Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері

Home » Рефераттар » Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері
Рефераттар Комментариев нет

Әрбір дәрілік зат жоғарыда келтірілген барлық шарттар орындалған жағдайда ғана тиімді әсер етеді. Ал ол шарттардың бұзылуы міндетті түрде жағымсыз әсер тудырады. Жағымсыз әсердің үш түрі болады:
1) фармакологиялық тиімділіктің күшеюі немесе төмендеуі;
2) орташа фармакологиялық тиімділікпен бірге қосымша әсерлердің пайда болуы;
3) фармакологиялық тиімділікті бүркемелеп жіберетін уыттық әсер.

Фармакологиялық тиімділіктің бұзылуы мал дәрігерлеріне бұрыннан ақ белгілі және кейбір дәрілер тобы үшін мұндай құбылыс оларды пайдалану кезінде есепке алынып және жоғарғы фармакологиялық әсер алынуы үшін керекті жағдайлар жасалынады. Мысалы, гельминталогияда экстенс — нәтижелілік (ЭН — ішек құртынан толық арылған жануарлар проценті) және интенс нәтижелілік (ИН — ішек күртының организмде азаю проценті) деген түсініктер бар.

Біздің зерттеулеріміз бойынша магний сульфаты орташа мөлшерде (400 г немесе 0,9-1,0 г/кг) жұз бас ірі қара малдың 64 % өзіне төн іш айдау әсерін туғызады, әлсіз іш айдағыш өсер 22 % малда, нәжіс консистенцияцын өзгертпей асқазан — ішек моторикасын күшейту — 4 %, әсер етпеушілік -4%,ал-6%- інде асқазан моторикасын әлсірету байқалады. Бірдей жағдайларда бағып күтілген малда инсулин әсерінен ірі қара малда айлық салмақ қосуда біркелкі болмайтындығы дәл тәжірбиелер жасау арқылы анықталды. Фармакологиялық кұбылыстарды физиологиялық деңгейден жоғары дәрежеде өзгертетін препараттар әсері ішек қарын кілегейлі қабығымен неғүрлым тығызырақ жанасса жөне ішек моторикасы қалыпты жағдайдан қанша төмендеген болса, соғұрлым тиімдірек болатындығы арнаулы тәжірбиелер жасау арқылы анықталып отыр.

Кең көлемде әсер ететін дәрілер (витамиңдер, гормондар, электролиттер) есері зат алмасудың күйіне байланысты әртүрлі болады. Бұл дәрілер әсері зат алмасуы жоғары деңгейдегі организмдерде жақсы байқалады, ал алмасу қүбылыстары нашар организмдерде айтарлықтай байқалмайды. Дәрілер өсерінің көрсеткіштері өсіп дамуы нашар, қан қасиеттерінің көрсеткіштері төмен жануарларда әлсіз болады. Мұндай жануарлар организмінің дәрілік заттар әсеріне қайтарымды реакциясы жобалап алғанда 20-60 % төмен болады. Ал тыныс мүшелерімен ас қорыту жөне бауыр қызметі айтарлықтай төмен жануарларда бұл көрсеткіштер тіптен төмен болады да, дәрілік заттардың өсер ету тиімділігі 40-80 % кем болады. Әртүрлі препараттардың әлсіз әсер ету себебін анықтау өте күрделі, себебі организмде болатын өзгерістер көрсеткішін бірінші немесе екінші деп бөлу мүмкін емес. Әрбір анықталған себеп өз кёзегінде әр түрлі факторлар арқылы анықталуы мүмкін. Мысалы, гормондардың пайда болуының төмендеуіне мынадай себептер әсер етеді:
1) түзуші клеткалардың тозуы;
2) осы клеткалар белсенділігінің әртүрлі токсиндер әсерінен төмендеуі;
3) гормондар синтезінің бұзылулары және т.б. Антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қайталай енгізгендегі
микробқа қарсылық өсер тек қана оларды дәл мөлшерлегенде және енгізу аралықтарын қатаң сақтаған жағдайларда ғана тиімді болады. Бұл шарттарды бұзу микроорганизмдердің оларға деген резистенттілігін оңай туындатады. Өсу құбылысын қуаттандырушы антибиотиктерді қолдану зандылықтарын бұзу, оның тиімділігін төмендетіп, көп жағдайларда организм дамуын оған тәуелді етіп қоюы мүмкін. Жоғарыда айтьшғандарды қорытындылай келе мынадай жағдайларға баса назар аударылуы керек: 1) дәрілік заттардың мал организіміне жағымсыз әсері оларды азықтық қосымша заттар ретінде бергенде жиі байқалады және тек қана биохимиялық өзгерістер арқьшы ғана сипатталынады; 2) дәрілік заттар өсерінің жағымсыз әрекеті дәрілік зат концентрациясы физиологиялық молшерге қанша жақын болса, соғұрлым төмен болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.