, биологиялық және иммунологиялық мәселелерді камтиды. Соның әсерінен ортотопиялық трансплантация қайтадан жануарларға тәжірибе жасаумен шектелініп калды. Бауыр трансплантациясының мәселесін одан әрі дамыту, ол негізінен басқа әдістер көмектеспейтін, бауырдың ауыр үдемелі ауруларымен (қатерлі және қатерсіз сипаттағы) ауыратын орта жастағы наукастар санының көл болуына байланысты. 1 млн. жуық халкы бар өндірістік қалада, жыл сайын 117 науқастың бауыр трансплантациясын қажет ететіндігі аныкталған. Бауырды ортотопиялық көшіріп қондырудағы сәтсіздіктер, бұл мүшенің гетеротопиялық трансплантациясына деген кызығушылығының өсуіне алып келді. 1964 пен 1969 жылдар аралығында осындай 32 операция жасалынған. Апторлар (К, Absolon автор. бірге, М. Heyde автор. бірге) бауырдың гетеротопиялық трансплантациясын, осы ағзаның қызметінің жетіспеушілігімен жүретін қатерсіз ауруларда таңдамалы операция болады деп ойлаған. Бірак операцияның қорытындылары ортотопиялық көшіріп кондырудың нәтижесімен салыстырғанда онша жоғары болмады. Кейбір авторлар (В. Launois автор бірге және А. Сагіег автор бірге) бауырдың гетеротопиялық траксплантациясының болашағы жоқ және дүрыс емес деп есептеген, өйткені операция кезінде трансплантатта физиологиялық қан айналысын қалпына келтіру және құрсақ қуысында осындай көлемді ағзаға орын табу қиын және ол өзінің салмағы мен көлемінің үлкендігімен реципиентте ауыр гемодинамикалық және респираторлық бұзылыстар тудырады, атрофияға ұшырайды. Соған байланысты 70 жылдары осы операциялардың саны тез қысқарады.
КСРО-да трансплантация мәселелерімен Ю. М. Лолухин, Г. Е. Островерхов, М. К. Маргулис, Г. Д. Иоселиани, В. А. Журавлев, В. С. Сергиевский, А. Марцинкявичустардың баскаруымен айналысты. Олар донордан бауырды алу кезеңінде, мәйіттегі қан айналысын ЖҚАА-ң (жасанды кан айналысы аппараты) көмегімен ұстап тұру, бауырсыз кезеңде төменгі қуыс венасы мен қанда венасының аралығында вена қанын жүргізу аркылы реципиенттегі декомпрессия әдісіне, әртүрлі гипотермиялық ерітінділердің кемегімен осы ағзаның консервациясы мен перфузиясының тәсілдеріне, гипотермия мен гипербариялық оксигенацияны бірге қолдану мәселелерін шешуге үлкен үлес қосты. 1967 жылы тәжірибе жүзінде ортотопиялық трансплантацияда химиялық иммунодепрессанттарды және антилимфоцитарлық глобулиндерді бірге қолдану арқылы жануарлардың өмірін бірнеше жылға созуға мүмкіншілік туды. Узақ өмір сүрудің өзі, кез келген биохимиялық тесттермен салыстырғанда трансплантат қызметінің дұрыстығының, көрсеткіші болып саналады. 1967 мен 1970 жылдар аралығында 98 бауыр транеплантациясы жасалынды. Клиникада бауыр трансплантациясынын нәтижесін, бүйректі көшіріп қондырудың нәтижелерімен салыстырғанда төмен болуы, тәжірибесі бар авторлардың (R. Calnte, 1965) айтуы бойынша мынандай себептерге байланысты:
1) көшіріп кондыру операциясы жасалынғанша және трансплантат қанағаттанарлықтай қызмет аткарғанша, бауыр аурүынан кайтыс болайын деп жатқан науқастың жағдайын қалыпты жағдайда ұстап тұратын әдістердің жоқ болуы;
2) бүйректі көшіріп қондыру тәсілімен салыстырғанда бауыр трансплантациясының техникалық аспектілері шын. Бауыр трансплантациясы жасалынатын науқастар әдетте өте ауыр жағдайда болады.
Егер көшіріп қондыру операциясы бауырдағы қатерлі үдеріске байланысты жасалынатын болса, онда оның кейбір қалдық қызметтері сақталынған, ал бауыр циррозында оның қызметі өте бұзылады. Сонымен қатар, соңғы топта операцияның ағымын қиындататын кейбір полисиндромдық асқынулар, мысалы, порталды гипертензия, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, спленомегалия, гиперспленизм байқалынады. Сонымен бірге бауыр ишемияға және қақпа мен төменгі куыс веналарының қан ағысы токтаған кезінде пайда болатын гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарға өте сезімтал болып келеді. Қан құю жүйесі өзгерістерінің (гипо және гиперкоагуляция) мәселелері әлі толық шешілмеген. Қазіргі уакытка дейін клиникада бауырдың ортотопиялық аллотрансплантациясы жайлы бірқатар тәжірибелер жиналынған, олардын, өмір сүру көрсеткіші балаларда 60%, ал үлкендерде 40%. Максималды өмір сүру ұзақтығы 19 жыл (Pichlmayer H. автор бірге, 1996). Бауырдың катерлі ауруларына байланысты жасалынған трансплантацияның сәтті жүргізілген операцияларында және ерте операциядан кейінгі кезеннің ағымының қолайлы етуі кезінде, көптеген науқастарда ісіктің өкпеге метастаз беруі немесе операциядан кейінгі 1-2 жылда трансплантатта ісіктің өсуі байқалынады. Жедел вирустык, плазмалық немесе токсиндік гепатиттердің терминалды сатысындағы және гепатоцеребралдық жетіспеушіліктің көріністері бар науқастар ұзақ операцияны көтере алмайды. Бірақ қатаң іріктеудің нәтижесінде, трансплантация жасағанды ақтайтын, бауырдың кайтымсыз ауруларымен ауыратын науқастарды табуға болады. Ал оның техникалық жасалуының пайда болған метаболикалық бұзылыстармен күресудің, сонымен қатар қабылдамау кризін басудың мүмкіншіліктері бар. Қазіргі кезеңде тәжірибе жүзінде және клиникада бауырдың оң және сол бөліктерінің трансплантациясын құрсақ ішілік және кұрсақ сыртындағы жолдар аркылы жасаудың мүмкіншіліктері дәлелденген. Бауыр трансплантациясынан кейін көптеген адамдардың үйленіп, тұрмысқа шығып, сау балаларды өмірге әкелуі таңқаларлық жағдай емес.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.