Чехия Республикасы

Home » Рефераттар » Чехия Республикасы
Рефераттар 2 комментария

Чехия Республикасы туралы жалпы мәлімет

  • Жерінің ауданы — 78,9 мың км2
  • Халқы — 10,3 млн адам (2004 ж.)
  • Астанасы — Прага
  • Мемлекеттік кұрылымы — парламенттік республика
  • Мемлекет басшысы — президент
  • Үкімет басшысы — премьер-министр
  • Заң шығарушы органы — парламент
  • Мемлекеттік тілі — чех тілі
  • Ұлттык валютасы — чех кронасы

file_1318818619_231877260Аумақтың құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Чехия Республикасы Еуропаның дәл ортасында орналасқан. Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі. Чехия жері ежелден-ақ үш тарихи-географиялық аймаққа жіктеледі: Чехия, Моравия және Силезия, орталықтары — Прага, Брно және Острава калалары. Экономикалық-географиялык жағдайының ең басты ерекшелігі — Еуропаның орталығында орналасуы, Пльзень қаласына таяу жерде «Еуропаның орталығы» деген жазуы бар гранитті ескерткіш орнатылған. Чехия жері арқылы көптеген маңызды еуропааралык көлік желілері өтеді. Алайда елдің ішкі континенттік жағдайы, яғни теңізге шығатын тура жолының болмауы шаруашылықты дамытуда кейбір қолайсыздықтарды туғызады.

Атластағы физикалық карта бойынша Чехияның теңізге шығуына мүмкіндік   беретін өзендерді анықтаңдар. Ол өзендер сағаларында қандай ірі порттар орналасқан?

Мемлекеттік құрылымы. X ғасырда кұрылған Прага князьдігі феодалдьщ Чехия мемлекетінің негізі болып саналады. XII ғасырдың екінші жартысында Чехия Әулие Рим империясы құрамындағы корольдік болып саналды. XV ғасырдың бірінші жартысында Чехия жерінде феодалдық езгіге қарсы Ян Гус басқарған халықтық котеріліс басталды. Бірақ қатал дін шырмауындағы халық жеңіліске ұшырады. XVI ғасырдан бастап Чехия жері Австриялық Габсбург әулетінің қол астына өтті. 1620 жылы Габсбургтерге қарсы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, Чехия 1918 жылға дейін төуелсіздігінен толық айырылды. Осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін, Прагадағы Ұлттық кеңес құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек қана 1993 жылы 1 қаңтардағы федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке егеменді ел болып, құрамындағы Словакиядан бейбіт жолмен бөлінді. Чехия 1993 жылдан БҰҰ-ның (Чехословакия 1945 жылдан мүше) мүшесі, 1990 жылдан ЕО-ға мүшелікке үміткер ел.

Табиғат жағдайлары және ресурстары. Чехия жері түгелімен дерлік Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Олар: солтүстігінде Рудный (Крушне) және Судет таулары; шығысында Орлик және оңтүстік-шығысында Карпат таулары; оңтүстігінде Шумава жөне оңтүстік-батысында Чех орманы аласа таулары. Чехияның климаттық жағдайы өте қолайлы. Жаз аса ыстық емес, ауаның орташа температурасы 21°С шамасында, күз қазан айынан басталады. Қыс жылы, көбінесе қар жамылғысы түрақты емес. Аса қатты аязды күндері температура -15°С-қа дейін төмендейді, бірақ мұндай құбылыс 10 жылда бір рет қайталануы мүмкін. Қыеқы орташа ауа температурасы 0°С градус шамасында. Мұндай климаттық жағдайдың қалыптасуы жан-жағынан аласа таулармен қоршалып жатуына байланысты. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 550 мм-ден таулы аудандарда 1400 мм-ге дейін жетеді.

Чехия жері арқылы Солтүстік, Балтық және Қара теңіздеріне құятын өзендердің басты суайрығы өтеді. Ірі өзендері Эльба немесе Лаба (357 км) жөне оның саласы Влтава елдің батыс бөлігі арқылы, ал шығысы арқылы Морава (329 км) өзені ағып өтеді. Чехия жері қойнауында минералды ыстық сулар мен емдік батпақтар кең тараған. Ол аудандарда емдеу-сауықтыру орындары көптеп салынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Карлова Вара гейзері, ол төулігіне 3 млн л минералды су береді, судың температурасы 35—72°С-қа жетеді. Бұл курортта жылына 100 мыңнан астам адам демалады.

Пайдалы қазбалардан, әсіресе тас көмір мен қоңыр көмір шоғырланган Солтүстік Чехия жөне Острава-Карвин бассейндері, каолин, графит, шыны дайындайтын жоғары сапалы кварцті құм сияқты кен орындарымен ерекшеленеді. Чехия жері орман ресурстарымен де біршама жақсы қамтамасыз етілген. Елде жалпы ауданы 9270 км2(жерінің 12 %-ы) шамасында болатын 1351 қорық бар, оның үшеуі ірі ұлттық саябақтар болып табылады. Оның ауданы 1111,2 км2. Чехия мемлекеті — табигат қоргау және табигат ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ежелден-ақ басты назарда ұстап келе жатқан ел. Сондықтан да оның көпшілік жерінде тылсым табиғат қаймагы бұзылмастан сақталған және халықаралық туризмнің көпшілікке танымал ауданы болып саналады.

Халқы. Чехияда 2004 жылғы мәлімет бойынша 10,3 млн халық тұрады. Чехия бір ұлтты ел, халқының 95%-ға жуығы чехтар. Халықтың ұдайы су сипаты женінен Чехия қазіргі типке жатады, яғни табиғи өсу көрсеткіші өте төмен 0,1°/00> сәбилер өлімі 4,6°/00, адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы 75 жас. Чехияда соңғы кезде еңбек ресурстарының жетіспеушілігі байқалуда. Халықтың басым көпшілігі қалада тұрады, Чехияда шагын жөне орташа қалалар ете кеп. Урбандалу дөрежесі жөнінен Чехия Еуропадағы алдыңғы елдер қатарында, оның көрсеткіші — 77%. Елді мекендердің желісі ете жиілігімен көзге түседі, қоныстардың арасы орта мөлшермен 2—3 км ғана. Ауылдық елді мекендер арасында тұрғындары 100—200 адамнан аспайтын кішігірім деревнялар басым кездеседі. Халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 130 адамнан келеді.

Шаруашылығы. Чехия — индустриялы, өнеркөсібі мен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ел. Чехия шаруашылығы көп салалы құрылымымен көзге түседі, бірақ жетекші рөлді өнеркөсіп атқарады. Халықаралық еңбек бөлінісінде Чехия, ең алдымен, машина жасау өнеркөсібімен ерекше көзге түседі. Оның ірі орталықтары: Прага, Пльзень жөне Брно қалалары. Өсіресе металды көп қажет ететін прокат стандары, ұста-пресс, кен өндіру мен әнергетикаға қажетті жабдықтар жасау жақсы жолға қойылған.

Соңғы жылдары әндірісті мамандандырудың жетілдірілуіне байланысты жеңіл автокөлік шығаруға бет бұрды. Оған «Шкода» автокөлігінің Фольксваген тобына теңестірілген «Фелиция», «Октавия» жөне «Фабия» сияқты соңғы үлгілерінің өлем жүртшылығына танымал болуы дөлел. Машина жасау өнеркөсібін қажетті өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында отын-энергетика мен қара металлургия өнеркөсібі де ерекше қарқынмен дамуда. Елде оның екі үлкен орталығы қалыптасқан, олар — Острава жөне Орталық Чехия базалары. Темір кенінің басым көпшілігі сырттан тасымалданады. Чехия сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркөсібінің кейбір дөстүрлі салалары арқылы да дүние жүзіне мәлім. Әсіресе чех шынысын шығарудан Яблонец, чех сырасын жасаудан Пльзень, ал өйгілі » Кох-и-нор» қарындашын шығарудан Ческе-Будеевице қаласының даңқы өлемге танымал.Чехия ауыл шаруашылыгының даму деңгейі жөнінен де Еуропада жетекші орында. Өсіресе ірі қара мал өсіру жақсы жолга қойылған. Өсімдік шаруашылығында бидай мен сыра қайнату үшін пайдаланылатын жогары сапалы арпа, кант кызылшасы, күлмақ өсіріледі. Сонымен катар бау-бақша, оңтүстікке карай жүзім шаруашылығы кеңінен тараған. Чехия жерінде келік тораптары темір жол мен тас жолдар желісінің жиілігімен көзге түседі. Олардың басым белігі ендік бағыттағы жол тораптары («Көлік географиясы» такырыбын караңдар) болып табылады. Өзен су жолы аркылы сырткы әкономикалық байланыстар жүзеге асырылады. Бүл байланыстарды поляк порты Щецинге тіркелген Чехия теңіз флоты да жүзеге асырады.

1994—1996 жылдардағы экономикалық өрлеуден кейін, 1997 жылдан бастап Чехия шаруашылығының даму қарқыны бәсеңдеді. Еңбек енімділігі төмендеп, экономикалық корсеткіштердің бірқатары нашарлады. Жылдык дағдарыс корсеткіші 7,6%-ға жетті. Халықтың түрмыс деңгейі төмендеді. 2000 жылдан бастап Чехия экономикасы қайтадан еңсесін котеруде. Жылдық дағдарыс көрсеткіші 2000 жылы 3% шамасында болды.

Мемлекет қазынасын толықтыруда туризмнің үлесі күннен-күнге артуда. Чехияға жылына 10 млн-ға жуық туристер келеді. Туристердің әсіресе кеп баратын жері — Чехияның астанасы Прага қаласы. Прага қаласының негізі біздің жыл санауымызға дейін қалана бастаған. X ғасырдан бастап Чехия мемлекетщің астанасы болып есептеледі. 1348 жылы Прагада Орталық Еуропадағы ең ежелгі университет қүрылды (қазіргі Карл университеті). Бүгінгі Прага 1784 жылы алты каланың бірігуінен қүрылған. Оның елтаңбасында «Прага — қалалар анасы» деген сөз жазылған.

Прага мыңдаған жылдар бойы тарих қойнауынан чех, неміс жөне еврей мөДениетінің озық үлгілерін жинақтап, бүгінгі үрпаққа барлық сөн-салтанатымен үсынып отыр. Влтава өзені бойындағы жеті тебе басында шоғырланған жүзден астам алтындалған әсем мүнаралары күнмен шағылысып, мың қүбыла көз тартады. Моцарт өуенімен мәңгілік тербелген готика, ренессанс, барокко сәулет өнерінің үлгісіндегі ежелгі тас қамалдар мен қүзырлы сарайлар кімді де болса таңғалдыратыны даусыз. Сондықтан да Прагаға ат басын бүрып, қаланы тамашалау әрбір адамның арманы.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Чехияның шаруашылығында сыртқы экономикалық байланыстардың ауқымы өте кең. Елдің басты сауда әріптестері көршілес елдер, яғни Германия, Словакия, Австрия жөне Ресей (9-сызбанүсқаны қараңдар). Сыртқа шығаратын өнімдері ара-сында машиналар мен жабдықтар және халық түтынатын өнеркәсіп тауарлары басымдық көрсетеді. Соңғы жылдары Чехия мен Қазақстан арасындағы эконо-микалық қатынастар жаксаруда. 1998жылыекі ел арасындағы тауар айналымы 93 млн АҚШ долларына жетті.

 

 

 

2 thoughts on - Чехия Республикасы

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.