Бухгалтерлік есеп, мақсаттары, талаптары, функциялары

Главная » Рефераттар » Бухгалтерлік есеп, мақсаттары, талаптары, функциялары

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп теориясынан басқа басқару және қаржылық есептен тұрады. Бухгалтерлік есептің теориясы — бұл бухгалтерлік есептің жүйесінің ұйымдасуы, оның теоретикалық және әдістемелік және тәжірибелік негіздері. Қаржылық есеп шаруашылық операциялардың тіркеуін қамтамасыз ететін есептік ақпаратты дайындау және жинау жүйесі. Есептің осы түрі есептің түрлі объекттері туралы ақпаратты жинайды (қаржылар және қайнар көздер туралы), бухгалтерлік есептің едәуір бөлігін қамтиды. Қаржылық есептің мәліметтерін түрлі пайдаланушылар қолданады: ішкі (менеджерлер жөне ұйымның жұмысшылары) және сыртқы (кредиторлар, инвесторлар, салық ұйымдары). Қаржылық есептің мақсаты — қаржылық есептерді құрастыру, оның ішінде сыртқы пайдаланушылар үшін де, сондықтан оны барлық ұйымдар міндетті түрде жүргізуге тиісті. Қаржылық есепті жүргізу ережелері, қаржылық есеп беруді құрастыру тәртібі сияқты, заңмен анықталған және жалпы қабылданған принциптерге негізделген. Шаруашылық операциялар іске асырырғаннан кейін бухгалтерлік шоттарда көрсетіледі, сондықтан қаржылық есептің ақпаратын тексеруге болады және ол объективті. Басқару есебі басқару шешімдерді қабылдау үшін ұйымның ішінде қолданылатын ішкі есептік ақпаратты жинау үшін пайдаланады. Басқару есебі басшылыққа үйымның коммерциялық қызметін жоспарлау, бақылау және басқару үшін қажетті ақпаратгы анықтау, жинау, өлшеу, талдау және тапсыру жүйесі. Осы есептің түрін жүргізүге міндетті түрде қажет емес, оны қодцану туралы талап үйымның әкімшілігінен шығады; басқару есебінің жүйесіне басқа үйымдар әсер ете алмайды. Бухгалтерлік есепте (шаруашылық есептегідей) шаруашылық операцияларды көрсету үшін өлшегіштердің үш түрі де қолданады: табиғи, еңбек, ақшалай (1-ші сұрақты қара). Табиғи өлшегіштер есептің объекттері туралы сан көріністе ақпарат алу үшін қажет. Есептелетін объекттердің ерекшеліктеріне және физикалық қасиеттеріне қарай түрлі табиғи өлшегіштер пайдаланады. Объектер есептелуі мүмкін: шот бойынша: қолданады, мысалы, дана; салмағы бойынша: килограмм, тонна; көлемі бойынша: литр; ұзындығы бойынша: метр, гектар.

Табиғи өлшегішгер бағалықтардың (материалдардың, тауарлардың, негізгі құралдардың) есебінде және бақылауында колданады. Олар арқылы материалдар дайындау, өндірістің және өнім (қызмет, жұмыстар) өткізудің көлемдері бақыланады. Табиғи көрсеткіштерді біркелкі өлшегіштері бар біркелкі заттар және жұмыстар бойынша қорытындылауға болады. Еңбек өлшегіштер шығындалған жұмыс уақытын есептеу үшін қолданады. Оларға, мысалы: адам — күндер, адам — сағаттар жатады. Бұрын айтылғандай (1-ші сұрақты қара) еңбек өлшегіштер табиғи өлшегіштермен бірге қолдана алады. Ақшалай (қүн) өлшегіш есепте бірыңғай бағалауда объекттерді жинау үшін қолданады. Бухгалтерлік есепте ақшалай өлшегіш табиғи және еңбек өлшегіштермен бірге қолданады; бухгалтерлік есепте ол маңызды және әмбебап болып табылады. Қазақстанда ақшалай өлшегіштер бірыңғай жалпы көрсеткіш ретінде қолданады; олар түрлі сипатты операцияларды, түрлі қаржылар мен бағалықтарды есептеуге және оларды ақшалай бағалауда бірыңғай көрсетуге мүмкіндік жасайды. Осы өлшегіш арқылы; шаруашылық субъекттің жұмысын сипаттайтын көрсеткіштерді есептейді; есептің әр түрлі объектгері туралы көрсеткіштерді жинайды, кәсіпорынның кызметін бақылайды.

.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары және талаптары

1. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары: бухгалтерлік есеп берүдің ішкі пайдаланушыларына (басшыларға, құрылтайшыларға, қатысушыларға) және сыртқы пайдаланушыларға (инвесторларға, кредиторларға және т.б.) қажетті ұйымның қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және рас ақпаратты құрастыру; бухгалтерлік есеп берудің ішкі және сыртқы пайдаланушыларына қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету:

— шаруашылық операцияларды жүргізгенде кәсіпорынның Қазақстаннның зандылығын сақтауға бақылау жүргізү үшін;

— мүліктің және міндеттемелердің бар болуына және қозғалысына бақылау жүргізу үшін;

— бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға сәйкес материалды, еңбек, қаржылас, ресурстарды пайдалануға бақылау жүргізу үшін; я ұйымның шаруашылық қызметінің теріс қорытындыларына жол бермеү және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтін анықтау.

2. Бухгалтерлік есептің жүргізуіне мынандай негізгі талаптар қойылады: ұйымның мүлігінің, міңдеттемелерінің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі Қазақстан валютасында -теңгеде жүргізіледі; ұйымның меншігіндегі мүлікті осы кәсіпорындағы басқа заңды тұлғалардың мүлігінен жеке есептейді; ұйым бухгалтерлік есепті үздіксіз занды тұлға ретінде тіркеу уақытынан бастап Қазақстан Заңына сәйкес тәртіпте жоюға немесе қайта ұйымдастыруға дейін жүргізеді; мүліктің, міңдеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін ұйым екі жақты жазу арқылы бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыс жоспарына еңгізілген бухгалтерлік есептің өзара байланысты шоттарында жүргізеді; аналитикалық есептің мәліметтері синтетикалық есептің шоттары бойынша айналымдарға және қалдықтарға сәйкес болуға тиісті; барлық шаруашылық операциялар және түгендеудің қорытындылары бухгалтерлік есептің шоттарында өз уақытында тіркелуге міндетті; ұйымдардың бухгалтерлік есебінде өнім өндірісінің ағымдағы шығындары және айналымнан тыс активтерге салымдар жеке есептеледі.

Бухгалтерлік есептің функциялары

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп мынандай функцияларды орындайды: бақылау, ақпараттық, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, кері қайту байланыс, аналитикалық.

1. Нарык қатынастардың даму және меншік нысандарының түрлі болу жағдайларында бақылау функциясының мыңызы зор. Бухгалтерияның, аудиторлық фирмалардың, салық қызметтердің жұмысшылары кәсіпорындардың жөне үйьшдардың мүлігінің сакталуына, бар болуына, қозғалысына, мемлекетпен және шаруашылық қатынастардың басқа субъекттермен дұрыс және өз уақытында есеп айырысуларына бақылау жүргізеді. Бақылау — анықталған әрекеттердің дұрыстығын және зандылығын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілетін тексеру. Бақылаудың үш түрі бар: алдын ала, ағымдағы және келесі (қорытынды). Өткізу нысаны бойынша олар ұқсас және олардың мақсаты бір: іс жүзіндегі қорытындылар талап етілетін көрсеткіштерге өте жақын болуға мүмкіндік жасау. Олар өткізу уақыты бойынша бөлінеді. Шаруашылық операцияны өткізуге дейін алдын ала бақылау жүргізіледі, ағымдағы бақылау операция жүргізіліп жатқан уақытта, ал келесі (қорытынды) бақылау операция іске асырылғаннан кейін жүргізіледі.

2. Ақпараттық функция. Басқару жүйесінде орындалатын бухгалтерлік есептің негізгі функцияларының бірі. Бухгалтерлік ақпарат шаруашылық есептің барлық түрлерімен (оперативтік, статистикалық, бухгалтерлік) жоспарлау және болжау мақсатымен және ұйымның қызметінің стратегиясын және тактикасын анықтау үшін кең қолданады. Бухгалтерлік ақпаратқа барлық кезендерде мынандай талаптар қойылады: оперативті болу, рас болу, уақытында алу, объективті болу.

Ақпарат тиімді және жоғары сапалы болуға тиісті, яғни пайдаланушылардың қажетіліктерін максималды қамтамасыз ету үшін. Ақпарат қажетті мәліметтерді ғана ұстау керек (көрсеткіштердің минималді саны); артық көрсеткіштер шегертіледі. Ақпарат қажетті және тиімді болып, басқарудың әр түрлі деңгейлерінде пайдаланушылардың максималді санын қамтамасыз етуге тиісті.

3. Мүліктің сактауын қамтамасыз ету — нарық катынастар және меншіктің әр түрлі нысандарының болу жағдайларында өте маңызды функция. Осы функция есептің іс жүзіндегі жүйесінен және анықталған себептерден тәуелді: есеп жүйесінің жетілдіруі; жетіспеушіліктерді, ысыраптарды және ұрлауларды анықтаудың озат әдістерін қолдану; өлшеу және бақылау приборларды, өлшейтін ұсынысты қолдану; арнайы қоймалардың бар болуы; ақпаратты жинау, өңдеу және тапсыру үшін озат құралдарды пайдалану.

4. Кері қайту байланыстың функциясы. Бухгалтерлік есеп басқаруда қажетті кері қайту байланыс функциясын орындайды: басқару объектісінің дамуының іс жүзіндегі параметрлары жөнінде ақпарат құрастырылып, тапсырылады. Осы жағдайда кері қайту байланыстың ақпараттық жүйесінің негізгі компоненттері мынандай болады: енгізу — тәртіпке салынбаған мәліметтер; процесс — мәліметтерді өңдеу; шығару — тәртіпке салынған ақпарат. Бухгалтерлік есеп кері қайту байланыстың ақпараттық жүйесінің негізі болып табылады. Ол кәсіпорынның басқаруының барлық деңгейлерін объекттің іс жүзіндегі жағдайы туралы және бекітілген параметрлерден ауытқулар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті. Бухгалтерлік акпарат арқылы, кері қайту байланысты пайдалана отырып, іс жүзіндегі көрсеткіштер негізінде жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына бақылау жүргізіледі, кемшіліктер және өндірістің резервтері анықталады. Осы функцияны алғашқы құжаттардың ақпараты орындайды (мысалы, еңбек ақы есебі бойынша құжаттар шығарылған өнімнің, жасалған жұмыстардың көлемін анықтау үшін қолдануы мүмкін).

Бухгалтерлік есептің принциптері

1. Бірынғайлық принципі. Бухгалтерлік есептің мәліметтері кәсіпорынның мүлігімен басқару мақсаттарына, оның міндетгемелеріне және шаруашылық операцияларының мақсаттарына жауап беретін бірыңғай жүйе болып табылады. Шаруашылық процесстерге әсер етпейтін есептің барлық элементтері есеп жүйесінен артық ретінде шығарылуы керек.

.

2. Автономия принципі. Кәсіпорынның мүлігі жұмысшылардың мүлігінен қатал шектелген. Бухгалтерлік есепте жөне баланста нақты кәсіпорынның меншігі болып мойындалатын мүлікті ғана көрсету қажет. Кәсіпорын өзінің жұмысшыларына заңды тұлға болып қарастырылады.

3. Екі жакты жазу принципі — шаруашылық құбылыстарды, фактілерді, операцияларды үздіксіз екі жақты көрсету; жазу бірдей сомада бір бухгалтерлік шоттың дебетінде жөне басқа шотгың кредитінде бір мезгілде (қатар) көрсетіледі.

4. Жұмыс істейтін кәсіпорынның принципі. Кәсіпорьга жақындағы болашақта өз кызметін тоқтатпай банкротқа үшыраудан немесе жойьшудан қашады. Осы принцип арқылы активтердің бағалысы осы активтер арқылы алынатын болашақ табыстармен байланысады. Кәсіпорынның мүлігін бағалауда айтылған принциптің маңыздылығы зор.

5. Объективтік принципі (тіркеу). Барлық шаруашыльпс операциялар, егер олар есептің барльщ кезендері ағымында растайтьш қүжаттармен тіркелген болса, олар бухгалтерлік. есепте көрсетілуге тиісті.

6. Байқау (консерватизм) принципі. Анықтаусыз жағдайларына да есеп айырысу өндірісінде қажетті пікірлердің қалыптасуында сақтықтың анықталған деңгейі талап етеді; активтерді немесе табыстарды жоғарылатылмай, ал міңцеттемелерді немесе шығындарды — төмендетпей көрсетілуін. Осы принцип жасырьш резервтерді және шектен тыс қорларды жасауға, активтерді немесе табыстарды әдейі төмеңдетіп көрсетуге, міндеттемелерді немесе шығындарды өдейі жоғарылатып көрсетуге жол бермейді. Бухгалтерлік ақпарат сенімдік сапасын жоғалтушы еді, егер қаржылық есеп беру бейтарап болмаса.

7. Кәсіпорыннын шығьшдарьш бағалау принципі. Шығындарды пайдалану мерзімде есепте, баланста және есеп беруде іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша көрсету.

8. Табысты (өткізуді) тіркеу принципі. Өнімді өткізу кезеңін әр бір жеке кәсіпорын жеке анықтап, оны есептік саясатта бекітеді. Халыкаралык стандарттар өткізудің үш мүмкін кезін білдіреді: өткізу (түсіру) бойынша, жеткізу бойынша және сатушының немесе оның агентінің ақша алуы бойынша.

9. Сәйкестік принцип — бұл екі ағымдардың сәйкестігі: шығындардың және табыстардың. Есептегі кезеңнің табыстары шығындармен сәйкес болуға тиісті. Есептегі кезеңде осы кезеңнің табысы қамтамасыз еткен шығындар ғана есептеледі.

10. Тізбектік принцип. Кәсіпорынның есептік саясатында көрсетілген бухгалтерлік есептің ұйымдасуымен әдістерін және тәсілдерін қолдануда қатыстық тұрақтылықты сақтау.

11. Кезең принципі. Бухгалтерлік есептің әдісінің элементтерімен анықталған реттеулі баланстық жинақтау (балансты және есеп беруді жылға, жарты жылға, кварталға, айға құрастыру).

12. Құпиялық принцип — бұл ұйымның коммерциялық құпиясы, оны (жұртка жаю үшін) жариялау үшін заңмен жауапкершілік бекітілген.

13. Анықтаусыз принципі — болашақта ұзақ уақыт жұмыс істейтін кәсіпорындарға қатысты. Осы принципті сақтау есептік ақпаратты өткен және болашақ есептік кезеңдердің арасында бөлгенде тартым болашаққа беріледі. Кәсіпорынның қызметтін сипаттау үшін қолданылатын бағаны анықтаусыз белгілейді.

14. Ақшалай өлшегіш принципі — бұл шаруашылық құбылыстардың және процесстердің факттерін сан арқылы өлшеу және есептеу. Өлшем бірлігі ретінде мемлекеттің валютасы қолданылады.

15. Бухгалтерлік есепте «преемственность» принципі — бұл өз мемлекетінің ғылымының және тәжірибенің ұлттық дәстүрлеріне парасатты тарту.

Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы

Бухгалтерлік есеп Италияда іс жүзіне келді. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі және творчествосы үшін ауқаттылық жасаған менитік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жакты жазу жүйесі XIII — XIV ғ.ғ. дүниеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципальдік жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген. Одан ерте екі жақты жазу 1299-1300 ж. Францияда Шампань провинциясындағы фирмада анықталған. Бухгалтерлік есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж. Бенедетто Катрульи өзінің кітаптарында жазған. Ең бірінші есепті Лука Пачоли жүйелеуге бастады, ол 1494 жылы «Шоттар жөне жазулар туралы трактат» жазды, онда есептік жазулардың мағынасы ашылған. Оның кітабы қазіргі уақытта да актуалді болып отыр. Сол кезеңнің және қазіргі уақыттың бухгалтерлік есебін салыстырғанда анықталды: бұрын бухгалтерлік есеп жекеше меншік иесін ғана ақпаратпен қамтамасыз етті; барлық мәліметтер қүпия болатын; меншіктің және кәсіпорынның мүлігінің арасында шекара болған жоқ; есептік кезең және жұмыс істейтін кәсіпорын деген үғымдар болмайтын; қос бухгалтерияны пайдалану көптеген ақша бірліктерінің болуы қиындатады. Ресейде бухгалтерлік есеп ғылым ретінде XIX ғасырдың бірінші жартысында дами бастады. Оның негізін салушылар болып К.И.Арнольд (ал Мәскеуде бухгалтерлік есептің бірінші оқытушысы болды, ол Германиядан келді), И.Н.Ахметов (Петербургтің сауда фирмасының қызметкері), Э.А.Мудров (гимназиядағы математика және физиканың оқытушысы) болып табылды.

.

Бухгалтерлік есептің пәні

1. Бухгалтерлік есептің пәніне (анықтамасына) келсек — бұл кәсіпорынның жұмысы жөнінде және оның қызметіне бақылау туралы мәліметтерді алу мақсатымен арнайы қүжаттар арқылы белгіленген бір тәртіппен және үздіксіз көрсететін қаржылық-шаруашылық қызметке жинақтау және байқау жүйесі (2 сұрақты қараңыз), ал бухгалтерлік есептін пәні болып кәсіпорынның шаруашылық — қаржылық қызметі табылады. Осылай да айтуға болады: бухгалтерлік есептің пәні болып ұйымның мүлігі, түрлі салаларда оның қозғалысы қызмет процессінде және осы қызметтың қорытындысы болып табылады. Бухгалтерлік есептің пәні болып ақшалай бағалауда құрамы және орналасуы, қайнар көздері бойынша мүліктің жиынтығын және кәсіпорын қызметінің қорытындыларын көрсететін бір тәртіпке салынған және реттелген ақпараттық жүйе болып табылады.

2. Кәсіпорынның жұмыс барысында шаруашылық қаражаттың айналымы іске асырылады. Осы жағдайда жеке шаруашылық операциялармен анықталған қамтамасыз ету, өндіріс және сату (өткізу) процесстерін белгілеуге болады. Сондықтан, кәсіпорынның шаруашылық қаражатының бір бөлігі өндіріс саласында (мысалы, материалдар, құрал жабдық), екінші бөлігі — айналымда (дайын өнім, сатып алушыларға тапсырылған, кассадағы ақшалай қаражат, кәсіпорынның шоттарындағы ақша, есеп айырысулардағы қаражат). Одан басқа шаруашылық қаражат өндірістік емес салада болуы мүмкін (мектептер, бала бақшалар ж/е  т.б.). Осыған байланысты, бухгалтерлік есептін объекттеріне қаражат, өңдіріс саласында, тарату және айналым процессінде оның қозғалысы және олардың қалыптасу қайнар көздері мен пайдаланудың көздері жатады. Бухгалтерлік есептің объекттері немесе пәннің құрамындағы бөліктер : құрамы және орналасуы бойынша ұйымның мүлігі (шаруашылық қаражат), қалыптасу қайнар көздері бойынша мүлік (ұйымның міндеттемелері, оның капиталы ж/е т.б.), шаруашылық операциялар (қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесінде пайда болатын және оның мүлігінің және қалыптасу қайнар көздерінде өзгеріс шақыртып).

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.