Буын аурулары (Білу маңызды!)

Главная » Рефераттар » Буын аурулары (Білу маңызды!)

Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді.

Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді.

Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады. Медициналық тәжірибеге қарағанда, артриттен алдын ала сақтануға, ал адам науқастана қалса одан емдеп жазуға да болады. Артриттерден қалай емделуге, бәрінен бұрын олардан қайтсе сақтануға болады? Негізгі мәселе осында.

.

Практикада мынадай жағдай да жиі кездеседі: адам тұмау-сүзектен жазылып ыстығы қалпына түсіп, оның енді жұмыс істеуіне болады, «жазылды» деп жүргенде бірнеше күн немесе апта өткен соң күтпеген жерден адам-ның қолы не аяқтары қатты ауыра бастайды. Ауырған аяқтың буындары домбығып ісінеді, соның зардабынан адам аяғын қозғаудан қалады. Дене қызуы қайтадан көтеріліп, 38—39 градусқа жетеді, терлей беретін болады. Бұл жете емделмеген тұмау-сүзектің асқынып, буынға шапқан түрі. Мұны дәрігерлер ревматизм ұстамасы дей ді. 7—10 тәуліктен кейін ыстығы басылып, буынньщ ауырғаны да қояды. Медиктер «ревматизм буынды жалайды, жүректі қабады» деп босқа айтпаған. Өйткені ревматизмнен кейін жүрекке ақау туседі.

Басқа артриттер жүректі ауыртпайды, бірақ буынды домбықтырады, пішінін бұзады, оның бүгіліп-жазылуы нашарлап, адам жақсы жүре алмайтын болады. Осы айтылған жағдай болмасын десеңіз, буын ауруына соқтыратын кеселдерден сақтана білген жөн. Оның үшін жеке. бастың тазалығын сақтап, кезінде алдын ала егу шараларын жүргізіңіз, организмде қабынған ескі процестерді мұқият емдетіңіз. Денедегі қабынған ескі ауру — артриттің көзі. Сондықтан ескі аурудың қозуын күтпей, ауру адамды, әсіресе балаларды әбден емдетіңіз.

Аурудан сақтануда организмнің жақсы шынығуының маңызы зор. Салқын ызғарына үйренген, ылғалға көнбісті организм сыртқы ауаның құбылысына төзімді болатыны әркімге-ақ мәлім. Әрине, ондай адам ыстық суықтан қорықпайды, ауру оны тез жеңе алмайды. Сондықтан денсаулықты күйрететін ауруларға қарсы тұратын адамның сенімді досы бар. Ол — дене шынықтыру. Бұл мақсатқа жеткізетін түрлі су процедуралары, ауа ваннасы, спорттың кейбір түрлерімен туристік жорықтар.

Дистрофиялық буын ауруларынан сақтану үшін нерв жүйесі, эндокриндік ішкі секреция бездер жүйесі мен қоректік заттардың дұрыс алмаспауынан болатын ауруларды мезгілінде жете емдеп жазу керек. Буын ауруынан сақтанудың тағы бір жолы — семіз адамның салмағын кемітуге қолданғаң шара. Семірудің басқа зиянын айтпағанда, буынға түскен дене салмағының өзі артриттің пайда болуына жағдай туғызады.

Дистрофиялық және подагралық (белоктық зат алмасу процесінің бұзылуынан буынның жуандауы) артриттен сақтанудың басты бір жолы — тамақ режимін дұрыс сақтау. Еттен, әсіресе бүйректен, мидан, ұннан пісірген жәңе тәтті тағамды аса көп жеу адамды буын ауруына шалдықтырады. Артриттің басты досының бірі — ішкілікке салыну. Буын ауруларына сүттен және өсімдіктен жасалған тағамдардың шипалық әсері болады.

Халык арасына кең жайылған ауруларлың бірі — аяқтың үлкен бакайының қисаюы және табанның жалпаюы. Бұл аурулардан сақтану үшін аяқ киімнің тұмсырын кең, ал табан жалпайғанда ботинкенің ішкі жағына арнаулы көтерме (супинатор) салып тігу керек. Үлкен башайдың қисая бастағанын тоқтату үшін жанындағы башайлар аралығына нық оралған мақта саЛып, аяқтың басын жіңішке дәке бинтпен қьіса таңу керек.

Буындар қабынуына бірнеше әдісті біріктіріп қосарлы ем жасайды. Аурудың алғашқы қатаң кезінде дәрі-дәрмек беріледі, халі нашар болған күнде науқасты жатқызып қойып емдейді. Дерттің беті қайтқан соң, сондай-ақ созылмалы буын процестерінде дәріден басқа физиотерапиялық әдістер, сылау (массаж) және емдік гимнастикалар қоса жүргізіледі.

Кейде көптеген адамдар емдік гимнастика жасаудан қашады. Бірқатары ауырған буынын қозғағысы келмей, жанаярлыққа салынады. Уродан және басқа түрлі дәрі ішіп емделіп, жазылғысы келеді. Әрине, бұлай ету түсінбегендік. Қозғалтпаса ауырған буын түгіл, сау буын да біраздан кейін бүгілмей сіресіп, қатып қалады немесе зорға бүгілетін болады. Қозғалыссыз денеде, оның буындарында қоректік заттар алмасуы бұзылады, тағам бойға дұрыс тарап-сіңбейді, мұның өзі дене буындарына майдың және минералдық тұздардың шорланып артық жиналуына жағдай туғызады. Мұндай ауру адамның денсаулығы барған сайын нашарлай түседі, мінез-құлқы бұзылады, көңілсіз жүреді. Сондықтан буындары ұзақ ауырғаи адамға айтар кеңесіміз (әрине, дәрігермен ақылдасып), буынның шамалы ауырғанына қарамастан мін-детті түрде қозғалтып емдетіңіз дейміз. Ол емге мыналар жатады: гимнастика жасау, суда жүзу, қайық есу, жаяу жәке шаңғымен серуендеу, т. б.

Буындары ұзақ ауырған адамдар үшін арнаулы гим-настика жаттығулар бар. Оларды күніне бір рет, мүмкін болса 2—4 реттен жа-сап жүрсе, жақсы нәтиже береді. Мойын омыртқа буындары үшін:

1-жаттығу. Қолыңызды мықыныңызға қойып, кеудеңізді тік ұстап,- екі иықты шалкайтыңыз. Басыңызды еңкейтіп, иегіңізді төске таяңыз да дем шығарыңыз. Басыңызды мүмкіндігінше кейін шалқайтып, дем алыңыз. Мұны 6—10 ретке дейін қайталаңыз.

2- жаттығу. Басты оңға, солға бұрғанда иек иыкка тиетін болсын, сонда деміңіз еркінше алынады. Мұны да екі жакка 6—10 рет кайталаңыз.

3- жаттығу. Құлақ иыққа тиетін етіп басты алма кезек оңға, солға бұрыңыз, (бірақ иықты козғалтпаңыз). Мұны да 6—10 рет қайталаңыз.

Кеуде және бел омыртқалары үшін:

1- жаттығу. Екі аяқтың арасын екі иықтың тұсына келтіріп ашыңыз. Колдарыңызды мүмкіндігінше жоғары көгеріп, шалқайтып барып беліңізді қайқайтыңыз. Енді еңкейініз, қолыңызды алға созып, тізені бүкпей, саусақтарыңызды жерге тигізуге тырысыңыз, дем шығарасыз. Жайлап тік тұрыңыз, дем алыңыз. Осылайша 6—10 рет қайталайсыз.

2- жаттығу. Екі аяқтың арасын алшайта ашып тұрыңыз. Колыңызды мықынға қойып, (желкеге немесе жоғары көтеріп ұстаңыз) шамаңыз жеткенше оңға қисайыңыз, дем алыңыз. Енді тұрыңыз, дем шығарыңыз. Солға қисайып, дем алыңыз, тік тұрып дем шығарыңыз. Мұны да 6—10 рет қайталайсыз.

3- жаттығу. Шалқаңыздан жатып, алақаныңызды төмен жайып, қолыңызды екі жаққа созыңыз. Тізені бүгіп, төске жеткізіңіз. Бүгулі аяғыңызды оңға қисайтып, еден-ге жеткізіңіз, бірақ екі жауырынды еденнен көтермеуге тырысыңыз, әуелгі қалпыңызға келіңіз. Енді жаттығуды сол жаққа бұрып жасаңыз. Дем алу еркінше. Осыны 4 рет қайталаңыз.

.

4- жаттығу. Шалқаңыздан жатыңыз, қолыңыз екі жағыңызда болсын, алақаныңыз төмен қарасын. Бас пен мойын астына жастық қойыңыз. Әуелі екі аяғыңызды, одан кейін бөксеңізді беліңізге дейін көтеріп, аяғыңызды басыңыздан асырып, башайларыңызды еденге тигізуге тырысыңыз. Аздап кідіріңіз. Енді әуелгі қалыпқа келіңіз. Осыны 4—10 рет қайталаңыз. Әрбір істегеннен кейін кідіріс — үзіліс уақытын соза түсіңіз. Дем алу еркінше.

Бұл жаттығуларды қарттарға және қан қысымы артқан адамдарға жасауға болмайды.

5- жаттығу. Етпеттеп жатыңыз. Екі алақаныңызды иық тұсына келтіріп еденге тіреңіз, шынтақ аздап бүгіл-сін. Аяқты созып, басты көтеріңіз. Кеудені қолға сүйеп көтеріңіз (бірак аяқты қозғамаңыз), дем алыңыз, сөйтіп, әуелгі қалыпқа келіңіз, дем шығарыңыз. Мұны 6—10 рет кайталаңыз.

Саусақ буындары үшін: 1-жаттығу. Алақанды ашып-жұмыңыз. Мұны 20—40 рет қайталаңыз.

2-жаттығу. Қолыңызды жылы су құйған шылапшынға батырып отырып, бірінші жаттығуды жасаңыз.

3-жаттығу. Шалқадан жатып, қолыңызды жаныңызға көтеріп, алакандарыңызды төмен қаратыңыз. Қол басын 6—8 рет екі жағына бірдей бұрып козғалтыңыз.

Шынтақ буыны үшін: 1-жаттығу. Тік тұрып қолдың алақанын төмен қаратып созыңыз. Шынтақты иіп, саусақтарын бұғанаға жеткізуге тырысыңыз, дем алыңыз. Ілкі жағдайға қолды қайта келтіріңіз, дем шығарыңыз. Мұны 6—10 рет қайталаңыз.

2-жаттығу. Шалқадан жатып, екі қолды жоғары созыңыз. Қолға кішкене гантель немесе құм салған (салмағы 0,5—2 кг) қалта алыңыз. Шынтақты иіп гантельді бұғанаға жеткізуге тырысыңыз, дем алыңыз, қолды қайта созыңыз, дем шығарыңыз. Бұл да 6—10 рет қайталануы тиіс.

Иық буындары үщін: 1-жаттығу. Екі аяқты қосып тұрып, қолға ұзындығы бір метр немесе бір метр он сантиметрдей таяқты екі шетінен ұстап, бастан жоғары көтеріңіз, желкеден төмен арқаға түсіріңіз. Қайта көтеріп, таяқты керісінше әуелгі қалыбына келтіріңіз. Дем алу еркінше. Жаттығуды 8—16 рет қайталаңыз.

2-жаттығу: Екі аяқты қосып, қолды екі жаққа созыңыз, алақандарыңыз төмен қарасын. Дем алыңыз. Шынтақты бүгіп, екі қапталыңызды қысыңыз, саусақтарыңызды жазып иыққа тигізіңіз, дем шығарыңыз.

Қарды және қол басын артқа созып, дем алыңыз, енді қолды бастапқы қалпына әкеліңіз. Жаттығу 8—12 рет қайталансын.

Жанбас және тізе буындары үшін: 1-жаттығу. Шалқадан жатыңыз. Қолыңыз екі жағыңызға созылсын. Оң аяқты бүгіп, тізесін қолыңызбен төске тартыңыз, дем шығарыңыз. Аяқты қайта жазыңыз, дем алыңыз. Екі аяқты кезекпен бүгіп, мұны 6—10 рет қайталаңыз.

2- жаттығу. Тік тұрыңыз. Қолыңыз екі жаққа созылсын. Оң аяқты мүмкіндігінше жаныңа қарай көтеріп созыңыз, дем шығарыңыз. Аяқты түсіріңіз, дем алыңыз. Содан кейін сол аяқты көтеріп, созыңыз. Мұны да 6— 10 рет қайталаңыз.

3- жаттығу. Столдан бір, қадам шегініп, қолыңызбен стол шетіне сүйеніңіз. Екі аяқты кезекпен артқа созыңыз, бірақ тізе бүгілмесін. Бұл 6—12 рет қайталансын. Дем алу еркінше.

Тізе буыны үшін: 1-жаттығу. Орындықтың шетіне отырыңыз да оң аяқты екінші орындыққа тіреңіз. Содан кейін аяқ басын екі қолыңызбен ұстап, тізені жайлап бүгіңіз, дем шығарыңыз. Аяқты түзетіңіз. Аяқты созғанда қолмен қысып қарсылық жасаңыз, дем шығарыңыз. Екі аяқты кезекпен 4—8 рет қайталаңыз.

2- жаттығу. Орындық арқасынан ұстап, еденге отырыңыз, бірақ еденнен өкшеңіз көтерілмесін, дем шығарыңыз. Тұрыңыз, дем алыңыз. Мұны 6—12 рет қайталаңыз. Осы жаттығуларды аяқтың ұшымен тұрып жасап көріңіз, 6—8 рет қайталаңыз.

3- жаттығу. Қілем үстіне барып тізерлеңіз, аяқ басын бүгіңіз, содан кейін өкшеңізден отырыңыз. Әуелгі қалыпқа оралыңыз. 6—12 рет қайталаңыз. Дем алу еркінше.

.

Толарсақ және жалпақ табан үшін: 1-жаттығу. Орындыққа отырыңыз. Аяқты еденнен көтермей басы мен өкшесін алма кезек көтеріңіз. Мұны да 20—40 рет жасаңыз.

2- жаттығу. Орындыққа отырыңыз. Оң аяқты аздап көтеріңіз. Аяқтың басын өзіңізге қаратып және төмен түсіріп кезек-кезек бүгіп жазыныз. Сол аяқпен де осыны жасаңыз. Бұл да 10—20 рет қайталансын. Бұдан кейін екі аяқ басымен кезек-кезек айналма қозғалыс жасаңыз. Мұны 6—10 рет қайталаңыз.

3- жаттығу. Жалпақтығы 5—6 см тақтай жиегіне жақын тұрыңыз. Орындық арқасынан ұстап шама келгенінше аяқ басымен жоғары көтеріліп, өкше еденге тигенше қайта төмендеңіз. Мұны да 20—40 рет жасайды. Дем алу ерікше. Еденде жасалатын жаттығулардың бәрін кілем үстінде орындаңыз.

One thought on - Буын аурулары (Білу маңызды!)

  • Колым үнемі мұздап жүреді. жии жаны кетіп калады .сосын катты сыркырап ұйып аурады .анализдерм жаксы.кандай ауру .кандай еми бар жауап бериндерши

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.