Дайындықсыз сөйлеу

Home » Рефераттар » Дайындықсыз сөйлеу
Рефераттар Комментариев нет

Кейбір шешендердің сөйлейтін сөзін алдын ала дайындауға мүмкіншіліктері бола бермейді. Кейде жиналыстарда, келіссөздерде, т.б. кездесулерде дайындықсыз бірден сөйлеуге, сөзіңді сөйлеп тұрған кезде түзеуге тура келеді. Мұндай жағдайда барлық тәжірибеңді, жадыңды, күш-қуатың мен жігеріңді, еркіңді жұмсауға тура келеді. Кенеттен жанынан шығарып дайындықсыз айтылған, суырып салма сөздер тыңдаушыларға өте үнайды, қатты өсер етеді, екі арада тікелей ілтипатты қатынас орнайды. Бірақ шешен сөзді табан астында, ойдан шығарып айтқандықтан, берілген уақытқа ойын сыйыстыра алмайды, кейбір мәселелер назардан тыс қалады. Кейбір шегінушіліктер мен қайталанушылықтарда кейде тұжырымдарга анықтық, әділдік жетпей жатады, сөз қателіктері болуы ғажап емес. Сондықтан да, француздар айтқандай, ең жақсы суырып салма сөз — ол жақсы дайындалған суырып салма.

Кенет сөз сөйлеу, суырыпсалмашылық аса білімділік пен жан-жақты дайындықтың жемісі. Ол тек аса білімді, әрі қажетті шешендік дағдылары мен біліктіліктері бар адамның ғана қолынан келеді. Кеңес өкіметінің көрнекті қайраткерлерінің бірі -А.В.Луначарский тамаша суырып салма шешен, лектор болған адам. Оны бір замандасы былай есіне алады: «Луначарский шешендік өнерді тамаша меңгерген еді. Ол ешқандай дайындықсыз және еш қиналмай, керек етсеңіз үш сағат бойы сөйлей алатын еді, мүндайда ешқандай тыңдаушы залдан шығып кетуге шамасы жетпейтін. Жадының тамашалығы сонша, ол ешқандай материалдарға қарамай-ақ нұсқаларды жатқа айтып, кептеген фактілерді мысалға келтіретін. Әдетте, Луначарский баяндама алдында кішкентай жазба кітапшасына бірнеше жол — негізгі тезистерін жазып алатын, сөйтіп бүкіл лекция бойына, екі-үш рет пенснесін алып, кітапшаны жақындатып, көзімен тез шолып шығатын. …Бірде Анатолий Васильевичке сүрақ берілді: «Осынша зор көлемдегі материалдарды пайдаланып, оп-оңай сөйлеуге қалайша қол жеткіздіңіз?». А.В. Луначарскийдің жауабы да назар аударарлықтай. Бұл сөздер тіпті афоризмге айналып кетті. Оның жауабы: «Мен бүған бүкіл өмір бойы дайындалдым».

Сөзіміздің қорытындысында американ президенті Линкольн пайдаланған сөз сөйлеу әдісін ұсынып отырмыз. Сөз сөйлеуге дайындалу үшін естелік (Линкольн әдісі). Отыра қалып, 30 минут ішінде сөз дайындауға әрекеттенбеңіз. Сөзді самса сияқты тапсырыспен пісіруге болмайды. Сөз өзінен-өзі тууы, толғағы жетуі керек. Аптаның басында тақырыбын таңдап алыңыз, бос уақытыңызда жақсылап ойлап, күні-түні естен шығармаңыз. Оны достарыңызбен бірге талқылаңыз. Оны әңгіме тақырыбына айналдырыңыздар. Осы тақырып бойынша өзіңізге әр түрлі сұрақтар беріңіз. Ойыңызға келген ойлар мен мысалдарды парақтарға жазып қойыңыз, одан әрі ізденіңіз. Идеялар, ойлар, долбарлар сіздің басыңызға әр түрлі уақытта суға шомылып жатқаныңызда, көшеде келе жатқанда, түскі асты күтіп отырғаныңызда келуі мүмкін. Сонымен сөз сөйлеуге дайындық — күрделі шығармашылық процесс бұл аудиториямен қатынас орнатуға, тыңдаушылармен еркін сөйлесіп, оларды өзіне тартуға үйретеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.