Безгек ауруы

Главная » Рефераттар » Безгек ауруы

Безгек — карапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың кайталануымен сипатталатын ауру, яғни жедел антропонозды трансмиссивті инфекция. Аурудың таралуы. Тарихы мәліметтер. Безгек ежелден белгілі. Ежелгі Египет, Қытай қол жазбаларында осы ауру туралы жазылған. Аурудың ғылыми зерттеу тарихы 1640 жылы Хуан дель Вего «хин» ағашының тұндырмасын осы ауруды емдеу үшін қолдануынан басталды. Мортон 1896 жылы аурудың клиникалық белгілерін сипаттап жазды. Алжирде француз дәрігері Лаверан 1880 жылы безгек қоздырғышын ашты. Голдги 1888 жылы Pl.vivax пен Рl.malaria бар екенін анықтады. 1889 жылы Сахаров Н.А., Марчифпави және Целл 1890 жылы Р.falciparum туралы сипаттап жазды. 1891 жылы Д.А. Романовский бояу әдісін ұсынды. 1897 жылы Роналд Рос Үндістанда безгектің тасымалдаушысы маса екенін эксперимент жүзінде дәлелдеді. 1922 жылы Африкада Стефенс P.ovale ашты. Ағылшын зерттеушісі Шоле волонтерлердің бауырынан Р.vivax-ң тіндік формаларын анықтады. 1976 жылы А.Л. Лысенко Р.vivax спорозиттердің генетикалық әртүрлілігі туралы ой айтты. Кейін Чех зерттеушісі Кротоывский оны эксперимент жүзінде дәлелдеді. Эгиологиясы. Безгек коздырғышы Protozoa типіне, Sporozoa класына, Plasmodiidae тұқымдастығына туыстастығына жатады. Қоздырғыштың 4 типі белгілі: Р.vivax — оны 1890 жылы Glassi және Fellet, Р.оүаіе — оны 1922 жылы Stephens ашты. Бұл екеуі де 3 кұндік безгек қоздырғышы болып табылады. Р.malaria 4 күндік безгек қоздырғышы (1881 жылы Бейран), Р.falciparum — тропикалық безгек қоздырғышын 1897 жылы Welсһ ашты. Безгек коздырғышының дамуының екі түрін ажыратады: жынысты түрі (спорогония) бұл Аnopheles масасының аналык түрінің организмінде өтеді жене жыныссыз түрі (шизогония) — бұл аралық ие адамның организмінде өтеді. Спорогония климаттык географиялык ортаға байланысты. Сыртқы орта жоғары температурасы спорогония ұзақтығын қыскартады, ал оптимальді температурада (і°25) спорогония 2 аптаға дейін созылады, температура 16°С төмен болғанда ол токтайды. Аnорһеlеs масасының ұрғашысы ауру адамның немесе паразит тасымалдаушының канымен қоректенгенде плазмодийлердің жынысты формаларын жұтады, Маса асқазанында аналық гаметоцит макрогаметаға айналады, ал аталық гаметоцит 4-8 талшык микрогаметаны шығарады, олар үзіліп макрогаметаға енеді, ол ұрықтану нәтижесінде Эритроцитарлы шизогония кезінде тіндік мерозоит жас жетілмеген трофозоиттан (өсіп келе жатқан форма) ересек шизонтқа (даму устіндегі форма) кейін эритроцитарлык мерозоит жетілген шизонтқа (морулалар) дейін дамуы өтеді. Ол қоздырғыш түріне байланысты Р.vivax, Р.оyаlе, Р.malaria 48 сағат, ал Р.falcipum 72 сағат аралығында өтеді (2-ші кесте). Тропикалық безгектен басқа барлық паразит түрлерінде аралық даму сатысы шеткі қан эритроциттерінде өтеді. Тропикалық безгекте эритроцитарлық шизогония вицеральді мүшелердің капиллярларында өтеді. Р.malaria-мен зақымдалған эритроцитгер плазмолема өсінділерін береді, осы безгек коздырғышының ішкі мүшелер эндотелийінің антигендік ұқсастығы салдарынан, олар ішкі мүшелердің капиллярлар эндотелийлеріне жабысады. Эритроциттердің кұрамындағы мерозоиттардың бір бөлігінен аналық және аталық жыныс гаметалар түзіледі. Р.vivax, Р.оyаlе, Р.malaria гаметалары домалақ пішінді, ал Р.falcipum-ның — бірнеше жыныссыз эритроцитарлы циклден 10-12 тоуліктен кейін жарты ай пішінді болады. Қалған түрлердің гаметоцидтері қанда жыныссыз формалармен бірге түзіледі де қанда тез өледі. Р.falcipum гаметоциттері перифериялык қанда ұзақ сакталады. Безгек эпидемиологиясы. Безгек — антропоноз. Инфекция көзі — ауру адам, көбінесе эндемиялық ошактағы балалар және паразит тасымалдаушылар. Эндемия жоғары деңгейлі ошақтарда көбінесе наукас балалар инфекция көзі болады, себебі жоғары гаметоцитемиялық иммунитеті бар адамға карағанда, балалар өмірінің алғашкы жылдарындағы жүре пайда болған иммунитеті жок және паразитемияның аз деңгейінің өзінде де жеңіл жұқтырылады. Қайталанатын реинфекцияда ересек адамдарда антидене түзіледі, масаның организмінде антиденемен зақымдалған гаметоциттер спорогонияға қабілетті болмайды. Безгек берілісі Аnopheles тұқымының ұрғашы масасы аркылы жүреді, Безгектің қарқынды берілісі климатты-географиялык және тасымалдаушы түріне байланысты. Плазмодияның барлық түрімен Р.vivax, Р.оyаlе тез жұктырылады. Бірқатар отандық және шет елдік авторлар Африкадағы Р.vivax, Р.оyаlе тропикалық штаммның жұқтыратын әлсіз белдеулік аймақта тіршілік ететін Р.vivax, Р.оyаlе түрінің резистенттілігін көрсетеді. Тропикалық безгектің жоғары беріліс деңгейіне әсер ететін факторлар: жоғары температурадағы жеделденген спорогония.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.