Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері

Главная » Рефераттар » Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері

Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің əлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, əсіресе, олардың ірі əкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында жəне мəдени, қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқаруымен сипатталды. XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көпұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары — Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының аумағы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нəтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дəлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897—1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің та- биғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай циф- рларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897—1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907—1916 жылдарда — 15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылы 33,0% 1917 жылы 55,7% дейін өскен де, осы екі онжыл- дық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал, қазақтары ба- сым облыстарда табиғи өсімнің едəуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда — 25,7%, Сырдарияда — 25,6%, Оралда — 20%, Семейде — 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың жəне басқа да ұлт өкілдерінің, империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты əсер еткендігін аңғаруға болады.

Ал, жалпы алғанда, XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар бүкіл өлке халқының 87%-ынан 95%-ына дейін құрады да, өлкеде бұлардан басқа татарлар, өзбектер, дүнгендер, мордвалар жəне басқа да ұлт өкілдері қоныстанды.

.

Ерекше назар аударатын тағы бір жайт — ол өлке тұрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кəсібіежелден кележатқанмал шаруашылығы болатын. Сонымен қатар, XX ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кəсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты. 1897 жылғы санақ бойынша, өлке халқының 55,4%-ы егіншілікпен шұғылданған. Сонымен, XX ғ. басындағы Қазақстандағы əлеуметтік-демографиялық ахуалға талдау жасаған кезде, жалпы өлкедегі патшаның отарлау саясатының кең белең алғандығын еркін аңғаруға болады: біріншіден, өлкедегі халықтың көпұлтты құрамының қалып- тасу үрдісі күшейе түсті; екіншіден, байырғы халықтың үлес салмағы кеміді де, келімсек халықтың, негізінен алғанда, орыстар мен украиндардың үлесі өсті; үшіншіден, қалалар мен олардағы халықтың біршама өсуі байқалып, оның құрамында метрополияның басқа аймақтарынан келген қоныс аударушылар мен отаршылдық- əкімшілік пен кəсіпкерлікке байланысты əлеуметтік жіктер мен топтардың басымдылығы толық аңғарылады.

XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркəсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркəсіп жатқызылды. Əсіресе, тау-кен өнеркəсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жəне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кəсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мы- салы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін жəне рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркəсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен жəне су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар жəне басқа да қалаларына жеткізіліп отырды.

Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркəсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кəсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Тек, 1912— 1914  жылдардың өзінде ғана ағылшын капиталистеріне қарасты «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы», «Солтүстік Каспий мұнай компаниясы» өлкенің арзан жұмысшы күшін пайдаланып, бəсекелестіктің болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдалана отыра, өздеріне өлшеусіз, ұшантеңіз пайда əкеліп жатты. Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркəсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс жəне шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге əкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бəрі кен өнеркəсібінің Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті. Өлке өнеркəсібінің біршама өсу жолын тұтас алып қарастырар болсақ, мұнда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кəсіпорындарды атап айтсақ, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын жəне т.б. кəсіпорындардың белгілі дəрежеде рөл атқарғандығы байқалды.

XX ғасырдың басында да Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік өнеркəсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Өйткені, олар бір мезгілде артта қалған отар аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралына айналған болатын. Ал, шын мəнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталған еді. Темір жол желілері Қазақстан аумағында XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан ірі темір жолының салынуына байланысты тартыла басталды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901—1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Сонымен қатар, ғасыр басында Троицк, Алтай жəне Жетісу темір жолдарын салу жұмыстары дами түсті. Əрине, өлкенің əлеуметтік- экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Əсіресе, олар сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бұл темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркəсіп орталықтарымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық нарыққа тартты. Қазақстанның əртүрлі өнеркəсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-зауыт бұйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар əкелінді. Сонымен қатар, қазақ даласында пайда болған темір жол станцияларына сол кезеңде халықтың біршама көп шоғырлануына байланысты олар өлкенің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-мəдени өмірінің ошақтарына айнала бастағанын көреміз. Осы кезеңде ірі темір жол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті. Мысалы,  1916 жылы Орынбор станциясында — 9720, Ақтөбеде 3263, Шалқарда — 5300, Қазалыда — 3600, Перовскіде — 1852, Түркістанда — 2984 адам тұрды. 1906—07 жылдары Петропавл (Қызылжар) станциясындағы тұрғындардың саны 3 мыңнан асқан.

Сөйтіп, осы кезеңде өлкедегі өнеркəсіптің біршама дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолдарының пайдалана бастауы — Қазақстанда жалпы жұмысшы табын қалыптастырудың бірден-бір əлеуметтік-экономикалық негіздерін қалауға себеп болды. Өлкедегі мұндай өзгерістер ғасыр басында одан əрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда 51 мың жұмысшы еңбек еткен 675 фабрика-зауыт кəсіпорындары болды да, ол жұмысшылардың 28 мыңға жуығы ірі өнеркəсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен су жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшылар саны ірі өнеркəсіп орындары мен транспортта өсе түсті. Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қазақстандағы жұмысшылардың жалпы саны 90 мыңға жетті.

Бірақ, жергілікті қазақ жұмысшылары көбінесе маусымдық жұмыстарға ғана тартылып, кəсіби мамандықтарының болмауынан тұрақты жұмыстармен қамтылмады. Тұрақты жұмыспен тек темір жол желілері мен тау-кен өндіріс орындары ғана біршама қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, өлкедегі тау-кен өндірісі, зауыт кəсіпорындары мен транспортта ғана жұмысшылардың шоғырлануы жоғары болды. Соған қарамастан, əлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркəсіп жұмысшыларының жағдайы Ресейдің өнеркəсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда əлдеқайда ауыр болды. Оған кəсіпорын қожайындарының өктемдігімен белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мұнай кəсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10—12 сағат, тұз өндірілетін кəсіпшіліктерде 14—16 сағатқа дейін созылды. Міне, осындай əлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген жəне кəсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерек- ше ауыр жағдайда болды. Осының бəрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын өздерінің əлеуметтік-экономикалық жəне қо- ғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, əлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін  алуына, əрине, патшалық Ресейдегі 1905—07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық жəне саяси дамуы дəрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркəсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-əрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.

Сөйтіп, 1905—1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси жəне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай жəне басқа да қалалардың кəсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.

.

Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ə. Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Сол кезеңдегі əкімшілік орындарына түскен мəліметтердің бірінде: «Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда» — делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар əзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқанлоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру жəне өлкеге земство енгізу сұралды.

Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын. Мəселен, 1905 ж. сəуірдің 2-інде Ақмола қаласындағы Халфин деген қазақ саудагерінің үйінде жиылыс өтіп, Петерборға барып петиция тапсыру үшін арнайы делегация сайлап жіберу мəселесі қарастырылған. Ақмола қаласында өткен осы жиылысқа əкімшілік орындарында тілмаштық қызмет атқарған Серкебаев, Кенжебаев жəне Сатыбалдиндер басшылық жасаған.

Қазақ даласынан петициялар арнайы делегация жіберу арқылы да, сонымен бірге жеделхатпен де жолданған. Петицияларды жазып дайындау ісінің басында негізінен сан жағынан аз болғанымен, саяси күрес қазанында қайнап, жаңадан қалыптасып, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция өкілдері тұрды. Ол жөнінде М. Дулатов:

«1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Се- мей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”,— деп жазды. 1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінің Қоянды жəрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жəне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Əуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мəселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші — қазақ жұртына зем- ство беруді сұраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петиция- ларды тілек қылған ірі мəселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мəселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,— деді.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1905 жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бұл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға жəне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне ұштасқан болатын. Бұл туралы Əлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-тұруы арқа- сында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды… Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мəселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала тұрғындары ұйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті».

Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын — Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға əрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат — 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады. Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның  барлық  жерін  байырғы  халықтың  меншігі  деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жəне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, əсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мəдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жəне т.б. қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы жəне мəдени- автономиялық дамуы туралы мəселе көтерді.

Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой- өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың ара салмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай əділетсіздікті түзетуге біршама əрекет жасап көрді. Нəтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға əр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ə.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов жəне Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депу- таттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мəселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мəселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негі- зінде ұсынды.

Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дəл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, трудовиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың арасында Ə.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа  тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы жəне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов — Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов — Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов — Торғай облысынан, Т.Алдабергенов — Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тəртібіне қойылған мəселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тартысын тудырған мəселелердің бастысы аграрлық жəне қоныс аудару мəселесі болды. Əсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Мəселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мəселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шаруаларына қазақ жерлерін тартып əперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бұл саясаты ашықтан-ашық ұлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нəтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня құрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Əрине, бұл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатын жергілікті халықтың атынан əшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бұқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.

.

Патша үкіметі 1907 жылдың 3 маусымында шығарған заңымен екінші Мемлекеттік Думаны да таратып жіберді. Бұл құжат, сонымен бірге, сайлау Заңына өзгерістер енгізді. Патша үкіметі Қазақстан мен Түркістанда пəрменді отарлау саясатын жүргізе отырып, Думада бұл аймақтардан депутаттардың болмағанын өзіне қолайлы деп тапты. Сонымен, қазақ депутаттары қатынасқан бірінші жəне екінші Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындай ешқандай заңдар қабылдаған жоқ. «3 маусым Заңының» өмірге келуімен бірге, қазақ зиялыларының Думаға артқан үміті де біржола сөнген еді. Дегенмен, «3 маусым Заңы» қазақ зиялыларын Дума арқылы жүргізуді көздеген саяси күрестен біржола ығыстыра алған жоқ. Олар Думадан тыс қала отырып, құрамы жағынан алғашқы екі Думадан анағұрлым консервативті, ұлыдержавалық бағыттағы үшінші Дума шеңберінде де мұсылман фракциясы, сібірлік депутаттар, солшыл кадеттер жəне басқа да одақтастары арқылы патшалықтың қазақ жеріндегі отарлау саясатына, «3-маусым Заңына» қарсы əрекеттерін тоқтатпады. Ал, жалпы алғанда, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің бірінші жəне екінші Дума жұмысына жəне оларға қатысты саяси шараларға қатысуы, əрине, олар үшін үлкен өмір мектебіне айналып, белгілі деңгейде өзіндік із қалдырды. Олар, біріншіден, империя жағдайында Дума сияқты «өкілетті» орынның, ең алдымен, орыс помещиктерінің мүддесіне, империялық мүдделерге қызмет жасайтындығына көздерін жеткізді. Ал, екіншіден, қазақ зиялылары Думаға қатысты шараларға араласа отырып, негізгі мақсатқа жету үшін жалпы халықтың саяси белсенділігін арттыру мен батыл қимыл-əрекеттердің қажет екендігіне де көздері жетті. Сондықтан да бұл ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін, ендігі жерде қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты жур- нал мен «Қазақ» сияқты бұқаралық газет шығарып, өздерінің ғасыр басындағы белсенді басталған қоғамдық-саяси қызметін одан əрі жалғастыра түсті.

«Айқап» журналы қазақ елінде 1911—1915 жылдары шығып тұрды. Оның шығарушысы жəне редакторы Мұхамеджан Се- ралин (1871—1929) болды. Журнал Қазақстандағы сол кезеңнің идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді. Оған Б.Қаратаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ж.Сейдалин жəне басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде негізгі мəселелер қатарында оқу-ағарту ісі мен аграрлық мəселе, яғни жер қатынастары, көшпенділердің дəстүрлі мал шаруашылығы жəне олардың отырықшылыққа көшуі туралы мақалалар көптеп жазылды. Сондай-ақ, журналда патша өкіметінің отаршылдық саясаты əшкереленіп отырды. онымен қатар, Орынбор қаласында 1913—1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми «Қазақ» газеті болды. Ол либерал-демократиялық бағыт идеяларын ұстанды.  Газет  редакциясында  сол  кездегі  қазақ  конституциялық-демократиялық партиясының жəне қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жəне басқалар қызмет істеді. Олар ең күрделі аграрлық мəселеде жерге Ресей патшалығының тарапынан мемлекеттік меншіктің күшін жою жəне оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.

Тұтас алғанда, қазақ өлкесінің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы əртүрлі көзқарастарда болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде шығып тұрған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде ұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін ақиқат жолымен жан-жақты көрсете білді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.