Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары

Home » Рефераттар » Дәрілік заттарды мөлшерлеу қағидалары
Рефераттар Комментариев нет

Кез келген дәрілік зат мелшеріне байланысты әр түрлі әсер етеді. Сондықтан дәрігердің белгілі бір дәріні тағайындағаннан кейінгі екінші міндеті — ол дәрінің ең тиімді мөлшерін анықтау болып табылады. Дәрі мөлшерінің шешуші роль атқаратындығын баса көрсету үшін, көптеген мамандар әсер етуші зат емес, оның мөлшері деген тұжырымдар жасаған. Шындығында да мөлшері көбейген сайын, сіңіріле әрекет ететін кез-келген дәрі дәрмек мынадай есер береді:
1) физиологиялық құбылыстарды реттейді;
2) бұл құбылыстардың бұзылуының алдын алады;
3) бұзылған кұбылыстарды қалпына келтіреді немесе оларды бұзады, жануарларды өлімге душар еткізеді.

Мөлшер (доза) дегеніміз — малға бір немесе бірнеше рет беруге пайдаланьглатын дәрілік препараттың концентрациясы. Мөлшерлер қажетті (емдік, профилактикалық, куат беруші және т.б.) және қажетсіз (өлімге душар еткізетін, уытты, әрекетсіз) деп бөлінеді. Әртүрлі заттардың қажетті және қажетсіз мөлшерінің ара қатынасы әрқилы болады, мысалы, ареколиндікі 1:4; флавоколиндікі 1:5; стрептоцидте 1:1000; пеницилиңде 1:800 000.
Дәрілерді тағайыңдау үшін мынадай мөлшерлерді білудің маңызы зор: ең төменгі мөлшер — дәрілік заттардың әсер беруші ең төменгі мөлшері, одан аз болса олар әсер етпейді, ең жоғарғы мөлшері — тағайындауға рүқсат етілетін ең көп мөлшері, одан жоғары беруге болмайды, үйлесімді (оптимальды) мөлшері — дәрілік заттардың әртүрлі жағдайларда қажетті, тиімді әсер беретін мөлшері. Бұлардан басқа бір рет қабылдау үшін, тәуліктік, бүкіл емдік мерзімге тағайындалатын мөлшерлер бар.

Дәрілік заттардың мөлшері аурудың қаңцай жағдайда болуына қарамастан ең жоғарғы тиімділік көрсетуі керек және мүмкіндігінше организмге жайсыз әсер бермеуі тиіс. Дәрі-дәрмектерді қайталап қолданатын уақыт аралығын білу өте маңызды. Егер препарат организмде тез өзгеріске ұшыраса (бұзылса) қайталама мөлшер өзгертілмей беріледі және қолдану ара қашықтығын қысқартып алады. Егер зат организмде ұзақ уақыт болатын болса, онда оны сирек қолданады және қайталама мөлшерін азырақ алады.

Тәуліктік мөлшері екі-үш мезгіл қолданылатын жағдайда бір рет қабылдау мөлшерінен 2-3 есе көп болады. Дәрілік заттардың ерекшеліктеріне байланысты тәуліктік мөлшер бір рет қабылданатын мөлшерден 4-6 есе көп болуы да мүмкін , ал кейбір жағдайларда ол 1,5 — 2 еседен артпауы тиіс. Жануарлардың қалыпты дамуын және жоғарғы өнімділігін қамтамасыз ететін, организмдегі физиологиялық және биохимиялық құбылыстарды ретке келтіру үшін дәрілік заттар әдетте премикстерге қосылып беріледі. Бір қатар жағдайларда организмдегі физиологиялық қүбылыстардың орташа деңгейін ғана қамтамасыз ететін дәрілік мөлшер іріктелініп алынады, кей жағдайларда бұл құбылыстар әртүрлі болады: не жоғарылатылады, не бәсеңдетіледі. Физиологиялық мөлшерге алдын алу мөлшер өте ұқсас болады. Нақтырақ айтқанда физиологиялық мөлшерде тағайындалған көпшілік дәрі — дөрмектер алдын алатын әсер береді. Алайда көптеген жағдайларда, организмнің қолайсыз әсер етуші факторларға төзімділігін қамтамасыз ету үшін біршама фармакологиялық әсер қажет болады.

Егер жануар организмінде патологиялық құбылыс бар болса, оны тез арада жоюға әрекет жасалынуы қажет, ал ол әдетте дәрілік заттардың көмегі арқылы жүзеге асырылады. Олар терапевтік немесе емдік деп аталатын мөлшерлерде тиімді әсер береді. Белгілі бір дәрілік заттың физиологиялық, алдын алу, емдік мөлшері әр түрлі болады, олар жануарлардың жалпы күйіне, сыртқы ортаның өсерінеде тәуелді. Дәрілік заттарды әрбір қолданғанда олардың ең жоғарғы мөлшері (максимальдық мөлшері), ең төменгі (минимальдық) мөлшері және орташа (үйлесімдік — оптимальдық) мөлшерін ескеріледі. Себебі, барлық мөлшерлерде дәрілік заттар бір бағытта әсер береді де, мөлшері көбейген сайын әсер күші де ұлғая түседі. Дәрілердің минимальдық мөлшері организмде өте әлсіз өзгерістер туғызады, ал оны екі есе азайтқан жағдайда олар тиімді әсер бермейді. Максимальдық мөлшерлер өте күшті өзгерістер туғызады, оны азғана көбейту реттелінуші қүбылыстардың бүзылуына әкеліп соқтырылады. Егер қолданылушы дәрілік зат белгілі бір мөлшерде айқын, әрі тиімді әсер берсе, ондай мөлшерді оптимальді мөлшер деп атайды. Организмде болатын дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты өзгерістер өртүрлі бағытта жүреді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.