Беташар

«Беташар» қалыңдық келіп түскенде айтылатын өлең. Жаңа ұя, жана қауым оған бейтаныс. Оны салыстыру шарт. Келін жастардың ортасында басына желек салып, бетін жасырып көлегейлеп түрегеп тұрады. «Беташарды» күйеу жақтын біреуі айтады, ал қалындық өзіне арнай айтқан ақыл-өсиетті қас қақпай, ұйып тыңдауға тиіс. Басқа салт-тұрмыс өлеңдеріне қарағанда «беташар» ұзақтау болып келеді. Әр елдің заңы басқа, жөн-жосығы басқа. Бұл елдің заңы, жөн-жосығы қандай? Әр қауым-ның өзінІң үлкен кішісі бар, қадірлі адамы бар. Бұл қауымнын қадірлейтіні кім? Үлкен тұтып сыйлайтыны кім? Жаста еркелетіп аялайтыны кім? Кауымның жаңа мүшесі — жас келін осыларды топ алдында танып, біліп алуы керек. Қауымның заңын, әсіресе ру ішінің отбасы-ның дәстүрін біліп алуы, бұзбайтын болуы керек. «Беташар» өлеңінің ұрпақтан-ұрпакка жеткен және әр түрлі әуезге салып айтуға келетін тұрақты тексті бо-лады. Өлеңнің мазмүны жат руға, жат жұртқа келіп ко-сылған әйелдің халі соншалыкты ауыр екендігін аңдата-ды, рулық отбасының әр алуан ғүрыптарын көрсетеді.. Сол отбасьшда оның өзі де кейін үбірлі-шүбірлі ана болмақ. Әдет-ғұрып заңдарын бас-басына санап көрсету жағынан «беташар» орыстың «домострой» атты көне өлеңіне ұқсас. Бірақ қазақ өлеңінде бәрі де келінге ар-налып айтылады. Әдетте өлең келіннің жастық көркін, сұлулығын ма-дақтаудан басталады да, енді ол езінің күйеуін калай сыйлап, қалай күтуге тиіс дегенге ауысады. Жас келін күйеуінің туған-туыскандарын қалай сыйлап, кұрмет тұтпақ керек! Осы жай, әсіресе мол айтылады, Ауылдағы жасы үлкен ағаны, жасы кіші ініні, үйге түскен конакты кергенде келін кандай болуға тиіс. Міне, жас келінге осының бәрі-бәрі тағылым түрінде айтылады. «Беташар—ды» айтушы акын-жыршы ауык-ауық сөзін беліп, жас келіннің жасы үлкендерге тағзым етуін тілейді. Сонық бәрін қүптағандай, қабыл алғандай болып жас келіні иіліп сәлем беріп, тағзым етеді. Бетінді, келін, ашқаным — Жаңа жұртка қосканым. Жасы үлкенді сыйлап жүр, Құрмет кылып жасқанып… Айт, келін… енді айт, келін, Атыңнық басын тарт, келін. Кыз көңілден қайт, келін, Сауысқаннан сак келін, Жұмырткадан ақ келін, Күйеуіне шак келіп, Ел-жұртыңа жақ, келін, Өзің бір акыл тап, келін, Ата-ененді бак, келін. Кісі келсе үйіңе, Кигізінді қақ, келін… Қызмет қыл иіліп, Ата менен анақа. Өзіңнен үлкен адамның Бетіне тіке қарама, Үлкен кісі келгенде, Қатарласып отырмай, Кейін отыр панада. Жиналған жұртты мәз-мейрам, көңілді ету үшін, күл-кіге қарық ету үшін өлеңнің текстіне ауық-ауық әзіл-қал-жың араластырып отырады. Өлеңнің аяғында жыршы келіннің бетін ашқаны үшін сый-сыяпат күтеді және жас келінге жасы үлкендердің әрқайсысына, бас-басына сә-лем бергізіп, тағзым еткізеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.