Дәрілік заттардың организмде биотасымалдануы

Home » Рефераттар » Дәрілік заттардың организмде биотасымалдануы
Рефераттар Комментариев нет

Организмге енгізілген және организмнен бөлінген препараттардың мөлшерін салыстырып карағанда, бірде бір препараттың организмнен толық бөлінбейтіні анықталды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, итке берген хлороформның 88, тетрациклиннің 65, натрий салицилатының 41, сульфантрольдың 33 пайызы бөлінеді. Ішкі мүшелерді зерттегенде, белгілі бір уақыттан кейін, жоғарыда айтылған заттардың мұнда қалмайтындығы анықталды. Өйткені, оның біраз бөлігі ыдырап кетеді де, ал біраз бөлігі жаңа қосылыстар түзеді.

Фармакология мамандары көптен бері дәрілік заттардың организмдегі өзгерісін зерттеп келеді. Олар кейбір дәрілік заттардың ыдырап, бүлінетіндігін, кейбіреулерінің бейтараптанатыньш, енді біреулерінің жаңа қосылыстар түзіп әлсірейтінін немесе күшейетінін, ал басқа біреулерінің кейбір қасиеттерінің ғана өзгеретінін анықтады. (Мысалы ацетилденген норсульфазол нашар еріп, қанға баяу сіңеді). Жануарлар организімінде организмді керексіз фармакологиялық заттардан арылатын 11 реакция бар екеңдігі белгілі болып отыр. Бұл реакциялар ішінде дәрілік заттар тотығуының маңызы өте зор. Бұл кұбылысқа оксидаза және дегидраза қатысады. Сол себепті, тотығу құбылысы оттегіні қосып алғаңда және тек электронды немесе электрон мен протонды бөлгенде ғана жүреді. Көптеген дәрілік заттар, әсіресе оттегімен нашар байланысатындары, организмде бастапқы қалпына қайта келе алады. Мысалы, нитрат — нитритке, арсенаттар — арсенитке өзгереді. Сонымен бірге, ароматты қатардың туындылары левомицитин және т.б. да дәрілік заттар бастапқы қалпына оңай келеді.

Дәрілік заттардың организмдегі ацетилденуі өте жиі кездесетін құбылыс. Мұндай құбылыс амин немесе гидроксил тобы бар заттарда жиі кездеседі. Ацетилдену қүбылысы — өте күрделі кұбылыс. Ол ацетил тобының тасымалдаушылары — коферменттері арқылы жүреді. Мысалы, А ацетил коферменттерінің әсерінен (КоА8 ОССН3) сульфаниламидтердің ШЧН2 тобындағы бір сутегі атомы ацетилді калдықпен алмасып, қорытындысында ацетилсульфаниламид (ЮЧН СООН3) және бос күйіндегі А коферменті (Ко А8Н) түзіледі. Организмде дэрілік зат молекулаларының конденсациясы немесе (күкірт, глюкурон, сонымен бірге глицин) кьшіқылдары метаболизмі кезіндегі ыдырау өнімдерінің түзілуі жиі байқалады. Фенол және спирт құрылымды заттар күкірт қышқылымен әрекеттесіп, жүп эфир-күкірт қышқылын түзеді. Глюкурон қышқылы-күкірт қышқылы өрекеттескен дәрілік заттармен әрекеттесіп, глюкозидтер немесе күрделі эфирлер тәрізді қосылыстар түзеді. Глицин мен бензоин қышқылының молекулалары оңай коңденсацияланады. Ол организмдегі әр түрлі ароматты қосылыстар тотыққанда жүреді де, бензоин қышқылы гипур қышқылына алмасады.

Конденсация қүбылысы дәрілік заттардың организмге әсерінің бір түрі. Оның айқындалу дәрежесі бір жағынан заттың уыттылығына байланысты болатын болса, екінші жағынан организмнің физиологиялық белсеңділігі мен резистенттілігіне (төзімділігіне) байланысты келеді. Бір дәрілік заттың әртүрлі малға, әртүрлі жағдайларда әрқалай әсер ететіндігі осыған негізделген. Дәрілік заттардың биотасымалдануы метилдену, диметилдену, дикарбоксилденуі, дезаминденуі және басқа реакциялар кезінде жүруі мүмкін. Кейде, бір ғана дәрілік заттың өзгеру бағыты әртүрлі болады. Мысалы, барбитураттар әртүрлі жағдайларға байланысты тотығады, диметидденеді және барбитур сақинасы гидролитикалық ыдырауға да ұшырайды.
Кейбір дәрілік заттар организмде өте күшті қосылыстар түзіп, ыдырайды. Мысалы, гексометилентетрамин-формальдегидке және аммиакқа, ацетисалицил қышқьшы — сірке және салицил қышқьшына, гликозидтер — гликонға және агликонға ьгдырайды. Фенаминнің тотығуы кезіңде қан тамырларын тарылтатын әсері ғана пайда болады. Ал хлоралгидрад 3 хлорлы этанолға тотыққанда ғана ауырсыну сезімділігін әлсіретіп әсер етеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.