Будданың этикалық ілімі

Главная » Рефераттар » Будданың этикалық ілімі

Бұл тарауда біз буддизм философиясының буддашыл этиканың негізіне алынған адам мен әлем туралы кейбір ең маңызды деген ережелерін қарастырамыз. Аталмыш ережелердің бір бөлігін Будда-ның өзі айшықты түрде баяндап берген. Біз келесі төрт ережеге тоқталамыз. Олар: а) тәуелді жаратылыс теориясы, ә) карма теориясы, б) өзгеру теориясы және в) жанның болмауы туралы теориясына.

а) Заттардың тәуелді жаратылысы (негізделген болмысы) туралы теория.

Рухани және материалдық әлемнің барлық құбылыстарының негізінде өздігінен және баршаға бірдей болатын себептілік заңы жатыр. Бұл заң (дхарма, немесе дхамма) саналы басшылықсыз, стихиялық түрде әрекет етеді. Бұл заң бойынша жеке бір құбылыстың пайда болуы (себеп) басқа жеке құбылыспен (салдар) қатар жүреді. “Себеп бар болса, оның салдары да пайда болады”. Барлық нәрсенің тіршілігі негізделген, яғни оның себептері бар. Ешнәрсе кездейсоқ, себепсіз болмайды. Бұл теория тәуелді жаратылыс теориясы деп аталады.

Сонымен, Будда барша қабылданатын нәрсенің басқа бір нәрсеге тәуелді болатыны туралы және, өз кезегінде, сол нәрсе ізсіз, нәтижесіз жойылып кетпейтіні туралы теорияны ұстанады.

Будда бұл теорияға үлкен мән беріп, оны Дхамма деп атаған. “Бастау мен Аяқталу туралы мәселені қояйық, – дейді ол . – Мен сендерге Дхамманы үйретемін. Бір нәрсе бар болса — басқа нәрсе пайда болады. Пайда болған бір нәрседенбасқа нәрсе пайда болады. Сол бір нәрсе болмаса – басқа нәрсе де пайда болмайды. Бір нәрсе тоқтаса – басқа нәрсе де тоқтайды”. “Кім себепті байланысты көрсе, сол Дхамманы да көреді; Кім Дхамманы көрсе, сол себепті байланысты да көреді”.

Біз бұл теорияның қолданылуын бақытсыздықтың пайда болуы мен оны жою туралы мәселеде көрген едік. Маңызы терең (көреген) әрі алуан қырлы болатын бұл теорияның басқа нәрселерге қатысты да терең әрі көпқырлы екенін біз төменде көрсетеміз.

ә) Карма теориясы

Карма туралы ілімге сену заттардың тәуелді жаратылысы туралы теорияның бір қыры ғана. Бұл ілім де, карма теориясы сияқты, жеке адамның болмысын оның өткен өмірінің салдары ретінде қарас-тырады, ал оның келешегі қазіргі тіршілігінің салдары болады. Бұл жаратылыстың тәуелділік теориясы тұрғысынан азап шегудің туын-дауын түсіндіруге байланысты жақсы түсіндірілген еді. Будда карма заңы деп себептілік заңының жалпы көрінісін түсінеді.

б) Жалпыға бірдей өзгеру мен тұрақсыздық туралы ілім

Барша тіршілік иесінің тәуелді жаратылуы туралы доктринадан  заттардың өткінші табиғаты туралы теория туындаған. Будда үйрет-кендей, барлық заттар өзгеріс пен ыдырауға бейім. Бүкіл бар нәрсе белгілі бір жағдайда пайда болатындықтан, сол жағдай жойылған кезде олар да жойылады. Бастауы бар барлық нәрсенің ақыры да бар. Барша тірі нәрсенің және заттар әлемінің өткінші сипаты туралы көптеген ақындар мен философтар айтып кеткен. Будда болса, бұл көзқарасты тұрақсыздық доктринасында логикалық тұрғыда тұжы-рымдаған. Оның ізбасарлары бұл доктринаны бір мезеттілік теория-сына дейін дамытады. Аталған теория бойынша, бүкіл тіршілік ететін нәрсе негізделеді, сондықтан олар тұрақсыз болады, сондай-ақ заттар қысқа уақыт шеңберінде де бірдей болмайды және уақыттың бір бөлінбейтін сәтінде ғана өмір сүреді.

г) Жанның болмауы туралы теория.

Өзгерудің заңы әмбебап болады: адам да, қандай да бір басқа жанды не жансыз жаратылыс та оның әрекет ету аясынан тыс жатпайды. Адамдардың көпшілігі адам бойында жан (атма) деп аталатын қандай да бір субстанцияның бар екеніне, оның денедегі өзгерістерге қарамастан, адам дүнигее келмей тұрып, бар болатынына, адам өлгеннен кейін ол бір денеден екінші денеге көшіп, өмір сүретініне сенеді. Будда өзінің негізделген жаратылыс және жалпыға бірдей өзгеру туралы теориясына сәйкес, сондай жанның болуын жоққа шығарады. Бірақ бұл жағдайда, өзгеру барысында немесе дамудың әртүрлі кезеңдерінде, яғни балалық шақта да, жастық пен кәрілікте де тұлғаның тұтастығын ол қалай түсіндіреді? – деген сұрақтың  туындауы заңды. Будда адам бойындағы бірдей субстан-цияның тұтастығын жоққа шығарса да, адамның өмірін құрайтын тізбекті жағдайлар ағынының тұтастығын жоққа шығармаған. Өмір – әртүрлі жағдайлардың үздіксіз қатары болады; олардың әрқайсысы алдыңғы жағдайға тәуелді болып, өз кезегінде, өзінен кейін болатын күйді туғызады. Сонымен, өмір эволюциясының тұтастығы оның барлық даму кезеңін қамтитын себептілік байланысқа негізделеді.

Тұтастық түні бойы жанып тұратын шырақпен жиі салыс-тырылады. Оның бір сәттегі жалыны сол сәттің жағдайына тәуелді болып, басқа жағдайға тәуелді басқа сәттегі жалыннан өзгешеленеді. Дегенмен, бұл жерде әртүрлі оттардың үздіксіз қатары айқын байқалады. Бір жалын өзінен ерекшеленетін, бірақ себептілік байла-ныстағы басқа жалынды тұтандыра алатындай, бір өмірдің ақырғы кезеңі басқа өмірдің басталу себебі бола алады.

Сонымен, бұл тұста жан тұжырымдамасы сананың үздіксіз ағымы туралы тұжырымдамаға алмастырылады.

Адам әртүрлі тұтастықтар жиынтығының, яғни бүтін материалдық дененің, материалдық емес ақыл мен тұлғасыз сананың шартты атауы ғана болады және оны дөңгелектердің, біліктердің, тертелердің және т.б. жиынтығы болатын арбамен салыстыруға болады. Адамның өмір сүруі сол жиынтыққа тәуелді және сол жиынтық ыдыраған кезде, адамның тіршілігі де тоқтайды. Жан немесе “мен” осы жиынтықты білдіреді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.