Бейсенбi күйшi және қытай қазақтарындағы күй мектебi

Главная » Рефераттар » Бейсенбi күйшi және қытай қазақтарындағы күй мектебi

Бейсенбi Дөненбайұлы күйшi- Қытайдағы қазақтар Қорқыт ата мен Құрманғазыдан кейiнгi “Күй атасы” деп ерекше iзетпен бетке ұстап келген аса ұлағатты тұлға. Есiмiн тiке атамай, ел-жұрт “Бежең” деп атайды. Сол Бежең 1803 жылы Алтай алқабының Буыршын ауданында пәни дүние табалдырығын аттаған. 1872 жылы көкек айында сол атамекеннiң Тоқымты деген жерiнде 69 жасында бақи дүниеге көшкен. Аудан қалашығынан 7 шақырымдай қашықтықтағы “Жiңiшке татыр” делiнетiн көтерiнкiлеу төбешiкке жерленген. 187 жылдан кейiн, яғни 1990 жылы топырағы тұңғыш рет жаңғыртылды. Басына зәулiм ескерткiш тұрғызылды. Бейсенбi Дөненбайұлы ағыл-тегiл күйшi ғана емес, дуалы ауыз би де болған. Сол тұста Қытайдағы 12 абақ керейге өмiр жүргiзiп тұрған Ажы төре өз билiгiн бекемдеп, баянды ету үшiн 1836 жылдың соңы мен 1840 жылдың басында 4 би сайлап, бүкiл Алтайды сол арқылы басқару жүйесiн жолға қойған. Сол алғашқы сайлауда шешендiгi, әдiлдiгi, шешiмдiлiгi, халықшылдығы, ата тегiнiң көкжалдығы арқасында Құлыбек Жантелiұлы, Көкен Мәметұлы, Топан Сатайұлы деген марқасқалар қатарында 4 бидiң бiреуi болып Бейсенбi би тағына отырды. Табандай 30 жыл ел билейдi. Бақиға көшкен соң артында қалған 5 ұлының арасындағы ең ақылды, ең айбарлы Оспан атты ұлына әке тағы табыс етiледi. Алтай тарихындағы атышулы “Қара Оспан” деген адам мiне осы кiсi.

Жетi жасынан бастап қолына домбыра ұстаған Бейсенбi Дөненбайұлы әкесiнiң қарақшыларға қарсы қанды шайқастағы жанкештi ерлiгiне арнап “Жеке батыр” атты тұңғыш күйiн 14 жасында шығарған. Бүкiл өмiрiнде ел-жұртына сыйлаған ең соңғы күйлерiнiң бiрi деп- қайтыс болғаннан 5- 6 жыл iлгерi Алтай өңiрiнде “Қызыл аяқтар көтерiлiсi” атымен таңбаланатын айтулы уақиғаға байланысты 1866 жылы шығарған “Нағыз батыр” күйi айтылады. Тарихтың екi егiз ардақты ұлына арнаған беташар күйi “Жеке батыр” мен ең соңғы күйлерiнiң бiрi “Нағыз батыр” аралығындағы 55 жыл ғұмырында күй перiсiнiң өмiрге тағы қанша күй әкелгендiгi зерттеулерде әлi тым анық емес. Бiреулер 50-60 деп, тiптi 100 ден асырып айтатындар да бар, “Бодау кеңес”, “Төрт би төренiң кеңесi”, “Жеңiлдiм”, “Танысаңшы”, “Ақжал”, “Кәрi боз”, “Жiбек жирен”, “Телқоңыр”, “Теңселме”, “Құс қашқан” т.б деп күй аттарын шұбырта жөнеледi.

Бейсенбiден кейiнгi Қытайдағы қазақтардың күй мектебiнiң болмысынан сөз етсек, Бежең күйшiмен тұстас биктеп көрiнген “Арман”, “Асу”, “Мол қоңыр” қатарлы көптеген әсем күйлерi мен тарихта туын жықпай келе жатқан Қайрақбай Шәлкенұлы, “Шалқыма”, “Раушан”, “Түрмедегi қинау” секiлдi мол күйлерi арқылы халық жүрегiне берiк ұялаған Қожеке Назарұлы сияқты дәу перi күйшiлер болған; олардың өкше iзiн баса Алтай, Тарбағатай, Iле- үш аймақтан күй көгiнде Бәзғалам, Сайлыбай, Бесбай, Майлыбай, Жұмажан, Заманбек, Мөкей, Нәйiнбай, Қоңқай, Мазақ, Атыхан, Досмырза, Рақыш, Асабалы дейтiн күйшiлер кҚтерiлген; бұлардан берiректе заманды, ел-жұртты жалт қаратып “Арман-ай”, “Күй басы”, “Ақ ерке”, “Жастар салтанаты”, “Таң бұлбұлы”, т.б күйлерiмен Үшiм Дүңшеұлы шыққан; “Сары өзен”, “Қызыл гүл”, “Пойез келедi”, т.б күйлерiмен Кәсiмбай, Құсайынұлы күйшi биiк байқалған; “Көктем шуағы”, “Iле тұлпары”, “Екпiн”, т.б күйлерi мен ерекше талант танытқан; “Жаңа шабыт”, “Еңбек думаны”, “Ақ арал” күйлерiмен Тайыр Белгiбайұлы қатарлы дарынды күйшiлер ел-жұртын тамсандырған. ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басында қоңыр домбырасының күмбiрлi шанағынан төгiлген жаңа күйлерi мен қара орман халқының құлақ құрышын, көңiл айызын сүйсiнте қандырып жүрген Дәулет Халықұлы, Қизат Сейтқазыұлы, Камал Мақайұлы, Жақсыбек Оралбекұлы, Кәрiм Әбдiрахманұлы, Уәлиолла Сәдуақасұлы, Бәдет Ахметжанұлы, Әйтiкен, Сағидолла, жас талант Құрманжан Зiкiрияұлы қатарлы қаулап өсiп келе жатқан күй дүлдүлдерi тағы бар. Қазақтың күй өнерi және күйдiң алтын, iнжу-маржан- асыл қоры жағынан Қытайдағы қазақтарды “Кiшi Қазақстан” деп мақтанғың келедi.

.
.

Күй жер сияқты, адамдар тәрiздi шекара, мемлекетке бөлуге келмейтiн құбылыс. Қай кеңiстiкте болса да Қзiн жасаған күшi есiмiмен, халықтық өреге көтерiлгендiгi ұлт атауымен аталады. Ол – ұлт жұртшылығына ортақ қазына, қазақтың бiр шәугiм шайы, бiр табақ етi бөлiнбеген еншiсi болса, өнер жанрындағы күй туындысы да солай. Сондықтан Қытайдағы қазақтардың рухани қолданысында жүрген жүздеген, мыңдаған күй байлығы қазынасынан Қазақстан аумағындағы күйшiлер жасаған күйлер мен қазақ халық күйлерi мейiлiнше мол ұшырайды. Қазақстан жөнiнен айтқанда да солай.

Қытайдағы күйшi, күй орындаушы қауымда бiр жақсы дәстүр бар. Ол – өзi жасаған күй болсын, өзгенiкi болсын орындағанда жасалу тарихын, аңызын, иесiн тәптештiәңгiмелеп алып, содан кейiн орындауды дөрiптейдi. Домбыраны ала салып, үн-түнсiз бебеулете, құйқылжыта жөнелмейдi. Мәселен, мен Бейсенбi Дөненбайұлының бiр мезгiлде өмiрге келген үш ем- “Арман”, “Сағыныш”, “Құла ала ат” күйiнiң өмiрге келу тарихын таныстырайын: Бейсенбi екiәйел алған адам. КiшiәйелiӘйми найман елiнен керей елiндегi шерушi руының бiр жiгiтiне айттырған қалыңдығы екен. Жiгiт тосын қайтыс болады. Жыл уағынан асқанда қызға өзге бiр рудың адамдары құда түсiуге қарғыбау әкеледi. Шерушi руы “Жесiр ерден кетсе де елден кетпейдi” деп дау қозғайды. Қызды қаратуға өз руынан бiр жiгiт тағайындайды. Бiрақ қыз онымен некеленуге ризалық бермейдi. Сөйтiп жесiр дауы туылады. Дау өрши-өрши Бежең бидiң алдына түседi. Бежең қызды шақырып алып: -Ел заңы -“Жесiр ерден кетсе де елден кетпейдi”. Тағайындаған жiгiттi ұнатпасаң, шерушiнiң басқа жiгiтiн таңда, барлық жiгiт жақпай жатса, бүкiл керей елiнен таңда, елден кетуiңе болмайды, -деп билiк айтады.

.

Қыз Бежеңе бұрыннан ғашық болып жүредi екен. -Бүкiл керей елiнен өзiм таңдаған жiгiтiме баруыма бола ма?- деп Бежеңнiң өзiнен қайыра сұрайды. -Ел салған жол, баруыңа болады,- дейдi Бежең. — Ондай болса, мен өзiңдi таңдаймын, басқаңа бармаймын, дейдi қыз. Әйми сынды сымбатты да сұлу, өжет те қағылез аруды Бежең де шын жүрегiмен сүйедi. Осылайша некеленген Әйми кейiн келе Бежеңнiң от басындағы аяулы жары ғана емес, әлеуметтiк, қоғамдық iстердегi сенiмдi серiгi болады, ел билiгiне араласады. Ел-жұрт алдында зор құрмет, бедел табады. Бұған iшiөртенген қара ниет күншiлдер екi қабат Әймидi “Баян- жүрек” тауының “Тайсойған” жайлауында, Бежеңнiң жолаушылап кеткен орайынан пайдаланып, өз ордасында қапыда қанды қастандыққа жығады. Сүйiктi жарынан оқыс айырылған Бежең қалың қайғыға батады. Жан жарын сағынады. Шерге толы наза толқынын домбыра арқылы “Арман” атты күй ғып шертедi. Қаралы жылы берiлiп жатқанда көңiлi босап, көзiне жас алып, сол толқуы домбыра шанағынан “Сағыныш” күйi болып көз жасымен бiрге сорғалайды. Әйми ұзатылғанда мiнiп келген атақты құла ала ат сойылып, сол құрбандықтың естелiгi ретiнде қанын арқыратып, атқалақтатып жатқан бауыздау үстiнде “Құла ала ат” күйi шертiледi. Үш ем күй бiр мезгiлде мiне осылайша өмiрге жолдама алады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.