Дүниежүзілік мұхит проблемалары

Home » Рефераттар » Дүниежүзілік мұхит проблемалары
Рефераттар Комментариев нет

Дүниежүзілік мұхит проблемалары қазіргі таңда ең елеулі проблемалардың бірі. Жер шарындағы тіршілік үшін Дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Мұхит сулары атмосфераны оттекпен байытады, адамдарды күнарлы да пайдалы азык-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Дүниежүзілік мұхиттың арзан да тиімді көлік жолы дүние жүзі елдері арасындағы халықаралық карым-қатынасында да маңызды орын алып келді. Құрлықтағы кейбір минералды ресурстардың азаюы өндіріс ауқымы тез үлғайып жаткан жағдайда мүхит суларынан кен өндірудің, өсіресе мұнай мен газ өндірудің жедел дамуына себешні болып отыр. Дүниежүзілік азық-түлік проблемасының туындауы мүхит суларының биологиялық ресурс ретіңдегі қолданылу аясын да күннен-күнге кеңейтуде. Ғылым мен техника жетістіктері мұхит суынан тек мұнай мен газ ғана емес, темір-марганец конкрецияларын; сутек изотопы — дейтерийді айырып алу; орасан зор толысу энергиясын алатын электр станцияларын салу; теңіз суын түщыландыру істерінде жаңа жобалар ашуда.

Ресейде Ак теңіздегі Мезень қойнауында қуаты 10—15 млн. кВт-тық, Ақ теңіздің өзінде қуаты 14 млн кВт-тық; Охот теңізінде өте ірі, куаты 30—100 млн кВт-тық Пенжин; Франциядағы Котантен түбегінің Ла-Манш жағалауында қуаты 50 млн кВт-тық; Ұлыбританияда — Бристоль шығанағындағы Северн өзенінің сағасында; сондай-ақ Үндістанда — Араб теңізінің Кач шығанағында өте қуатты толысу электр станцияларын салу мүмкіндіктері қарастырылуда. АҚШ-та Гольфстримнің орасан зор энергиясын пайдалану жобасы жасалған. Ол үшін судың терең қабатында диаметрі 80 метрлік турбиналар орнату көзделген. Мұндай қатарластыра салынған турбиналар тізбегі арқылы 100 млн кВт электр қуатын алуға мүмкіндік бар.

Ғаламдық азық-түлік проблемасының шиеленісуі Дүниежүзілік мұхиттың биологиялық қорларына деген сұранысты күшейтті. Мұхит өнімдері қазірше адамзаттың азық-түлік «қорының» 2%-ын ғана (жануар текті нәруыздың 15%-ын) толтырады. Әрине күннен-күнге балық пен теңіз өнімдерін өндіру артып келеді, бірақ мұхиттардың биологиялық байлығы сарқылатын ресурстар қатарына жататындығы сендерге аян. Ғалымдардың пайымдауынша қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына қауіп төндірмей-ақ жылына 150—200 млн т-ға дейінгі мөлшерде бұл қорларды алудың мүмкіншілігі бар. Теңіз марикультурасын дамыту да кеңінен жолға қойылуда.

Жапонияда теңіз фермалары мен плантацияпарын ұлғайту бағдарламасы жаппай жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша жағалық суларда есірілген балық пен теңіз өнімдерін жылына 8—9 млн т-ға дейін аулап, халық сұранысының тең жартысына жуығын өтеуде. АҚШ пен Үндістанда және Филиппин жағалауларындағы теңіз фермаларында асшаян мен таңқышаяндарды, қос жақтаулы былқылдақденелілер —мидияларды; ал Францияда қос жақтаулы былқылдақденелілер көптеп өсіріледі. Тропиктік белдеулерде орналасқан елдерде кит және дельфин фермаларын құру үшін маржан аралдарын пайдалану жоспарланып отыр.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің өркендеуіне байланысты дүниежүзілік сауданың қаркын алуы, теңіз жолы тасымалының ұлғаюына күшті әсерін тигізуде. Бұл өз кезегінде өндіріс пен халықтың теңізге қарай бетбұрыс жасауына және теңіз жағалауындағы көптеген аудандардың қарыштап дамуына себепші болуда. Мысалы, көптеген ірі теңіз порттары өнеркөсіптік портты кешендерге айналды. Мұндай кешендерде кеме жасау, мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия сияқты өнеркәсіп салалары өркендеуде. Ал соңғы уақыттарда кейбір ең жаңа салалар да дами бастады. Теңіз маңындағы урбандалу да ерекше қарқын алуда.

Мұхит «халқының» өзі де (кемелердің экипаж мүшелері, бұрғылау платформаларының қызметкерлері, жолаушылар мен туристер және т.б.) көбейіп, бүгінгі таңда 3 млн адамға жетіп отыр. Жапонияда 500 мыңнан 1 млн адамға дейін тұра алатын, ауданы 25 км2, толығымен дербес жүзбе қаланың жобасы жасалған. Қала орналасатын жасанды арал 10 мың болат тіреулер мен өте үлкен қалқыма — буйдың үстіне тұрғызылуы тиіс. Жоба бойынша қала бірнеше қабатты «палубалардан» тұратын болады.

Дүниежүзілік мұхит түбі телеграф пен телефон байланысы үшін де кеңінен пайдаланылады. Атлантаралық желісінің тұңғыш жобасын 1843 жылы телеграфты ойлап тапқан Самуил Морзе ұсынған болатын. Бірақ кабель 1858 жылы ғана төселді. Тұңғыш телефон желісі Еуропа мен Солтүстік Американы 1955—1956 жылдары байланыстырды. Ал 1990 жылдардың басында АҚШ — Гавай аралдары — Жапония (11,5 мың км) және АҚШ — Батыс Еуропа арасында (6,5 мың км) су астындағы алғашқы екі оптикалық желі төселді.

XX гасырдың орта шеніне дейін Дүниежүзілік мұхитқа тигізген адамзаттың шаруашылык әсері шектеулі болып келді. Ал бүгінгі таңда, ғылым мен техниканың карқынды дамуы жағдайында, Дүниежүзілік мүхитты жан-жакты зерттеу мен жаппай игеру мүлдем басқаша сипат алуда. Теңіз кайраңдарынан өндірілетін мұнай дүние жүзіндегі мүнай өншгінің 1/3-ін күрайды. Дүниежүзілік мұхит пен оған жалғас күрлык жагалауыңда дүниежүзілік шаруашылыктың айрыкша бір күрамдас бөлігі болып табылатын — теціз шаруашылыгы пайда болды. Оның қүрамына өндіруші және өңдеуші өнеркөсіп, әнергетика, балык аулау, көлік, сауда, тынығу мен туризм енеді. Бүгінгі таңда теңіз шаруашы-лығында 100 млн-нан астам адам жүмыс істейді.

Адамзаттың мүндай қарқынды өрекеті өз тарапынан Дүниежүзілік мүхиттың ғаламдық проблемаларының туындауына себепші больш отыр, оған дәлел—мұхит суының ластануы мен оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі.

Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды әколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді:

  • материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау кезінде мұхит суына қосылатын мұнай өнімдері;
  • өнеркәсіп орталықтары қолданған жөне ірі қалалардың коммуналдық қажеті үшін пайдаланылып, өз дәрежесінде толық тазартылудан өтпеген су;
  • ауыл шаруашылығьщда пайдаланылып, өр түрлі химиялық (тыңайтқыш-тар, пестицидтер мен гербицидтер және т.б.) қалдыктармен ластанған су;
  • радиоактивтік қалдықтардың көмілуі және мұхит кемелері пайдаланган лас судың толық тазартылмауы.

Әсіресе мұхит суларының ластануына материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау себепші болуда (қосарбеттегі «Дүние жүзінің экологиялық проблемалары» деген картаны қараңдар).

ҒТР нәтижелері мұнай тасымалдаушы танкерлер сыйымдылығын 300 мың, тіпті 500 мың т-ға дейін үлкейткенімен, мүхитта болып түратын табиғат апаттарының алдын ешкім де ала алмайды. Сондықтан жылма-жыл Дүние-жүзілік мұхит суларына 1 млн т-дан артық мұнай өнімдері құйылуда (мұнай өнімдерінің қандай зияны бар екенін естеріңе түсіріңдер). 2002 жылы Испания жағалауында болған танкер апаты осы жағдайды тағы да дәлелдейді. Бүгінгі таңда мұнай өнімдерімен аса қатты ластанған аудандарға Солтүстік, Балтық, Кариб, Жерорта теңіздері мен Парсы шығанағы жағалауы жатады.

Сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қажетіне пайдаланыл-ған сулар да толық тазартылудан өтпестен өзен жүйелері арқылы мүхиттарға қайтып келеді. Ірі қалалардағы толық тазартудан өткен сулардың өзін ауыз су ретінде қайта пайдалану үшін 15—25 рет оны тұщы сумен араластыру қажет. Мұндай технология барлық елде, әсіресе дамушы елдерде бірдей сакталмайды. Сондықтан жылына миллиондаған текше метр салыстырмалы түрдегі лас сулар мұхит суымен араласады.

1 м3 лас су 10 м3 мұхит суын ластайды. Егер 1 млрд су бөлігі құрамында 2,1 бөлік пестицид болса, ол сол су айдынындағы барлық балықты қырып жіберуге жеткілікті. Ғалымдардың есептеуі бойынша жылына Дүниежүзілік мұхит суларына 1 мың м3-ден артық әр түрлі дәрежеде ластанған сарқынды сулар құйылады. Осындай лас суларды көп әкелетін өзендер қатарына — Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Миссисипи, Огайо, Еділ, Днепр, Днестр, Дон, Ніл және Ганг өзендері жатады.

Дүниежүзілік мұхиттағы туристік-рекреациялық маңызы жоғары жаға-жайлардың да жағдайы мәз емес. Тек қана Жерорта теңізі жағалауы бойында 20-ға жуық ел орналасқан, онда 130 млн-нан аса халық тұрады. 260 порты бар, онда бір мезгілде 2,5 мың алысқа жүзетін және 5 мың каботаждыц (бір елдің кемелері) кеме тоқтай алады. Оның теңіз жолдары арқылы жылына 400 млн т-дан астам мұнай тасымалданады. Сонымен қатар оның жағалауында жылына 90 млн-ға дейін адамдар дем алып, жаз кезінде теңіз айдыны арқылы 10 мыңнан аса туристік кемелер жүзіп өтеді. Олар пайдаланған лас сулар мен өр түрлі қалдықтар толық тазартылудан өтпестен теңіз суларына жіберіледі. Аталған көрсеткіштер нәтижесінде Жерорта теңізі — Дүниежүзілік мұхиттағы ең лас аудаңдар катарына жатады.

Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған аса маңызды мәселенің бірі— Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау және оның табиғат байлықтарын мейлінше тиімді пайдалану. Өйткені мүхит табиғат байлықтары әр елде түрліше игеріледі, мұхит сулары ластанып барады және мұхит айдынының әскери әрекет майданы ретінде қолданылуы күшеюде. Сондықтан БҰҰ-ның теңіз құқы жөніндегі 1982 жылы қабылдаған «Теңіздер хартиясы» деп аталған Конвенциясының маңызы өте зор. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аймағын белгілеп, ондағы жағалық мемлекеттердің де мүхиттың биологиялық және минералды қорларын пайдалануға кұқы бар екенін айқындап берді. Бұл еркіндіктің берілуі балық аулаумен қатысты кейбір проблемаларды күрделендірді. Ол жерлердің жалпы ауданы 140—150 млн км2, Дүниежүзілік мұхит айдыныньң 40%-ға жуығын алып жатыр. Сондықтан да Дүниежүзілік мұхит проблемалары экологиялық, эконо-микалық және әлеуметтік мәселелердің күрделі жиынтығынан турады. Оны қаншалыцты салауатты турде шеше алсақ, болашаққа соншалықты сеніммен қарай аламыз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.