Буддалық жүйе

Главная » Рефераттар » Буддалық жүйе

Буддалық философияның жалпы сипатымен танысқаннан кейін, оны нақты қарастыруға болады. Азап шегу туралы алғашқы ақиқатты Үнідстанның барлық философиялық жүйелерінде кездестіреміз. Бірақ Будда азаптың кездейсоқ болмайтынына көзі жетеді; ол барлық жерде, өмірдің барлық түрінде, барша тәжірибеде кездеседі. Бір қарағанда, рақат болып көрінетін нәрсе, шын мәнісінде, қайғы-қасіреттің көзіне айналады.

Екінші ақиқатқа келер болсақ, Будда оны себептіліктің талдауы-нан шығарған. Оның пікірінше, әлемдегі кез келген материалдық немесе психикалық құбылыс қандай да бір нәрсемен себептілік байланыста болады. Таза дербес күйіндегі, ештеңеге қатысы болмай-тын нәрсе жоқ. Сондықтан бұл әлемде ешқандай тұрақты нәрсе де жоқ. Барлық нәрсе өзгереді. Біздің азабымыздың да белгілі бір себептері бар. Бұл әлемде азаптың себебі туған кезден басталады. Өз кезегінде туылу біздің фәнилік нәрсеге деген құмарлығымыздан шығады. Сол құштарлықтың күші бізді фәнилік нәрсеге құмар етеді. Бірақ біздің қалауларымыз, негізінен, надандықтан туындайды. Егер біздің бұл дүниедегі нәрселер туралы нақты түсінігіміз болса және біз олардың өтпелі сипатын түсінетін болсақ, онда оларға деген құмарлық та болмайтын еді; сонда туылу тоқтар еді, ал онымен бірге бақыт-сыздық та жойылар еді.

Басқа нәрселер сияқты, азап та белгілі бір жағдайларға тәуелді болады, егер сол жағдайларды алып тастасақ, онда азап да жоғалады. Бұл азаптың тоқтауы туралы үшінші ақиқатқа жатады.

.
.

Төртінші, яғни азапты тоқтату жолдарына қатысты ақиқат сол азап шегуді шақыратын жағдайларды меңгеру туралы. Бұл жол сегіз саты-дан тұратын сегіздік игіліктің жолы ретінде белгілі.

Соларға жататын жолдар:

– дұрыс пікір;

– дұрыс жігер;

– дұрыс лебіз;

– дұрыс мінез-құлық;

– дұрыс өмір;

– дұрыс ынта;

– дұрыс зейін;

– дұрыс назар.

Бұл сегіз саты білімсіздік пен құмарлықты жойып, ақылды нұр-ландырады, сол арқылы асқан сабыр да пайда болады. Азап мүлде тоқтайды және жаңадан туылу енді мүмкін болмайды. Осы жағдайға жету нирвана болады.

Будданың ілімі жоғарыда сипаты берілген төрт ақиқатқа негізде-леді. Олар Будданың философиялық мәселелермен емес, адамды азаптан құтқаруға қатысты практикалық мәселелермен айналысқанын байқатады. Оның пікірінше, адамның азап шегіп жатқан кезде мета-физикалық мәселелермен айналысуы уақытты зая жіберумен бірдей нәрсе. Бірақ, теориялық пайымдарға теріс қараса да, Будда филосо-фиялық пікірталастан сырт қалмайды. Айталық, біз ерте кезеңдегі әдебиетте оған телініп жүрген мынадай теориялық ережелерді таба-мыз:

  1. Барлық нәрсе негізделеді, өзімен-өзі, дербес өмір сүретін нәрсе жоқ.
  2. Тұрақты ешнәрсе де жоқ. Барлық нәрсе өзі тәуелді жағдайдың өзгеруіне байланысты, өзгеріске ұшырайды.
  3. Сондықтан ешбір жан да, ешбір құдай мен басқа ешбір перманентті субстанция да жоқ.
  4. Бір ағаштың ұрығынан басқа ағаш туатын сияқты, бірінші ағаш қуарғанда, екіншісі өсетін сияқты, нағыз өмір де үздіксіз ағады, карма заңы бойынша басқа өмірді туғызады.

Кейін, Үндістан мен басқа да елдерде Будданың ізбасарлары оның іліміндегі философиялық теорияларды дамытады, нәтижесінде бірқа-тар буддалық мектеп пайда болады.

Олардың арасында төрт мектеп ерекше танымал болған.

Мадхьяма немесе шуньявада мектебі дүниені жалған (шунья) және барлық рухани және бейрухани құбылыстарды сағым деп біледі. Дүниеге деген мұндай көзқарас нигилизм (шуньявада) деген атауға ие болды.

Йогачара немесе виджнянавада мектебі де сыртқы объектілер шынайы емес деген пікірді қолдаған. Бізге сыртқы болып көрінетін нәрсе, шын мәнісінде,  біздің ақылымыздың идеясы ғана. Бірақ ақыл шынайы болуы тиіс. Ақыл шынайы емес деген пікір өзіне-өзі қарсы шығады, өйткені ақыл шынайы емес деген ойдың өзі өзін-өзі жоққа шығарады: ой ақыл қызметінің көрінісі болады. Бұл көзқарас субъек-тивті идеализм (виджнянавада) деп аталады.

Саутранта мектебі рухани және бейрухани әлемдер іс жүзінде бар деп есептеген. Егер біздің сырттан қабылдайтын нәрсеміздің бәрі жалған болса, онда біздің нысандарды қабылдауымыз да ақылдан тыс жатқан нәрсеге емес, ақылдың өзіне ғана тәуелді болар еді. Бірақ біз ақылдың кез келген нысанды (мысалы, жолбарысты) өзі қалаған жерде қабылдауға қабілетсіз екенін білеміз. Бұл біз қабылдайтын кездегі жолбарыс туралы идеяның бейрухани шындыққа, яғни жолба-рыстың өзіне ғана тәуелді екенін дәлелдейді. Осы идеяға немесе жолбарыс туралы түсінікке негізделіп, біз, аталған түсініктің себебі (жолбарыс) біздің ақылдан тыс жатады деген қорытындыға келеміз. Демек, сыртқы нысандарды ақылдан тыс өмір сүретін нысандар ретінде пайымдауға болады. Мұндай көзқарасты репрезентационизм немесе сыртқы нысандарды меңзеу теориясы деп атауға негіз бар.

Вайбхашика мектебі ішкі және сыртқы нысандардың шынайы-лығы туралы мәселеде алдыңғы мектепті құптайды. Бірақ ол сыртқы нысандарды тану тәсілдеріне қатысты басқа көзқараста болған. Вайбхашиктердің пікірі бойынша, сыртқы нысандар біздің ақыл туғызатын түсініктерден немесе олар туралы идеялардан емес, тікелей қабылданады, өйткені егер сыртқы нысан идеямен сәйкес қабылдан-баса, қайсыбір идеяға негізделіп, сыртқы нысан бар деген қорытынды жасау мүмкін емес. Бұл көзқарасты тікелей реализм деп атауға болады, өйткені онда сыртқы нысандар тікелей қабылданады.

Діни мәселелер бойынша буддизм екі мектепке бөлінеді. Олар: хинаяна және махаяна. Мадхьяма мен йогачара махаяна мектебіне, ал саутраната мен вайбхашика хинаяна мектебіне жатады. Бұл екі мек-тепті ерекшелеп тұрған ең маңызды діни мәселе нирванаға қатысты. Хинаяналықтар нирванаға жетудің мақсаты жеке тұлғаны азаптан құтқару деп біледі. Ал махаяна мектебінің өкілдері оның мақсаты – өзінің азаптарын тоқтату емес, кемел даналыққа жету және сол даналыққа қолы жеткен азат тұлға барша тіршілік иелерін азаптан құтқаруға талпынады.

Ежелгінің ұлы ұстаздары тәрізді Будда да өзінің нақылдарын әңгіме түрінде жеткізген, олар ұзақ уақыт бойы шәкірттен шәкіртке, буыннан буынға ауызша жеткен. Біз Будда ілімі туралы, негізінен, “Ілімнің үш қоржыны” (“Трипитака”) трактатынан білеміз, онда Буд-даның ойларын ең жақын шәкірттері жеткізген.

.

Бұл үш канонды еңбек “Виная-питака”, “Сутта-питака” және “Абхидхамма-питака” деп аталады. Бірінші еңбек мінез-құлық ережелерін қамтиды, екіншісінде уағыздар мен тәсілдер жиналған, үшіншісі буддалық философия мәселелерін қарастырады. Үш еңбек те ежелгі буддалық философияның ескерткіші болып табылады. Олар пали тілінде жазылған.

Уақыт өте келе Будда ілімін жақтаған ізбасарлардың саны көбейеді және олар әртүрлі мектептерге жіктеледі. Буддизмнің ең танымал діни мектептері — хинаяна мен махаяна. Бірінші мектеп оңтүстікте тамыр жайған және оны қазіргі кезде Цейлонда, Бирма мен Сиамда ұстанады. Бұл мектептің ауқымды әдебиеті пали тілінде жазылған. Бұл мектеп ең ортодоксальды, Будда іліміне ең адал деген атаққа таласады. Махаяна, негізінен, солтүстікте тараған: Тибетте, Қытайда, Жапонияда. Өзінің философиялық еңбектерін ол санскрит тілінде жазған және соның арқасында бұл тілде де көлемді буддалық әдебиет пайда болған. Оның үлкен бөлігі тибет және қытай тілдеріне аударылған және сол аудармалардың арқасында Үндістанда жоғалып кеткен көптеген санскрит мәтіндері қалпына келтірілген.

Буддизм көптеген елдерде өркендеген және сол елдердің ұлттық нақыштарын иеленіп, бұрынғы дін мен көзқарастардың әсерінен өзгерген. Соның нәтижесінде пайда болған буддизмнің діни мектеп-тері мен әртүрлі тілде жазылған философиялық еңбектердің саны өте көп, сондықтан буддалық философиямен толық танысу үшін линг-вистің білімі мен философтың терең ойын игерген адамның да өмірі жетпеуі мүмкін. Біз буддалық философияны қажетінше қысқаша сипаттап, түбегейлі түсінігін бермейміз. Ең алдымен, біз Будда ілімі-нің оған телініп жүрген сұхбаттары бойынша ең басты қырларын ашуға талпынамыз, кейін оқырманды әртүрлі мектептерде оның ізбасарлары жасаған буддалық философияның кейбір жүйелерімен таныстырамыз және хинаяна мен махаяна сияқты діни мектептердің қысқаша сипатымен аяқтаймыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.