Cотқа дейінгі өндіріс пәні бойынша тәжірибелік сабағын өткізу

Home » Рефераттар » Cотқа дейінгі өндіріс пәні бойынша тәжірибелік сабағын өткізу
Рефераттар Комментариев нет
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс пәні бойынша тәжірибелік сабағын өткізу ерекшелігі

Тәжірибелік сабақ бұл тыңдаушылардың дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жаттығуларды орындау, есеп шығару, жинақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі. Сондықтан, оқыту әдістемесі — оқыту үдерісі барысында оқытушы мен тыңдаушының өзара әрекетттестік нысанын көрсететін әдістер мен тәсілдердің бірлігі. Бүгінде заң қызметінің әлеуметтік мәнінің айқын өзгеруі болып отыр. Сондықтан, заң мамандығы ең бір нағыз талап ететуші мамандық болды. Соған байланысты қазіргі уақытта «әр адамның, өмір мен қоғамның сапасын өзгерту мүмкіндігі тәрізді анықталатын білімге ерекше мән беріліп отыр. Біздің Республикамызда жүргізілген білім жүйесінің модернизациясы — біздің еліміздің әлемдік білім кеңістігіне ену қабілетін тудыратын өмірлік қажеттілік». Сонымен қатар мемлекеттің құқық қорғау қызметінің әрі қарайғы дамуы мен жетілуін талап етеді. Соған байланысты осы қызметтің басты бағыттары: қылмыстылықпен күрес, қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің заңды реакциясын қамтамасыз ету, қылмысты тез және толық ашу, қылмысты жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту, құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күресте азаматтармен өзара іс-қимыл жасау керек деген ойдамыз. Осы мәселелерді шешу үшін тек қана олардың жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру үшін құқық қорғау органдарын күшейту ғана емес сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәртібі мен санатына қойылатын талаптарды арттыру және кадрлық саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Кәсіби дайындықтың жүйесі бірыңғай, көп функцияналды, көп деңгейлі, тиімді, аз шығынды болуы керек. «Жоғары білімнің сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Елдің жоғары оқу орындары әлемнің алдыңғы университеттерінің рейтингісіне енуге тырысуы қажет» — Елбасының ведомстволық білім беруді топтастыру болашағын анықтайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім жүйесін дамыту концепциясында білімнің басты мақсаты болып дағдының, шеберліктің, білімнің қарапайым емес жиынтығы қалыптасады, ал оларға негізгі кәсіби жете білушілік — ол өз бетімен білім алу шеберлігі[i]. «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс» пәні Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының арнайы пәндердің бірі болып табылады. Күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушылары осы пәнді 5В030300 «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес міндетті түрде оқуы керек. Оқытылатын пәннің мақсаттық белгісі оқуды бітіргеннен кейін қылмыстарды алдын алу, ашу және тергеу бойынша құқық қорғау органдарының алдына қойған міндеттерді орындайтын құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша тыңдаушыларды дайындаудан тұрады. Сонымен қатар, тыңдаушылардың осы пәнді игеруі келешекте тергеу процесін ұйымдастырудың сапасын және бөлініс бастығының ұйымдастыру-басқарушылық қызметінің дағдыларын әрі қарай дамытуға мүмкіндік туғызады. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс пәнін оқытудың міндетті және көрсетілген мақсаттарға жету үшін пәннің алдына келесідей міндеттер қойылатындығын атау жөн: қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы болған өзгертулер мен толықтырулардың есебінде қылмыстық сот өндірісінде қылмыстарды тергеуде сотқа дейінгі тексеру материалдарын қолдану бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекіту; қылмыстық істерді тергеу барысында қатарласатын штаттық және штаттан тыс жағдайларда қылмыстарды тергеуде дейінгі тексеру материалдарын қолдану бойынша тергеушінің қызметін реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормаларды қолдану дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру; қылмыстарды тергеуде тергеушінің сотқа дейінгі тексеру материалдарын қолдануында және немен дәлелденсе де заңдылықтың бұзылуын болдырмауда заңды қатаң сақтау қажеттілігіне көз жеткізуді қалыптастыру; қылмыстарды тергеудегі сотқа дейінгі тексеру материалдарын қолдануға байланысты ұйымдық-өкілдік құжаттарды және тергеушінің іс қағаздарын сапалы түрде толтыруды, қылмыстық істердің материалдарын және оның қосымшаларын сапалы түрде ресімдеуді үйрету.

Пәнді игеруде басты бағыт жүргізу барысында тыңдаушылар қылмыстарды тергеуде сотқа дейінгі тексеру материалдарын қолданудағы тергеушінің алдына туындайтын әртүрлі тапсырмаларын меңгеретін тәжірибе сабақтарына беріледі. Сабақтарды жүргізу барысында тыңдаушыларға оқытудың пәндік деңгейінде қылмыстарды тергеуде сотқа дейінгі тексеру материалдарын қолдану бойынша негізгі мәселелерді меңгеру және қылмыстық құқық, қылмыстық-процессуалдық құқық, криминалистика, сот психологиясы, әкімшілік құқық, басқа ғылымдар бойынша тыңдаушылардың білімін тәжірибеде нақтылай және кешенді қолдануға мүмкіндік туғызатын әртүрлі тапсырмалар беріледі. Тәжірибелік сабақ барысында тыңдаушылардың қылмыстарды тергеуде процессуалдық және тергеулік әрекеттер өндірісін игеру және процессуалдық құжаттарды толтыру дағдылары қалыптасқан. Әр сабақтарға дайындалуда тыңдаушыларға әр тақырып бойынша сабақ жоспарларында ұсынылған монографиялық әдебиеттерді, заң актілерін конспектілеу, Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының Пленумының нормативті қаулыларын, сот-тергеулік тәжірибені топтастыру, тергеудің озат тәжірибесін жүйелі түрде игеру ұсынылады. Жүргізілетін процессуалдық және тергеулік әрекеттердің нәтижелері мен мазмұны туралы ақпараттар сабақ барысында оқытушыдағы қылмыстық іс макеттерінде болады.

Тақырыпты игеру арнайы және салалық пәндердің теоретикалық жалпы заңдық білімдерін өзінің тәжірибелік қызметінде кешенді қолданудың дағдыларын алу және де нақты қылмыстық істер ашу және тергеудегі тәжірибелік дағдылары мен шеберліктері мақсат болып табылатын тәжірибелік сабақтармен аяқталады. Тәжірибелік сабақтар барысында тыңдаушылар семинар сабақтары және сот-тергеулік тәжірибенің мысалдары барысында алынған теоретикалық білімдері есебінде проблемалық жағдайларды шешеді. Тәжірибелік сабақ барысында тыңдаушылар процессуалдық құжаттар және анықтаушының іскерлік қағаздарын толтырудың дағдыларын алады, қылмыстық істерді тергеудің алғашқы дағдылары мен шеберліктерін иеленеді, сонда өзіндік дайындық сағаттарында тыңдаушылар жағдайды сараптауды, мазмұны және түрі бойынша заң талаптарына жауап беретін тергеудің процессуалдық құжаттарын құрастыру және өз бетімен шешім қабылдауды үйренеді. Сабақтарда ғана оқытушы тыңдаушылардың сабаққа дайындығының деңгейін, өзіндік дайындық сағаттарында оқу тапсырмасын өз бетімен орындағанын және өткен материалды қаншалықты меңгергенін анықтайды.

Пәнді аяқтауда тыңдаушылар тігілген процессуалдық құжаттардың макетін соңғы рет тексерту үшін кафедраға әкеледі. Процессуалдық құжаттардың макетін тапсыру сынақ тапсыруға рұқсат үшін негіз болып табылады. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс тәжірибелік сабақты ұйымдастыру барысында келесі ұстанымдарды ескерген жөн:

Жүйелілік ұстанымы — жоспарлау субъектілерінің оқыту үрдісін өзара байланысты және өзара әрекеттес компоненттер жиынтығынан құралған күрделі жүйе ретінде қарастыруын білдіреді. Олар: оқытушы мен тыңдаушының жеке және ұжымдық мүдделері, қажеттіліктері, қызығушылықтары, бірлескен әрекеттерінің мазмұны, ұйымдастыру нысаны мен амалдары, оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, талдау, бағалау өлшемдері мен көрсеткіштерін айтуға болады. Нақтылық ұстанымы — тыңдаушылар ұжымда жүргізілген немесе үлгі бойынша ғана тапсырмаларды айнытпай көшіріп алудан аулақ болуды көздейді. Жоспарлау бойынша оқытушы топтың өзіндік ерекшелігін, қызығушылығын, қажеттілігін, даму деңгейін есепке алуы тиіс. Өйткені оқу-танымдық іс-әрекет формалары мен әдістерін дұрыс таңдау нақтылы бір топтағы педагогикалық жағдайдағы өзіндік ерекшелігін саналы түсінуіне тікелей байланысты болады.

Оңтайлылық ұстанымы — оқу үрдісіндегі оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру үш маңызды жағдаймен байланысты: біріншіден, оқытушы тыңдаушының оқу-танымдық белсенділігін арттырудың ең оңтайлы әдістерін табуы тиіс; екіншіден, осы бірлескен әрекет нәтижесі оқыту мен тәрбие үрдісін құрудың ең оңтайлы модель болуы керек; үшіншіден, оқытушы тыңдаушылар тобының жағдайына сәйкес, оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің болашақ бағдарына сай нұсқасын таңдауы тиіс[ii].

Даралық ұстанымы — әр тыңдаушының жеке басының дамуы — басты міндеттердің бірі екенін, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетте тыңдаушылардың даралық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алуды білдіреді. Ғылыми ұстанымы — оқытушының жоспарлауында таңдаушы дамуы мен оқытудың мәні, заңдылықтары, танымдық процестері туралы ғылыми білімге, қазіргі педагогикалық тұжырымдарға талап етеді. Үздіксіздік ұстанымы — оқытушы жоспарлай отырып, тыңдаушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері, талап-тілектері мен құндылық бағдарға сәйкес жұмыс мазмұнын үнемі жаңартып, жетілдіріп тыңдаушы жеке тұлғасының қалыптасуына оңды өзгерістер енгізе отырып, ізгілікті қарым-қатынас жасауын қарастырады.

Қорыта келе тәжірибелік сабақтарды өткізу кезінде тыңдаушылар берілген фабуланың негізінде нақты қылмыстың құрамы бойынша шешім қабылдайды. Тұрпатты тергеулік жағдайлар құрылып, олардың негізінде техникалық құралдарды қолдана отырып, іскерлік ойындар ойналып, тиісінше іс жүргізулік құжаттар толтырулары тиіс. Сондықтан, қылмыстық іске қатысушылардың айғақтары туралы ақпараттар оқытушының сабақ жоспарында көрсетілген. Тергеудің қорытындысы істі қозғаудан бастап, іс бойынша өндірісті аяқтайтын қылмыстық істің макетін дайындаумен аяқталады. Сонымен қатар тыңдаушылар келесідей іс жүргізулік шешімдер қабылдаулары тиіс: қылмыстық іс қозғаудан бас тарту, қылмыстық істі тоқтату және т. б.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.