Бразилия

Home » Рефераттар » Бразилия
Рефераттар Комментариев нет

business-in-brazilБразилия—Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүние жүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны әдетте «тропик алыбы» деп атайды.

  • Жерінің ауданы — 8,5 млн км2
  • Халқы — 182 млн адам (2004 ж.)
  • Астанасы — Бразилиа
  • Мемлекеттік кұрылымы — федерациялык республика
  • Мемлекет басшысы — президент
  • Заң шығарушы органы — Ұлттык Конгресс
  • Мемлекеттік тілі— португал тілі
  • Ұлттық валютасы — реал
  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі — штаттар және федералдық округ

Бразилияның экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктерін және қолайлы жақтарын атаңдар. Бразилия қандай елдермен шектеседі?

Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен португал экспедициясы бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялады. Алтын мен асыл тастар іздеп таппаған португалдықтар өздері пау-бразил деп атаған ағашты осы жердің басты байлығы деп есептеді. Бұл ағаштан қызыл түсті бояу алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп атала бастады. Португалдықтар Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы қаласы және астанасы — Сальвадордың іргетасын қалады. Ұзақ уақыт бойы Португалияның отары болған Бразилия еуропалық елдер үшін шикізат көзіне айналды.

1808 жылы Наполеон армиясы Португалияға қарсы басқыншылық әрекетін бастағанда, король мен оның отбасын жедел түрде Рио-де-Жанейроға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді жүзеге асыруға белсене көмектескен Ұлыбритания ендігі жерде Бразилия жеріндегі ықпалын күшейтті. Рио-де-Жанейрода 14 жыл болған король Португалиядағы саяси жағдайдың ушығуына байланысты 1821 жылы Лиссабонға оралуға мәжбүр болды. Бразилияны басқару ісі вице-король деп жарияланған корольдің мұрагеріне тапсырылды. 1822 жылы вице-король Бразилияны төуелсіз империя деп жариялады. 1888 жылы 13 мамырда құлдыкты жою жөніндегі «Алтын заңға» кол қойылды. Үлкен саяси-әлеуметтік маңызы бар бұл заң монархиялық биліктің құлдырауына себепші болды: 1889 жылдың 15 қарашасында император тақтан түсіріліп, Бразилия республика болып жарияланды. Президенттік басқару орнаған жаңа мемлекет федерациялық жүйені қабылдады; байырғы провинциялар штаттарға айналды.

Жүз жылдан астам тарихы бар Бразилия Республикасында бірнеше рет сайлау жүйесі мен Конституция өзгертілді, жаңа ақша бірлігі енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдары ел астанасы Рио-де-Жанейродан арнайы салынған Бразилиа қаласына көшірілді. Құрылысы жағынан президенттік федерациялық республика болып есептелетін Бразилияның саяси-әлеуметтік дамуы қазіргі кезде салыстырмалы түрде тұрақты сипат алған. Елде 10-нан астам танымал саяси партия, кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Заң шығару билігіне ие Ұлттық Конгресс федералдық сенат пен депутаттар палатасынан түрады. Бразилия БҰҰ-ға (1945 жылдан бері) және көптеген халықаралық, аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше.

Brazil_DestinationТабиғаты және табиғат ресурстары. Аумағының 93%-ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік бөлігі, Бразилия таулы үстірті және Амазонка ойпаты орналасқан. Бразилияның ең биік нүктесі — Бандейра тауы (2890 м). Парагвай өзенінің жоғарғы ағынын Пантанал ойпаты (португал тілінен аударғанда «батпақты жер») алып жатыр. Тұтасымен ежелгі Оңтүстік Америка платформа-сында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға да бай. Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады, мұнда аса ірі Каражас кен орны (қоры 18 млрд т.) орналасқан. XX ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде өндірілген темір кенінің 19%-ы Бразилияға тиесілі болды.

Елде марганец пен алмастың, бокситтің, алтынның және полиметалдардың дүниежүзілік маңызы бар кен орындары барланған. Елдегі аса ірі Каражас кен орнында темір, түсті жөне сирек кездесетін металдардың мол коры табылған.

Бразилия асыл тастарымен, бағалы металдарымен де өйгілі. Соңғы жылдары Амазонияда алтын кен орындарының ашылуына байланысты ел жаңа «алтын дүрбелеңін» бастан кешіруде. Бүл Канада, АҚІН және ОАР-дың аса ірі алтын әндіруші компанияларының назарын аударып, ауданға алтын іздеушілер («гаримпейрос») легінің ағылуына себепші болды. Соның нөтижесінде соңғы онжылдықта алтын әндіру колемі екі есеге есіп, 80 т-ға жетті. Атлант мүхиты жағалауында мүнай қоры барланған. Минералды шикізат ел экономикасының оркендеуінің басты алғышартына айналған.

Бразилия жері, негізінен, әкваторлық жөне субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді.

Климаттық карта бойынша Бразилия жерінде температура мен жылдық жауын-шашынның таралуын анықтаңдар.

Экваторлық жөне субэкваторлық белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр, оларды бразилиялықтар сельва деп атайды. Бразилия жерінің 60%-ын алып жаткан сельвада ағаштардың 4 мыңнан аса түрі таралған, олардың көпшілігінің шаруашыльщ маңызы зор. Биіктігі 45 м-ге жететін сейба ағашынан мақтаға үқсас талшық — капок алынады, қазіргі кезде бүл пайдалы ағаш басқа елдерде де өсіріледі. Гевея ағашынан табиғи каучук алынса, махагонидің өте бағалы қызыл сүрегі жиһаз жасауға пайдаланылады. Сельвада тағамдық өсімдіктер (бразилия жаңғағы, ваниль, ананас және т.б) де мол. Елдің Бразилия таулы үстірті орналасқан бөлігінде жауын-шашын түсуінің маусымдық ерекшелігіне байланысты саванналар мен сирек ормандар — кампос өседі. Ылғалды кезеңде кампос орасан зор мал жайылымына айналады. Елдің оңтүстік-шығысында аса құнарлы қызыл топырақтар — терра роса таралған, климат жағдайлары да алуан түрлі тропиктік дақылдарды өсіруге қолайлы.

Ылғалды экваторлық ормандар алқабын дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен — Амазонка мен оның салалары кесіп өтеді. Жер бедерінің ерекшелігіне орай, таулы үстірттен басталатын озендер энергияға бай. Өсіресе шығыстағы Парана жөне Сан-Франциску өзендері бойында аса маңызды су электр станцияларының жүйесі орналасқан. Өзендер елдің ішкергі аудандарымен қатынасатын су жолы қызметін де атқарады.

Бразилияның қайталанбас табиғатын қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мөселесі халықаралық деңгейде көтеріле бастады. Соның нөтижесінде ғаламшарымыздың «өкпесі» деп аталатын мөңгі жасыл ормандарды кесіп, ағаш сүрегін шетке сатуға тыйым салынған.

45681399956212_960_639Халқы. Бразилия халқының саны 182 млн адам, яғни дүние жүзі түрғындарының 2,8%-ын, Латын Америкасы халқының 1/3 бөлігін қүрайды.

Орташа есеппен алғанда халық тығыздығы 1 км2 жерге 20 адам болғанымен, ел аумағы бойынша халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі Атлант мүхиты жағалауында шоғырланған. Мысалы, оңтүстік-шығыста халық тығыздығының көрсеткіші 70 адамнан асады. Елдің ішкергі аудандарында халық сирек қоныстанған. Бүл өсіресе солтүстіктегі ну орманды аудандарда айқын байқалады, мүнда халық тығыздығы 1 км2 жерге 2—3 адамнан ғана келеді. Соңғы онжылдықтарда қала халқының саны артуда, Бразилияда қала халқының үлесі 78%-ға жетті. Аса ірі қалалары — Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри.

Ел халқының 60%-дан астамын 29 жасқа дейінгілер кұрағанымен, халық санының өсуі баяулай бастады. XX ғасырдың ортасында ел халқы жылына орташа есеппен 3%-ға артса, казіргі кезде бұл көрсеткіш 1,2 %-ды құрайды. Қазіргі кезде туу көрсеткіші 1000 адамға 18, ал өлім 1000 адамга шаққанда 6 адамға тең.

Латын Америкасындағы, т.б. елдердегі сияқты, Бразилия халқының да нөсілдік жөне этностық құрамы өте күрделі (19-сызбанұсқаны қараңдар). Қазіргі Бразилия ұлтының калыптасуына монғол тектес нәсілге жататын жергілікті үндістер, XVI ғасырдан бастап осында қоныс аударған еуропалық жөне жұмыс күші ретінде Африканың батысынан өкелінген қара нәсіл өкілдері негіз болды. Ішкергі аудандарда тұратын үндіс тайпалары өздерінің өдет-ғұрыптарын, тілдерін сақтап қалған. Қазіргі кезде Бразилия жерін 180-нен астам тілде сейлейтін 200 үндіс тайпасы мекен етеді. Жағалауда тұратын үндістер еуропа-лықтармен жөне африкалықтармен араласуы нәтижесінде аралық нәсілдік топтар қалыптасты. XX ғасырдың басында Бразилия жеріне жапондар, арабтар жөне т.б. азиялықтар қоныс аудара бастады. Қазіргі кезде азиялыктар ел халқының 1 %-дан астамын құрайды.

Бразилиядағы мемлекеттік тіл — португал тілі, бұл тілде шағын үндіс тайпа-ларын қоспағанда ел халқының түгелге жуығы сөйлейді. Діни нанымы жағынан бразилиялықтардың көпшілігі — католиктер, елде протестанттар мен жергілікті діндёрді ұстанушылар да бар.

brazil-economicШаруашылығы. Бразилия экономикалык куаты, ресурстық және өлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық жөне дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. XX ғасырдың соңына қарай жиынтық ішкі өнімнің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондықка енді. Үлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды Ғалымдар Бразилия экономикасының дамуының бірнеше себептерін атап

көрсетеді:

  • елдің табиғи ресурстарға, соның ішінде минералды ресурстарға бай болуы;
  • үкіметтің экономиканы қайта құруға бағытталған арнайы бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асыру барысында жұмыс істеуі;
  • Бразилия экономикасына салынатын шетел инвестициясының артуы;
  • арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі;
  • ішкі тұтыну нарығы аясының кеңдігі.

Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдык ішінде аграрльщ елден индустриялы-аграрлык елге айналған Бразилияда казіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда елде қара жөне түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары карқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында төрт сала — болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету жөне мұнай химиясы шешуші рөл атқарды.

Бразилияның энергия балансында су энергиясы жөне мұнай мен газ (әрқайсысының үлесі 1/3) басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-дан астамы осы отынмен жүмыс істейді. Елдің мұнай көсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай көсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада «Петробраз» мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.

Елдегі электр энергиясының 96%-ы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана жөне Сан-Франциску озендері алабының энергетикалык қоры неғұрлым толық пайдаланылған (25-суретті қараңдар). Кдзіргі кезде Амазонка алабының корларын пайдалану қарқынды жүруде. Су энергиясы мен жергілікті боксит кенін пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүние жүзінде төртінші орынға шықты. Оңтүстік-Щығыста шоғырланған алюминий әндірісі, негізінен, АҢПІ пен Канада қаржысының есебінен өркендеуде. Қара металлургия саласында да шетел қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.

Елдің машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өшмінің 30%-дан астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау көсіпорындарьшда қазіргі кезде кажетті бөлшектердің барльны жасалады. Қазіргі кезде Бразилия жылына 2,3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүние жүзінде бесінші орынға шықты. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил», «Дженерал моторс», «Форд-Виллис», «Крайслер-ду-Бразил» жетекші орын алады. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника (танктер, су асты қайықтары, ұшақтар, реактивті қондырғылар) өндірісі жолға қойылған. Машина жасау өнеркөсібі электрондық жөне есептеу құралдарына деген сұраныстың 80%-дан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро агломерацияларында шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы— Бразилия экономикасының маңызды саласының бірі. Ел экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің келемі бойынша дүние жүзінде АҚПІ пен Франциядан кейін үшінші орын алады. Басты ауыл шаруашылығы дақылдары — кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршак, бидай, какао, мақта (28-суретті қараңдар).

Мал шаруашылығында ірі қара малдың үлесі жоғары, оның саны (177 млн бас) жөнінен Бразилия дүние жүзінде тек Үндістанды алға салады. Бразилия жерінің 2/3 бөлігіне жуығын ормандар алып жатыр, жалпы бағалы ағаш қоры жөнінен ел дүние жүзінде бірінші орын алады. Орасан зор орман байлықтары өлі де болса жеткілікті дөрежеде пайдаланылмай келеді. Жыл сайын Амазонка ормандарынан 50 мың т-ға дейін табиғи каучук өнімдері (латекс), балауыз, сондай-ақ жаңғақ жиналады. Оңтүстік аудандарда парагвай шайы (йерба-матэ) мен араукария сүрегін дайындау жүргізіледі.

Көлік катынасы салыстырмалы түрде жағалық аудандарда жақсы дамыған. Ішкі аудандардың табиғат ресурстарын игеру мақсатында салынған Трансамазония тас жолының басым бөлігінде қатты тосеніш қабаты жоқ. Қазіргі кезде темір жолдар бірыңғай жүйеге келтіруді қажет етеді. Елдегі тас жолдардың жалпы үзындығы — 2 млн км-ден асса, темір жол 22 мың км-ге созылып жатыр. Сыртқы қатынастар теңіз және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылады. Басты порттары — Витория, Сантус, Риу-Гранди, Рио-де-Жанейро. Теңіз кемелері Амазонка бойындағы Манаус портына дейін жетеді.

Сырткы экономикалық байланыстары. Ел экспортқа темір кенін, машина жасау өнеркөсібінің өнімдерін, бүршақ пен үн өнімдерін, кофе, какао, қант, жеміс шырындарын, боксит шығарса, мүнай, қүрал-жабдықтар мен көмірді және т.б. шеттен сатып алады. Жалпы алғанда, импорт көлемі экспорттан басым болғандықтан сыртқы саудаға кері сальдо төн. Бразилияның басты сауда өріптестері—ЕО елдері жөне АҚШ (оларға тауар айналымыньщ 1/4 бөлігі тиесілі), Латын Америкасы және Азия елдері. Елдің сыртқа қарызы көп болғанымен, қаржы күйзелісінен қүтқару мақсатында халықаралық үйымдар Бразилияға қомақты қаржы бөлуде.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.