Дала суырының таралуы

Home » Рефераттар » Дала суырының таралуы
Рефераттар Комментариев нет

Адамзат үшінші мың жылдыққа өте күрделі экологиялық мəселелермен аяқ басты. Бұл мəселелердің шешілуі жер бетіндегі цивилизациялық даму жəне адамның өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Қарыштап дамыған ғылыми- техникалық прогресс табиғи ортаның қайтымсыз бұзылуына соқтыруда. Осынау өркениетке ұмтылып отырған кезеңде өз жеріміздің əрбір обьектілерін білу жəне олардың қыр сырына үңілу басты міндет болып саналады. Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық əрекетінің табиғатқа əсері, адамзаттың тағдыры сияқты мəселелер ойландырмай қоймайтыны анық. Соңғы жүз жылдықта қоршаған ортаның өзгергені сонша, тек адам денсаулығына ғана емес барлық түрдің эволюциялық процесіне əсер етуде. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық жəне басқада қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды əсеріне жол бермеуге, биологиялық əралуандылықты сақтауға жəне табиғатты оңтайлы пайдалануға ұйымдастырылған. Осыған байланысты жекелеген аймақтардың фаунасын жəне жекелеген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын, отрядтарын түгелдеу, зерттеу қажеттілігі өзінен-өзі туындайды. Cуыр түрлерінің таралуы жəне олардың маңыздылығы туралы ұсынуды жөн көрдім.

Дала суырын (M. Bobak) зерттей келе елді мекенде мекендейтін суырдың басқа түрлерімен салыстыра анықтау, оларды қорғауға байланысты экологиялық мəселелерді əлемдік, өлкелік деңгейде түсіну жəне алдағы уақытта іске асыру, биологиялық тұрғыдан талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің басты мақсаты болып табылады. Мұнда менің маршруттық зерттеу жұмыстарым Ақмола облысына қарасты Сарыоба , Ажар, Қоянды, Мариновка ауылдарында байқаулар мен зерттеулер жүргізілді. Келесі маршруттық жұмысым Ресейге қарасты Таулы Алтай өлкесі Қосағаш, Жаңа ауылдарында, Монғолиядағы Улан-батор қаласына қарасты Налайх өлкесі мен Баян- Ульгий аймағында суыр түрлерінің тыныс тіршілігімен салыстырмалы түрде таныстым. Суырлардың ресурсы аңшаруашылығы жəне жалпы табиғатты тиімді пайдалану саласында дұрыс эксплуатациялау мен қорғауды қажет етеді. Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артуына байланысты қазіргі уақытта суыр популяцияларының саны мен таралу ареалдары қысқарған. Дала суыры– кемірушілер отряды, тиінтəрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі аң. Дүние жүзінде Азия мен Европада миоценның басы 25 миллион жыл бұрын плиоценнің соңғы кезеңінде пайда болған. Алғашқы палеонтологиялық алып суыр Paenemarmota 1948 Американың Канзас штатында табылған. Дүниежүзінде барлығы 15 түр, оның Америкада 7 түр 31 түрше, Евразияда 8 түр 20 түрше анықталған. Мысалы, менің зерттеуге алған дала суыры (Marmota bobak Mull.). Оның үш түршесі европалық — Marmota bobak bobak Muller, 1776, екінші түршесі M. b. kozlovi Fokanov, 1966 ( Волганың оң жағалауы Саратова районында) жəне біздің елімізде таралған — M. b. schaganensis Bashanov, 1930 болып табылады. [2,3]. Суырдың жасын оның кеміргіш тісінің сақинасынан анықтауға болады. Тіршілігінің 87% інінде өткізеді. Иіс сезу мен көру мүшесі жақсы дамығанЕресек суыр бас қаңқасы ұзындығы 89 дан 103 мм аралығында болады.

Көзін қорғауға арналған көзінің артқы сүйегі жақсы дамыған.Алдыңғы тіс пен азу тістер аралығындағы аралықты диастем деп атайды.Туылғаннан кейін сүт тісі болады да, алдыңғы тісінен басқасы тұрақты азу тіске айналады. Дала cуыры (Marmota bobak) дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйықтайды. Жылына бір рет наурыз – сəуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Машкин, (2010) 2006 – 2010 жылдар арасында 379- 509 ға өскен. Наурыз – сəуір айларында көбейіп, 30-35 күннен кейін 3-6 ұрпақ береді. Төлінің денесі қызыл шақалақ соқыр, ұзындығы 9—11 см салмағы 30—40 г болады.23 күннен кейін ұрпағы көзін ашады.Аналығы ұрпағын 50 күн сүтімен асырайды.Мамыр аяғында жас суырлар шөппен қоректене бастайды. Жаз ортасында 800—1200 г май жинай келе , 20 — 25 % салмақ қосады, 3 жылдан соң жас суыр ұрпақ жалғастыруға дайын болады. 20- ғасырдан бастап дала суыры саны жағыннан азайып кеткен. Дала суыры жайылымдық өсімдіктер 2-8% ымен қоректенсе 70-76% ын қорегінің толығымен қорытылып, 24-30% ы сыртқа шығарылады. Өсімдіктің құрамында нəруыз 20%, май 3%, целлюлоза 26 %, дымқылдық 70% алады. Кешкі 17°° сағаттан кейін қарынында 280-470 гр жинақтайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.