Дамуында ауытқушылықтар бар балаларды оқыту

Home » Рефераттар » Дамуында ауытқушылықтар бар балаларды оқыту
Рефераттар Комментариев нет

Дамуы артта қалған балаларды коррекциялық педагогика негізінде оқыту мен тәрбиелеу ісінің бай тарихи тәжірибесі бар. Адамзат қоғамының қалыптасу тарихына көз жіберсек, дамуында кемістіктері бар балаларға деген көзқарас қоғамдық эволюция барысында біркелкі болмағанын байқаймыз. Дамуында дефектісі бар адамдарға қоршаған ортаның қарым-қатынасы бірнеше факторларға байланысты белгіленіп отырады. Олар: қоғамның экономикалық дамуы, оның өндіргіш күштерінің даму деңгейі, қоғамдық сананың, ғылым мен денсаулық сақтау сферасының, білім беру мен мәдениеттің жағдайы, т.б.
Мүгедектерге деген көзқарас шыдамсыздық пен қатыгездіктен -аяушылық, көмек көрсетуге және қорғауға дейінгі аралықта өзгеріп отырды.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап XIX ғасырдың ортасына дейін еуропалық дефектология ғылымында және тәжірибесінде бала-лардың ақыл-ойы және дене бітімі ауытқуларына деген көзқарастың бірқалыпты эволюциялық арнаға түскенін байқаймыз. Бүл арада, әсіресе дәрігерлердің, педагогтар мен психологтардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Есінен ауысқан ауруларға деген алғашқы гуманистік қарым-қатынас қадамдарын жасаған француз психиатр дәрігері — Филипп Пинел (1745-1826) болды. Ол алғаш рет жан ауруларының класси-фикациясын жасап, оларды туа біткен және жүре біткен деп бөліп, негізгі екі клиникалық түрін ажыратып берді. Пинелдің ісін әрі қарай жалғастырған шәкірті Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840) осы екі форманы аменция (туа пай-да болған) жэне деменция (жүре пайда болған) деп атауды үсынды. Эскироль ақылдан ауысудың симптоматикалық классификациясын негіздеп, бүл аурудың жетекші белгісі ретінде сөйлеу ерекшелігіне ітазар аударуды үсынды.
Ақыл-ой дамуында кемістіктері бар балаларды оқытуда жэне тәрбиелеуде ерекше әдіс-тәсілдер қолдану керектігі туралы проб-леманы өз еңбектерінде алғаш рет Швейцария педагогы И.Г. Песта-лоцци (1746-1827) көтерді. И.Г. Песталоцци алғаш рет мүндай балаларға арналған оқыту принциптерін үсынды. Олар: оқытудың баланың даму деңгейіне сай болуы, дидактикалық материалдар-ды қолдану, ақыл-ой жэне еңбек тэрбиесін қатар жүргізуді жэне оқытуды өнімді еңбекпен үштастыруды іске асыру.
XIX ғасырдың орта шеніндегі жаратылыстану ғылымы сала-сындағы түбегейлі жаңалықтар педагогика мен психология гылымдарының дамуына да зор ықпал етті.
Бақылай отырып ойша қорытындылар шығару әдістерінің орнына зерттеудің эксперименталдық әдістері келді.
Бүл жағдай ақыл-ойдың артта қалушылығы проблемасын гүсіндірудің екі бағытын айқындады:
1) анатомиялық физиологиялық (Д. Бурневиль, Б. Морель, Э. Крепелин, С.С. Корсаков, Г.И. Россолимо т.б.);
2) психологиялық-педагогикалық (А. Бине, Т. Симон, Санктис дс Санктис, т.б.).
Анатомиялық-физиологиялық бағыттың дамуына айрықша үлес қосқан неміс психиатры Эмиль Крепелин (1856-1926) болды. Ол алғаш рет ақыл-ой кемістігі ауруларының барлық түрлерін бірік-тіріп, оларды «психикалық дамудың тежелуі» деп атап, олардың туа біткен түрлерін бір топқа біріктіріп, ғылымға «олигофрения» деген терминді енгізді.
Бельгия психиатры Жан Демор (1867-1941) алғаш рет бүл ау-рулардың шығуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар-ды бөліп қарастырды. Бүл топтағы балаларды ол медициналық және педагогикалық дамуы жағынан артта қалғандар деп бөлді. Медициналық артта қалу себептерін жатырдағы кезінде немесе сәби шағында белгі берген патологиялық факторлармен байланыс-тырды.
Педагогикалық себептерге жас кезінде дұрыс тәрбие берілмеген, дертке шалдыққан немесе мектеп тәрбиесінің «құрбаны» болған-дарды жатқызды.
Италия педагогы Мария Монтессори (1870-1952) ақыл-ой да-муы тежелген, артта қалған балаларға арналған ортофеникалық мек-теп ашып, мұнда емдеуші педагогиканың негізі ретінде сенсомотор-лық тәрбие жүйесін енгізді.
XX ғасырдың бас кезіне қарай проблемаға сәйкес жинақталған тәжірибелер, түрлі көзқарастар, белгілі бір деңгейде қалыптасқан терминология баланың психофизикалық артта қалуының жетекші белгілерінің негізінде ғылымның осы саласын бір ізге түсіруді талап етті.
Француз психологы Альфред Бине, психиатр Томас Симон сөйлеудің коммуникативтік функциялары негізінде алынған жаңа тестілік әдіс жасап шығарды. Эксперименттік жүмыстар нэтиже-сінде «қалып» жэне одан ауытқушылықтар диапазоны анықталды. Қалып диапазоны 1,0-0,8 бірліктерінің аралығы деп табылды. Бүл көрсеткіш «интеллектуалдық коэффициент» деген атау алды. Бүл атау зерттеушілерге арнаулы «ақыл-ой қабілетінің өлшем шкала-сын» жасауға мүмкіндік берді де, эксперимент қорытындылары нәтижесінде «Қалыптан тыс адамдардың ақыл-ой деңгейін диаг-ностикалаудың жаңа эдістері» (1905) атты еңбек жарық көрді.
XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында қалыптан тыс ба-лаларды оқытып тэрбиелейтін көптеген қоғамдар мен қоғамдық ұйымдар қүрыла бастады. Бүл мэселелермен аса көрнекті ғалым-дар — Е.К. Грачева, В.П. Кащенко, Г.И. Россолимо, В.М. Бехтерев, П.П. Блонский, т.б. айналысты.
1918 жылы Совнаркомның қалыптан тыс балалар мекемелерінің барлығы Наркомсобес қарауынан Наркомпросқа өткізілсін деген декреті қабылданды.
1924 жылдан бастап кэмелетке толмағандарды элеуметтік-кү-қықтық қорғау жүйесіне жұмысқа белгілі ғалым-психолог Лев Семе-нович Выготский (1896-1934) келеді. Оның қалыптағы балалардың дамуын зерттеу нэтижесінде жасаған психикалық даму теориясы қалыптан тыс балалық шақты зерттеулердің негізіне алынды. Л.С.Выготскийдің коррекциялық педагогика саласындағы барлық еңбектерінде адамға тэн жоғары психикалық функциялардың элеу-меттік жағдайлармен тығыз байланыстылығы туралы идея басым.
1926 жылы РСФСР Совнаркомының «Естімейтін, көрмейтін, сөйлей алмайтын жэне ақыл-есі кем балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер туралы» қаулысы қабылданып, соның нэти-жесінде алғаш рет арнайы оқу орындарының төмендегіше түрлері ашылды:
• қалыптан тыс мектеп жасына дейінгі балаларға арналған балалар үйі;
• мектеп жасындағы балаларға арналған мектеп — интернаттар мен мектептер;
• жасөспірімдерге арналған кэсіби-техникалық бағыттағы мек-теп-интернаттар мен мектептер;
• аралас жастағы балаларға арналған мектеп-интернаттар жэне мектептер;
• жалпы білім беретін мектептер жанындағы көмекші топтар. Осылайша, 30-жылдардың бас кезіне қарай арнайы мектептер
білім беру мазмүны жағынан да, үйымдастырылуы жағынан да арнаулы оқу мекемелерінің ерекше түрі болып бөлініп, елдің білім беру жүйесінің қүрамына түпкілікті енді.
XX ғасырдың орта шенінен бастап қазіргі кезге дейін коррекциялық педагогика мэселелерімен Г.Е. Сухарева, М.С. Певз-нер, Л.С. Славина, Т.А. Власова сияқты ресейлік ғалымдар айналы-сып келеді. Егемен Қазақстанда бүл сала енді дамып келеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.