Дәрілік заттардың қасиеті

Home » Рефераттар » Дәрілік заттардың қасиеті
Рефераттар Комментариев нет

Дәрілік заттардағы көп қасиеттердің ең маңыздыларына — олардың агрегатты күйі, сақталу мерзімі, ұшқырлығы, жылу өткізгіштігі, ерігіштігі және адсорбциялық қасиеті жатады. Мысалы, бір ғана дәрілік заттардың кристалл күйіндегісі, олардың басқа түрлеріне қарағанда басқаша әсер етеді. Кейде кристал күйіндегі инсулин аморфты түріне қарағанда екі есе ұзақ әсер етеді. Пішін түзгіш заттар мен толықтырғыш заттар дәрілік заттардың әсерін өзгертіп жібереді. Дәрілік заттарды микроұнтақтау, амидопириннің, стеройдтардың, гризеофульиннің және басқа да көптеген заттардың белсенділігін 2-4 есеге дейін арттырып жібереді. Дәрілік заттардың әсері күрделі болған сайын, нәтижелілігі де жоғары болады, көптеген гормондар миллиардтың бір бөлігіндей мөлшерде дозаланады.

Көптеген дәрілік заттардың әсері олардың физикалық қа-сиетіне байланысты келеді. Мысалы майлар қабынған ұлпаны жұқа қабықпен жауып, оның сезімтал жүйкелеріңдегі экстерорецепторларын сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, ал белсендірілген көмір уытты заттарды адсорбциялап ұлпалардың қабынуын бәсеңдетеді. Дәрілік заттардағы балластты заттар мен қоспалар препараттың нәтижелілігін төмеңдетіп, ал қолайсыз әсерін күшейтіп жіберуі мүмкін. Сол себепті таза заттар бағалы препараттар ретінде бағаланады. Сондай — ақ, препаратты толық тазарту да жақсы нәтиже бере бермейді, қайта препаратттың белсенділілігін төмендетіп жібереді. Егер препарат жартылай тазаланған болса, онда оларды жартылай фабрикатттар дейді, ал тіптен тазаланбаса — тазаланбаған препараттар дейді (нативті).

Дәрілік заттардың қасиеті мен әсері оларды сақтаған кезде де өзгереді. Сол себепті әрбір препараттың сақталу мерзімі анықталады. Мұндай кезде әртүрлі препаратта әртүрлі кұбылыстар жүріп, олардың өзгеру бағытыда жан жакты келеді. Олардың кейбіреулерінің белсеңділігі төмеңдейтін болса (пенициллин, сутегі асқын тотығы), енді біреулерінің уыттылығы артады (мышьяктың . органикалық қосылыстары). Дәрілік заттар әртүрлі жағдайларда біркалыпты өзгермейді: олардың өзгеруіне ылғалдылық, температура және жарық және т.б. факторлар әсер етеді. Әрбір дәрілік заттың өздеріне ғана тән қолдану ерекшелігі болады. Егер қолдану ерекшелігі сақталмаса, олар қолайсыз өсер етеді, кейде тіпті уландыруыда мүмкін. Сол себепті оларды абайлап қолданған жөн. Улы және күшті әсер ететін заттар «А» және «Б» тізімдері бойынша жеке сақталады. «Аң тізімі бойынша (қысқаша «А»). Мемлекеттік фармакапеяға енген улы дәрілік заттар сақталынады. Улы заттар тобына қолданғанда, мөлшерлегенде, сақтағанда ерекше абайлап қолдануды керек ететін дәрілік заттар жатады. «А» тізімінің препараттары арнаулы темір шкафтарда, кұлыпталынып сақталынады да, есігінің ішкі жағына «А — Venenaң деп жазып қояды. Улы заттар сақталатын ыдыстардың жапсырма қағазы (этикеткасы), кара фонда ақ түсті әріптермен жазылады. «Б» тізімі бойынша (қысқаша «Б») қолданғанда, мөлшерлегенде және сақтағанда абайлап қолдануды керек ететін, күшті әсер ететін дәрілік заттар жатады. Бұл топтың препараттары да «А» тізіміне кіретін дәрі дәрмектер сияқты сақтауды талап етеді. Шкафта «Б-Heroicaң (күшті әсер ететін дәрілер) деген жазу болады. Күшті әсер ететін дәрілік заттар сақталатын ыдыстардың жапсырма қағазы ақ фоңда қызыл түсті әріптермен жазылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.