Дәрілік заттардың организмге ену жолдары

Главная » Рефераттар » Дәрілік заттардың организмге ену жолдары

Дәрілік заттардың күші, жылдамдығы және әсер ету ерекшеліктері оның мөлшеріне, резорбциялану жолына, дәрілік заттың пішініне және егу жолдарына көп байланысты. Дәрілік заттардың сіңірілуі немесе резорбциялануы дегеніміз, олардың ұлпа қабаттары арқылы лимфаға немесе қанға енуі. Бұл кәдімгі физиологиялық резорбциялану құбылысы. Ол ұлпалардың қарсылық (барерлі) қызметінің ерекшелігіне және резорбцияланатын заттардың физико — химиялық қасиеттеріне байланысты келеді. Әртүрлі жолдармен еккенде, дәрілік заттар көптеген қарсылықтарды жеңуіне тура келеді. Оның ішіндегі ең күрделілері теріде, қарапайымдылары — ас қорыту жүйесінде, ал ең қарапайымдылары — тері асты шелі мен көлденең жолақты бұлшық еттерде болады. Сол себепті дәрілік заттар тасымалдануының бінеше түрі болады:
1) пассивті диффузия — капиллярлар қабырғасы арқылы жүреді;
2) жеңіл диффузия — мүнда резорбцияланатын зат мембрананың оңай диффунделінетін компонентімен әрекеттеседі. Пурин және пиримидин туындылары, нуклеин қышқылдары осылай диффунделінеді;
3) белсенді тасымалдану — мембраналар арқылы,атап айтқанда, арнаулы белоктар тәрізді механизмдер арқылы жүреді. Мұндай белоктың мөлшері шектеулі ғана болады және энергияны қажет етеді.

Көптеген дәрілік заттар организмге судағы ерітінділер күйінде еңгізіледі. Сіңу құбылысына олардың липидтердегі ерігіштігі, қышқылды және негізгі ортадағы, сонымен бірге тотығу, тотықсыздану, метиддену, ацетилдену және басқада реакциялардағы төзімділігі әсер етеді. Көптеген дәрілік заттар ірі малға қарағанда жас малға тез сіңеді. Жоғары температурамен өтетін ауруларда ол күшейе түседі. Сыртқы орта температурасының төмендеуі дәрілік заттардың резорбциясын 1 — 4 % баяулатады. Дәрілік заттар мөлшерінің үрғашы маддарда деңгейі жоғары (сиырларда 3-8 %, шошқаларда 2-4 %, қояндарда 4-9 %), ал бөліну жылдамдығы баяу келеді (сиырларда 2-6 %, шошқаларда 1-4 %, қояндарда 2-5 %). Дәрілік заттарды ішке береді, сонымен бірге тік ішекке, тері астына, күре тамырға, бүлшық етке және басқа да жолдар арқылы егеді. Көрсетілген егу жолдарының өздеріне тән кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Сол себепті, оларды бір жағдайдарда қолдануға болатын болса, екінші бір жағдайларда қолдануға болмайды.

Резорбциялау тұрғысынан қарағанда, ең жақсы егу жолдарының бірі — артерия қан тамырына егу. Өкінішке орай, бүл егу жолының техникасы өте күрделі, өйткені артериялар өте теренде орналасқандықтан оларды табу, егу қиынға түседі. Дұрыс екпесе артерия жарылып, қан кетуі мүмкін. Артерияға қарағанда, дәрілік заттарды күре тамырына еккен біршама оңайлау келеді. Бұл жолмен еккеңде, дәрілік заттардың барлық мөлшері бірден тез арада әсер етеді және әсер ету күшін оңай реттеуге болады. Бірақ, күре тамырға егілген дәрілік заттар қанға және жүрекке күшті әсер етеді. Сол себепті, бүл әдіс аса қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Мысалы, жануарларға жедел жәрдем керек болғанда, қанда мекендейтін паразиттерді жоюға және басқа әдістермен тез ьщырап бүлінетін заттарды еккенде және т.б. кездеседі. Дәрілік заттардың дозасы ішке бергендегіге қарағанда 2-4 есе кем болады.

Ветеринария төжірбиесінде дәрілік заттар көп жағдайда тері астына егіледі. Бұл жолмен еккенде ерітінділер дәнекер ұлпасы арқылы оңай өтіп, қанға тез сіңеді. Әсері 5-15 минуттан кейін басталады. Бұл әдіс жоғарыда айтьшғандарға қарағанда қарапайым, өрі оңай келеді. Тері астына оңай еритін және тітіркеңдіріп әсер етпейтін заттар егіледі. Егілген ерітінділер стерилденуі тиіс. Мөлшері ауыз қуысы арқьшы берілгенге қарағанда 3 еседей темен болады. Дәрілік заттарды бұлшық етке еккенде тері асты арқылы еккенге қарағаңца организмге тез сіңеді және ұлпаларды тітітркендіретін әсері әлсіз болады.

Ветеринарияда дәрілік заттар көп жағдайда ауыз қуысы арқылы (регоз) беріледі. Бұл жолмен бергенде ас қорыту жүйесі кілегей қабықтарының әртүрлі қүрылымына және ондағы сек-реттер кұрамының өзгешелігіне байланысты, дерілік заттар-дың организмге сіңу жылдамдығы әртүрлі болады және олар көптеген өзгерістерге ұшырайды. Ауыз куысының өзінде-ақ дәрілік заттарға сілекей және кілегей заттары әсер етеді де, біраз бөлігі сіңе бастайды. Қарынның қышқылды ортасында көптеген дәрілік заттар ериді, гликозидтер ыдырайды, альбуминаттар түзіледі және басқада өзгерістер болады. Бұл жерде спирт, көмірқышқылы және иодидтерден басқасы өте баяу сіңеді. Көптеген дәрілік заттар қарыннан аш ішекке тез өтеді. Олардың организмге ең негізгі сіңетін жері осы-аш ішек болып саналады. Қарынның секреторлы және моторлы қызметі нашарлағанда, олар қарында көп тұрақталып, ішектерге өтуі баяулайды. Көп камералы жануарларда дәрілік заттар қосалқы қарын мен ұлтабар арқылы сіңеді. Өттің, үйқы безінің, ішек сөлдерінің әсерінен суда және қарынның қышқылдық ортасыңда ерімейтін заттар, ішектерде ериді. Бүл заттардың кейбіреулері ішектердің сілтілі ортасында едәуір өзгерістерге үшырайды. Мысалы, салицил кышқылы оңай еритін натрий салицилатына айналады, үпілмәлік майының рицин қышқылындағы 3 глицеринді фармакологиялық тұрғыдан өте белсенді рицинил қышқылына жене оның түздарына ыдырайды, ал қышқылдар бейтараптанып, өздерінің белсен-ділігін төмендетеді.

Көптеген дәрілік заттар ішектер арқылы сіңгеннен кейін қақпалық вена тамыр жүйесі арқьшы бауырға барады. Сонан соң дәрілік заттар бауыр және төменгі вена тамыр арқылы жалпы қан айналым жүйесіне түсіп, бүкіл организмге тарайды. Осымен олардың жалпы қан айналу жүйесіне енуі аяқталады. Көптеген заттар бауырда өте ұзақ тұрақталып (бірнеше айға дейін) аздаған мөлшері ғана жалпы қан айналу жүйесіне түсуі мүмкін.
Ішке берілген дәрілік заттардың организмге сіңу жылдамдығы қарынмен ішектердегі азықтық заттардың мөлшеріне тығыз байланысты, оның мөлшері көп болған сайын, дәрілік заттардың сіңірілуіде баяу болады. Дәрілік заттардың резорбциясын қарынға азықтың толуы баяулатады, ас қорыту жүйесінің белсенделігі жьшдамдатады, сүйық химустың мөлшері күшейтеді, ал қою химустың мөлшері әлсіретеді. Қанның қозғалысын тездетіп, көлемін арттыратын жағдайлардың барлығы ауыз куысы арқылы берілген препаттардың резорбциясын жылдамдатады. Тәжірибеде осы жағдайдар ескеріліп, дәрілік заттарды кейде малды азықтандырғанға дейін, кейде азықтандырғаннан кейін, ал кейде тіпті ұзақ уақыт ашықтырғаннан кейін ғана қолданады. Кілегейлі қабықтардың интерорецепторларын тітіркендіретін заттарды, олардың қосалқы әсерлерін болдырмау мақсытымен малды азықтандырғаннан кейін қолданған жөн. Ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабықтарына әсер етуге арналған нашар сіңірілетін заттар аш қарынға беріліп, біраз уақытқа дейін жануарлар азықтандырылмайды. Мұндай жағдайда дәрілік заттар кілегейлі қабықтарға жақсы жанасып резорбцияланадыда, әсері тез байқалады.
Антигельминттік заттарды, малды ұзақ уақыт ашықтырып барып береді. Мұндай жағдайда гельминттер фармакологиялық заттардың әсеріне көбірек, әрі толығырақ ұшырайды.

Сіңу кұбылысыңда ас қорыту жүйесіндегі кілегейлі қабықгар қандай жағдайда екені зор қызмет атқарады. Ол қабынған кезде резорбция баяулайды, егер аш қарынға кілегейлі кабықгарды тітіркендіретін заттар берілсе, онда 12 елі ішектің сфинктрлері (қысқыш еттері) жабылып, дәрілік заттар қарында жинақталып қалады. Жануарлар қүсқан кезде дәрілік заттар сыртқа шығарылады. Жоғарыда айтылғандай дәрілік заттардың негізгі бөлігі — аш ішек арқылы, біраз бөлігі — қарын арқылы, ал өте аз мөлшері тік ішек арқылы сіңеді. Бірақ, көптеген заттардың резорбциялану зандылығы бірдей емес. Ішке қабылданған кейбір дәрілік заттардың резорбтивті әсері 20 минуттан кейін басталады. Бұл дәрілік заттардың сіңірілу заңцылығына, олардың организмдегі өзгеруіне, қарынның азықтық заттарға толу дәрежесіне және басқа да заттарға байланысты. Егер, дәрілік заттар баяу сіңіп, тез ыдырай-тын болса, мұның мелшерінен жоғарырақ болғаны жөн.

Дәрілік заттарды тік ішек арқылы да егуге болады (реггесгит) Тік ішекте секрет бөлінбейді, сол себепті дәрілік заттар мұнда қарын мен ішектердегі тәрізді өртүрлі сөлдер мен ферменттердің өсеріне үшырамайды. Шөп қоректі жануарларда көптеген дәрілік заттар тік ішек арқылы аш ішекке қарағанда баяу, ал ас қорыту жүйесінің басқа бөліктерінде жылдам сіңеді. Тік ішек арқылы берілген дәрілік заттар бауырға соқпай, қанға бірден қосылатындықтан әсеріде ауыз қуысы арқылы бергенге қарағанда тез басталады.

Дәрілік заттардың тік ішек арқылы сіңуі, әртүрлі малдарда әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, тік ішек арқылы сіңу қүбылысы қояндарда жылдам жүретін болса, жылқы, есек, ірі қара малдарда баяу жүреді. Сол себепті, қояндарға тік ішек арқылы берілетін заттардың мөлшері, ауыз куысы арқылы берілетініне қарағанда аз болуы тиіс. Жылқылар, есектер жөне ірі қара малдар үшін оның дозасы ішке бергенмен бірдей, ал кейбір жағдайларда 1,5-2 есе көп болады. Дәрілік заттар тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы жақсы, ал өкпе альвеолалары арқылы өте жақсы сіңеді.

Өйткені, альвеолярлық ұлпаның көлемі үлкен, сіңірімділігі жоғары болады, сонымен бірге ондағы өте көп капиллярлар арқылы өкпеден қанға бірден түседі. Заттардың әсері ауыз қуысы арқылы берілгенге қарағанда 20 есе жылдам басталады. Газ тәрізді дәрілік заттар тыныс алу жолдары арқылы беріледі (inhalatio-тыныс алу). Сұйық күйіндегі дәрілік заттар тыныс жолдары арқылы сирек беріледі. Себебі, тыныс алу жолдарындағы кілегейлі қабықтардың тітіркенуі тыныс алуға, жүрек жұмысына және қан қысымына рефлекторлы түрде қолайсыз әсер етеді. Ингаляциялық дәрілік заттардың ішіңде аэрозольдардың маңызы ерекше. Препараттың қасиетіне қарай аэрозольды өртүрлі жолдар арқылы егеді. Дәрілік заттар қабақтың және несеп жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары арқылы да сіңеді. Бірақ, тәжірбиеде бұл жолдар көп қолданылмайды. Кейде дәрілік заттар құрсақ қуысы арқылы да беріледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.