Былғары қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасау

Главная » Рефераттар » Былғары қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын жасау

Қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамуына байланысты шикізатты үнемдеу жəне рационалды қолдануға көп көңіл бөлінуде. Біздің елде шикізат қорын шаруашылықпен байланыстыру жалпы мемлекеттік шеңберде өз шешімін толық таппаған, осының салдарынан шикізат қорына да қоршаған ортаға да өз зардабын тигізуде. Соңғы жылдары былғары жəне үлбір, аяқ киім өндірістерінде қалдықтарды қолдану жəне оларды өңдеу мақсатты экономикалық бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда. «Былғары қалдықтарынан аксессуарлар мен сувенирлер жасау технологиясын зерттеу» тақырыбы қазіргі заман талаптарына сай жəне өзекті тақырыптардың бірі [1]. Былғары өндірісі қалдықтарын өңдеу арқылы біріншіден, қалдықты мүмкіндігінше толық жоюға мүмкіндік береді, ал екіншіден осы өндірістің қалдықтарын пайдалы өнімге айналдыру мүмкіндігі туады. Бұл қалдықтар былғары өндірісі үшін де, оны тұтыну бағыттары үшін де арзан шикізат көзі болып табылады. Жұмыстың мақсаты — былғары қалдықтарынан халық тұтынатын тауарларды өндіру, яғни қалдықтарды қолдана отырып əшекей бұйымдары мен аксессуарлар, сувенирлер жасау ерекшеліктерін зерттеу.

2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ. Халықаралық «EXPO» көр- месінің Астанада өткізілуі – жаһан жұртшылығының Қазақстанды мойындай білгенді- гінің белгісі. Осы көрмеде қазақтың қолөнерін, салт-дəстүрін ескеріп, сувинирлерді, қолөнер бұйымдарын туристтерге таныстырып, қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан мұрасын əлемге таныту жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі. Қолөнер – ежелден келе жатқан кəсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың əсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүниежүзінің əр халқында бар. Сонымен қатар əр елдің, əр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне жəне эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сəндеу кезінде, бас киімді əшекейлегенде көп қолданып жүр. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі — былғары. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, əдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дəстүрлі қолөнер түрі – былғарыны илеу, олардан əртүрлі халық тұтынатын тауарлар жасау. Бұл көне заманнан бері əйгілі.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мəселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым-этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тəн методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де күн тəртібінен түспей жүрген мəселенің бірі. Былғары жəне аяқ киім өндірісі қалдықтарын дəстүрлі жəне заманауи өңдеу келесі көрсеткіштерді сипаттайды: — өндірістік кəсіпорынның экономикалық жəне экологиялық мəселелерін шешуге көмектеседі, бұл өндірістің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оларды өңдеу арқылы қорды үнемдеу жəне шикізаттардың қалдықтарынан пайдалы өнім дайындау, яғни сол арқылы бұйым құнының өзіндік құнын қалыптастыру. — қалдықтардан бұйым дайындауда көбіне халық сұранысына қажетті бұйым дайындауға көп көңіл бөліну керек. Зерттеу барысында былғары өндірісі қалдықтарын қолдану бағыттары ның ұтымды əдіс-тəсілдері қарастырылды. Қалықтарды қайта өңдеу арқылы былғары-аяқ киім өндірісінің экономикалық сұрақтары мен экологиялық қауіптің алдын алуға мүмкіндік беретіндігі анықталды. Оларды өңдеудің тиімді жолдары қарастырылды [2,3]. Былғары өндірісі қалдықтарынан бұйым дайындауда ең бастысы ол өнімнің экологиялық қауіпсіздігі мен халық сұранысына ие болу шамасына назар аудару керек [5]. Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тəсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, əшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған. Əшекей бұйымдарын дайындауда былғары қалдықтарын қолдану мүмкіншілктерін қарастыруға болады. Былғары созылғыш, иілгіш жəне одан пішін қалыптастыру қиынға соқпайды. Былғарыдан əшекей бұйымдарын дайындау ежелден келе жатқан дəстүрлі іс. Қазіргі таңда былғарыдан бұйым дайындауға қажетті көптеген құралдар мен көмекші заттар ы қолданып қолөнер шеберлері көздің жауын алар көптеген бұйымдарын жасайды. Қолөнершілер былғарыдан əшекей бұйымдарын: алқа, сырға білезік, белдік, қобдишалар жəне т.б. бұйымдарын жасайды [4]. Қазақта «ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім əшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім əшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сəнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дəндəку, пышақ қылымен жəне керек-жарақтар іліп тағып жүретін болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көре аламыз. Көне түркілерде əйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дəуірінен бастап əйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мəнінің астарын байқауға болады. «Таразкожобувь» ЖШС-ң былғары қалдықтарынан қыздарға арналған былғары белдік пен білезік жасалды. Біз былғары қалдықтарынан білезік, белдік жасайық , ал оларды жасау үшін алдымен білезікке қажет форманы пішіп аламыз. Білезіктің шынжырлы бөлшектерінің пішіндерін 1-суретте көрсетілген үлгілер бойынша қиып алуға болады.

Былғары білезікті жасау үдерісі.

Білезіктің қажетті қима бөлшектерін əркім өз талғамымызға сəйкес пішінді қағазға сызып оны былғарыға салып, пішіп аламыз. Осыдан алынған пішіннің центрін жіп өтетіндей етіп тесіп, моншақтармен сəндейміз Осымен біздің білезік осымен дайын болады. Дəл осылай белдік те жасауға болады.

 

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.