Дәрілік заттардың әсер ету түрлері

Home » Рефераттар » Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Рефераттар Комментариев нет

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы зерттеліп қаралғанда, олардың мына төмендегідей негізгі әсер ету тұрлері міндетті түрде ескеріледі: бағыты, қызметін өзгертуі, қоздыру, әлсірету, сезімділіктің өзгеруі, заттардың әсер ету принциптері (тура, жанама) әсер ету күші мен мерзімі, фармакологиялық өсердің орны (жергілікті, резорбтивті, рефлекторлы), оның таралуы (арнаулы, жалпы), әсер ету дәрежесі (негізгі, қосалқы, жағымсыз) және малдың ауруы кезіндегі әсері (этиотропты, патогенетиалық). Сонымен бірге, дәрілік заттарды қолданғанда организмнің реакциясындағы ерекшелік пен оны қолдану шарттары (бір немесе бірнеше рет езін немесе басқа препараттармен қоспасын қолдану, әртүрлі дозасы мен әртүрлі дәрілік пішінін қолдану), жануарлардың түрі, жасы, жағдайы, күйі және басқалары ескеріледі.

Қозу, әлсіреу сезімділіктерінің өзгеруі. Дәрілік заттар организмге тән емес ешқандайда жаңа физиологиялық құбылыстар тудырмайды, олар тек қана организмдегі физиологиялық құбылыстарды күшейтеді немесе әлсіретеді. Осыған сәйкес оларды қоздырғыштар немесе белсендіргіштер, әлсірететіндер немесе бәсендеткіштер және сезімділікті өзгерткіштер деп бөледі. Қозу дегеніміз — дөрілік заттар өсер еткенге дейінгі кезеңмен салыстырғандағы организмдегі кейбір кұбылыстармен қызметтердің күшейюі. Мұның әсер ету дәрежесіне байланысты әртүрлі маңызы бар. Оның ішінде ең маңыздыларына қозудың үш түрі жатады.

  1. Егер алғашқыда организмдегі кейбір қызметтер немесе күбылыстар күрт төмендеп, оларды қоздырғыш заттар арқылы физиологиялық нормасына жақын немесе физиологиялық нормасына дейін көтерсе, онда оны толық немесе жартылай қалпына келтіру деп атайды. Мұндай әсерлер патологиялық құбылыстардың алғашқы сатыларында өте кең қолданылады. Мұны өте көп кездесетін емдік әсер дейді. Толық нөтиже алу үшін дәрілік заттарды бірнеше рет қоддануға тура келеді. Өйткені мұндай кезде организмдегі өзгерістер бірқалыпты жүреді де, физиологиялық құбьшысты реттеп отыратын механизмдерге қолайлы түрде тікелей немесе жанама әсер етеді, оның жағымсыз жағы байқалмайды, ал жағымды жағы заттар әсер етіп болғаннан кейін де жүре береді.
  2. Қозудың екінші түрі — стимуляция (куаттандыру).
    Стимуляция дегеніміз организмдегі кейбір қызметтерді немесе қалыпты нормадағы қүбылыстарды физиологиялық көрсеткіштерге дейін белсендірілу. Өздеріңізге белгілі, сау организмдегі әр түрлі қүбылыстардың деңгейі өртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, ал оны фармакологиялықзаттардың көмегімен күшейтуге болады. Дәрілік заттар орталық жүйке жүйесінің қызметін, гемопоезді, үлпалардың қалпына келуін, секреторлық қызметтің өсуін, реактивтілікті және басқаларды куаттаңцырады. Қуаттандыру жануарлардағы көптеген аурулардың алдын — алуға, олардың иммуннобиологиялық белсенділігін күшейтуге жөне өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қуаттандырушы заттардың барлығьща организмдегі кейбір қызметтерді қалпына келтіру үшін қолданады.
  3. Егер белсендірілу физиологиялық көрсеткіштер деңгейінен жоғары болатын болса, онда мұңдай нәтижені асыра тітіркендіру деп атайды. Оны қабынудың созылмалы түрін жіті түріне айналдыруға және организмдегі әлсіреген қызметтер мен құбылыстарды жедел түрде қалпына келтіруге қолданады (іш айдағыштарды ішекті тазалауға, несеп айдағыштарды улы заттарды организмнен шығаруға және т.б.). Асыра тітіркендіру негізінде кейбір физиологиялық және биохимиялық зандылықтар бұзылады және оның салдарынан белгілі бір дәрежеде патологиялық қүбылыс пайда болады. Егер асыра тітіркендіру баяу және аз мерзімді болса, онда патологиялық белгілер аз байқалады, ал күшті өрі үзақ мерзімді болса, онда айқын білінеді. Мысалы алоэні малдарға іш айдағыш ретіңде бергенде аз доза тік ішектің кілегейлі қабықтарын ісіндіреді, ал үлкен мөлшерлерінде бірнеше күндер бойына қабындырады.

Қозуға қарсы көптеген дәрілік заттар күйзелте әсер етеді, дәлірек айтқанда организмді бастапқы қалпымен салыстырғанда әлсіретеді. Қалыпты физиологиялық жағдайларда организм кейбір заттарға (ауырсыну сезімділігін әлсірететіндер, холинолитиктер және т.б.) жедел жауап реакциясын көрсетсе, антипиретиктер мен кардиотоник секілді дэрілік заттарға реакциясы әлсіз болады. Бірақ бұл екі жағдайда да әлсіреу зандылығы ұқсас болады.

Оның мынандай үш дәрежесі бар:
1. Физиологиялық деңгейден жоғары болатын құбылыстар мен функциялардың қалпына келуі. Дәрілік заттардың мұндай өсері өте бағалы деп саналады, бірақ мұндай әсер физиологиялық өсерлер аз болғанда ғана байқалады.
2. Физиологиялық құбылыстардың төмеңдеуі. Әлсіреудің мүңдай түрі өте жиі кездеседі. Дәрілік заттардың мұндай әсері әртүрлі патологиялық қүбылыстарда жақсы нетиже береді. Көптеген физиологиялық жүйелердің әлсіреуі ешқаңдай қолайсыз өсерсіз ұзаққа созылуы мүмкін.
3. Функциональдық құбылыстардың толық жойыла әлсіреуін функциональдық салдану деп атайды. Дәрілік заттардың көмегімен мидың, афференттік жүйкелердің, ішектердің моторлы қызметін және басқа да функцияларды толық жоюға болады.

Сезімталдықтың өзгеруі. Биологиялық реакциялар табиғи қуаттандырғыштардың әсерінен болады. Оған деген сезімталдық қозу кезінде күшейеді, ал әлсіреу кезінде төмендейді. Бұл күбылыс өте күрделі және түрлі жануарларда әр түрлі болады. Дәрілік заттардың әсерінен сезімталдықтың өзгеруі, препараттың өте аз мөлшерінен — ақ байқалады. Мұндай өзгерістер дәрілік заттар организмнен толық бөлініп, әсері жойылған кезде де сақтала беруі мүмкін. Сол себепті, көптеген дәрілік заттарды қолданғанда арасында үзіліс болуы керек. Көптеген препараттарда бұл әсер айқын байқалады (стрихнин, цианкобаламин, транквилизаторлар), ал кейбіреулерінде тіптен байқалмайды (ащылар, холиномиметиктер). Сезімталдықтың өзгеруі дәрілік заттардың мөлшеріне де байланысты. Функциональдық және биохимиялық құбылыстардың негізгі әсерден кейінгі өзгеруі дәрілік заттардың мөлшеріне де байланысты. Функциональдық және биохимиялық қүбылыстардың негізгі өсерден кейінгі өзгеруі физиологиялық қуаттандырғыштарға организмнің сезімталдығын төмендетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.