Білім беру және білім беру мазмұны ұғымдарының мәні

Главная » Рефераттар » Білім беру және білім беру мазмұны ұғымдарының мәні

Дидактиканың жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын мәселелері — білім беру және оқыту. Ең алдымен, біз білім беру және оның мазмұнының мәнін ашуға тоқталайық. Білім беру — адамның жүйеленген білімді, білікті және дағдыларды меңгеруі, ақыл-ойы мен сезімдерін дамыту, дүниетанымы мен таным үдерістерін қалыптастыру үдерісі мен нәтижесі. Білім беру кажеттілігі адамның білімділігін қалыптастыру болып табылады. Білімді адам — көпжақты құбылыстар мен фактілерді түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялармен, принциптермен және әдістермен қаруланған, жоғары деңгейдегі қабілетті, алған білімдерін жекелеген жағдайларда колдана алатын, биік сезімдер мен үғымдарды меңгерген адам.
Адамды мүндай деңгейге жеткізу үшін білім беру мазмүнын дүрыс таңдап алу кажет.
Білім беру мазмүны гүрақты емес, тарихи кезеңдерге сәйкес өзгеріп отырады.
Білім беру мазмүнына әсер ететін бірнеше факторлар бар:
1) қоғамның білімді адамға қоятын элеуметтік, кәсіби, мәдени талаптары;
2) білім беру мазмұнының ғылымилық принципті қанағаттандыруы;
3) білім беру мазмұнының оқушылардың психологиялық мүмкіндіктері мен даму деңгейлеріне сэйкес келуі;
4) түлғаның өзінің білім алу қажеттілігі.
Демек, білім беру мазмүны коғамның күнделікті жэне перспек-тивтік кажеттіліктерін, адамның таным ерекшеліктерін, әлеуметтік даму тенденцияларын ескеруі қажет.
Білім беру мазмүны ғылыми білімдер, біліктер мен дағдылар, дүние-танымдық, құлықтық-эстетикалық идеялар, әлеуметтік, танымдық және жасампаздық тәжірибе әлементтерінен құралады.
Білім беру мазмүнының мәнін ашатын тұжырымдамалар
Педагогика ғылымында білім беру мазмұнын таңдап алуға көмектесетін бірқатар теориялар бар.
Алғашқы геория қатарына Руссо, Песталоцци, Дистервег негізін қарастырған жалаң білім беру теориясы жатады. Бүл теория бойынша білімдердің өзі емес, оның дамытушы әсері маңызды деп есептейді. Сол себепті адамның ақыл-ой күшін, қабілеттіліктерін, ойлауын, қиялдауын, есін дамытушы білімдер ғана берілуі керек деп есептейді. Бұл теорияға сәйкес латын, грек тілі пәндері, шахмат ойыны теориясы маңызды деп есептеліп, жалпы білім беретін пәндерге аса мән берілген жоқ.
Мұнан кейін пайда болған материалдык білім беру теориясы білім беру мазмұнын таңдауда адамға іс жүзінде кажетті, пайдалылық дәрежесі жоғары пәндерді алу кажет, ал акыл-ой күштері мен кабілеттіліктері білімдерді іс жүзінде қолдану кезінде дамиды деп санады.
Шетелдерде де білім беру мазмүнына қатысты бірнеше теориялар өмір сүрді. Мүндай теорияларға пәндерді тек пайдалылық тұрғысынан таңдау қажет деп түсіндіретін прагматизм, білім беру мазмүнын баланың өзі таңдап алу қажет деп түсіндіретін педоцентрикалық теория, түлға қалыптасуында мұғалім үйымдастыратын қоршаған орта басты рөл атқарады деп түсіндіретін, Англияда калыптаскан, экстерналистер теориялары жатады.
80-жылдарда білім беру мазмүнына қатысты түжырымдамалар кайта қарастырылды. Мектептегі білім беру бала түлғасының жа-сампаздық әлеуетін дамытудың негізгі сатысы болуы кажеттілігі анықталды. Сондыктан білім беруде белгілі бір білім, білік, дағдылар жиынтығымен шекгелу жеткіліксіз болды. Адамды күнделікті өзгеріп түратын өмір жағдайларына дайындау, өзгерген жағдайларға тез бейімделе алатын жасампаз түлғаны дайындау қажегтілігі тұрды.
В.В. Краевский мен И.Я. Лернер казіргі кездегі білім беру маз-мүнын білімдерден бастап жасампаздықты дамытуға бағытталған оқыту логикасы мэнін ашатын, адамның іс-әрекет тэжірибесіне сәйкес элементтерден гүратын жүйе ретінде көрсетеді.
Білім беру мазмүнының элементтері:
1. Табиғат, коғам, техника, адам, ойлау жайлы білімдер. Бүл білім-дерді меңгеру адамның өзінде элемнің дүрыс ғылыми бейнесін қалыптастыруына мүмкіндік жасайды.
2. Білімдерді іс-әрекет жолы ретінде қолдану мүмкіндігін беретін біліктер. Бүл элементке адам тэжірибесінің негізін қүрайтын ингел-лектуалдық және практикалык біліктер мен дағдылар кіреді.
3. Жасампаздық іс-эрекет тэжірибесі. Бүл тэжірибе білімдер мен біліктерді жаңа, стандартты емес оку ситуацияларында өз бетінше қолдануды кажет етеді. Белгілі тәжірибеге қатысты жаңа іс-эрекет тәсілдері қалыптасады. Бала өзінің жасампаздық жүмыс істеу білігін көрсетеді.
4. Әлемге, адамдарға, өзіне эмоционалды қүндылык қатынасы тэжірибесі. Бүл белгілі тэжірибені жоғарырақ деңгейде меңгеру болып табылады. Бұл тек білім, біліктер ғана емес, оларға деген өзінің қатынасы, проблеманы өз бетінше көруі. Мұндай жағдайда оқушының меңгерген элеуметтік тэжірибесі оның өзінің жеке тэжірибесіне, жеке эрекет тэсіліне айналады.
Әлеуметтік тэжірибе мен білім беру мазмұны компоненттері өзара байланысты жэне өзара тәуелді. Білімсіз білік қалыптаспайды. Жасампаздық іс-әрекет кандай да бір білімдер мен іс-эрекет үлгілерін (біліктерді) меңгеруді кажет етеді. Бұл элементтерді меңгеру өз бетін-ше іс-әрекет жасауга мүмкіндік береді.
Сонымен, білім беру мазмүны, бір жағынан, оқушылардың оқу-танымдық іс-эрекетінің маңызды шарты, себебі — ол қоғамның ағымдык жэне перспективалық қажеттіліктерін бейнелейді; екінші жағынан, осы іс-эрекегті қүрастыру жэне жүзеге асыру аспабы, сонымен бірге индивидтің оқытуға түлғалық қажеттілігінің мазмұны болып табылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.