Дәм сезу талдағышы

Главная » Рефераттар » Дәм сезу талдағышы

Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы адам немесе жануар ауыз қуысына түскен азықтың сапасын, сипатын анықтайды. Бұл анализатордың қабылдаушы бөлігін түйісу (контактылық) земорецепторлар түзеді. Олар түр бүршіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде және көмекей қақпа жағында орналасады. Сырт пішініне қарай тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Шатырша бүртіктер тіл бетінен саңырау құлақ сияқты шығыңқы тұрады, жапырақша бүртіктер қатарласа вертикаль жатқан бірнеше қатпаржапырақ түрінде орналасады, орлы бүртіктер кілегей қабыққа тереңдей бата жатады да, жан-жағынан сақина тәрізді ормен қоршалады. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым -дәм буылтығы (жуашығы) орналасады.» Дәм жуашығы пішіні жағынан сопақша жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі ұршық пішіндес дәм торшаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш торшалардан құралады да, көп қабатты эпителий бойында орналасады, Дәм сезу торшаларының ұшында майда түктер болады. Әрбір дәм жуашығы құрамында ондаған торшалар жинақталады да, рецепторлық торшалар афферентті және эфферентті нервтермен көптеген синапстар түзеді. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде кішкентай саңылау түрінде ашылады. Оны дәм саңылауы дейді. Әрбір тіл бүртігінде бірнеше дәм жуашығы орналасады. Олар әсіресе орлы бүртіктерде көптеп саналады. ТІлдің әртүрлі бөлігінде әртүрлі бүртіктер орын тебеді. ‘Мысалы, орлы бүртіктер тілдің түбінде және үстіңгі беткейінде орналасады. Күйіс малдарында олар көбірек (8-17), жылқыда, шошқада, итте -азырақ (2-4). Шатырша бүртіктер тілдің үстінде, бүйір беткейінде орналасады, Олардың саны да күйіс малдарында көп болады. Жапырақша бүртіктер күйіс малдарында болмайды, итте өте нашар дамыған. Тілдің кілегей қабығында дәм сезу рецепторларымен қатар температураны жанасуды, қысымды қабылдайтын сезімтәл нерв ұштары да болады.

Дәм сезу механизмі

Дәм сезу процесі сілекейде еріген химиялық заттардың дәм саңылау арқылы дәм торшаларының микротүтіктеріне әсер етуінен басталады. Одан әрі күрделі биохимиялық және биоэлектрлік процестер жүреді де, дәм торшаларының рецепторлары қозады, Пайда болған импульстар дәм рецепторларынан үш тармақ, тіл-көмекей, кезеген және бет жүйке нервтері арқылы сопақша мидағы алғашқы дәм орталығына беріледі. Ол жерде екінші нейрон аксондары өзара қилысқаннан кейін таламустың доға тәрізді ядроларына, одан әрі үлкен жарты шар қыртысына беріледі. Дәм сезу анализаторының жоғарғы бөлімі соматосенсорлық қыртыстың төменгі бөлігінде орналасады. Соңғы кезге дейін дәмнің төрт түрі- ащы, тұзды, қышқыл және тәтгі болады деп санаған. Кейінгі жылдары дәмнің бесінші түрі- су дәмі қосылды. Оған негіз — тіл рецепторлары, кәдімгі ауыз су дәмін сезінгенде, қозу импульстары орталыққа арнаулы нерв талшықтары арқылы хабарланады. Қышқыл дәмді сутегінің — иондары, түзды дәмді -кейбір тұздар, ал ащы мен тәтті дәмді- әртүрлі құрылымды заттар тудырады. Бір дәм жуашығы тек ащы дәмді, екіншісі -тұзды дәмді, үшіншісі- қышқылды, төртіншісі -тәттіні қабылдауға бейімделген. Дегенмен, тілдің бүтігінде әртүрлі дәмді қабылдайтын рецепторлар қатар орналаса береді. Осымен байланысты көбінесе бір бүртік дәмнің бірнеше түріне реакция бере алады. Түрлі дәмді қабылдайтын рецепторлар тіл беткейінде бірдей таралмаған. Тілдің ұшы тәттіге, бүйір беткейінің орта бөлігі- қышқылға сезімтал. Ащы дәмді тілдің түбі, ал тұзды дәмді тілдің ұшы мен бүйір беткейі жақсы сезеді. Бір зат дәм рецепторларына ұзақ уақыт әсер етсе, онда оған деген сезімталдық біртіндеп төмендейді. Дәм рецепторларының сезімталдығы ас қорыту жолының физиологиялық күйіне байланысты езгеріп отырады. Қарынның кілегей кабығының интерорецепторларынан шықкан импульстар орталық нерв жүйесі арқылы дәм рецепторларының сезімталдығына әсер ете алады. Ашқарында дәм рецепторларының сезімталдығы артады, ал тоқ болған жағдайда, ол бірден төмендейді, уақьггша тежеліп, дәмді сезу кабілетінен айырылады. Шөп қоректі жануарларда дәм сезу анализаторы өте жақсы дамыған. Ірі қара мен қой қышқыл, ащы, тұзды және тәтті дәмді жақсы ажыратады. Ал, жыртқыш жануарларда дәм сезу анализаторы нашар дамыған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.