Буындар биомеханикасы және буын түрлері

Home » Рефераттар » Буындар биомеханикасы және буын түрлері
Рефераттар Комментариев нет

Буындар биомеханикасы туралы болатын және буын түрлері туралы реферат. Адам ағзасы үшін буындардың үш түрлі маңызы бар. 1. Денені белгілі бір күйде ұстап тұруга жәрдемдеседі; 2. Дене бөліктерін бір-біріне жақындатып, алыстату рқылы қозғалтады; 3. Денені кеңістікте жүргізіп-тұрғызады. Эволюциялық даму барысында бұлшықет қызметінің әр түрлі болуына байланысты сүйектердің байланысу пішіні мен қызметі түрліше болды. (Онымен осы кітаптың биомеханика бөлімінде толық таныса аласыз.)

Буын бетінің пішіні айналмалы геометриялық пішіндерге ұқсас болып келеді. Мысалы, буынның беті цилиндр тәрізді болса, қозғалыс бір білік (шүлдік) бойымен жүзеге асады, егер буынның беті сопақ (эллипис) болып келсе, — екі білік бойымен; буынның беті шар тәрізді болса, онда козғалыс көп біліктің бойымен қимылдайтын болады.

Буындарда қозғалу үш білік бойымен жүреді. 1. Білік бойымен қозғалғанда сүйектер буында бүгіледі, яғни буындасқан сүйектердің бұрышы тарылады да жазылады, сөйтіп буынның бұрышы үлкейеді. 2. Қозғалу сагитальды білік бойымен өткенде бұлшықеттер ортаға жаңындайды, сондай-ақ бұлшықеттер орталықтан алыстайды. 3. Қозғалу немесе айналу тік білік бойымен өткенде бұлшықеттер ішке және сыртқа бұралады. 4. Айналу немесе шеңберлі қозғау кезінде бір біліктен екінші білікке ауысып, бір сүйектің басы шеңбер сызғандай болса, жалпы сүйек сопақ сызыктың боиымен козғалады. Буындаскан сүйектерді тартса, буын шамалы сырғи жылжып, бірінен-бірінің алшактағаны байкалады. Мысалы, саусактарды созса, сыртылдаған дыбыс естіледі.

Буынның козғалуы буын бетінің пішініне тікелей байланысты. Оның көлемі буын беттерінің бір-біріне каншалықты кірігіп беттесуіне тәуелді болады. Мысалы, егер буынның бетіндегі ойыстың кеңдік доғасы 140°-ка тең, ал оның дөңесі (жіліктің басы) 210°-ка тең болса, онда козғалу доғасы 70°-ке тең болып шығады. Осыған орай, буын беттері көлемінің айырмасы каншалыкты көп болса, крзғалу доғасы да (көлемі де) соншалыкты көп және керісінше.

Буындағы козғалу көлемінің азаюына беттер көлемінің айырмашылдығынан баска, буындағы козғалысты тежейтін байламдар, бұлшыкеттер, сүйек дөңестері мен өсінділері және т.б. әсер етеді. Бұлар әсіресе күш жұмсап, ауыр жүк көтеретін жұмысшыларда және әр түрлі спорт түріне байланысты күшті жетіледі. Мысалы, иык буынының қозғалу көлемі ауыр атлетикамен шұғылданушылардан гөрі жеңіл атлетикашыларда үлкен болады. Буындардың тежелуі күшейген сайын оның қозғалу көлемі кемиді, ондай буындарды катты (берік) буындар деп атайды.

Буынның әр түрлі дәрежеде қозғалуына буындағы шеміршек те әсер етеді. Екі білік бойымен қозғалатын шықшыт буынында шеміршекті тегеріш болғандықтан, үш түрлі козғалыс болады.

Байламдардың орналасу заңдылыктары. Буын байлам арқылы берік болады. Байламдар (Іщатепіа) буынның жұмысын ұстап және бағыттап тұрады, сондыктан олар ұстайтын және бағыттайтын байламдар болып екіге бөлінеді. Адам денесінде байламдар өте көп болғандықтан, оларды оқып жаттығу үшін байламдардың орналасу заңдылығын білу қажет. Байламдар (сіңірлер) буындағы козғалысты буын бетінің біліктік қозғалу бағытына лайықтап тұратындықтан, әрбір буындағы білік санына және оның жағдайына қарай орналасады: а) біліктің айналу бағытына перпендикуляр; ә) көбінесе біліктің ұшына орналасады.

Байламдар буынның козғалу жазықтығына бағытталып жатады. Мәселен, саусақ сүйектеріндегі буындар маңдай білікті қозғататын болғандыктан, олардың бағыттаушы байламдары екібүйірінде тік орналасады, ал көп білікті жамбас ұршығының буынында байламдар әр түрлі бағытта орналасқан.

Буындардың түрлері және пішіндері. Буындарды буын беттерінің санына, пішініне және олардың қызметіне қарай жіктейді.

Буынды буын беттерінің санына қарай жіктеу. Жай буын кезінде сүйектер бір-бірімен екі буын беті арқылы ғана байланысты. Оған саусак сүйектерінің буындары мысал бола алады. Күрделі буын буынның қуысы шеміршек аркылы екіге бөлінетіндіктен екі қуысты (камералы) буын деп те аталады. Егер буындағы шеміршек тегеріш тәрізді болса (шықшыт буындағыдай), буынның қуысы толық бөлінеді, ал ондағы шеміршек жарты ай (төсем) тәрізді болса (тізе буынындағыдай), буынның қуысы толық бөлінбейді.

Күрделі құрама буын атқаратын қызметі бірдей, дара-дара орналасқан бірнеше буындардан түзіледі. Бұған екі шыкшыт буындары, білек сүйектерінің екі басындағы буындар, т.б. жатады. Аталған буындар жеке-жеке орналасса да қозғалу қызметі барлығына ортақ келеді.

Буындарды пішіні мен қызметіне қарай жіктеу. Буынның қызметі оның козғалу, айналу білігінің санына қарай анықталады. Ал, буын қозғалу білігінің саны буын беттерінің пішініне тікелей қатынасты. Мысалы, буын цилиндр пішінді болса, ондағы қозғалыс тек бір біліктің бойымен ғана жүзеге асады. Мұндайда цилиндр төрізді буын беті (жіліктің басы) тік орналасса, қозғалыс тік біліктің бойымен, ал ондай буынньщ беті (жіліктің басы) көлденең жатса, онда көлденең біліктің бойымен қозгалатын болады.

Буын шар пішінді болса, онда ол шардың шеңберіне сәйкес бірнеше біліктің бойымен айналып, козғалады. Сондықтан буындағы біліктің саны мен буын беті пішінінің арасында тығыз байланыс бар. Қозғалу мүмкіндігі буын бетінің пішініне қарай анықталады. бұдан біз буын пішіні мен оның атқаратын қызметі арасында диалектикалық негіз жатқанын кереміз. Осы негізге сүйене отырып, буынның атқаратын қызметі мен құрылысы бойынша топтарды талдауға болады. Сүйектердің бір-бірімен түйісуі, жанасуы, беттесуі, қабаттаса байланысуына қарай буындардың пішіндері де сан алуан болады, атап айтқанда: цилиндр төрізді, шығыр тәрізді, ершік тәрізді, жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді және жазық пішінді болып келеді. Буындар пішіндеріне сәйкес білікті айналып қозғалады. Сейтіп, буындар қозғалу сипатына қарай бір білікті, екі білікті және үш немесе кеп білікті буындарға бөлінеді.

Бір білікті буындар — бір біліктің бойымен қозғалатын цилиндр және шығыр тәрізді буындар.

Цилиндр тәрізді буын — буындасушы беттері (сүйектің басы) тік цилиндр тәрізді буындар. Буынның басын буын ойығы қаптайды. Білік айналғанда буынның басы мен цилиндр қоса қимылдайды, яғни білік тік қалпында айналады. Бұл білік буындарда сүйек білігінің ұзындығына сай келіп, түзу жазықтықта жатады.

Шығыр буын цилиндр тәрізді буынның бір түрі айырмашылығы сүйектердің біреуіндегі буындасушы бетте ойыс шұңқыр болады да екінші сүйектің буын бетіндегі қырлы ұшы, өсіндісі ойысқа тіреліп, айналу білігі сүйек білігіне келденең жазықтықта тік орналасады. Сондықтан да мұндай буын көлденең буын деп те аталады. Бұл жағдайда осы біліктің бойымен буын жазылып-бүгіліп қана қозғалады. Бұған саусақ буындарының қызметі мысал бола алады.

Шығыр буынының қозгалысын тек бір бағытта сақтап тұратын өзек қозғалу білігіне тік орналаспай, шамалы бұрыш жасаса, онда буын қозғалған кезінде бұрышқа қарай шамалы жылжиды. Мұндай буын айналма шығыр буыны деп аталады. Бұған шынтақ буынындағы токпан жілік пен шынтақ жілік арасындағы буынды мысалға айтуға болады.

Буындағы байламдардың орналасу заңдылығы бойынша цилиндр тәрізді буында бағыттаушы байламдар тік білікке, ал шығыр буында маңдайлқ білікке және солардың бүйірлеріне қарай орнығады. Байламдардың дәл осылай орналасуы сүйектердің қозғалуына кедергі жасамайды, қайта сүйектерді белгілі қалыпта ұстап тұруға жәрдемдеседі.

Екі білікті буындарға жұмыртқа тәрізді, ершік тәрізді және айдарша тәрізді екі біліктің бойымен қозгалатын буындар жатады.

Жұмыртқа немесе эллипс тәрізді буын бір сүйектің буындасушы беті дөңес, екіншісінікі ойыс, буындасатын беттері эллипс тәрізді болғандықтан осылай аталған. Ңозғалыс өзара тік келген екі көлденең біліктер арқылы жүзеге асады. Бұл біліктердің біреуі сагитальды, екіншісі маңдай жазықтықта жатады. Осыған орай буындасушы сүйектер маңдай білік бойымен айналғаңда буын бүгіліп-жазылады, ал сагитальды білік бойы-мен сйналғанда сүйектерді алыстатып, жақындататын қозғалыс пайда болады. Бұл шыбық сүйек пен білезік сүйектерінің арасындағы буынды және шүйде мен ауызомыртқа арасындағы буындар.

Ершік тәрізді буын екі ершік тәрізді буын беттерінің бір-бірімен айқасып байланысуына негізделеді. Мұңдай буындағы сүйектің басы ұзына бойымен, ал екіншісі оған көлденең бағытта қозғалады. Сөйтіп, бұл буында бір-біріне тік келетін маңдай біліктің бойымен (бүгілу және жазылу) және сагитальды біліктің бойымен (алыстау және жақындау) қозғалыс жүзеге асады. Білезік сүйектеріндегі көп бұрышты үлкен сүйек пен бірінші орналасқан алақан сүйегінің арасында осындай қозғалыс, соның нәтижесінде буындар бүгіліп жазылып, алыстап-жақындап қозғалады. Екі білікті буындағы қозғалыс бір біліктен екінші білікке ауысу арқылы айналма-шеңберлі түрде өтеді.

Айдарша буынды жұмыртқа тәрізді буынның бір түрі деп қарауға болады. Буынның дөңес басы жұмыртқаға ұқсас айдаршалы болғандықтан да оны буын деп атайды. Буындасқан екінші сүйекте айдарша тәрізді буын басына сүйектегі ойыс буын беті сәйкес келеді. Мұндай буында қозғалыс маңдай біліктің жәрдемімен жүзеге асады. Айдарша буын шығыр тәрізді буыннан жұмыртқа тәрізді буынға өтетін аралық буын.

Айдарша буынның шығыр тәрізді буыннан айырмашылығы — буын беттерінің пішіндерінің бір-біріне ұқсамайтындығы. Сондықтан айдарша буын шығырдай емес, екі білікті қозғалта алады. Ал, айдарша буынның жұмыртқа тәрізді буыннан айырмашылығы — онда буын бастарының кәптігі. Айдарша буындарда көбінесе бір-біріне сагитальды орналасқан екі айдарша бар. Бұған тізе буынындағы ортан жілік басындағы айдаршалардың бір буын қапшығында болуы немесе ауызомыртқа мен шүйде буынындағыдай айдарщалардың жеке-жеке буын қапшығында орнығуы мысал болады.

Айдарша буынындағы буын басқа кәдімгі жұмыртқа тәрізді болмағандықтан, оның екінші білігі (тізе буынындағыдай) тік білікті болады. Егер айдаршалар буын қапшықтарында жеке-жеке орналасса, ондай айдарша буынға ұқсайды. Егер айдаршалар бір-біріне жақындасып, екі жері буылтықты цилиндр (шығыр) тәрізді пішінде болады. Мұндай жағдайда айдарша буын беті шығыр буынға ұқсас қызмет атқарады.

Көп білікті буындар — көп біліктің бойымен қозғалатын шар тәрізді, жаңғақ тәрізді және жазық буындар.

Шар тәрізді буын буындасушы беттердің бір жағы шар тәрізді, екінші жағы ойыс болып келетін ең қозғалғыш буын болып табылады. Шар тәрізді буында қозғалыс өзара тік орналасқанда үш білік арқылы немесе шексіз білік арқылы жүзеге асады. Сондықтан бұл буында бүгу, жазу, алыстату, жақындату, ішкі және сыртқа бұрудан басқа айналмалы қозғалыстың да жүзеге асуы мүмкін.

Енді шар тәрізді буынның бір-біріне тік келіп, жілік басының ортасынан өтетін үш білік арқылы қозғалу мүмкіндігінен қарастырайық. Егер қозғалыс кәлденең біліктің бойымен маңдай жазығына және алға қарай бұрыш жасаса, онда бүгілу және жазылу, қозғалысы пайда болады.

Егер сагитальды (алдынан артына қарай) біліктің бойымен қозғалса, онда денеден алшақтау және денеге жақындату қимылы жасалады.

Егер тік біліктің бойымен қозғалса, онда айналмалы, ішке және сыртқа қозғалатын   болады.   Айналмалы қозғалыс бір біліктің бойыңдағы козғалыстың екінші білікке ауысуы арқылы жүзеге асады. Шар тәрізді буындарда буын қозғалысын тежейтін қосымша байламдар өте аз болғандықтан, олар барынша еркін қозғалатын буындарға жатады.

Жаңғақ тәрізді буын —грекше: тостаған) шар тәрізді буынның бір түрі. Алайда буын ойысына буын басының жартысынан астамы өніп тұрғандықтан, буынның қозғалысын тежейді. Ал шар тәрізді буындарда буын қозғалысын қосымша байламының өте аз екені жоғарыда айтылды. Жаңғақ тәрізді буынға ұршық буыны мысал бола алады.

Жазық буын аз қозғалатын буыңдарға жатады, өйткені буынның беттері жазық болады да бір-бірінің беттерінде тек сырғанайды. Бұларға білезік, алақан, табан, тілерсек, сондай-ақ омыртқааралық буындарды жатқызуға болады.

Жазық буындар да шар тәрізді буындарға ұксас, сондықтан мұндай буындарда үш түрлі білікті қозғалу тым сирек кездеседі.

Қатты буындар (амфиартроздар) шала буындар болып табылады. Аталған буынның буын қуысы және онда сұйықтығы болғанмен, буын қапшығы болмайды. Буын қозғалған кезде екі сүйектің арасы алшақтап, ажырасады. Екі жамбастың шаттағы қосылған жері — қасаға буын және сегізкөз — мықын сүйектерінің буындары қатты буын. Мұндай буындар байламдары қысқа, әрі берік бекінеді және бұларда буын қозғалысын тежейтін жүйелі мүшелер күшті жетілген. Қатты буындар қосылысатын сүйектердің қажалуын кемітіп, серпімділігін арттырады.

Аталған буындардың беріктігі байламдардың күшіне, бұлшықеттердің жиырылуына және буын қуысындағы қысымның атмосфералық қысымнан төмен болуына тікелей байланысты. Екі тегіс шыныны сулап беттестіргеннен кейін бірінен-бірі ажыратудың қиындығын буын қуысындағы қысым мен салыстыруға болады. Міне осы жағдайлардың ара қатынасы өзгерсе, буында ауру пайда болады.