Бионика деген не ?

Главная » Рефераттар » Бионика деген не ?

Адам баласы бұрын соңды болып көрмеген техникалық дамуына жетіп, тұрмысқа қажетті энергия қуатын, материалдық шикізаттарды тікелей табиғаттың көзінен алу үшін, қуатты да «ақылды» машиналарды жасауда. Адам әлем кеңістігін (космос) игеру барысында неше түрлі автоматтық ғарыш кемелерін, жер серіктерін, планеталардың үстіне барып қонатын қозғалғыш және қозғалмайтын орбиталық ғарыштық станцияларды жетілдіре түсуде. Сонымен бірге мұхит мен теңіз тұңғиықтарын игеру басталды. Ғылым мен техниканың бір тұлға болып тұтасып кеткендігінің жарқын бір айғағының мысалы, (дәлелі) бионика бола алады. Бионика — гректің «тіршіліктің бастамасы» деген сөзі. Кейінгі жарты ғасыр ішінде ғылымда жаңа бағыт — бионика қалыптасты.
Биониканың пәнаралық ғылым немесе қазіргі уақытта ғылымдардың тоғысқан (қиылысқан) тобы деп те жүр. Олай дейтіні ол жаратылыстану мен инженерлік-техникалық ғылымдардың негізінде өмірге келген. Атап айтқанда бионика: биологиядан, химиядан, радиотехникадан кибернетикадан, биофизика мен зоопсихологиядан, аспаптар құрылысын және құрылыс істерінен жинақталған білімдерді қорытып, бір жүйеге келтіріп зерттейді. Сондықтан да биониканың эмблемасы үшін интеграл белгісімен қосылған скальпель және дәнекерлегіш кездейсоқ алынбаған. Скалпель — биологтың еңбегін, ал интеграл болса, математиктердің еңбегін бейнелейді. Осындай жан-жақты мамандықтардың бірігуінің негізінде құрылған бионика қазіргі уақытта шапшаң дамуда. Бионика да биология сияқты тірі табиғатты зерттеп, зерделейтін ғылым. Бірақ негізгі мақсаты ол тек техникамен тығыз байланысты. Бионика тірі табиғатты мұқият зерттей отырып, оның ерекшеліктері неде, қазіргі жетілдірілген техникадан қандай артықшылығы бар екенін жете түсініп, меңгеріп, қазіргі техниканың алдында тұрған мәселелерді шешу үшін инженерлердің қолына жаңа білім, әдістерді, тиімді принциптерді ұсынады. Шын мағынасында біздер тірі табиғаттың жасампаздығына таңданудан жалықпауымыз керек. Былай қарап отырсақ тірі табиғаттың шеберханасында адам өміріне үлгі аларлық заттар көп — ақ. Мысалы, адам өрмекшіден гидравликалық реттегішті үйренсе, жарқанаттан -ультра дыбыстың локаторларды, кальмалардан (моллюсканың бір түрі) реактивті двигателъді, барометр дәлдігін — бақа мен сүліктен, ал теңіз дауылын дер кезінде анықтауды — медузадан, жер сілкінуді анықтауды — теңіз қоңызы мен шегірткеден үйренген болатын. Сондықтан кейбір таңқаларлық ғажап қызық мәселелерді шешуде ғалымдар алдымен табиғат заңдылықтарына сүйенуі заңды. Адам баласының қажетіне жаратқан қай затты алмайық -бәрі табиғат туындылары. Олай болса әрбір жануардың өнертапқыштар мен конструкторларға ой саларлық өзіндік ерекшеліктері бар.
1957-1958 жылдары конструктор А.Ф. Николаев Антрактидаға барған сапарында пингвиннің үлпілдек қалың қардың үстінде тез жүретініне көңіл аударып, зерттеген болатын. Көп кешікпей сол зерттеудің нәтижесінде инженерлер қарлы жерлерде және кез-келген қолайсыз жағдайларда жүре алатын «ПИНГВИН» атты машина жасап шығарды.
Тірі табиғаттың инженерлерге ой салуының тағы бір айғағы масаның нәзік иіс сезу мүшесін пайдалану арқылы жасалғанын аспаптың пайда болуы. Аспап шахтерлер жер астында жүргенде улы газдардың пайда болғанын дер кезінде хабарлайды. Үнемі жер астын мекендейтін көртышқанның жерасты құрлыстары инженерлерінің назарынан тыс қалмай метро, т.б. жер асты құрылыстарын жасауда кеңінен пайдалануда, Көртышқанның жер қазу тәсілін пайдалана отырып «Живой бур» атты жер қазатын машина жасалды. Адам өзінің ұзақ тарихының дамуында саналы түрде немесе кездейсоқ болсын әр уақыт табиғаттың көптеген үлгі боларлық құбылыстарын пайдаланып келді. Мысалы, қазіргі тұрмыста пайдаланып келе жатқан кәдімге іс тігетін инені біздің ата-бабаларымыз ертеректе балықтың сүйегінен жасап, сол инемен аң терілерінен өздеріне киім тіккен. Ол бірте-бірте жетіліп қазіргі жағдайға жетті. Ортағасырда араб дәрігерлері көздің хрусталь құрлысын зерттей келіп, бір мөлдір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну қасиетін байқап, бір заттың көзге көрінбейтін ұсақ бөлшегін көруге арналған линзаларды жасаған.  Тірі табиғат ерте уақыттан бері ғылым мен техниканың қарыштап дамуына қызмет етіп, адамның ой-өрісінің шалқып өсуіне септігін тигізіп келеді. Қоғамның даму тарихында адам табиғаттан көріп, үйреніп, оның ұқыпты оқушысы болды және сол үлгілерді күнделікті тұрмыста үнемі пайдаланды десек қателеспейміз.
Гректің философы Демокрит былай деп атап көрсетіпті: «Адамдар өздерінің жаңашылдық пен өнертапқыштық қызметінің барысында үнемі тірі табиғатқа еліктеп отырады. Соның нәтижесінде біздер жануарлардан аса маңызды істерді үйрендік, атап айтқанда біз өрмекшінің оқушысымыз себебі, оған еліктей отырып іс-тоқу өнерін үйренсек, қарлығаштардан берік үй, құрылыс салуды үйрендік, аққу мен бұлбұлдан, т.б. әнші құстардан сызылтып ән салуды үйрендік. Табиғат ауыл шаруашылығында, т.б. салада да жетекші қызмет атқарды дей аламыз».
Табиғатты бар құбылысты тиімді пайдаланудың үлгісін біздер Италияның ірі оқымыстысы Леонардо да Винчидің (1452-1559) жұмыстарынан көреміз. Ол осыдан 500 жыл бұрын құстардың ұшу сырын бақылай отырып, нәтижесінде қанатын қағып ұшатын аппараттың жобасын жасаған болатын.
Кейінгі кезде биониктердің жұмыстарында органикалық дүниедегі түрлі байланыстар мен сигналдар жүйесі жақсы зерттеліп жүр. Қазір жануарлардың «тілін» үйренуге қол созып, олардың мінез-құлықтарын меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Бұл салада жасалынған жұмыстар да бар. Мысалы, аэ-ропорттар, құстар мен ұшқыштардың соқтығысып қалмауы үшін, сондай-ақ жүзімдіктерде, бақтарда тоғай мен басқа зиянкес құстарды қорқытатын сигналдар (хабарлаушы аппарат) жасалынады. Өсімдіктер мен жануарлардың қозғалу және тіреуіш жүйелерін балықтың, дельфиннің және құстардың дене пішіндерінің аэро және гидродинамикалық қасиеттерін зерттеу жұмыстарының нәтижесі биониканың ерекше бір бағыты — биомеханиканың қалыптасуына әкеліп соқты. Мұның өзі қазіргі таңда корабльдерді ұшақтарды, машиналарды жаңа типте жетілдіруге себепші болуда. Бионика біздің дәуіріміздің тез дамып келе жатқан ең басты ғылымының бірі және ғылыми-техникалық ревалюцияның қуатты тездеткіш күші. Ол ғылым мен техниканың бұрын соңды естіп көрмеген жаңа сатысына жеткізетіні сөзсіз болмақ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.