Билл Клинтонның өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Билл Клинтонның өмірбаяны

І. Билл Клинтонның тұлға ретінде қалыптасуы

1.1 Балалық шақтан саясаткерлікке дейінгі өмір баспалдақтары

clinton18082014-1

Билл Клинтонның тұлға ретінде қалыптасуы

Уильям Джефферсон Блайт IV 1946 жылы 19 тамызда Арканзас   штатындағы   Хоуп   қаласында   туды.   Бұл   қала Арканзас, Луизиана және Техас штаттарының түйіскен жерінде орналасқан. Ол тумай әкесі қайтыс болып, анасы 4 жылдан кейін Роджер Клинтон атты  автомобиль саудагеріне тұрмысқа шығады. Билл әлі 4 жаста болғандықтан және әкесін көрмегендіктен бұл некеге кедергі болмады. Роджер Клинтонды жылы қарсы алып, оның фамилиясын 15 жасында ресми түрде қабылдайды. Билл Клинтон жанұясы орта американдық топ болды. Ата-аналары күні-түні жұмыста болды, сондықтан алғашында Билл өзінің атасы мен әжесі —  Элдриджа және Эдит Кэссиди қолында тәрбиеленді. Олардың шығын нан сататын дүңгіршегі болатын, сол кездегі қалыптасқан сегрегацияға қарамастан қала тұрғындарын ақ-қараға бөлмей тең қызмет етті. Осынша жас кезінде ол ата-әжесінен адамдарға деген шыдымдылық, теңдік пен түсіністікке үйренеді.  Ата-анасының некесі және бейбіт жанұя өмірін екінші әкесінің алкогольды проблемалары бұзды. Бірақ бұл Билл Клинтонға үлкен әсәрін тигізген жоқ. Ол оқуын, онымен қатар жүргізген жұмысын жалғастыра берді.

Жасынан атаққұмар болған Билл өзінің білімге құштарлығымен ерекшеленді. Ең үздік оқушылардың бірі, кейін студенттердің бірі болған, оқушылар спикері, мектеп джаз-оркестірінің жүргізушісі (саксафонда ойнау бүгінгі күнге дейін оның ерекшелігі болып табылады.) Өміріндегі ерекше оқиға президент Джон Ф. Кеннедимен кездесу болды. Клинтонға 1963 жылдың шілдесінде ұлттық жастар ұйымының делегаты ретінде алғаш рет президентпен қол алысуға мүмкіндік туды. Клинтонның айтуы бойынша бұл «қол алысу» өте қатты әсер етіп, оның болашақта саясаткер болуға шешім қабылдауының себебі болды. Сол жылы ол Мартин Лютер Кингтің Вашингтондағы Линкольн ескерткішінің жанында сөйлеген тарихи  «Менде бір арман бар»  сөзін теледидардан көрген  Билл  Клинтон оның көпшілікті бір ортақ іспен айналысу үшін өз артынан еріте алуы таң қалдырған еді. Сол кезден бастап Мартин Лютер Кинг болашақ президенттің еліктейтін кейіпкері ретінде қалды.

Ол Оңтүстік Балтикалық шіркеу мүшесі бола тұра, Вашингтондағы беделді католиктік университет, Джорджтаунда оқыды. Бұл университетте 1964 жылы оқыды және осы оқуымен қатар сенатор-демократ У.Рулбрайтта қызмет істеді. 1968 жылы бакалавр дәрежесін алып, үлкен мүмкіндіктер берген стипендия арқылы 1968-70 жылдары Англиядағы Оксфорд университетінде оқуын жалғастырды. 1973 жылы Йель университетінің доктор дәрежесіне ие болып, туған жері Арканзас штатына оралды. Файствилдце Арканзас заң институтында сабақ беріп, 1974 жылы саясатқа белсенді араласады.

.

1.2 Саясаттағы алғашқы қадамдар

Bill_Clinton

KazOrta.org — Билл Клинтон

Клинтонның өз оқуын өзі төлеуі, үш жерде қатарынан жұмыс істеуі, оның жоғарғы интеллектуалды қабілеті жарқыраған саяси мансабының негізі болып қаланды. Демократиялық партиядан 1974 жылы АҚШ Конгресіне сайланып, жеңіліс табады. Бірақ жеңген республикандық партияның әрекеті елеусіз, мәнсіз болғандықтан Арканзас саяси құрылымы Клинтонға көңіл аударады. Сөйтіп аралық сайлауда көп дауысқа иеленіп Конгресс мүшесі болады. 1976 жылы Арканзастың әділ сот министрінің сайлауында, осы штаттың бас аттериесі (прокурор) болып жеңіске жетеді. Ал 1978 жылы салықтарды көбейту және мұғалімдерге квалификациялық тесттер өткізуді қарастырған білім беру бағдарламасы арқылы Арканзас губернаторы болады. Сонымен қатар балалар денсаулығын сақтау және жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерін шешуге белсенді қатысты. Сөйтіп АҚШ-ғы ең жас (32 жасында) губернатор болды.

1986 жылы және 1987 жылы Губернаторлардың ұлттық ассоциациясының төрағасы болады. Кәсіподақтық партиялардың әсерін әлсіретуге, нәсілдік бөлінушілдікке және антимилитаристік бағытты ұстанған топтар Демократтық басшылық кеңесіне енеді. Ал 1990 жылы және 1991 жылы осы кеңестің төрағасы болды. Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын ұстанып, либералдармен байланысты қолдап отырды.

90 жылдары Арканзас АҚШ-тың кедей штаттарының бірі болып қала берді, кірісі тек қана 25% болған. Бұл әрине экономикалық саясат жағынан өте төмен көрсеткіш еді. Осы кіріс статистикасы бойынша Арканзас Миссисипиден кейін тұрды. Алайда 1991 жылы екі орынға көтеріліп, өсу темпі 4,1% болды. Бұл аса ірі құрылымдық проблемалар кезеңінде үлкен табыс болып табылады. Сол кезде жүргізілген сұрау бойынша Клинтон ең жақсы губернатор ретінде танылды. Ол губернатор қызметінде болғанда, бастапқы кәсіптік білім беру, зорлаусыз қылмыс жасағандарға еңбек лагерлерін құру бағдарламаларын ұсынды. Сонымен қатар, оның саясаты кәсіпкерлерге ыңғайлы болды. Себебі Клинтон кәсіпкерлерді өте қатты қолдап отырды, мұндағы мақсаты инвестицияларды көптеп тарту арқылы жұмыс орындарын ашу және онымен халықты қамтамасыз ету болды. Бұл бағдарламаның бәрі, саяси ұстанымдарымен қоса бүгінгі экономикасы өркендеген, даму үстіндегі Арканзас штатының негізі болып табылады. Әсіресе білім беру жүйесі дұрыс жолға қойылған. Мәселен, 1 адамның білім алуына, тіпті колледж деңгейінде болсын, көп қаражат бөлінеді.

1991 жылдың қыркүйек-қазан айларында Клинтон президенттікке   өзін   ұсынады.   Бірақ   ол   әлі   де   болса федеративті саяси деңгейінде аз ерекшеленеді, бұған жеткен жоқ десек те болады. Ол «жаңа демократтар» өкілі ретінде көрінді, яғни прагматизм эффектісіне сүйеніп, 80 жылы республикандықтарға өтіп кеткен «Рейган демократтары» орта топ сайлаушыларды және ақ жұмысшыларды қайтаруға тырысты, оны мақсат етті. Әрбір американдықтың білім алуына және студенттердің оқу ақысын жеңілдетіп, оларға ақылы қоғамдық жұмыстарды жаңғыртатынына кепілдік берді.

1992 жылдың 3 қарашасында президент сайлауына 100 млн адам қатысты. Клинтон 43%, Буш 37 %, Р. Перо-тәуелсіз кәсіпкер-кандидат 19% дауыс жинады. Клинтонды оңтүстіктің 11 штатының бесеуі қолдады. Флорида мен Техаста да жеңіске жақын еді, ал солтүстік-шығысты тіпті жаулап алды. Бірақ батыс штаттарында, Калифорнияны қоса алғанда Клинтон Буштан жеңіліс тапты: Себебі бұл штаттар Бушты қолдап отырды.

Президент қызметіне келген бойында-ақ Клинтон денсаулық сақтау реформасын, еркін сауда мәселелерін қарастырды. Сыртқы саясат алғашқы жылдары Буш бағытымен жүрген еді, тек 1994 жылы ғана жаңа саясаттың көрінісі байқалды. Бұл жылы Солтүстік Кореямен ұзаққа созылған жанжал бейбітшілікпен аяқталды. Себебі Клинтон үкіметі Солтүстік Кореяның ядролық-энергетикалық құрылымдарын модернизациялауға көмек беретін уәде бекітті. Босния, Герцеговина, Гаити, Израиль-Палестина жанжалын шешу мәселелерінде үлкен үлес қосты.

Клинтонның президент қызметіне жету жолы жеңіл болған жоқ. Бұл оның үлкен жемісті саяси жолының зор жетістігі болып табылды. Президент болуды Клинтон мақсат еткен жоқ. Яғни, оны халық таңдады. Себебі, ол туған штаты Арканзасты өркендетті, оның дамуына, экономикасының тұрақталуына көп үлес қосты. Сөйтіп 1993 жылдың 20 қаңтарында Билл Клинтон бейнесінде Ақ үйге 1980 жылдан бері бірінші рет демократиялық партияның өкілі кірді. Егер Билли Картер президентінің аралық билігін ескермесек, демократтар жарты ғасырға таяу биліктен бас тартқан болатын.

Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты

2.1 Президенттік биліктің бірінші мерзімінде

307АҚШ президенттерінің әкімшілігі әрине өздеріне байланысты. Клинтон әкімшілігі өзінен алшақ кеткен жоқ. Оның саясатын, реформасын, қызметін қолдап отырды. Клинтонның сайлау алдындағы стратегиясының бір бөлімі «ұмытылған» орта тап, салық көлемін азайту, жалпы салық жүйесін жеңілдетуге уәде еткен мәселелеріне арналды. Оның кампаниясы көптеген әлеуметтік-саяси міндеттерімен қатар, болашақтың экономикалық талаптарын қойды. Клинтон АҚШ-тың сауда-экономикасы болашақта өзінің ауқымды міндеттерін тек қуатты және бәсекелестікке түсе алатын халық шаруашылығы арқылы жүзеге асыра алады деп ойлады. Экономикалық құлдыраумен қатар жүрген жұмыссыздықтың өсуі, шынайы жалақы көлемінің төмен түсуі кезеңдегі бұл жолдауы Парсы шығанағындағы іс-жүзіндегі жеңіске жетпеген, бірақ «жеңдім» деген пікірде болған Джордж Бушқа үлкен соққы беруге көмектесті.

Р. Рейган өзінен кейін ауыр мұра қалдырды: АҚШ тарихындағы ең жоғарғы мемлекеттік қарыз, жыл сайынғы көтерілу тенденциясымен 200 млрд. доллар болған мемлекет бюджетінің ретшілігі. Буш мұндай қауіп алдында ірі мемлекет қарыздарды ұстап қалу саясатын ұстанса, Клинтон, 1993 жылы 17 ақпандағы өзінің, ұлт жөніндегі есебінде өзінің президенттігі кезінде бірінші негізгі мақсат мемлекеттің тапшылығын жою болатынын жариялады. Сонымен қатар ол 1997 жылы қарай мемлекет бюджетінің тапшылығы 140 миллиард долларға төмендейтінін мәлімдеген болатын. Ұзақ келіссөздер мен таластар өткізіп ол сенат аралығындағы бесжылдық бюджет жоспарын ұсынды. Оған жету жасын тек жоғары кіріс көзі бар топтарға ғана арналған салықты көтерумен, шығындарды қысқартумен түсіндірді. Конгрессте бұл бюджет жобасы жеткілікті болмағанмен, президенттің елеулі табыстарының бірі болғаны айқын. Сондай-ақ оның әкімшілігі энергияға салық салу мәселесін көтерді. Әрине бұл алдын-ала жоспарланған, үлкен нәтиже бере алатын экологиялық-саяси болжамдармен бұл салықтың жүзеге асырылуы мүмкін емес еді. Саясаткер-эколог, вице-президент Эйл Гор бұл салық энергияны тұтыну үшін және халық пайдасы мен мемлекет тапшылығымен шығудың бірде-бір жолы деп түсіндіргенде, Клинтон өз келісімін береді. Бірақ Клинтон әкімшілігі өзіне жүктелген айласындағы ортаны қорғау жөніндегі үмітті ақтаған жоқ.

Экономика саласындағы көптеген мамандардың айтуы бойынша, Клинтон үкіметтің бюджеттік-саяси жұмыстары американдық шаруашылықтың коньюнктуралық, яғни бағалы қағаздар бағамының өсуіне зор әсер етті. Үш рецессивті жылдан кейін АҚШ экономикасы 1993 жылы қайта 2-ден 3% көлеміндегі өсу темпі байқалды. Көтерілу тенденциясы инфляцияның төменгі индексі формасында, көптеген жаңа жұмыс орындарын жасауда көрінген шынайы табыс болып табылады. Алайда бұл 80 жылдармен салыстырғанда әлі де төмен дәреже болып қала берді.

Клинтон күн тәртібіндегі негізгі ішкі саяси мәселесі жалпы медициналық және әлеуметтік сақтандыру арқылы жүргізілген денсаулық сақтау шаралары жүргізілгенде үдемелі өсіп жатқан шығындар ақыланып отыру керек деді. Оның мемлекет бюджетіндегі үлесі 1965-92 жылы 2,6-дан 16%-ке дейін есті. Осы салада, яғни денсаулық сақтау реформаларына жауапты тұлға реттеуге өзінің жұбайын, Хиллари Родхем Клинтонды қойды. Сондай-ақ Хиллари жұмысшы тобына басшылық етті. Ол қолында табысты және сәтті адвокат штабы бар, белсенді түрде білім беру саласы мен әлеуметтік саясатта қызмет атқарып жүрген тұлға еді. Бұл ғасыр жобасы болған реформа көптеген бөгеттерге тап болды, ең алдымен бұл құбылыс жұмыс берушілердің шығындарда қатысуында кездесті. Конгресстің көпшілігі денсаулық жүйесінде тек кейбір өзгерулерге келісетіні айқын болғанда, Клинтон мен Хилларидің глобальды реформасын ұсынуы саяси қателік еді. 1994 жылдың күзіне қарай Конгресс сайлауына дейін бұл реформа бекітілген жоқ. Ал аралық сайлауда демократтардың жеңілісі тіпті Клинтон перспективаларының жүзеге асу мүмкіндігін қиындата түсті. Клинтон және оның әкімшілігінің үлкен табыстарының бірі қылмыскерлікпен күресу заңы болып табылады. Бұл заң 1994 жылы тамыздың соңында қабылданды. АҚШ-тың ірі-ірі қалаларында өсіп келе жатқан қылмыскерлікке қарсы мұндай заң өте орынды еді.

Бірақ оның кейбір бөлімдері қызу пікірталасқа салынды. Себебі оларды 100 мың жаңа полицейді жұмысқа алу барысында жұмсалатын 30,2 миллиард доллар шығыны, түрмелерді кеңейту, ұлттық атқыш ассоциациясы қатаң күрес жүргізіп жатқан жартылай автоматты қарудың 19 типіне тыйым салу мәселелері көрініс тапты. Үшінші рет сотталғандар автоматты түрде өмір бойғы қоршауға алынуы, 13 жастан үлкен жасөспірімдер қылмыс құқығы бойынша емес, сәйкесінше жалпы қылмыстық құқығымен жазалануы тиіс еді. Арканзас губернаторы болғанда да Клинтон өлім жазасын қолдап отырды, осындай «қатал» позициясы арқылы ішкі қауіпсіздікті сақтау идеясы оның ұстанған бағыты болды.

Сонымен қатар, ішкі саяси реформа жобаларына әлеуметтік-саяси шараларын, әсіресе әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі, және жұмыс орындарын жасау немесе онымен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық бағдарлама, сайлау алдындағы күрестің қаржыландырылуы, ұлттық ақпарат байланысын жасап шығару әрекеттерін жатқызуға болады. Американдық шаруашылық әлемдік экономика өсімінсіз тек шектелген көлемде ғана кеңейе алады, ол еркін әлемдік сауда беріктендірілуі керек, сонымен бірге американдық өнімдерге бәсекелестік шарттары жақсартылуы тиіс делінді. Бұған сәйкес 1993 жылы қарашасында Буш әкімшілігінен басталған Конгресс ратификациялаған соң американдық еркін сауда туралы келісім (НАФТА) жасалды. Бұл келісімнің ратификациялануы президенттің жеке басының табысы болып табылады. Себебі оған қол жеткізу үшін протекционистік қарсыластарды Конгресс пен өз партиясының қатарынан тапты, бірақ табандылықпен ол қарсыластарын өз дегеніне көндіре білді.

Жоғарыда айтылғандай Клинтон өз стратегиясында негізгі мақсат ретінде мемлекет бюджетінің тапшылығын жою болған. Бұл тапшылықты тежеу мен экономиканы реттеуге бағытталған президент әрекеті, оның республикандықтар фракциясымен қарама-қайшылықтарына әкелді. Республикандықтар фракциясы жаңа жұмыс орындарын жасау үшін 16,3 миллиард доллар көлеміндегі бөлінген ақшаны тоқтатып тастады. 1993 жылы тамызда Конгресте қиыншылықтармен өткен экономикалық бағдарлама келесі 5 жыл ішінде тапшылықты шығындарды кесу, жаңа салықтарды, соның ішінде жанармайға (1 галлон — 4 цент) және байларға табыс салығын енгізу туралы қысқартуды көздеді. Сонымен қатар, Клинтон әкімшілігі 15 жыл ішінде Мексика, Канада, мен АҚШ арасындағы сауда және тарифтік кедергілерді жоюға уәде етті. Мемлекеттер арасындағы шиеленісті болдырмау үшін көптеген жылдар бойы Конгресте жатқан қару-жарақ сатуды шектейтін Брейдн заңын қабылдады.

Сыртқы экономика саясатында Клинтон әкімшілігінің көрінісі Жапонияға күшейтілген қысым болып табылады. Ал оның мақсаты оның нарығының американдық тауарларына ашылуы, соның көмегімен негативті сауда баланысын жою. 1993 жылы қараша айында Сиетпеде жоғары деңгейде өткен Азия-Тынық мұхиттық ұлттар конференциясында Клинтон бұл экономикалық кеңістік қауіпсіздік мәселесінде АҚШ-тың жүргізуші аймақтың рөлі мен әскери қатысуымен жеңеді, бірақ АҚШ бұдан шығатын экономикалық өсуден ешқандай үлеске жетпейді деді. Сонымен бірге Европалық Одақпен қатынасында Клинтон әкімшілігінің қауіпсіздік үшін жауапкершілік пен эконамикалық қуаттылығы арақатынасында тепе-теңдікті қалыптастыру талпынысы айқын байқалды. Клинтон және оның әкімшілігі БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне «супердержавалар» Германия мен Японияны қосуға мүдделі болды. Себебі бұл екі елдің АҚШ-қа әлемдегі аймақтық жауапкершілік пен тұрақтылықты бақылауға көмегі болатынына сенді. Яғни, АҚШ-ты «әлемдегі жандарм» ролінен босату көзделді. Бұған дәлел Босния-Герцеговинадағы жанжалдарда Американың ұстанымдылығы болды. Халықаралық жағдай 1994 жылы шиеленісе түсті. Гаити, Босния-Герцеговина, Израиль-Палестина, Самолидегі жағдайлар АҚШ-ты алаңдатты.

Гаитидегі жағдай 1994 жылы шиеленісінде Клинтон БҰҰ келісімімен осы елге демократиялық басшылық орнату үшін басып кіргеннен кейін өзгерді. Бұл мәселені шешуде Клинтонға тәжірибелі Джимми Картер көмектесті. Оның АҚШ табысындағы бір үлесі осы Гаитиде генерал Роуль Седрас режимін билік басынан тайдырып, оның орнын президент Жан Бертран Аристидті қалыптастырды. Қыркүйек айының ортасында Вестинция республикасына енуге АҚШ әскері дайын тұрды, бірақ әскери жанжалды болдырмай мәселені бейбіт түрде Картер, Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы болған Колин Пауэлл мен сенатор Сэм Нанн шешті. Клинтон басшылығымен АҚШ Босниядағы жанжалдардың аяқталуына әсер еткен бейбіт келіссөздерінде елеулі табыстарға жетті.

1995 жылы Американ дипломаты Огайо штаты, Дейтонда екі қарама-қарсы топтың мәселесін шешуге қатысты, бұл жағдай сол жылы Париж келісіміне әкелді. Бұл келісім бойынша АҚШ солдаты өздеріне НАТО эгидасының қол астында ғана жүзеге асырылатын бейбіт ұстанымдық функцияларды жүктеді. Клинтон билігі кезінде сыртқы істер министрлігі қызметін атқарған Уоррен Кристофер Таяу Шығыста табыстарға жетті. Яғни, Израиль мен Палестинаны азат ету ұйымы арасындағы 1993 жылы қыркүйекте Ақ үйде болған екі жақтың бейбіт келісімдеріне үлес қосты.

Американың сыртқы саясаты қатынастарда негізгі ролді Ресеймен қарым-қатынас алды. Бұл елмен қатынасында сыртқы істер министрлігінің орынбасары Строуб Толбот орны ерекше екі елдің қатынастарын қалыптастыру мен тұрақтандыруда еңбегі зор. Ол АҚШ-ты тікелей Б.Ельцинді қолдауға бағыттады. 1994 жылы 10 қаңтарда болған Брюссельдегі НАТО конференциясындағы «Бейбітшілік үшін одақтастық» шығысқа қарай альянстің кеңеюіне қатысты орыс тұжырымдамасына тап болды.

Белорусия, Қазақстан, Уқраина елдерінің ядролық қарудан бас тартуымен Клинтон өзінің қарсы тұра алатын ядролық державаларының көбеюінің алдын алды. 1994 жылы Клинтон сыртқы саяси жағдайға көңіл аударуға мәжбүр болды. Себебі қазан айында басшысы Саддам Хусейн Кувейт шекараларына 50 мыңдық әскери топқа өзінің бетке ұстарлық республикалық гвардияның құрамасын жіберді, ол АҚШ Парсы шығанағына мыңдаған әскер мен жүздеген ұшақ жіберіп, Иракты Кувейт шекарасынан өздерінің әскерлерін әкетуге мәжбүр қылды. Бұған қоса американдық барлаушылар солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын күшейтіп жатқанын және бұл ол өз арсеналында мүмкін кем дегенде бір атом бомбасы бар екенін байқады. Алғашқы дипломаттық әрекеттер мен экономикалық санкция шаралары еш нәтиже бермегендіктен, Корей порты түбегінде әскери жанжалының өршу қаупі тұрды. Бұл қауіп 1994 жылдың шілдесінде президент болған Дж. Картер Кореяға сапарынан кейін жойылды.

Сыртқы саяси жетістіктеріне қарамастан Клинтонның ішкі саясаты үлкен сын туғызды. Себебі одан реформалардың қуатты түрде орындалуын және бюрократтық аппараттың қысқартылуын күткен еді. 90 жылдың ортасында халық Клинтон мен демократиялық партияда көңілдерін қалғанын жариялады. Бұл 60 жыл бойы үстем болған демократтардың гегемониясына үлкен соққы болды. Енді конгрестегі республикандықтардың 60% болды. Республикандықтар медициналық сақтандыруға, фермерлерге жәрдемақы мен әлеуметтік қызметке ақша бөлуді азайту, қорғаныс шығындарын өсіруге тырысты.

2.2 Президенттік биліктің екінші мерзімінде

1995 жылдың соңына қарай үкімет орындары ел тарихында бірінші рет ұзаққа жабылып, көптеген федералды қызметшілерге ақысыз демалысқа кетуге және ақысыз жұмыс істеуге тура келді. Бұл Клинтон мен республикандық конгрессмендермен жанжалының бітпегенін көрсетеді, елде саяси дағдарыс орын алды. Себебі Клинтон мен республикандықтар ұсынған 1996 жылы бюджет жобасына вето салды. 1996 жылдың қарашасында болған сайлауға қатысушы республикандық кандидат 73 жастан сенатор Р. Доул бағдарламасының негізі өзі атап өткендей «сенушілік» болды. Ол Клинтон әлі де 1992 жылы берген уәделерін орындамады, Ақ үйдегі жанжалдардың тууына бірден-бір себептер болып отырғанын айтты. Бірақ сайлаушылар қолдауды Клинтон мен Горға көрсетті, олар дауыстың 49%-не ие болды. Сөйтіп Клинтон АҚШ тарихында Ф. Рузвельттен кейін екінші мерзімге қайта сайланған алғашқы демократ президент болып енді. Сайлаудан кейін Клинтон әкімшілігінің негізгі проблемасы сайлаушыларға уәде еткен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мен қатар балансты бюджетіне жету болды. 2002 жылға дайындаған балалар мен мүгедектеріне медициналық көмек колледж студенттеріне субсидиялар, яғни жәрдемақы беру туралы балансты бюджет бағдарлама — жоспарына Клинтон Конгресс келісіміне қол жеткізді. Президенттігінің екінші мерзімі басталғанда халықаралық қатынастардағы ірі жеңіске 1997 жылы мамыр айында кейбір Шығыс Европа елдерін НАТО мүшелігіне алу жөнінде шешім қабылдануына жетті. Сенат арқылы өткізіп ҚХР-на «қалыпты сауда мен қатынастары» мәртебесін беру шешімін қабылдайды. 1999 жылы наурыз-маусым айларында АҚШ Сербияның Косово бойынша бейбіт келісімге қол қоюға бас тартқаннан кейін, НАТО күштерімен Югославиядағы әскери бомбылауларға қатысты. 1999 жылдың қазанында Клинтон сенатта ядролық қаруды тыйым салу жөніндегі келісімді ратификациялауға қол жеткізе алмады.

Ішкі жағдайды 1998 жылы Конгресске белгіленген мерзіміне дейін 3 жыл ішінде балансты бюджет бағдарламасын ұсынды. Экономикасын біршама қалпына келтіру мақсатында, кейін АҚШ сыртқы саясатта жеке басының жарқырап қатысуынан тартынып, ішкі саясатының басымдылығын өтеді. Оның бұл талпынысы Құрама Штаттарының экономикалық проблемаларында шоғырлануына бағыт алғаны, өзінің айқын көрінісін сыртқы саясатта табады, себебі оның тартылу орталығы қауіпсіздік саясатынан ашық түрде сыртқы экономикалыққа көшті.

1999 жылдың жазынан кейін Вашингтон мен Пхеньян арасындағы қатынас Солтүстік Кореяның ядролық амбицияларынан шиеленісті ел жеңілдіктерге жол берді және болашақта атом бағдарламасына уәде етті. Алайда Ирак, Иран, Ливия сияқты елдердің өздерінің еліне атом бомбасын иеленуге ұмтылғандықтан Клинтонның бұл елдерге бақылау орнату шараларын алға қоюы бірінші орынға шықты. Осы жылдары қашқындардың көптеп ағылуын тоқтату жөніңдегі Кубамен жүргізген келіссөздер сәтті болды. Жалпы көптеген ғалымдардың, саясаттанушылардың айтуы бойынша адам құқықтарын елде және шетелде қамтамасыз ете алу бұл Клинтон әкімшілігінің орталық саяси мақсаты деп атап көрсетеді. Клинтон призидентінің билігі демократия мен адам құқықтарының бүкіл әлемде бекуіне әсер етті дейді.

.

bill_clinton_charlie_riedel_apКлинтон әкімшілігі адам құқықтары келісімдердің қатаң түрде орындалмауын бақылауды күшейту мақсатында әкімшілік бұйрығын шығарды, зорлық-зомбылық құрбандарына, көмек көрсету туралы заңға қол қойды. Осыған сәйкес мемлекеттердің БҰҰ фондына осындай көмек көрсету үшін жыл сайынғы жарна көлемін көтерді. Адам құқықтарын қорғау жөнінде іс жүргізу барысында, АҚШ көптеген мемлекеттердің саясатына араласып кетті. Мәселен, Қазақстанда азаматтық және саяси құқықты жөніндегі бірқатар халықаралық факттердің қол қоюына зор ықпал етті. Яғни, өзіне қарсы шыға алатын державаларды өз бағыты мен ағысы бойында жүргізгісі келді. Куба, Ресей, Судан, Ирак, Иран және Югославияның бұрынғы елдерін адам құқықтарына байланысты жағдайды жақсартуға шақырған БҰҰ жанындағы комиссияға басқа елдермен қоса адам құқықтары бойынша резолюциялар енгізді. Сонымен қатар басқа елдердегі болып жатқан дау-жанжалдарға араласпай қоймады. Босниядағы соғысты тоқтату үшін жасалған Оситон келісіміне басшылық етті. Осы уақытта көптеген мемлекеттерде билікке талас, өзара тартыс, азамат соғыстарда болып жатқан еді. Бұл мәселелерді шешу үшін АҚШ өз үлесін қосты. Косовада этникалық тазалауды тоқтату үшін белсенді еңбек етті. Клинтон және оның әкімшілігі демократиялық партияның өкілдері болғандықтан, ол барлық жерде демократия орнатуға тырысты. Осыған орай орай олар Слободан Милошевич режимін биліктен тайдыруға серб демократиялық қозғалысына көмектесті. Индонезияның демократиясы құрылымын қолдап отырды, сондай-ақ Шығыс Тимордың тәуелсіз болу жолындағы тарихи қадамдарына әсер етті. Барлығы әділетті және тең болу керек деді Клинтон. Сондықтан екі американдық құрлықтарда сайлаулардың еркін және шынайы өтуін қамтамасыз етті. АҚШ қолдауымен және олардың үгіт-насихаты арқасында бұл құрлықтарда Кубадан басқа барлық елдер демократиялық жолды таңдап алды. Қазірдің өзінде АҚШ демократиялық қоғам, мемлекет құруға көмектесіп авторитарлы режимге қатты қысым жасауда. Демократиялық мемлекеттердің әлемдік ұйымы «демократия әрекеттестігінің» құрылтайшысы болып табылады. Бұрынғы  Югославия мен Руанда елдеріндегі нәсілшілдік сакясатты жүргізген билік басындағыларды соттау үшін халықаралық трибуналдың  құрылуына Клинтон әкімшілігі жетекшілік жасап және олардың қызметіне өз үлесін қосуда. Мұнда әскери қылмыс пен байланысты мәселелерімен айналысатын бірінші арнайы өкілді тағайындады. Геноцид немесе басқа да бұқаралық қаталдыққа потенциалды түрде алып келетін әр түрлі жағдайлар туралы саясаткерлерге алдын-ала хабар етуге және барлаушы ресурстардың жұмылдыруына мүмкіндік беретін арнайы органдарды құрды. Ауыр жағдайларда өндірілген тауарлардың импортын болдырмау үшін әр түрлі этникалық кодекстер жасалды. Сондай-ақ бір қатар дамушы елдерде бүгінгі күнге дейін балалар күші қолданылуда, бұл әрекеттерге шек қою жағынан күресті. Күрес барысында балалар еңбегін жою жөніндегі Халықаралық еңбек ұйымы дайындаған халықаралық бағдарламаның іске асырылуына жыл сайын 30 млн. доллар қаражатын шығарған болатын. Дін бостандығы Клинтон саясатының айнымас бір бөлігі болды. Алғашқы рет еркін діни наным жөнінде консультативті комитет тағайындалды. Халықаралық еркін діни нанымы туралы заңға қол қойды. Дін бостандығы туралы баяндамасының дайындық әр елде, Ауғанстан, Бирма, Қытай, Иран, Ирак, Судан, Сербия, қоса дін бостандығы туралы баяндамалар оқыды. Аталмыш елдердің қоса алу себебі бүл мемлекеттерде белгілі бір дінге жан-тәнімен сенушілікке ұмтылған құбылыстар, дін бостандығын бұзған жағдайлар байқалды.

Әртүрлі мемлекеттік ағылған босқындарға көмектесті. Оларға баспаналарды ұсыну үрдісінің заңды түрде орындалуын қамтамасыз ететін соттық келісімді реформаларды шешуде арнайы жеңілдіктер әйелдер мен балаларға берілді. Бұл босқындардың ішінде көбісі иммигранттар болды. АҚШ енді иммиграциялау шаралары жөнінде заң қабылдады. Иммиграция заңды және қолдау көрсетуі тиіс құбылыс ретінде қарады. Никарагуа мен Орталық Америкаға көмектесу туралы заң 1998 жылы қабылданды. Ал одан кейін 1998 жылы Гайти босқындарының иммиграциясы атты заң қабылданды. Яғни Клинтон және оның әкімшілігінің басты мәселелерінің бірі халықаралық туризм жағдайын жақсарту. Әлеуметтік қамсыздану мен қорғауды жүзеге асырды. 1997 жылы әйелдерге күш қолдануға қарсы күрес туралы заң қабылданды. Азамат құқығын қамтамасыз ету қызметін қаржыландыруды 47 млн. долларға көбейту арқылы, барлық американдықтардың құқықтарын қорғауға ұмтылды. Американ халқын қорғау барысында, осы халықтық құндылықтарына көңіл бөлді. Жергілікті шіркеулерді өртеу жайттары кең жайылғаннан кейін, 1995 жылы бұған күрес жүргізу үшін арнайы ұлттық топ құрылды. Олардың қызметі бұл қылмыстарға тергеу жүргізу, айыптарды сот жауапкершілігіне тарту және әділеттілік орнатуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды. 1997 жылы және 1998 жылы осы иммигранттардың тамақпен қамтамасыз етілуі мен емденуіне, мүгедектерге жәрдемақылары беруді енгізді. Бұның барлығы адам құқықтарын қорғау жүргізген әкімшіліктің қызметі болып табылады. Адам құқығын қорғау мен демократияны орнату Клинтон және оның әкімшілігінің негізгі принципі, өзекті мәселесі болды. Клинтон өзі орта әлеуметтік топтан шығып, бұл өмірдің бар қиыншылықтарын көргендіктен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күшін жұмсады.

.

Клинтон және оның әкімшілігі БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне «супердержавалар» Германия мен Японияны қосуға мүдделі болды. Себебі бүл екі елдің АҚШ-қа әлемдегі аймақтық жауапкершілік пен тұрақгылықты бақылауға көмегі болатынына сенді. Яғни, АҚШ-ты «әлемдегі жандарм» ролінен босату көзделді. Бұған дәлел Босния-Герцоговинадағы жанжалдарда Американың ұстанымдылығы болды. Халықаралық жағдай 1994 жылы шиеленіске түседі. Гаити, Босния-Герцоговина, Израиль-Палестина, Сомалидегі жағдайлар АҚШ-ты аландатты.

Гаитидегі жағдай 1994 жылы шиеленісінде Клинтон БҰҰ келісімімен осы елге демократиялық басшылық орнату үшін басып кіргеннен кейін өзгерді. Бұл мәселені шешуде Клинтонға тәжіриебелі Джимми Картер көмектесті. Оның АҚШ табысындағы бір үлесі осы Гаитиде генерал Роуль Седрас режимін тайдырып, оның орнын президент Жан Бертран Аристидті қалыптастырды. Қыркүйек айының ортасында Вестенция Республикасына енуге АҚШ әскері дайын тұрды, бірақ әскери жанжалды болдырмай мәселені бейбіт түрде Картер, Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы болған Колин Пауэлл мен сенатор Сэм Нанн шешті. Клинтон басшылығымен АҚШ Босниядағы жанжалдардың аяқталуына әсер еткен  бейбіт келіссөздерінде елеулі табыстарға жетті.

1994 жылы  Клинтон сыртқы саяси жағдайға  көңіл аударуға  мәжбүр  болды. Себебі қазан айында басшысы Саддам Хусейн Кувейт шекараларына 50 мыңдық әскери топқа өзінің бетке ұстарлы республикалық гвардияның құрамасын жіберді, ол АҚШ Парсы шығанағына мыңдаған әскер мен   жүздеген  ұшақ жіберіп, Иракты Кувейт шекарсынан өздерінің әскерлерін  әкетуге  мәжбүр қылды. Бұған қоса Американдық барлаушылар Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасын күшейтіп жатқанын және бұл ол өз арсеналында мүмкін кем дегенде бір атом бомбасы бар екенін байқады. Алғашқы дипломаттық  әрекеттер  мен  экономикалық санкция шаралары  еш нәтиже бермегендікген Корей порты түбегінде әскери жанжалының өршу қауіпі тұрды. Бұл қауіп 1994 жылдың шілдесінде бұрын президент болған Дж. Картер сол Кореяға сапарынан кейін жойылды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.