Билл Клинтон жүргізген ішкі және сыртқы саясаты

Главная » Рефераттар » Билл Клинтон жүргізген ішкі және сыртқы саясаты

Клинтон әкімшілігі сыртқы және ішкі саясатта көптеген назар аударарлық табыстарға жетті. Жалпы ішкі өнімінің қарқынды өсу темпі арқылы американдық тарихына бұрын кездеспеген ұзақ, 7 жылға созылған экономикалық гүлдену процесіне қол жеткізді. Клинтон президенттігі кезінде жалпы ішкі өнім өсімі 3%-тен асты, ал   бұл көрсеткіш басқа дамыған елдерден аса жоғары болды. Инфляция деңгейі жылына 2%-ке дейін төмендеп отырды. Клинтон өзі 1994 жылдың желтоқсанында жарияланғандай АҚШ үлесіне жалпы тұрғындардың 4% келеді, ал әлемдік табыстың 22%. Бұл американдықтарға әлемдегі ең жоғарғы өмір сүру деңгейінің бірін қамтамасыз етеді. Жапониядағы өмір сүру деңгейінен 27%-ке, ал Германиядағы деңгейінен 41%-ке жоғары болып табылады. АҚШ-ғы кедейшілік өте төменгі деңгейге дейін қысқарды, жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді: 1992 жылы 7,5 болса, 1998 жылы 4,5%-ін құрады. Бұл дамыған елдердің көрсеткіштерін түгел алғандағы көрсеткіштен 1,5 есе кем. Клинтон әрқашанда жұмыссыздықты болдырмаумен немесе оны қысқарту мақсатында түрлі саладағы компаниялар ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ұмтылды. Мәселен, барлығын бірге алғанда 7 жыл бойы АҚШ-та 20 млн астам жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 3/1  — бөлігі ақпарат секторында орын алған еді. Америкадағы осындай экономикалық өсу темпінің Клинтон кезінде ерекше дамуының бір себебі осы кезде әлемде өте тез қарқынмен ақпарат технологияларының жаңалықтары қанат жайған болатын. Интернет қолданушылардың 50% астамы АҚШ-та тұрады. өйткені Интернет оларға тек қарым-қатынастар құралы болып қоймай, сауда-саттықтың да негізгі көзіне айналды. Бұған дәлел ретінде мына мәліметтерді келтіруге болады: 1998 жылы Интернет бойынша жүргізілген сауда көлемі АҚШ-та 50 млрд. долларға жетті, ал келесі он жылдықта 30 есе ұлғаяды деп жоспарланған болатын.

42 жыл бойы ешбір президенттің қолынан келмеген федералды бюджет тапшылығын жою шараларын Клинтон бірінші болып 1997 жылы жүзеге асырды. 10 жылдық тапшылықты жалпы ішкі өкімнің 3% құрғанда, бұл проблема шешілмейтін болып көрінді. Алайда жоғарғы және тұрақты экономикалық қарқындары Клинтонға негізгі әлеуметтік бағдарламаларды сақтай отырып, жалпы ішкі өнімдегі федералды бюджет үлесін 20%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 1998 жылғы кірістің шығыстан асуының жалпы ішкі өнімінің 1,3%-ін құрады, ал 2000 жылғы бағалау бойынша 2%-ке дейін өсті. Мұндай табыспен ешбір әлемдік державалардың біреуі мақтана алмайды. Нәтижесінде келесі ұрпаққа қаупі төндірген мемлекеттік қарыз мәселесі шешілді. Егер 1993 жылғы жалпы ішкі өнім қарызы 68%-ін құраса, 1999 жылы ол 57%-ке қысқарды, ал 2000 жылы 35%-ке қысқарды деп қазіргі Америка жоспарлап отыр.

Экономика саласынан басқа Клинтон әкімшілігінің тағы бір жетістігі, ол АҚШ-тың әскери беделінің абсолютті болуын қамтамасыз ете отырып, әлемдегі ең қуатты әскери машинасын нығайты, сақтады. Бірақ Пентагонның (тұрақты бағалар жағдайында) әскери күштерімен бюджетінің құрамы 3 есе қысқарған, ал Европа, Тынық мұхиттағы, Парсы шығанағындағы американдық солдаттардың алдыңғы қатарлы базаларын қоса алғанда әскери инфрақұрылымның қалыпты жағдайын сақтап қалды.

Американдық әскери шығындары елдің жалпы ішкі өкімінің 3%-ін қамтиды, ал орташа әлемдік көрсеткіш 2%-ке қысқарды. Қорғанысқа жұмсаған қаржы көлемінің нәтижесінде АҚШ Жапония, Қытай, Германия, Франция, Англия мен Ресей мемлекеттерін қоса алғандағы шығындарынан асып түседі. Бұл шамалы антикалық Рим кезінен әлемде осылай бір державаның басқалардан тым қатты ерекшеленуі болған жоқ. АҚШ үлесіне әлемдік әскери шығындарының 35% және НИОКР қорғанысының 75% тиеді. Бұл Вашингтонға еш қарсыластарсыз жаңа қарулану жарысына түсуге жол ашты. Сонымен қатар, АҚШ әскери мәселеде революцияға көңіл аударды. Клинтон революция қарулану күштерінің және бүкіл әскери құрылыстық жабдықталуы сапалы түрде өзгеру үшін соңғы жаңа ақпарат, технологияларына негізделуі тиіс деп атап өтті. Ақпараттарды жинау және оны өңдеу жаңа технологиялары жер шарының кез келген нүктесінде, кез келген мақсатқа жетуді қамтамасыз ету керек және бұл технологиялар арқылы кез келген соғыста шешуші мезетте басты рольге айнала алады деп көзделеді. Сондай-ақ Пентагон кез келген қарсыластың АҚШ-пен дауға түскен жағдайларында «шабуылдан және шабуылға еркіндікті» қамтамасыз ету мәселесін алға қойды[v]. Осыған байланысты қарсылас өзінің жаппай жою қаруын қолданған жағдайда АҚШ территориясында, сондай-ақ шетелде де американдық әскерлерінің қорғанысын қамтамасыз ету үшін тактикалық және ұлттық программаны дамыту жоспарларына көп көңіл аударды. Ал келесі онжылдықта американдық әскерді толығымен соңғы қаруларының жүйелерімен қайта жабдықтау жұмыстарын жоспарлады. Бұл әскери бюджеттің сатып алу бөлімінің 2 реттен кем емес ұлғаюын талап етеді. Алайда Вашингтон Федералды бюджетінің өте үлкен көлемі, сондай-ақ табыстың шығыстан артық болуы осы мәселенің шешілуі мен жүзеге асуына мүмкіндік береді. 1999 жылдың өзінде АҚШ-тың әскери шығындарының бірінші рет елеулі дәрежеде өсуі кездейсоқ емес. Сонымен қатар, АҚШ-тың жалғыз супердержава роліне талабы олардың алып экономикалық және әскери күштілігімен ғана емес, сонымен қатар әскери саяси одақтар жүйесімен (бұларды қырғи-қабақ соғысының аяқталуына қарамастан Клинтон әкімшілігі сақтап, нығайта білді) қамтамасыз етіледі. Ортақ жау — Кеңес Одағының ыдырауынан кейін АҚШ-тың Оңтүстік Қореямен, Жапониямен, т.б. бірқатар елдерімен жасасқан екі жақты келісімдерінің НАТО қызметінің мақсаттары мен формалары жөнінде сұрақтар туындатты. Индустриалды дамыған державалардың халықаралық аренадағы тәртібін американдық бақылаудан шығармай, батыс қоғамының әскери және сыртқы саясатын үйлестіру механизмін модернизациялауын қамтамасыз ете отырып Клинтон дағдарысқа төтеп бере алды.

Өте маңызды әскери-саяси бірлестік — НАТО — АҚШ бастамасымен ұжымдық қорғаныс функцияларына жаңа міндеттер қосты. Іс жүзінде Солтүстік Атлант одағы өзіне Европадағы ұжымдық қауіпсіздік функцияларын жүктеді, Европа Кеңесінің Қауіпсіздік ұйымын екінші орынға ығыстырып жіберді. Сонымен қатар, 1999 жылдың сәуірінде болған Вашингтон саммитінде НАТО-ның стратегиялық концепциясы батыс мемлекеттерінің «ортақ мүдделерінің» қамтамасыз етілуін басшылыққа қойды. Бұл концепция 1999 жылдың наурыз-маусымында болған Югославияға қарсы соғыста қолданылды, өткенде орын алған бұл жағдай Солтүстік Атлант бірлестігімен 1999 ж (НАТО-ны құру) Вашингтон келісімі мен БҰҰ жарғысын қоса алғанда, халықаралық құқыққа қайшы келетін мақсаттарға әскери күштерді қолданылды. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесін және Европа Кеңесінің қауіпсіздік ұйымын құрастырып, НАТО агрессияға қарсы, өзін-өзі қорғау мүддесінде емес, әлемдік полицейлік қызметінде әрекет етуге тырысты. Мәселен, 2000 жылы НАТО тұрақты негіздегі Балкандағы-Босния, Косова, Албания, Македонияда 100 мыңдық топтарымен енді. Бір уақытта НАТО блогының көлемі кеңейді, оның құрамына Польша, Чехия, Венгрия елдері қосылды. Бірлестіктің әлеуетті мүшелерінің тізіміне тағы шығыс европалық мемлекеттерінің оны кірді. 25 мемлекет «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қатысады, ал 50 мемлекет Европа-Атлантикалық әріптестік кеңесіне кіреді, мұның барлығын НАТО бақылап отырады. АҚЩ-тың Жапония, Оңтүстік Кореямен одақтастығында жаңа функциялар пайда болды. Бұл функциялар КХДР-на қарсы тұрумен қатар, Қытайдың латентті ұстануын қамтамасыз етті. АҚШ әскери саласындағы негізгі жүкті өзіне алса, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония елдеріне оны қолдау және қаржыландыру міндетін жүктелді. АҚШ және оның одақтастарының үлесіне әлемдік әскери шығындарының 60% тиеді. Яғни Клинтон әскери салада да өз үстемділігін орната отырып, Батыс пен Шығысты НАТО-ға тартып, дау-жанжалдарды болдырмай немесе оны шешуге тырысты.

Клинтонның енді бір жетістігі халқаралық қатынастардың биполярды жүйесінің ыдырауынан кейін әлемдік экономика глобализациясының реттелу механизмін нығайтылуына үлес қосты. Ол өз әкімшілігімен көмегімен бірге Канада және Мексика, НАФТА-ны құрып, Европалық одақтың өсіп келе жатқан экономикалық қуатын теңестіруге ұмтылды. Тіпті әкімшілік Оңтүстік және Солтүстік Американың еркін сауда ассоциациясын құру туралы сөз қозғаған болатын. Алайда бұл қызу талқылауға салынғанымен, еш нәтижесін таппады. Енді бұл сұрақты бүгінгі Буш әкімшілігі көтеруде. Клинтон кезінде Азия-Тынық-Мұхит аймағында (АТЭС) интеграцияның алғашқы жұмыстарына АҚШ басшылық етті.

Бірақ Клинтон әкімшілігі көңілді глобализация проблемаларына аударды. «Үлкен жетілiкте», экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ОЭСР), Халықаралық валюталық қорында (МВФ) және бүкіләлемдік банкте Құрама штаттары мұнда лидерлік ролін нығайтып және сақтап қалды. Американдық басшылықтағы бұл Батыс институттары дамушы мемлекеттерге деген шетелдік көмекке бақылау орнатып, өздерінің нарықтық шаруашылықтың философиясын насихаттады. Сонымен қатар, Клинтон 1995 жылы жаңа халықаралық институт — Бүкіләлемдік сауда ұйымының (ВТО) құрылуында шешуші роль атқарды. БСҰ бұрынғы сауда және тариф жөніндегі бас келісімді (ГАТТ) ауыстырды. БСҰ енді сауданың тез қарқындап өсуін қамтамасыз етуге негізгі орынды алмайтын әлемдік сауда экономикалық байланыстарын реттеудің қатал құрылымына көшті. Бұл орган глобальды нарықтағы «ойын ережелерін» анықтайтын болды және АҚШ оны өзінің мүддесін қорғауда делдал ретінде пайдаланды. Мәселен, Вашингтон БСҰ-ға 24 рет өз шешімдерін ұсынған кезде, оның 22-де БСҰ американдық позицияны қолдады. БСҰ-ның сауда бойынша келісімдерінде қызмет көрсетудің 100 түріне кедендік тосқауылдардың алынуына Клинтон қол жеткізді. Осы кезде АҚШ бастамасымен БСҰ конференциясында (1996 жыл) құны 600 млрд. доллар нарықты қамтитын ақпарат технологиялары жөнінде келісім қабылданды. Бұл келісім 2000 жылы 45 мемлекеттерге компьютер, бағдарламалық қамтамасыз ету және телекоммуникациялық жабдықтарға кеден салығын алып тастады. Осы салада Клинтон ақпарат технологияларын, қаржы қызметтері нарығын либерализациялау жұмыстарын жүргізді. 1995-2000 ж.ж. АҚШ-ғы экспорт 966 млрд, ал импорт 1916 триллион долларға дейін өсті. Бұл американдықтардың көбінесе импорттық қызметтер мен тауарларын экспорттаудан гөрі тұтынатынын білдіреді. Шын мәнісінде бүгін «клинтондық гүлденуді» қамтамасыз ете отырып, бүкіл әлем АҚШ үшін еңбек етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.