Дамудың постэмбриондық кезеңі

Главная » Рефераттар » Дамудың постэмбриондық кезеңі

Дамудың постэмбриондық кезеңі ағза туылғаннан соң немесе жұмыртқа не ұрық қабығынан босанып шыққаннан кейін басталады. Әр түрлі жануарлар түрлерінде постэмбриондық кезең бірнеше күннен ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.

.

Постэмбриондық онтогенезді 3 кезеңге бөледі: 1) жастық (ювенильдік) кезең; 2) жыныстық жетілген (репродуктивтік) кезең; 3) кәрілік кезең. Постнатальдық онтогенез ағзаның дүние салуымен аяқталады.

Онтогенез типіне байланысты жастық кезең екі түрлі жолмен жүреді: тура даму және тура емес немесе түрленіп (метаморфоз —metomorphosis түрлену) даму.

.

Тура дамуда жұмыртқа қабығынан босанып шыққан немесе жаңадан туылған жас ағза ересек ағзадан ешқандай айырмашылығы болмайды, олар тек дене бітімінің пропорциясымен ғана ерекшеленеді. Мұндай даму көптеген жануарларға және адамдарға тән.

Турленіп даму жұмыртқадан ересек ағзаларға мүлдем ұқсамайтын бір немесе бірнеше дернәсілдік формалардың алмасуы арқылы жүреді. Метаморфоз арқылы даму әр түрлі жануарлар өкілдерінде (ішекқуыстылар, жалпақ, жұмыр құрттар, былқылдақденелілер, бунақденелілер, космекенділер т.б.) кеңінен таралған.

Постэмбриондық дамудың бірден-бір сипаты болып ағзаның өсуі саналады. Өсу дегеніміз ағза мөлшерінің, салмағының сандық өзгеруі болып табылады.

Ағзалардың өсуін екі топқа беледі: шектеулі және шексіз өсу. Шексіз өсу — ағзалардың өмірінің аяғына дейін есуі, бұл былқылдақденелілерге, шаянтәрізділерге, балықтарға, жорғалаушыларға, қосмекенділерге және басқа да жануарларға тән.

Шектеулі өсу — ағза өсуі белгілі бір жас шамасына жеткенге дейін байқалады да тоқтайды. Ол шыбын-шіркейлерге, құстарға, сүтқоректілерге тән.

Өсудің бірқатар жалпы зандылықтары белгілі. Оларды зерттеуге ат салысқандар қатарынан американ зоологі К. Майнотты, орыс ғалымы И. Шмальгаузенді ерекше атауға болады.

Онтогенездің бастапқы сатыларында даралардың өсуі қарқыңды түрде жүреді, ал кейінірек ол біртіндеп төмеңцейді және дамудың әр түрлі кезеңдерінде есу қарқыны бірдей бола бермейді. Онтогенезде өсу мен даму қатар жүріп отыратын және бірінсіз-бірі болмайтын құбылыстар болып саналады. Бірақ онтогенездің әр түрлі сатыларында олардың ара-қатынасы тепе-тең болмайды, яғни бір сатыда есу құбылысы дамудан басымдау болып келсе, екіншісінде керісінше.

Адамдардың жастық кезеңі нәрестенің дүниеге келгенінен басталып жыныстық жетілген шаққа, яғни жыныс жасушаларының түзіле басталуына (12—15 жас), дейін созылады. Оны бірнеше сатыларға бөледі: нәресте (емізулі бала), бөбек, бүлдіршін, жеткіншек т.б. (кесте).

Адамның постэмбриондық дамуының басқа сүтқоректілерден, сонымен қатар приматтардан, ерекшелігі оның балалық шағының ұзақ болуы, мысалы қыздарда 11—13 жасқа, ұл балаларда 13—15 жасқа дейін. Мұның тек қана биологиялық емес, сол сияқты, әлеуметтік те маңызы бар, себебі осы кезде ағзаның физикалық дамуымен қатар оның ұжымдық өмір сүру жағдайларына бейімделушіліктері қалыптасады. Адамның кептеген морфофизиологиялық белгілері даму барысында айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, омыртқа жотасының дамуы. Нәрестенің омыртқа жотасы түп-түзу болса, ересек адамдардың омыртқа жотасының пішіні латын алфавитінің 8 әрпіне ұқсас болып келеді, яғни оның 2 алға шығыңқы — лордоздары жөне 2 артқа иілуі — кифоздары болады. Бұл екі аяқпен тік жүру нәтижесінде қалыптасқан ерекшілік болып саналады. Ең алғаш мойын лордозы, сосын бала отыра бастағанда — 2,5—3 айлықта, көкірек кифозы пайда болады. Балапан түрегеліп тәй-тәйлап жүре бастағанда бел лордозы, ал 1,5-2 жасқа жеткенде омыртқа жотасының барлық имектері толық қалыптасады.

Бала мен ересек адамдардың дене бөлімдерінің салыстырмалы ара-қатынасы әр түрлі болатыны белгілі. Балалардың аяқтары қысқа, тұлғасы ұзын, басы үлкен болса, ересектерде керісінше — аяқтары ұзын, тұлғасы орташа, басы кішкентай болады.

Бала ағзасында осу қарқыны біркелкі жүрмейді — жедел өсу кезеңімен өсудің тежелу кезеңдері алмасып отырады. Балалардың ең жедел өсуі бірінші жылы байқалады, бұл кезде оның денесі 23-25 см-ге ұзарады. Екінші жылы өсу қарқыны сәл төмендейді, бірақ әлі де болса ол жоғары деңгейде сақталады 10-15 см; үшінші жылы 8 см, 4-7 жасқа дейін жылына 5-7 см өседі. Теменгі мектеп жасында өсу біршама баяулайды, жылына 4-5 см ғана өседі. Ал қыздар 11-12 жасқа, ұлдар 13-14 жасқа келгенде олардың өсу қарқыны қайтадан жоғарылайды, жылына 7-8 см дейін өседі. Оны пубертатты секіру деп атайды. Бұл құбылыс балалардың жыныстық жетілуінің басталуымен тұспа-түс келеді.

Балалар денесінің ұзарып өсуімен бірге оның салмағының артуы да байқалады. Мысалы, алғашқы 5 айда нәресте салмағы екі еселенеді, ал 1 жасқа жеткенде 3 есе көбейеді. Екі жастан кейін дене салмағының өсуі баяулайды. 10 жасқа дейін қыздар мен ұлдардың дене салмақтарында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды, ал 11-12 жаста қыздарда ол біршама жылдамдайды, 15 жастан кейін ұл балалар бұл көрсеткіш бойынша қыздарды басып озады және бұл ұрдіс әрі қарай да сақталады.

Адамдар мен жануарлардың есуі көптеген эндогендік және экзогендік факторларға тәуелді болады.

Өсу — сандық белгі болып, полигендік жолмен тұқым қуалайды. Сандық белгілердің орта жағдайларына тәуелді болатыны белгілі. Ағзаның өсуі генетикалық, эндокриндік, жүйкелік т.б. жағдайлар арқылы бағдарланып отырады. Сонымен қатар, қалыпты өсу және даму ұшін толыққанды қоректену қажет. Ас құрамында ағзаға қажет барлық амин қышқылдары жеткілікті молшерде болуы тиіс. Егер де олардың біреуі жетіспесе өсу тоқталады, даму бұзылады және ағза өліп қалады. Сол сияқты, ееу құбылысы үшін дәрумендердің, әсіресе А-дәрумені — ретинол, Д-дәрумені — кальциферол, В дәрумендер тобының рөлі өте маңызды. Қалыпты өсу үшін, сол сияқты минерал тұздары мен микроэлементтер де қажет. Өсу мен дамуға әсер ететін орта факторларынан — оттекті, температураны, жарықты айтуға болады. Ағзаның өсуі үшін жарықтың бірден-бір рөлі — ол Д-дәруменінің синтезделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ағзаның өсуі гипофиз безінің гормоны — соматотропин гормоны арқылы реттелініп отырады. Соматотропин гормоны ұрықтык даму кезінде де бөлінеді, бірақ оның әсері тек постэмбрионаддық кезенде ғана байқалады. Гипофиздің соматотропин гормонын синтездеу қарқыны ауытқыса (азайса не көбейсе) адамның қалыпты өсуі бұзылады. Мысалы, балалық шақта гипофиз бездің гипофункциясы, яғни гормонды жеткіліксіз мөлшерде синтездеу, гипофизарлық_ергежейлікке — нанизмға алып қеледі. Нанизмде ағза өсуі баяулайды, бірақ дене бөлімдерінің дамуының салыстырмалы ара қатынасы өзгермейді. Гипофиздің гиперфункциясы, яғни гормонды артық мөлшерде синтездеуі алыптыққа алып келеді (бойы 2 метрден артық болады). Егер гипофиз гормонының гиперфункциясы ағзаның өсуі тоқталғаннан кейін болатын болса, онда адамның кейбір мүшелерінің шектен тыс өсіп кетуі, ұлғаюы байқалады, мысалы қол саусақтарының, өкпенің, беттің өсуі. Мұңдай құбылысты акромегалия деп атайды.

Соматотропин гормонының әсері қалқанша бездің гормондары болған жағдайларда күшейе түседі. Бұл гормондар митохондрияда тотығу құбылысын күшейтіп энергетикалық алмасудың артуына алып келеді. Қалқанша бездің гормоны — тироксин әсерінен ұлпалардың глюкозаны пайдалануы жоғарылайды. Жас жануарлардың қалқанша безін алып тастаса ағзада негізгі алмасудың және жыныстық жетілудің тежелуі байқалады, орталық жүйке жүйесінің тітіркенушілігі төмендейді, рефлекстің түзілуі баяулайды. Адамдарда қалқанша бездің гипофункциясы балалық шақта байқалатын болса кретинизм ауруы дамиды. Ол психикалық кемтарлықпен, өсудің және жыныстық дамудың тежелуімен, дене бөлімдерінің даму диспропорциясымен (түтікті сүйектердің қысқа және қалың болуы) сипатталады.

Акселерация (лат. ассеіегайо — жылдамдау) — балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жылдамдауы. Соңғы 100—150 жылда балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық жетілуі мен сомалық дамуының жылдамдауы байқалады.

Бұл құбылыс XIX ғасырдың 30 жылдарыңда және XX ғасырдың басында балалар мен жасөспірімдердің сомалық және физиологиялық даму көрсеткіштерін салыстырып зерттеулер негізінде байқалған. Акселерация құбылысы тіпті құрсақ ішіндегі баланың дамуында да байқалған, мысалы XIX ғасырдың 30 жылдарымен салыстырғанда XX ғасыр басында жаңа туылған нәрестелердің денесінің орташа ұзындығы 0,5-1 см, салмағы 50-100 грамнан көп болғаны анықталды. Емізулі балада да өсудің біршама жеделдеуі байқалады. Ертеде нәрестенің дене салмағының екі еселенуі 6 айда байқалған болса, XX ғасырда 4—5 ай аралығыңца байқалған. Сол сияқты, нәрестелерде сүт тістерінің шыға бастауы да бұрынғы кезбен салыстырғанда ертелеу байқалған. Бір жасқа жеткен балалардың салмағы осыдан 50 жыл бұрын қазіргі кезбен салыстырғаңда 1,5—2 кг кем болған. 1880 жылдан 1950 жылға дейін Еуропа мен Солтүстік Америкада әрбір 10 жыл сайын 5—7 жасар балалардың денесінің ұзыңдығы орташа 1,5 см көбейіп, ал салмағы 0,5 кг артқан. 13-15 жасар жасөспірімдерде тиісінше 2,5 см және 2 кг әсіп отырған. XIX ғасырмен салыстырғанда XX ғасырда адам ағзасының өсуі де ертерек тоқталған. Қазіргі уақытта қыздардың өсуі копшілік жағдайларда 16—18 жаста, ал ұл балаларда 18—19 жаста тоқталады. Ұзын сүйектердің өсуі эпифиз бен диафиз арасында сүйек ұлпасының «өсу жолағы» деп аталатын шеміршекті қабаты сақталғанша жүреді. Қашан да оның орнына сүйек ұлпасы дамыса, онда сүйектің ұзарып өсуі тоқталады. XX ғасырдың 70 жыддарындағы әскер жасындағы ұлдардың бойы 40 жылдармен салыстырғанда орташа 8 см ұзын болған. Акселерация себептері туралы бірнеше пікірлер айтылуда. Бір болжам бойынша өсу мен дамудың жылдамдауын тамақтанудың жақсаруы, ағзаға дәрумендер мен ақуыздардың кептеп келіп түсуінен деп түсіндіреді (Таннер, Ленц). Балалар ауруының азаюы, оларға медициналық жәрдем берудің жақсаруы, гигиена және аурудың алдын алу шаралары да дамудың жедеддеуіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Кейбір пікірлер бойынша өсу мен дамудың жылдамдауы жердің магнит аймағының, иондаушы сәуле шашулардың және күн радиацияларының әрекетінің жылданжылға күшеюінен де болуы мүмкін. Сол сияқты, көптеген теле радио қондырғылардан шығарылатын электромагнитті толқындардың өсерлері де дамуды тездетуі мүмкін деген пікірлер айтылуда.

Урбанизация пікірі бойынша акселерацияның негізгі себебі қаладағы тіршілік жағдайларының балалардың жүйке жүйесін жоғары дәрежеде тітіркендірулері болуы мүмкін деп болжамдайды.

Дегенмен, жоғарыда келтірілген факторлардың ешқайсысын да акселерацияның негізгі себебі деп қарастыруға болмайды. Шамасы акселерация көптеген факторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да оны әрі қарай әр түрлі мамандар — дәрігерлер, педагогтер, биологтер, юристтер т.б. терең зерттеулері қажет.

.

Жыныстық жетілу (репродуктивтік) кезең қыздарда 11—13 жаста, ұл балаларда 12—14 жаста бсталады. Оның бірден-бір белгісі қыздарда алғаш рет етеккірдің келуі, ал ұлдарда поллюцияның, яғни түнде ұйықтап жатқанда еріксіз шәуеттің белінуі, болып саналады. Репродуктивтік кезенді алғашқы репродуктивтік кезең — 35 жасқа дейін, соңғы репродуктивтік кезең 36—55 (60) жасқа дейін, деп бөлінеді.

Алғашқы репродуктивтік кезеңде де адам ағзасы әрі қарай өсе береді — 18—20 жасқа дейін. Осы кезде оның соңғы жыныстық белгілері дамып жетіледі, дене тұрпаты (конституциясы) қалыптасады.

Репродуктивтік кезеңнің аяқталуы әйелдерде менапаузаның (климакс) келуі, ер адамдарда сперматогенездің тоқталуымен байланысты. Көптеген адамдарда бұл кезде кәсіби еңбек ету қабілеті толық сақталған, ақыл естері кемелденген, актив тіршілік ету мүмкіншілігі мол болып келеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.