Біржан сал Қожағұлұлы

Главная » Рефераттар » Біржан сал Қожағұлұлы

Біржан Қожағұлұлы — әйгілі қазақ композиторы, әнші, сал-сері, қазіргі Ақмола облысының, Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбайдың тұңғышы, атасы Қожағұл қолында өсіп, тарихта Қожағұлұлы болып қалды. Жастайынан көзге түсіп ауыл арасында «әнші бала» атанып, халық әндерін орындап, өсе келе той-думандарға арнап шақыратын дәрежесіне жеткен Біржан өз жанынан да ән, өлең шығарып, ән орындап ел аралап онерді кәсіптік етеді. Өз замандастары секілді, Біржанда арнаулы өнер, білім мектебінің түлегі емес, халықтық дәстүрмен ән салып, домбыра шертіп, айтыс, тартыс, той, жыр, терме, коштасу т.б. өнер — мәдениетінің ортасында өсіп жетіледі, өнерлі ортада болып, өзіне ұнаған тұлғаларды ұстаз етіп қабылдайды. Біржанның ән орындау, композиторлық, ақындық тұрғысынан орындаушылық өнерін дамытты, ән, өлең шығармашылығы тарапынан кіргізген жаңалықтарымен музыка әдебиетімен өзіне тән орын алды. Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның қилы-қырлы қасиетті жайлары мен адамның бас бостандығы, ерекше тұлғалығы, жан-дуниесінің нәзіктігі, пәктігін, махабатты жырлауға арналды. Осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы, деп бағалаймыз.
Біржанның жан, тән, дене сұлулығына әнімен сәнді киініп, тұлпар ұстап мінген, аңшылыктың қызығына кұмарлығы, ел аралап өнерін танытқандығы оған «сылқым жігіт», «өнерлі жігіт», «айтыскер әнші» деп халық аузына көп ұзамай ілінгендіктен оған «Сал» деген деп атауында үлкен бір сыр болуы керек. Бұл әнде жастық шақтың от жалыны, салдық, серілікпен қатар, сұлулыққа ұмтылу, қызығу жырланады. Біржан сал өзіне дейінгі шарықтаған ән, айтыс, терме, жыр, орындаушылык мәдениетін барынша терең игерген өнер тұлғасы бола тұра, сап алуан атты ән-өлең шығармашылығы мен акындық-айтыс өнерімен де жаналық әкелген өнерші кейіпкер ретінде танылады. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» атты әндерінің мазмұны, құрылымы, орындаушылық шеберлігі жағынан тендесі жоқ шоқтығы биік туындылар болып саналады. Ал оның «Ақ серкем», «Телқоңыр», «Сұржорға», «Бұрылтай» шығармаларының кейіпкерлері: сұлу қыз, жел жетпес жүйрік тұлпар, жорға нәзік сезімді, кайталамас көңіл күйді, табиғат пен адамның жан, тән сұлулығын жырлап биіктей тұседі. Оған мысал: «Ләйлім-Шырақ», «Көлбай-Жанбай» әндері Ләйлім қызға деген ішкі жан толқынысы, көніл күйі суреттеледі. Осы такырыпка карама-қарсы «Жанбота», «Адасқақ» әндерінің тақырыбы бай-шонжарлар кейіпкерлері Азнабай, Жанботата — билеуші тапқа деген ішкі ыза-кегін, бос-бостандығын аңсап еңбекші халықтың жағына мүлдем шығады ол. Өмір сүрген заманының әділетсіздігіне, зорлык-зомбылығына деген наразылығы, өкініші «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есін алды» әндерінде айкын көрінеді. Біржан салдың әншілік, ақындық, орындаушылық, композиторлық шығармашылық өнерімен патриархал-феодалды заманның ескі көзқарасына, заңына, әлеуметтік әділетсіздігіне асқак әндері мен қажырлы жырларымен қарсы тұрған суреткер, өнерпаз ретінде танылып, қазақтың өнер, мәдениет әдебиетінен орын алады. Оған дәлел халықтық ән, күй, айтыс, ақындык, жыр мәдениетінен сусындаған Біржан сал, сол мектебін дамыта келе, Жаяу Мұса, Ақан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шашубай, Кенен, Әміре, Қали Байжанов, Қ.Бабақов, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, К.Байбосынов, М.Омаров т.б. болашаққа жалғастыруда. Ал әнші-ақын Біржансал шығармашылығының екінші кыры оның суырып салма ақындылығында, ақын Сарамен айтысы теңдесі жоқ, шоқтығы биік үлгі деп білеміз. Біздің заманымызға ақын-әншінің 44 шамасы әні жетті, өнер сүйгіш үлкенді-жас қауымының музыкалы-эстетикалы, көркемдік талғамын тәрбиелеп қанағаттандыруда. Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша дүниеге келген композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы (1946) опера және балет театрының сахнасынан мәңгілік түспейтін классикалы туынды болып, әлемге танылуы қазақ өнерінің шабытты шыңдарының бірі болғаны үлкен мақтаныш сезімге жетелейді. Айтыс 1871 жылы Талдықорған өлкесінің Қапал-Ақсу өңірінде өткен. Бұл айтыста махаббат әлемі, әлуметтік теңдік, бас бостандық, адам тағдыры, өнер, мәдениет, салт-сана жырланып, екі дарын иесі бірнеше күндер бойы айтысады. Екеуі де алғыр, елде атақты ақыпдық, әншілік оперімен танылған майталман екендігін халкына тағы да танытады. Біржан ақын Сараның ардақты, акылды әншілік, ақындық өнерін бағалай келе, онын бір жаманға қор болып сатылып бара жатқанын тілге тиек етеді, осы жайға қамыкқан Сара айтыс үстінде тыңдаушы жұртынан басына теңдік беруді өтінеді. Айтыс түркі тілдес халықтардың лирикалы-махаббат жырына айналып, 1898 жылы Қазан қаласында тұңғыш баспадан жарық көреді, 25 рет баспадан басылып шығады. Бұл көрсеткіш айтыстың маңызы зор, халықтың көркемдік-эстетикаға деген құштарлығының жоғары екендігін дәлелдей түседі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.