Бейімбет Майлиннің атылуы

Главная » Рефераттар » Бейімбет Майлиннің атылуы

Бейімбет Майлиннің өмірі, әсіресе ақырғы кезі толық ашылды десек, ақикатка жанаспайды. Біреулер оны білер, енді бірі шет жағасынан хабардар шығар, ал көпшілік жұрт ештеңе білмеуі мүмкін. Біздер Бейімбеттің кысқа болса да, ғаламат еңбекқор да парасатты ғұмырының көп тұстарын әлі ашып көрсете алған жоқ едік. Әсіресе, түрмеге алып кету, онда кешкен оның күйзеліс күйі мен тартқан азап сәттері, оған басылған қара таңба мен жазалау шешімі, сол шешімнің орындалу әдісі — осындай сан сұракқа жауап іздейтінбіз. Еміс-еміс кұлакка жеткен кейбір шығарып салма деректерді қанағат ете алмайтынбыз. Оның үстінен козғалған іс те, абақтыдағы өмірі де құпия болып келді. Соңғы кезге дейін акталғанына елу жылдан астам уақыт өтсе де, оның репрессия кұрбаны болғанын білсек те, қандай үкім шығарылды, ол қалай орындалды деген сұрақтарға еш жерден жауап ала алмай, бейхабар келдік. Нақты біліп алатын дәйектер колымызға түспей жүрді. Өйткені оның ісі МҚК архивінде кұпия ұсталды, ешкімге берілмеді. Соңғы жылдарда ғана, жариялылықты желеу етіп, Мемлекеттік кауіпсіздік комитеті (казір ұлттык комитет) мен “Әділет” коғамы бірлесе отырып, 1937-1938 жылдары нақақтан құрбан болған ардақты азаматтарымыздың кімдер екенін, олардың көмілген жерлерін анықтауда біраз жұмыстар жүргізді.

1937-1938 жылдар — бірік-біріне айтыстырып-шабыстырып, «халык жауы» дегізіп, қазактың жауқазындай қаулап шыкқан биік саналы, беделді асыл азаматтарын бір-бірлеп ұстап, атқанын атып, айдағанын айдап кансыратқан, қоғадай каусатып, камыстай қырыққан, дүбірі мен дүрбелеңі жалпак даланы кара кұйын дауылға ораған шырғалаң шақ. Зобалаң сойқанға толы, зорлығы шектен асқан зәрлі кезең. Адамды адам қасқырдай талаған кез. Біреудің біреуді аямауы, бірін-бірі құзға құлатуы жыртқыш аңнан да бетер еді. Голощекин тұсында, тіпті одан әлдеқайда бұрын, жүргізілген бір-біріне айдап салу, кырғидай қырқыстыру саясаты ел ішіндегі алауыздықты үнемі қоздырып отырды. Голощекиннің тұзағына түсіп, қармағына ілінгендер одан кейін де арам пиғылдарын жалғастыра берді.
Бейімбет Майлинге де өшіге тиісіп, тырнақ астынан кір іздеген сынаушылар, сықсия сығалап, осы кайдан шықты дегендей жала іздеушілер өзін Биаға деп табынып, сыйлап құрақ ұшатын достарының, шығармашылық шәкірттерінің арасынан шыққаны өкінішті-ақ. Ол кездегі өз басының қамы
үшін, билікке кол жеткізу үшін оңтайлы әдіс — ақын, жазушы жазбасына үңіліп, ұлтшылдық іздеу, байшылдық сарын табу, тарпа бас салып, қаралап көрсету болды. Соны тауып, көрсетіп, даурыға дәлелдеген болсаң тасыңның ерге домалағаны. Ол үшін керек нерсе — өткенін казып, кара басының кінәраттарын тауып, қара күйе жағу. «Жол қуған казынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» дегендей, біреулерге ор казғандар сол шыңырауға өздері де құлағанын байкамай калды. Егер олар өздерінін басына да қауіп төнетінін сезсе — кызғануды, көреалмаушылықты, бақталастықты білмейтін, көзге түспей қалам, елеусіз болып жүрем дейтін ойдан өзін аулак ұстайтын, сыпайы да сырлы мінезбен адал тірлік етіп жүрген Бейімбеттей біртуар адамды арандатар ма еді, кайтер еді? Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің кадір-касиетіне көлеңке түсіріп, кінә тағушылар казір де жоқ емес. Кір жаққысы, ластағысы келеді, қаңқу сөз айтады. Ондайларға, сол алыптарымыздың касіретін ашып көрсете берсек, жауап сол болар.

Осындай сәтті пайдаланып, Бейімбет Майлиннің көп жыл бойы ешкімнің колына тимей сақтаулы жатқан ісін алып танысуға өтініш еттік. Бір емес, бірнеше рет өтіндік. Қайта-қайта әртүрлі сылтаулармен бергісі келмеген сыңай танытты. Әрине, жазушының темір тор ішіне камалып, тар қапаста өткен өмірінің соңғы сәттерінің куәгері МҚК-дегі кұжаттар еді. Олармен танысу қандай қиын болса, сергелдеңі де одан кем түспеді. Ол бір әнгіме боларлық, бірак кедергі жасағандарды кінәлап, түс шайысып жатқаннан келер пайда жок, шамшылдықка бармайық деп білдік.

.
.
.

Акыры Ұлттык кауіпсіздік комитеті Бейімбет Майлиннің ісімен танысуыма мүмкіншілік жасады. Бір том болған іс қолыма тиді, алдымда жатты. Екі кызметкер істің барлық беттерімен, әсіресе, жазушынын өзімен және куәлермен жүргізілген тексеру протоколымен таныса алмайтынымды ескертті. Бір мезгіл — Бейімбет Майлиннің “халык жауы” атанып, темір есіктің ар жағында, түрме бөлмесінің касаң кабырғаларына көзін сүзіп, қандай жаза алатынын күтіп алты ай шамасында сарылып, сары бөксе болып жатканы елестеді… Атылғанға дейін не көрді? Қандай ой азабын кешті екен? Түбіне жете алмай кетті-ау ойдың, жазығы не екенін түсіне алмай о дүниеге аттанды-ау! Ой азабынан жан азабы киын болды ма әлде?

Сол алты ай ішінде жүрегін сыздатып, сарсылған сана-дан арыла алмаған шығар. Жан толкынысы жүйке-жүйесін езгілеп, жанарын кіреукелеп мұң басканда іштей достарына ренжіп, сенген үкіметіне лағнет айтқан да болар. “Осы жұртка не жетпейді?” деп кана күйзелетін Бейімбет көңіл сырын, жүрек лүпілін, толқыған сезімін кімге айта алады, кімге ақтара алады енді? Қалжың-әзілі, сыр-сымбаты жарасқан достары Сәкен мен Ілияс болса, олар да миын шағып отыр өзі кұсап. Енді оларды көре ала ма, жок па? Бірге жүрген біраз адамдардың мақтап жүріп, қолтығына кіріп, калам жәрдемін алып, сәтті кез туғанда жалт беріп, бұрынғы сый-құрметінен айнып, сатып кеткені жанына батады. “Адам аласы ішінде” дегенге ден коймапты-ау. Сананы шырмаған түйткілдер, сыңар жақ содыр сөздер, сумандаған уытты жала іші-бауырын тілгілейді. Көңілге медет, сезімге демеу етер не қалды? Халкы төбесіне көтеріп-ақ еді, енді соның “жауы” болып шықты. Қайдағы жаумын деп өзегі өртенеді? Қалайша азаматтық ажары айғыздалды. Өмірге құштарлықтың қайнары су сепкендей басылды-ау. Тек медет етері — әдеби ортадағы “жікшілдік” ауруына бой алдырмағаны, қыспақ кезде ешкімді сатпағаны, ұстатып жібермегені, бағзы біреулердің макталуына, атак алып, даңққа бөленуіне, шығармашылық өсуіне арам пиғыл көрсетпегендігі, басканың бағына, аяқ алысына қуанып, таланттың шырайын шығаруға үлесін косқаны, үнін өшіріп, тұншыктыруға бармағаны, өмірінде ешбір жанды ренжітіп көрмегені, қатулы қабақ, ашулы рай білдірмегені, бос даурығып, лепіріп, кызыл сөзге әуес болмағаны. Ендеше кімге жау?

Бейімбет Майлиннің “Өлімі туралы куәлікте” жүректің инфарк-миокардо ауруынан кайтыс болған деп беріпті, отбасын солай алдапты. Бейімбеттін кызы Гүлсім куыньш жүріл, 1991 жылы Алматыдағы Ленин (казіргі Жетісу) аудандык ЗАГС белімінен алган “Өлгендік туралы куәлікте” Бейімбеттің 1938 жылғы 26 ақпанда Алматыда атылғандығы расталған. Шындықка жетудін жолы кандай киралан, бұралаң десеңізші.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.