Дамуындағы ауытқушылықтардың шығу себептері

Главная » Рефераттар » Дамуындағы ауытқушылықтардың шығу себептері

Отандық және шетелдік мамандардың айтуы бойынша, өкіншіке орай, дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны жыл санап өсіп келеді. Бұған түрлі себептер бар: қоғам мен жекелеген отбасыларында тыныштықтың болмауы, көп жағдайларда қалыпты экономикалық және экологиялық нормалардың сақталмауы, мек-теп пен отбасы тәрбиесінің жетіспеуі, танымдық депривация (субъектінің ұзақ уақыт бойына өмірлік қажетті психологиялық қажеттіліктерін өтеуіне кедергілер келтіретін ахуал жағдайында болуы), эмоциялық және сенсорлық қарым-қатынастар мен қажеттіліктердің жеткіліксіздігі, т.б.
Аталған және басқа да көптеген патологиялық факторлар түрлі аурулар мен дамудағы ауытқушылықтарға әкеліп соқтырады.
«Аномалия» ұғымы грекшеден аударғанда «қалыптан, жалпы заңдылықтардан ауытқушылық», «дамудың дүрыс еместігі» дегенді білдіреді.
«Қалып» дегеніміз — бір нәрсенің қалыптасқан өлшемі, орта-ша мөлшері. Қалып ұғымы шартты түрде бірқалыпты, өзгермейтін шама.^ Оның мазмұны белгілі бір қоғамның, социумның мәдени деңгейіне тәуелді болады да, уақыт өтуімен бірге өзгеріп отырады.
Қалып өлшемдері, критерийлері, әсіресе коррекциялық-дамыту-шылық қызметте өзекті проблемаға айналады. Шетелдік және отандық ғалымдар дәлелдеп отырғандай, дамуында және мінез-қүлқында психофизикалық ауытқулары бар бала-лар саны жыл санап көбеюде. Бұл жағдайда бірнеше патологиялық эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлар: генетикалық ауытқулар, физикалық және психикалық жарақаттар, соматикалық және инфекциялық аурулар, қоғамның және жекеле-ген отбасыларының келіңсіздіктері, кей жағдайларда болашақ ана мен балаға деген жайлы экономикалық, экологиялық, гигиеналық жағдайлардың жасалмауы, мектеп пен отбасының жеткілікті түрде тәрбие жүмысымен айналыспауы, т.б. әсер етуде. Мүндай ауытқушылықтарды бастапқы сатысында-ақ байқап, қажетті ша-ралар қолданбаса, олар асқынып екінші, үшінші кезеңдерге көшіп, баланың жагдайы ауырлап кетуі мүмкін.
Балалардың дамуындағы аномалия немесе ауытқушылықтар сантүрлі. Олардың баланың психофизикалық дамуының түрлі жақтарына қатысы болуы мүмкін. Мысалы: сөйлеу жүйесі, сезімдік қабылдауы, интеллектуалдық, эмоционалдық-еріктік, қимыл-қозғалыс сферасы, т.б. Олардың пайда болу себептері де саналуан. Педагогтарға балалардағы ауытқушылықтардың шығу, пайда болу себептерін анықтап қана қоймай, оларды түзетудің әдістері мен тәсілдерін игерген абзал. Бүл білімдер мен дағдылар болашақ педа-гог мамандарға арнайы білім беру мекемелерінде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен оқу орындарында жүмыс жасау үшін де сөзсіз қажет.
Дамуында проблемалары бар балаларда оларды жалпы дамудағы артта қалушылыққа әкелетін физикалық немесе психикалық жетіспеушіліктері (дефект) болады.
Дефектінің сипатына байланысты және оның пайда болу уақытына қарай кейбір жетіспеушіліктерді толықтай жоюға болады, екіншілеріне түзетулер енгізуге болады, үшінші жағдайда оларға компенсация жасауға (алмастыруға, орнын толтыруға) тура келеді.
Проблемасы бар баланың дамуының бастапқы кезеңінде оның тәрбиесі мен оқуына алғашқы дефект кедергі келтіретін болса, дер кезінде коррекциялық көмек көрсетілмесе, ол екінші сатыдағы дефектіге үштасуы мүмкін. Осы екінші дефект сатысы баланың әлеуметтік бейімделуіне шектеулер қойып, оның эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқының бұзылуына жеткізеді де, аномалды баланың педагогикалық және әлеуметтік жағынан кері кетуіне әкеліп соқтырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.